home
home home

23.08.2017 Т.Рысқұлов ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

Жарияланған хабарландыру мазмұнына 

персоналды басқару қызметі  жауапты

Өтінішті көшіру 

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

            Е-R-1 санаты үшін: білімі – жоғары;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,  C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық  лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

Е-R-3 санаты үшін: білімі – жоғары.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі   немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

       Е-G-3 санаты үшін: білімі – жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

 

Санаты Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде
 тенгеден бастап тенгеге деін
1 Е-R-1 142 412 192 382
2 E-R-3 96 607 129 920
3 Е-G-3 69 957 94 109

 

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік қызметшілер арасында бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды

080900, Жамбыл облысы. Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек Жолы  көшесі  №75 үй, каб.№ 220, анықтама  үшін телефондар, код: 8(726-31) 21542, 21498, 21381, факс 22699, электрондық почта: t-ryskulov@mail.ru

  1. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрлысы және құрылыс бөлімінің басшысы; санаты Е-R-1, 1 бірлік (№ 04-9-1)

            Функционалдық міндеттері: Аудандағы құрылыс саласын және құрылыс кәсіпорындарына жан-жақты көмек көрсету, жаңа құрылыс және жөндеу жүргізу, ауданда құрылыс жүріп жатқан нысандарға, қайта жарақтандыру, күрделі жұмыстарына зерттеу жүргізу және сапалығын қадағалау жұмыстарына басшылық жасайды. Қазақстан Республикасы Президентінің және ҚР Үкіметінің Жарлықтары мен актілерінің орындалуын ұйымдастыру, аудан әкімінің,  ҚР Индустрия және Сауда Министрлігінің құрылыс істері жөніндегі Республикалық комитетінің «Бөлім» құзіретіне енетін мәселелерге қатысты шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасайды. Барлық меншіктегі құрылыс кәсіпорындарымен бірлесіп, өзара  іс-қимылдар жасап, үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – өнер саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы.

Мамандығы – сәулет немесе құрылыс немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру немесе бухгалтерлік есеп немесе экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

  1. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыспен қамту секторының меңгерушісі; санаты Е-R-3, 1 бірлік (№ 04-05-4)

            Функционалдық міндеттері: Секторға жалпы басшылық жасайды, олардың жұмысына бағыт береді, және жұмыс қабілетін қорытып, қадағалау жасайды. Қазақстан Республикасының Заңдарын,  Президент және Үкімет қаулыларын   жүзеге   асыръп,   және аудан Әкімінің шешімдерін, өкімдерін орындалуына бақылау жасайды. Жұмыссыздарды  жұмысқа орналастыру,   оларды   кәсіби   оқуға үйрету  және   жұмыссыз азаматтардың   әлеуметтік   қорғау жұмыстарын үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы немесе құқық саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе білім саласындағы.

Мамандығы – экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе құқықтану немесе әлеуметтік жұмыс немесе инфарматика немесе ақпараттық жүйелер немесе білім саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

  1. Көкдөнен ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы; санаты E-G-3, 1 бірлік, (№05-08-02)

            Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент және Үкімет актілерін, облыс, аудан әкімдерінің қаулылары мен өкімдерінің және шешімдерінің өздеріне бекітілген аумақтық атқаратын  қызметтеріне сәйкес тапсырылған ауылдық округ әкімінің жұмыстарын орындау. Мемлекеттік қызметтік стандартына сәйкес жұмыстар жүргізеді, анықтамаларды беруді ұйымдастырады. Ауылдық округі әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындайды, ауызша және жазбаша келіп түскен арыз – шағымдарды тіркеу және орындалу мерзімін қадағалайды. Әкім болмаған жағдайда уақытша міндеттерін атқарады. Ұйымдастыру жұмыстарының орындалуын, мамандардың функциналдық міндеттерін уақтылы атқаруын, шаруашылық кітаптарының жүргізілуін қадағалайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – ауылшаруашылық  ғылымдары саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес  саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар  саласындағы немесе білім саласындағы немесе құқық  саласындағы жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық немесе кәсіптік білім.

Мамандығы – ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе  экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе  мемлекеттік және жергілікті басқару немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы  (жалпы) немесе білім  саласындағы (жалпы) немесе құқықтану.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

  1. Көкдөнен ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы; санаты E-G-3, 1 бірлік, (№05-08-03)

            Функционалдық міндеттері: Қазақстан    Республикасының    Заңдарын, Президент   және Үкіме актілерін, облыс, аудан әкімдерінің қаулылары мен өкімдерінің және шешімдерінің өздеріне бекітілген аумақтық атқаратын  қызметтеріне сәйкес тапсырылған ауылдық округ әкімінің жұмыстарын орындау. Ауыл әкімі аппаратының шығыс сметаларының орындалуын қамтамасыз етеді, ауыл әкімі аппаратындағы мемлекеттік қызметкерлердің, келісім шарт негізіндегі жұмысшылардың айлық есебін жүргізеді, ай сайын кассалық шығындар мен кірістер туралы аудандық қаржы бөліміне, кіріс басқармасына есеп береді. Экономика бөлімінің жұмыстарын жүргізу, экологиялық және табиғатты қорғау жұмыстары, аудандық электр қуатын есептеу бөліміне елді мекендегі көше жарығы және мекеменің электр қуаты жөнінде есептерді беру. Әкімдік есебіндегі мүліктердің есебі және техникалық қызметтердің жұмысын қадағалайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес  саласындағы.

Мамандығы – экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

  1. Қайынды ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы; санаты E-G-3, 1 бірлік, (№05-12-02)

            Функционалдық міндеттері: Қазақстан    Республикасының    Заңдарын, Президент   және Үкіме актілерін, облыс, аудан әкімдерінің қаулылары мен өкімдерінің және шешімдерінің өздеріне бекітілген аумақтық атқаратын  қызметтеріне сәйкес тапсырылған ауылдық округ әкімінің жұмыстарын орындау. Ауыл әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын, әлеуметтік бағдарламалар бойынша жұмыстарды, азаматтарға анықтамалар беруді уақтылы әрі сапалыорындауды үйлестіреді. Жер  және мүлік салықтарын жинау, көріктендіру, санитарлық тазалық жұмыстардың орындалуын қадағалайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағынемесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағынемесе білім саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе құқық саласындағы.

Мамандығы – ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе менеджмент немесе маркетинг немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы(жалпы) немесе білім саласындағы (жалпы) немесе мәдениеттану немесе құқықтану.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы  жарияланғаннан келесі жұмыс күнінен  бастап 3 жұмыс күннің ішінде, жоғарыда көрсетілген  мекен жай бойынша орналасқан Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың  өздері  қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың  өздері  қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін 2 сағат бұрын кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге  жіберілген  кандидаттар, әңгімелесуге жіберілген туралы хабар алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек жолы №75 мекен жайда орналасқан Т.Рысқұлов ауданы әкімі  аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

 

 


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта