home
home home

Жолдау – дамудың жаңа мүмкіндіктері Келешегі кемел кәсіпкер

 

Жолдау – дамудың жаңа мүмкіндіктері

Келешегі кемел кәсіпкер

Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Бұл Жол  дау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды» деп атап көрсеткен болатын. Осыған байланысты он міндетті алға тартады. Ол үшін (бірінші міндетте) біз кәсіпорындарымызды жаңғыртып, цифрландыруға бағыттап, өнімнің экспортқа шығуын көздейтін жаңа құралдарды әзірлеп, сыннан өткізуіміз қажет екен.

«Искаков-А.А» жекеменшік кәсіпорнының жетекшісі Шәмшіхан Ысқақов Елбасы Жолдауының осы тұсына дейін оқып келіп: «Маған осы ұстаным қатты ұнады және ойыма тың ой салды. Иә, біз расында жаңғыру жолына түсуіміз керек екен. Жаңа құрал-жабдықтар алып, өз өнімімізді экспортқа шығаратындай етуіміз керек. Көкейге қона ма? Қонады». Шәкеңмен осы тақырып төңірегінде әңгімемізді одан әрі қарай өрбіткенімізде ол өзінің бүгінгі таңда халыққа қандай қызмет көрсетіп отырғанын шағын шаруашылығын аралатып жүріп көрсетіп шықты. Қарап  отырсақ, халыққа он бес орын дық монша демалыссыз   қызмет көрсетуде. 50 төсек-орындық қонақ үйдің қызметін пайдаланушылар да баршылық. Ауданымызға қызметтік іс сапармен және жолаушы ретінде келетіндер үшін мұнда барлық қолайлы жағдай жасалыпты.

–Оларға буфет-бар, биллиард, сауна қызметімен қатар машина жуатын орын да өз қызметін ұсынып отыр,-дейді «НААГА» қонақ үйінің басқарушысы және осындағы барлық шаруаның тізгінін ұстап отырған жеңгеміз Әлиман Ысқақова. -Біз он адамға тұрақты жұмыс орнын тауып беріп отырмыз. Оларға айлық жалақысын уақтылы төлеумен қатар, осы Құлан ауылындағы тұрмысы нашар алты отбасына қарайласып тұрамыз. Менің фирмамда жұмыс жасап жатқан администратор Сәуле Алтынбекова, Махаббат Нұрмышева Қайрат Ысқақовтарға келген ел алғысын айтып жатады. Өйткені олар келушілерге мәдениетті қызмет көрсетуге тырысады.  Иә, Шәкеңнің өмірлік жары Әлиман жеңгей әр істі ақылмен, өте үлкен ілтипатпен шеше біледі. Сондықтан болар олардың жұмысына шағымнан гөрі түсіп жатқан алғыс көп. Шәмшіхан Әбдіразақұлы жоғары білімді маман-құрылысшы. кеңес өкіметі тұсында Шымкенттегі құрылыс техникумы мен Фрунзе қаласындағы институтты бітірген. Луговойдағы жылжымалы-механикаландырылған колоннада шебер, аудандық тұтынушылар одағы құрылыс бөлімінің бастығы қызметтерін атқара жүріп, төрт балалар  бақшасын, 3 мектеп үйін, ондаған тұрғын үйлер салып, пайдалануға берген. «Ендігі ойым, Елбасы Жолдауына жауап ретінде кондитер цехын ашып, халыққа қызметтің тағы да бір түрін ұсынсам деймін» дейді кәсіпкер.

 

С.ҚОЖЕКЕ.

СУРЕТТЕРДЕ: жекеменшік кәсіпорынның

басшысы Шәмшіхан Әбдіразақұлы

 мен оның ұлы Нұрсұлтан, інісі Қайрат;

 «Наага» қонақ үйінің басқарушысы

 Әлиман Ысқақова, администратор

Сәуле Алтынбекова және

оның көмекшісі Айжамал Момашева.

1 және 2 топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға «1414» Бірыңғай

 Cаll-орталығының жұмысын насихаттау

 

Т.Рысқұлов аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы Т.Рысқұлов ауданының тұрғындарына  аянбай қызмет етуде. Шалғай аудандардағы тұрғындарға мобильді жылжымалы Халыққа қызмет көрсету орталығы қызмет көрсетіп келеді. Және де мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін де жағдай жасалып, орталыққа келтірмей, өтініштерді үйлерінен қабылдауда жүзеге асырылуда. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қалауы бойынша электронды цифрлық қолтаңба алып, электронды үкімет порталында электронды қызмет түрлерін пайдаланам деушілерге де Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері электронды үкімет порталын пайдалануды үйретеді. 1 және 2 топтағы мүгедектердің электронды цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда және де үйінде интернеті болса, электронды үкімет порталы арқылы көптеген қызмет түрлерін пайдалануға мүмкіншілігі бар. Мысалға айтар болсақ, мекен-жай анықтамасын орталыққа келмей-ақ үйінде рәсімдеуге мүмкіншілік бар, және де сол сияқты көптеген қызмет түрлерін электронды портал арқылы жүзеге асыра алады. Сізге Электроны үкімет порталында анықтама алу, кезекке тұру немесе электронды кілт арқылы жұмыс жасау түсініксіз болып жатса сіздер «1414» Бірыңғай Cаll-орталығының байланыс орталығына барлық операторларға хабарласып олардан кез-келген ақпараттарды тегін ала аласыздар. Құрметті Т.Рысқұлов аудан тұрғындары сіздерге бұл Электронды үкімет порталы өте тиімді және қолайлы болып табылады. Портал арқылы көрсетілетін қызмет түрлері ақысыз түрде жүргізіледі.

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін және де басқа да қажетті кеңестерді мына төменде көрсетілген үнсандық арқылы мәліметтерді алуға болады.

8 (726) 31 2-18-84

 

 

 Т.Рысқұлов

                аудандық бөлімі

                        

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ  Жамбыл облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Т.Рысқұлов  аудандық бөлімінің 2018 жылдың ақпан айына арналған «Жылжымалы ХҚКО» іс-сапарға шығу кестесі
Ақпан Т.Рысқұлов ауданы
Бөлім атауы Елді мекеннің атауы Тұрғындар саны Елді мекеннің аудан орталығы-нан арақашық-тығы  (шақырым) Шығу күні Шығу саны Азаматтарды қабылдау орны Азаматтарды қабылдау уақыты Әкімшіліктегі жауапты қызметкердің А.Т.Ә. МХҚКО жауапты кызметкердің А.Т.Ә. Көліктің сүлбісі және  мемлектік нөмірі Ескерту
  Т.Рысқұлов аудандық бөлімі 1. Сөгеті 587 152 км 01.02.2018 08.02.2018 2 Қайынды округінің әкімшілігі Жорабек көш. №17 үй 11.00 Бас маман Бөлім басшысы А.Абдиваитов Ssong Yong  kz  391 AF 08  
Б. Наурызбаев
2.Көкарық 586 136 км 02.02.2018 09.02.2018 2 Тереңөзек округінің әкімшілігі 11.00 Бас маман М.Рысбаев
 Жамбыл көш
№52 үй
3. Мамай–қайынды 257 156 км 05.02.2018 12.02.2018 2 Қайынды округінің әкімшілігі Жорабек көш. №17 үй 11.00 Бас маман
Б. Наурызбаев
4. Шолак-кайынды 421 152 км 06.02.2018 13.02.2018 2 Тереңөзек округінің әкімшілігі 11.00 Бас маман М.Рысбаев
 Жамбыл көш
№52 үй
5.Өрнек 1495 116 км 07.02.2018 14.02.2018 2 Өрнек округінің әкімшілі, Е.Алпысбайұлы көш. 12 «а» үй 11.00 Байназарова Б.С.
  Жалпы: 5 елді мекен 3346 1424   10            

© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта