home
home home

3-Қосымша Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына

Мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға арналған субсидиялар беруге үміткер ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге, жеке және заңды тұлғаларға қойылатын өлшемшарттар мен талаптар

 

Субсидиялау бағыты Параметрлері Өлшемшарттар мен талаптар
1 Бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату 1000 бастан басталатын нақты бордақылау* 1. Жануарлардың бірдейлендіру нөмірлерінің болуы және бордақылаудағы бұқашықтар басының АЖБ мен АТЖ-да тіркелуі.

2. Бұқашықтардың тiрiдей/сойыс салмағы союға өткізілген сәтте кемінде 400 килограмм/210 килограмм**.

3. Әр бұқашықты бордақылау мерзімі кемінде 100 күн (бордақылау мерзімі бұқашықтың АЖБ жүйесі арқылы бордақылау алаңына қойылған мерзімнен бұқашықты бордақылау алаңына қабылдау-беру актісінің күнінен бұқашықтарды сою актісіне дейін саналады), малды бордақылау жөніндегі көрсетілетін қызметті жүзеге асыру кезінде бордақылау мерзімі бұқашықты бордақылау алаңына қойған мерзімнен (бордақылау қызметін көрсететін шарт бойынша бұқашықтарды бордақылау алаңына қабылдау-тапсыру актісінің күнімен расталады) құқық меншігінен тыс байланыссыз және бұқашықты бордақылау алаңынан басқа жерге ауыстырусыз бұқашықтарды сою актісіне дейін есептеледі.

4. Ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асыру және зоотехникалық есепке алуды жүргізу.

5. Етті бағыттағы ірі қара мал кәсіпорның технологиялық жобалаудың ұсынылған нормаларына сәйкес келетін дамыған инфрақұрылымы бар, ірі қара малды бордақылауға арналған мамандандырылған алаң:

— кіреберістегі дезинфекциялық тосқауыл;

— карантиндік алаң;

— жануарларды күтiп-бағуға арналған алаңдар;

— желден қорғаныс (оңтүстік өңірлер үшін міндетті емес);

— науалар мен астаулар алдында қатты төсем;

— науаларжәне/немесе азық үстелі ;

— сумен жабдықтау көзі мен жүйесі;

— жылытқышы бар астаулар(оңтүстік өңірлер үшін міндетті емес);

— көң сақтау қоймасы және қар суын жинауға арналған мүйіс;

— азық дайындау (дән уатқыш/жаныштағыш немесе құрама жем цехі) және азық тарату техникасы/жабдығы;

— азықтарға арналған сақтау қоймасы;

— ветеринариялық пункт, ІҚМ-ға арналған таразылары бар өткелек пен бекіткіш, жануарларды түсіру мен тиеуге арналған басқыш;

— қажетті азық көлемінің болуы және бұқашықтарды астықпен бордақылауға арналған рационның сақталуы.

100 бастан басталатын нақты бордақылау* 1. Жануарлардың бірдейлендіру нөмірлерінің болуы және бордақылаудағы бұқашық бастарының АЖБ-да тіркелуі.

2. Сойысқа өткізу сәтінде бұқашықтардың тiрiдей/сойыс салмағы кемінде 400 килограмм/200 килограмм**.

3. Әр бұқашықты бордақылау мерзімі кемінде 100 күн (бордақылау мерзімі бұқашық АТЖ жүйесі арқылы бордақылау алаңына қойылған мерзімнен, бұқашықтарды бордақылау алаңына қабылдау-беру актісінің күнінен бұқашықтарды сою актісіне дейін саналады).

4. Ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асыру және зоотехникалық есепке алуды жүргізу.

5. Бір реттік бордақыланатың ірі қара малды бордақылауға арналған және мынадай инфрақұрылымы бар алаң:

жануарларды күтiп-бағуға арналған алаңдар;

азық дайындау (дән уатқыш/жаныштағыш немесе құрама жем цехі) және азық тарату техникасы /жабдығы;

жануарларды түсіру мен тиеуге арналған басқыш.

Ауыл шаруашылығы кооперативі

 

1. Жануарлардың бірдейлендіру нөмірлерінің болуы және бордақылаудағы мал басының (кооператив мүшелерінің) АЖБ-да тіркелуі.

2. Сойысқа өткізу сәтінде бұқашықтардың тiрiдей/сойыс салмағы кемінде 350 килограмм/170 килограмм** және бордақылау алаңдарына өткізгенде бұқашықтардың тірідей салмағы кемінде 250 килограмм;

3. Ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асыру және зоотехникалық есепке алуды жүргізу;

4. Кооператив мүшелерінің саны кемінде жиырма;

5. Келесі шарттардың біреуін орындау:

5.1 ет өндіруші кәсіпорынға өткізу;

5.2 Есепке алу нөмірі бар өзінің немесе кооператив мүшелерінің біріне (қызметтер көрсетуге арналған шарт жасасумен) тиесілі сою пунктінде (тоңазытқыш қондырғысы және ветеринариялық-санитариялық зертханасы бар) немесе сою алаңында (тоңазытқыш жабдығы бар) сою;

5.3 бұқашықтарды 1000 мал орнынан басталатын бордақылау алаңына өткізу.

2. Қозы етін өндіруді арзандату

 

1. Жануарлардың бірдейлендіру нөмірлерінің болуы және қозы басының АЖБ-да тіркелуі.

2. Қозыны өткізу кезіндегі жасы он екі айдан аспауы керек.

3. Ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асыру және зоотехникалық есепке алуды жүргізу.

 

3. Жылқы етін өндіруді арзандату Жылқының кемінде 75 аналық басы бар шаруашылық

 

1. Жануарлардың бірдейлендіру нөмірлерінің болуы және мал басының АЖБ-да тіркелуі.

2. Жылқылардың (союға өткізілетін) тiрiдей салмағы кемінде 350 килограмм болуы тиіс**.

3. Ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асыру және зоотехникалық есепке алуды жүргізу.

4. Түйе етін өндіруді арзандату Түйенің кемінде 75 аналық басы бар шаруашылық 1. Жануарлардың бірдейлендіру нөмірлерінің болуы және мал басының АЖБ-да тіркелуі.

2. Түйелердің (союға өткізілетін) тiрiдей салмағы кемінде 350 килограмм болуы тиіс**.

3. Ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асыру және зоотехникалық есепке алуды жүргізу.

5. Шошқа етін өндіруді арзандату 500 бастан бастап нақты бордақыланатын шошқа кешені 1. Жануарлардың бірдейлендіру нөмірлерінің болуы және мал басының АЖБ-да тіркелуі.

2. Шошқалардың сойысқа өткізу сәтіндегі тiрiдей салмағы кемінде 100 килограмм**.

3. Ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асыру және зоотехникалық есепке алуды жүргізу.

4. Мыналардың:

— шошқа басының (толықтыратын төл және мегежін);

— өнеркәсіптік алаңды (азық тарату, суару желісі және микроклимат) автоматтандырудың;
— сою цехінің;

— құрама жем цехінің;

— таразы құрылғысының болуы.

6. Құс (бройлер, күрке тауық, суда жүзетін) етін өндіруді арзандату Жылына құс (бройлер, күрке тауық) етін 1000 тоннадан бастап нақты өндіру

***

1. Мынадай инфрақұрылымы бар құс фабрикасы:

— құсты жыл бойы күтіп-бағу үшін технологиялық жағдайдың болуы;

— құсты торда немесе еденде күтіп-бағуға арналған технологиялық жабдықтың болуы;

— құс сою жөніндегі желінің (сою цехі) болуы;

2. Аталған сертификаттардың (ИСО, ХАССП тамақ қауiпсiздiгі жүйесi) бiрiнiң болуы.

3. Ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асыру және зоотехникалық есепке алуды жүргізу.

Жылына құс (суда жүзетін, бройлер) етін 20 тоннадан бастап нақты өндіру *** 1. Құстарды күтіп-бағуға арналған  жайдың болуы.

2. Өнеркәсіптік союды жүзеге асыру.

3. Ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру.

7. Тағамдық жұмыртқа өндіруді арзандату Жылына 20 млн. жұмыртқадан бастап нақты өндіру*** 1. Мынадай инфрақұрылымы бар құс фабрикасы:

— құсты жыл бойы күтіп-бағу үшін технологиялық жағдайдың болуы;

— құсты торда немесе еденде күтіп- бағуға арналған технологиялық жабдықтың болуы;

— жұмыртқаны сұрыптауға арналған автоматты машинаның болуы****;

2. Аталған сертификаттардың (ИСО, ХАССП тамақ қауiпсiздiгі жүйесi) бiрiнiң болуы.

3. Ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асыру және зоотехникалық есепке алуды жүргізу.

Жылына 1000 данадан бастап бөдене жұмыртқасын нақты өндіру*** 1. Құстарды күтіп-бағуға арналған торлы жабдығы бар жайдың болуы.

2. Ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру.

8. Сүт өндіруді арзандату Кемінде 400 бас бағымдағы сауын сиыры бар сүтті-тауарлы ферма

 

1. Жануарлардың мал басының бірдейлендіру нөмірлерінің болуы және АТЖ мен АЖБ-да тіркелуі.

2. Сүт сауымын есепке алудың электрондық жүйесінің АТЖ жүйесімен интеграцияланған болуы*****.

3. Ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асыру және зоотехникалық есепке алуды жүргізу.

4. Тиiстi инфрақұрылымы, механикаландырылған сауу, көң шығару және азық тарату, автосуару мүмкіндігі мен азық цехі бар сүт кешенiнiң болуы.

Кемінде 50 бас бағымдағы сауын сиыры бар сүтті-тауарлы ферма 1. Жануарлардың бірдейлендіру нөмірлерінің болуы және мал басының АТЖ мен АЖБ-да  тіркелуі.

2. Ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асыру және зоотехникалық есепке алуды жүргізу.

3. Тасымалды сауу қондырғыларын қоса алғанда, машинамен сауудың болуы.

 

Ауыл шаруашылығы кооперативі

 

1. Ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру және іске асыру.

2. Кооператив мүшелерінің саны кемінде 20.

3. Өзінің сүт қабылдау пунктінің болуы.

4. Сүтті қайта өндеуші (оның ішінде меншікті)кәсіпорынға  өткізілген және дайындалған сүт субсидиялауға жатады.

5. аналық басты қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру (қолдан ұрықтандыру бойынша қызмет көрсету шартпен расталады) немесе асыл тұқымды тұқымдық бұқашықтарды табында қолдану (шағылыстыру контингентінің отыз басына кемінде бір тұқымдық қошқар) 2018 жылдың 1 қаңтарынан аналық басты қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру (қолдан ұрықтандыру бойынша қызмет көрсетуге шартпен расталады) және сүтті, сүтті-етті тұқымды асыл тұқымдық тұқымдық бұқаларды қолдану (шағылыстыру контингентінің отыз басына кемінде бір тұқымдық қошқар).

9. Бие/түйе/ешкі сүтін өндіруді арзандату******

 

1. Жануарлардың бірдейлендіру нөмірлерінің болуы және мал басының АЖБ-да тіркелуі, ауыл шаруашылығы кооперативтерінен басқа.

2. Сүтті сүтті қайта өңдеуші кәсіпорынға немесе есептік нөмірі бар сүтті қайта өңдеу жөніндегі цехқа өткізу.

3. Ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру.

10. Биязы және жартылай биязы жүн

өндіруді арзандату

 

1. Қойларды қырқуға, жүнді сұрыптауға және дайындауға арналған қора-жайлардың болуы.

2. Жүннiң сапасы кемінде 50*******.

3. Биязы және жартылай биязы жүндi бастапқы қайта өңдеуші кәсiпорынға өткiзу.

11. Құрама жем

құнын арзандату

 

1. Есептік нөмірі бар құрамажем зауыты.

2. Құрамажем сапасын растаудың зертханалық талдауының болуы.

3. Кемінде 20 мүшесі бар ауыл шаруашылығы кооперативтеріне арзандатылған құрамажем өткізу.

 

 

Ескертпелер:

* — нақты бордақылау субсидиялар алуға арналған өтінім берген күннің алдындағы он екі айлық кезең үшін бордақылау алаңынан өткізілген бұқашықтар санымен анықталады (нормативі 12 айға көбейтілген өндірілген өнімнің нақты өтінім берілген көлемдеріне сүйене отырып анықталады,  жаңадан іске қосылған мал бордақылау алаңдарын қоспағанда);

** — жануарлардың малдың (союға өткiзiлетiн) тiрiдей/сойыс салмағы мал шаруашылығы өнiмі өткізілген, есептік нөмiрi (коды) бар қайта өңдеуші кәсіпорын немесе тауар өндiрушi қызметтерiн (малды сою жөнiндегi) пайдаланған, есептік нөмірі (коды) бар сою пункті берген анықтамамен расталуы тиiс. Жыл бойы етке өткізілген шошқа төлінің саны есепті жылдың
1 қаңтарындағы жағдай бойынша шаруашылықтың негізгі мегежіндеріне арналған төл шығымының 50%-ы нормативі бойынша анықталады;

*** — деңгей 12 айдан кем қызметі етіп жатқан тауар өндірушілер үшін, қызмет кезеңіне айлармен бөлініп, 12 айға көбейтілген өндірілген өнімнің нақты өтінім берілген көлемдеріне сүйене отырып анықталады;

**** — талап 2017 жылдың бірінші шілдесінен бастап қолданылады; 

***** — талап 2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап қолданылады; 

****** бие/түйе/ешкі/ сүтін өндірудің жылдық көлемі сауын биенің/түйенің 1 басына 750/1500/800 килограмм нормативі бойынша айқындалады;

******* жүннiң сапасы жүн сапасын бағалау жөнiндегi зертхана берген анықтамамен расталады.

 

 


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта