home
home home

2017 жылдың 27 қазан күні сағат 11.00-де Луговой ауылдық мәдениет үйінің алаңында Луговой ауылдық округі Луговой  ауылындағы  Набережная, Авиационная, Кольцевая,  Четный парк, Береговая, Станционная, Пригородная,  Семафорная, Лесхоз, Коммунистическая, Степная, Заготскот, 2 Луговская көшелерін қайта атау бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізіледі. 

Хабарландыру

 

2017 жылдың 27 қазан күні сағат 11.00-де Луговой ауылдық мәдениет үйінің алаңында Луговой ауылдық округі Луговой  ауылындағы  Набережная, Авиационная, Кольцевая,  Четный парк, Береговая, Станционная, Пригородная,  Семафорная, Лесхоз, Коммунистическая, Степная, Заготскот, 2 Луговская көшелерін қайта атау бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізіледі.

 

Луговой ауылдық округі әкімінің аппараты.

 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2017 жылғы 2 наурыздағы тапсырмасы және Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Б.Әлпеисовтың 2017 жылғы 7 шілдедегі №15-136 хатына сәйкес Луговой  ауылдық округі Луговой ауылындағы мағынасы идеологиялық тұрғыда  ескірген . Набережная, Авиационная, Кольцевая ,  Четный парк , Береговая, Станционная, Пригородная,  Семафорная, Лесхоз, Коммунистическая, Степная, Заготскот, 2 Луговская  көшелерін қайта атау үшін бастама көтерілді және Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының талаптарын сақтай отырып,  Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138  қаулысына  сәйкес  тиісті  жұмыстар жүргізу  үшін  тапсырма берілді.

13 көшенің атауы өзгергені туралы аудандық архивтің 19.09.2017 жылғы №2-5/1536 жауап хатына сәйкес  дерек жоқ.

 

Көшенің бұрынғы атауы Жаңа атаудың жобасы Көше ұзындығы Үй саны Жаңа атаудың мағынасы, берілу себептері.
                                         Луговой ауылдық округі  
                                         Луговой ауылы  
1. Набережная Қарасу 1220м 93 Көшенің бойымен «Қарасу» суы ағып жатқандықтан
2. Авиационная Ғарышкерлер 430м 9 көпқабатты үй, 196 пәтер Көше әскери қалашықта орналасқан. Көшенің тұрғындарының басым көпшілігі әскери қызметкерлер.
3. Кольцевая Жеңіс 220м 2 көпқабатты үй, 36 пәтер Көше әскери қалашықта орналасқан. Жеңіз ұғымы – Тәуелсіз мемлекет үшін киелі ұгым. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік сипаттарын толықтырады.
4. Четный парк Түркісіб 570м 9 үй, 20 түтін Көше теміржол бойында орналасқандықтан тұрғындырдың ұсынысы негізінде
5. Береговая Тәуелсіздік 1050м 45 Еркін болу. Тәуелсіз болу. Тәуелсіздіктің парқына жету мақсатында ұсынылып отыр.
6. Станционная Ынтымақ 800м 23 Көшеде көпұлт өкілі шоғырланған. Осы күні тату-тәтті, ынтымақты күн кешуде. Сол үшін осы атау ұсынылды.
7. Пригородная Еңбекші 850м 57 Еңбең – бәрінде жеңбек.

Бұл ұғым қазақта мағынасы

өте терең.

8. Семафорная Игілік 378м 11  ырыздықты, рухани және мәдени байлықты білдіретін жалпы ұғым
9 2 Луговская Жайлау 1245м 19 Мал жайылымының жағасында орналасқан көше
10 Заготскот Кең дала 1020м 9 Ауыл шетінде орналасқан көше.
11 Степная Самғау 245 18 Жаңа атау
12 Коммунистическая Желтоқсан 1160 96 Тәуелсіздікке иеленген ай.
13 Лесхоз Ақбұлақ 800 39 Бұл көшенің бойынан жер асты суы шығарылған
Барлығы: 13 көше

.

 

Луговой ауылындағы мағынасы ескірген 13  көшені қайта атауға (көше атауы жазылған (аншлаг) көрсеткіш тақтасын орнатуға) байланысты жұмсалатын қаржылық шығын 500 000 теңге жергілікті бюджет есебінен жұмсалатын болады.

 

 

Луговой ауылдық округі әкімінің аппараты


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта