home
home home

2019 жылғы 3-ші тоқсанның қорытындысы бойынша аймақтағы қаржы нарығының жағдайы туралы

2019 жылғы 3-ші тоқсанның қорытындысы бойынша

аймақтағы қаржы нарығының жағдайы туралы

 

Депозит нарығы. 2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Жамбыл облысындағы екінші деңгейдегі банктердің филиалдарындағы (бұдан әрі – Банктер) депозиттердің көлемі 147 253,3  млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,6% немесе 12 875,0 млн. теңгеге көп. Оның ішінде, 109 085,4  млн. теңге немесе 74,1% ұлттық валютадағы депозиттер және 38 167,9 млн. теңге немесе 25,9% шетел валютасындағы депозиттер. Депозиттердің салымшылар бойынша құрылымы жеке тұлғалардың депозиттерінің басымдылығымен сипатталады. 2019 жылғы 1 қазанға жеке тұлғалардың салымдары 136 310,7  млн. теңгені немесе облыстағы жалпы депозиттердің 92,6%-ын құрады. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,0%-ға артқан. Заңды тұлғалардың депозиттері жыл ішінде 4,9%-ға артып, 2019 жылдың 3 тоқсанының аяғында 10 942,6  млн. теңгені құрады.

Республика бойынша жалпы депозиттердің көлемінде облыс депозиттерінің үлесі 1,4% құрады.

Ағымдағы жылдың 3 тоқсанында банктермен жалпы сомасы 394 328,9 млн. теңгеге депозиттер тартылған, бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,2 есеге немесе 270 915,3 млн. теңгеге көп. Есепті кезеңде ұлттық валютадағы тартылған депозиттердің көлемі жалпы тартылған депозиттердің үлкен бөлігін құрады – 96,8%, ал шетел валютасында тартылған депозиттердің үлесі 3,2% құрады. 2019 жылғы 1 қазанға депозиттердің жалпы көлеміндегі ұзақ мерзімді салымдардың үлесі 42,7%-ды (немесе 62 879,5 млн. теңгені) және қысқа мерзімділер – 56,7%-ды (83 555,2 млн. теңгені) құраса, ал қалған 0,6%-ын (818,6  млн. теңге) шартты және талап етілген депозиттер құрайды. Мерзімі 1 жылдан 5 жылға дейінгі ұзақ мерзімді депозиттердің көлемі 2019 жылғы 1 қазанға 45 876,8 млн. теңгені құрады, бұл ұзақ мерзімді салымдардың 73,0%-ын құрайды, мерзімі 5 жылдан жоғары салымдардың көрсеткіштері – 17 002,7 млн. теңге немесе 27,0%-ды құрайды. Қысқа мерзімді салымдардың құрылымында мерзімі 3 айдан 1 жылға дейінгі депозиттер айтарлықтай үлесті құрайды. Мұндай салымдарға қысқа мерзімді депозиттердің 95,2%-ы (79 566,3 млн. теңге) тиесілі. Мерзімі 1 айға дейін және 1 айдан 3 айға дейінгі депозиттердің үлесі қысқа мерзімді депозиттердің жалпы көлемінің сәйкесінше 4,5%-ын (3 721,1  млн. теңге) және 0,3%-ын (267,8  млн. теңге) құрайды.

Несие нарығы. 2019 жылдың 3 тоқсанында Банктермен берілген несиелердің көлемі 62 790,0 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,4%-ға жоғары (2018 жылдың 3 тоқсанында 48 884,4  млн. теңге сомасында несиелер берілген). Берілген несиелердің жалпы сомасының басым бөлігі ұлттық валютада берілген несиелер болып табылады.

Ұзақ мерзімді несиелердің көлемі 50 200,4 млн. теңге немесе 79,9% құрайды, сәйкесінше қысқа мерзімді несиелер 12 589,6 млн. теңгені (20,1%) құрады.

Берілген несиелердің негізгі бөлігі жеке тұлғаларға берілген. Олардың үлесі 49 618,8 млн. теңгені немесе жалпы берілген несиелердің сомасынан 79,0% құрайды. Заңды тұлғаларға берілген несиелердің сомасы 13 171,2 млн. теңгені немесе берілген несиелердің жалпы сомасынан 21,0% құрайды.

Ал шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелердің көлемі 12 377,7 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға жоғары (2018 жылдың 3 тоқсанында 10 440,7 млн. теңге сомасында несиелер берілген), сонымен қатар берілген несиелердің жалпы сомасының барлық үлесі ұлттық валютада берілген несиелер болып табылатынын атап өту керек.

Жалпы алғанда, несие көлемдерінің көбейгендігін байқауға болады. 2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша несиелердің көлемі 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,9%-ға немесе 21 882,6 млн. теңгеге көбейіп, 223 310,7 млн. теңгені құрады. Облыстағы несиелік қарыздардың артуы, несие көлемдерінің артуымен тікелей байланысты деп айтсақ та артық болмас.

Ал, қарызгерлерге келер болсақ – бұрынғысынша жеке тұлғалардың несиелері айтарлықтай үлеске ие. 2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жеке тұлғалардың несиелік қарыздары 189 295,4 млн. теңгені құрады (немесе несиелік қарыздардың жалпы көлемінің 84,8%-ы), бұл өткен жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда 28 443,3 млн. теңгеге немесе 17,7%-ға жоғары. Ал заңды тұлғалардың несиелерінің үлес салмағы 20,1%-дан 15,2%-ға дейін азайып, 01.10.2019ж. жағдайға 34 015,3 млн. теңгені құрады (01.10.2018 жылы 40 576,0 млн теңге болған).

Несиелердің мерзімдік құрылымында айтарлықтай өзгерістер байқалмайды. Ұзақ мерзімді несиелер берешек сомасының айтарлықтай үлесін құрайды. 2019 жылғы 1 қазанға бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 21 017,7 млн. теңгеге немесе 11,3%-ға көбейіп, 207 049,9 млн. теңгені құрады (немесе несиелердің жалпы көлемінің 92,7%-ы). Қысқа мерзімді несиелердің үлес салмағы 7,3%-ды құрады (немесе 16 260,8 млн.теңге). Ұзақ мерзімді несиелердің ішінде мерзімі 1 жылдан 5 жылға дейінгі несиелер ауқымды үлеске ие, бүгінгі таңда олар 132 935,3 млн. теңгені немесе ұзақ мерзімді несиелердің жалпы көлемінің 64,2%-ын құрап отыр.

 

 

 

ҚР Ұлттық Банкінің

Жамбыл филиалы

Бухгалтерлік есеп бөлімінің

бас маман-экономисі

Тәжібаева Гүлназ


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта