home
home home

2017 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

2017 жылға бас бостандығынан

айыру орындарынан босатылған

адамдарды, пробация қызметінің

есебінде тұрған адамдарды жұмысқа

орналастыру үшін жұмыс орындарына

квота белгілеу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабы 7), 8) тармақшаларына, 27-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларына сәйкес Т.Рысқұлов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Т.Рысқұлов ауданы бойынша ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдарда 2017 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына қызметкерлердің жалпы санынан квоталар 1, 2 қосымшаларға сәйкес белгіленсін.
  2. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2017 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Дайрабаев Берік Тынышбекұлына жүктелсін.
  4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                     Ж.Айтақов

 

 

 

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің

2017 жылғы ___ ___________

№ ___ қаулысына 1-қосымша

 

 

2017 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар

 

Ұйымның атауы Жыл басындағы қызметкерлер саны (адам) Белгіленген квота мөлшері
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар
Жұмыскер-лердің тізімдік санынан % Жұмыс орындарының саны (бірлік)
1. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің «Құлан-Тазалық» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны 46 2% 1
2. «Шаушен» шаруа қожалығы 127 1% 1
  Барлығы: 173   2

 

 

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің

2017 жылғы ___ ___________

№ ___ қаулысына 2-қосымша

 

 

2017 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар

 

Ұйымның атауы Жыл басындағы қызметкерлер саны (адам) Белгіленген квота мөлшері
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар
Жұмыскер-лердің тізімдік санынан % Жұмыс орындарының саны (бірлік)
1. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорны» филиалы 242 1% 2
2. «Шаушен» шаруа қожалығы 127 1% 1
  Барлығы: 369   3

 

 


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта