home
home home

16.06.2017 Абай ауылдық округінде жергілікті қоғамдастық мүшелерімен өткізілген жиналыстың

Абай ауылдық округінде жергілікті қоғамдастық мүшелерімен

өткізілген жиналыстың

ХАТТАМАСЫ №1

 

Көкарық ауылы                                                                             16.06.2017 жыл                                                Сағат 10.00

 

Өткізілген орны:                                    Ауыл әкімшілігінің ғимараты.

 

Қатысқандар:                                         Ауылдық округ әкімі С.Иманбаев, ауыл әкімі аппаратының қызметкерлері, жергілікті қоғамдастық мүшелері.

 

Барлығы: 39 адам.

 

 

Күн тәртібінде:

Көкарық ауылындағы жаңа көшеге атау беру туралы

 

Жиналысты ауылдық округ әкімі С.Иманбаев ашып, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 «Әкімшілік- аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы қаулысына және Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2016 жылдың 05 ақпанындағы № 15-30 хатында көрсетілген идеологиялық тұрғыдан ескірген немесе мән-мағынасын жоғалтқан атауларды өзгерту туралы тапсырмасы бойынша түсіндірме жүмыстарын жүргізіп, күн тәртібіндегі мәселеге тоқталып өтті.

Қоғамдастық кеңесінің төрағасы Р.Секербеков — Мен бұл ауылда көп уақыттан бері тұрып келемін. Көшенің атауы жаңа талапқа сай келгені дұрыс. Ауылымыз үлкейіп, жастар өз ауылында еңбек еткісі келеді. Сол себептен көшеге «Самал» деген атау берген дұрыс болады деп санаймын.

Қоғамдастық кеңесінің мүшесі Т.Озғанбаев- Бұл ұсынысты ауылымыздың көркейуіне, жастарды ауылға тарту мақсатында қолдайтынын білдірді. Жиын соңында жиналысқа қатысушылар ашық дауыс беріп, барлығы бұл ұсынысты қолдап бір ауыздан мақұлдады. Қарсы, қалыс қалғандар жоқ.

Күн тәртібіндегі мәселені талқылай келе жиналысқа қатысушылар ІІІЕШІМ қабылдады:

  1. Көкарық ауылындағы жаңа көшеге «Самал» деген атау берілсін.

 

  1. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ономастикалық жүмысшы тобына ұсыныс берілсін.

 

 

Жиналыс төрағасы                                            С.Иманбаев

 

Жиналыс хатшысы                                            Р.Алимова

 


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта