home
home home

2020 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру

2020 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру
2020 жылғы 12 ақпанындағы Қазақстан Республикасының Президентінің «Әскери қызметшілерді запасқа шығару және 2020 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» №266 Жарлығына өзгеріс енгізді. Әскери қызметке шақыруды жүргізу мерзімдері маусым айынан тамыз айына дейін ұзартылды, өйткені еліміздегі енгізілген төтенше жағдайдың әрекеті кезеңінде әскерге шақыру және медициналық комиссиялардың жұмыстары тоқтатылды. Осыған орай, әскерге шақырылушылар және Қарулы Күштерін жасақтауға тартылған лауазымды тұлғалар арасында коронавирусты инфекцияны таралуын ескерту, алдын ала шараларын күшейту мақсатында жас буынды салтанатты шығарып салулар тоқтатылды.
2020 жылдың 30 сәуірінде мемлекет басшысы әскери қызметке шақыру мерзімі маусым айынан тамыз айлары аралығында болатыны туралы №312 Жарлыққа өзгеріс енгізді.Күзде әскери қызметке шақыру мерзімі өзгеріссіз қалды.
«Әскерге шақырудан кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар 2020 жылдың наурыз – тамызында және қыркүйек – желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Ұлттық ұлан және мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын»,- деп жазылған жарлықта.
Әскери бөлімге аттанар кезінде шақырылушылардың сәтті бейімделуі мақсатында олардың киім-кешекпен, тамақ және өзге де тиесілі жабдықталым түрлерімен қамтамасыз етіледі. Әскери киімді кию арқылы, жасөспірімдер нағыз Отан қорғаушылардың алдында тұрған жауапкершілікті түсіне бастайды. Әскери бөлімдер бойынша шақырылушыларды іріктеу және бөлу кезінде алдын ала зерделеу нәтижелері және олардың шақырылуға дейінгі мамандықтары ескеріледі.
Әскерге шақырылғаннан кейін және әскери бөлімдерге келгеннен кейін оларды екі апталық карантинге оқшаулай отырып, жас буынға ПТР-зерттеу әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеу жүргізіледі.Карантин кезінде жас буынға медициналық тексеру және әлеуметтік-психологиялық зерделеу, сондай-ақ бастапқы әскери дайындық жүргізіледі.

-2-
Әскер жас буынды тәртіпке,жауапкершілікке өздігінен үйретеді және дене күшіне ие болады.Әскерде берік достастық, бауырластық танылады, әскери қызметшілер топпен жұмыс жасағанды, оқу-жаттығулардағы тапсырмаларды орындауға, тез ойлануға, шешім қабылдауға үйренеді, олар әскери техниканы пайдалануда техникалық дағдыларға ие болады.Егер әскерге шақырылушы өз өмірін әскери қызметпен байланыстыруды жоспарласа, онда келісімшарт бойынша әскери қызметке жарты жылдан кейін кіре алады.


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта