home
home home

Құрметті,мемлекеттік кірістер қызметі саласы қызметкерлері!

Құрметті,мемлекеттік кірістер қызметі саласы қызметкерлері! Бүгін -ҚР салық органдарының құрылған күні, 1991 жылы 9 шілдеде Қазақ КСР Президентінің № 380 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік салық қызметі құрылды.
Осы жылдар ішінде көптеген жетістіктерге қол жеткізілді.
Біздің еліміздің салық органдары дамуының аса күрделі кезеңі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасуымен тікелей байланысты.
Салық органдары қызметкерлерінің жоғары кәсібилігі, құзыреттілігі, борыш пен жауапкершілік сезімі ерекшеленеді.
Салық органдары қызметкерлерінің жоғары кәсіби сапасы мен үлкен жұмыс тәжірибесі, салықтық әкімшілендірудің озық технологияларын енгізу оларға алдағы уақытта да Қазақстан Республикасының салық органдарының алдында тұрған міндеттерді табысты шешуге мүмкіндік береді.Құрметті,әріптестер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз-салық органдарының құрылған күнімен құттықтаймын! Бұл ерекше күні сіздердің күрделі, бірақ барлық ел үшін қажетті еңбектеріңіз үшін алғыс айтқым келеді. Сіздерге табыс, игілік және жетістіктер,отбасылық бақыт пен зор денсаулық тілеймін! Игі ниетпен, Ерболат Салқынбекұлы Садырқұлов-Тұрар Рысқұлов ауданы әкімі


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта