home
home home

1 және 2 топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға «1414» Бірыңғай  Cаll-орталығының жұмысын насихаттау 22.11.2017 жыл

1 және 2 топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға «1414» Бірыңғай  Cаll-орталығының жұмысын насихаттау

Т.Рысқұлов аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы Т.Рысқұлов ауданының тұрғындарына  аянбай қызмет етуде. Шалғай аудандардағы тұрғындарға мобильді жылжымалы Халыққа қызмет көрсету орталығы қызмет көрсетіп келеді. Және де мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін де жағдай жасалып, орталыққа келтірмей, өтініштерді үйлерінен қабылдауда жүзеге асырылуда. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қалауы бойынша электронды цифрлық қолтаңба алып, электронды үкімет порталында электронды қызмет түрлерін пайдаланам деушілерге де Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері электронды үкімет порталын пайдалануды үйретеді. 1 және 2 топтағы мүгедектердің электронды цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда және де үйінде интернеті болса, электронды үкімет порталы арқылы көптеген қызмет түрлерін пайдалануға мүмкіншілігі бар. Мысалға айтар болсақ, мекен-жай анықтамасын орталыққа келмей-ақ үйінде рәсімдеуге мүмкіншілік бар, және де сол сияқты көптеген қызмет түрлерін электронды портал арқылы жүзеге асыра алады. Сізге Электроны үкімет порталында анықтама алу, кезекке тұру немесе электронды кілт арқылы жұмыс жасау түсініксіз болып жатса сіздер «1414» Бірыңғай Cаll-орталығының байланыс орталығына барлық операторларға хабарласып олардан кез-келген ақпараттарды тегін ала аласыздар. Құрметті Т.Рысқұлов аудан тұрғындары сіздерге бұл Электронды үкімет порталы өте тиімді және қолайлы болып табылады. Портал арқылы көрсетілетін қызмет түрлері ақысыз түрде жүргізіледі.

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін және де басқа да қажетті кеңестерді мына төменде көрсетілген үнсандық арқылы мәліметтерді алуға болады.   8 (726) 31 2-18-84

 Т.Рысқұлов

                аудандық бөлімі

 

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ  Жамбыл облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Т.Рысқұлов  аудандық бөлімінің 2017 жылдың желтоқсан айына арналған «Жылжымалы ХҚКО» іс-сапарға шығу кестесі
Бөлім атауы Елді мекеннің атауы Тұрғындар саны Елді мекеннің аудан орталығы-нан арақашық-тығы  (шақырым) Шығу күні Шығу саны Азаматтарды қабылдау орны Азаматтарды қабылдау уақыты Әкімшіліктегі жауапты қызметкердің А.Т.Ә. МХҚКО жауапты кызметкердің А.Т.Ә. Көліктің сүлбісі және  мемлектік нөмірі Ескерту
  Т.Рысқұлов аудандық бөлімі 1.Абылкайыр 130 94 км 05.12.2017 12.12.2017 2 Жылжымалы ХҚКО автокөлігі 11.00 Бас маман М.Бекбосынова. Бөлім басшысы А.Абдиваитов Ssong Yong  kz  391 AF 08  
2.Жарлы су 1143 130 км 06.12.2017 13.12.2017 2 Жылжымалы ХҚКО автокөлігі 11.00 Байназарова Б.С.
3.Салимбай Прманова 739 136 км 07.12.2017 14.12.2017 2 Жылжымалы ХҚКО автокөлігі 11.00 Байназарова Б.С.
4. Сұнқайты 76 146 км 08.12.2017 15.12.2017 2 Жылжымалы ХҚКО автокөлігі 11.00 Байназарова Б.С.
5.Малдыбай 529 90 км 11.12.2017 18.12.2017 2 Жылжымалы ХҚКО автокөлігі 11.00 Бас маман
К.Тлеулиев
  Жалпы: 5 елді мекен 2617 1192   10            
  Жалпы 3 айдың қосындысы: 15 елді мекен 17699 3796   30            

© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта