home
home home

30.03.2017  Құлан ауылдық округі бойынша Құлан ауылының тұрғындарымен  көше атауын өзгерту бойынша өткен жиынның

Құлан ауылдық округі бойынша Құлан ауылының тұрғындарымен  көше атауын өзгерту бойынша өткен жиынның

ХАТТАМАСЫ №1

Құлан ауылы                                        Сағ11-00-де  30.03.2017 жыл

 

Өткен орын: Сұлутөр кино театыры

Жиын төрағасы: М. Жайлыбаев

Жиын хатшысы: Г. Мурсултанова

Жиынға қатысқандар: Ақмола көшесінің тұрғындары және ауыл тұрғындары, ардагерлер кеңесінің мүшелері барлығы 40 адам

Күн тәртібінде:

Көппаев Даулетбайдың есімімен «Ақмола»көшесінің атауын өзгерту бойынша

Жиын төрағасы М. Жайлыбаев жиынды ашып ауыл тұрғындарын күн тәртібімен таныстырып, ҚР Тіл туралы заңының 25-5 бабына  сай және әкімшілік аумақтық  бірліктерге елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай- ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын  бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сай, Құлан аулының бір топ тұрғындарынан Ақмола көшесінің атауын ауданның құрметті азаматы ҰОС ардагері, бірнеше мемлекеттік медальдардың иесі Көпбаев Даулетбайдың есімімен өзгерту бойынша жиынға қатысушылардың пікірін тыңдады.

Құлан ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы; Ә. Базарқұловқа  аталған мәселе бойынша Көпбаев Даулетбай ауданға сіңірген еңбегі зор согыстан 44 жылы келіп аяғын жаралап ІІ топ мүгедегі болсада тынбай ауданда Мүгедектер одағының төрағасы болып қызмет атқарған Халықтың жағдайын біліп  қол ұшын беруге кәсіпкерлердің демеушілігімен көмек берді бұл әр кімнің қолынан келе бермейді с біздің міндетіміз осы кісілерді құрметтеу осы кісінің жақсылығын ұмытпай көше атауын беруге ұсыныс жасап жатқанына көше тұрғындарына ризамын деп  Құлан ауылының ардагерлер мүшелерінің аттарынан қолдайтынын айтты.

Ауыл тұрғыны,  КАШК-нің директоры Ж. Оңғарбаева бұл кісімен 1995 — 2000 жылға дейін бірге жұмыстар жүргізгенбіз. Аудан бойынша жағдайына қарай  сабаққа бармай қалған жанұяның балалар болса соларға жылу жинап азық түліктей көмек беріп сабаққа қалмай баруын сұрап, ауданның білім бөліміне көп еңбегі сіңген деп,Көпбаев Даулетбайдың есімін көше атауына беруге қолдайтынын айтты.

Ақмола көшесінің тұрғындары Ақмола көшесінің атауын Көпбаев Даулетбайдың есімімен атауға Е. Смайлов, О С. Жабасов, Н. Кенжебековтар қолдайтындарын айтты.

 

ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Ақмола көшесіне Көпбаев Даулетбайдың есімі берілсін,
  2. Осы шешім аудан әкімі жанындағы онамастика мәселесі бойынша жұмысшы топ отырысында қараллып, Облыс әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссияның отырысына ұсынылсын.

 

 

Жиын төрағасы                                                         М. Жайлыбаев

Жиын хатшысы                                                           Г. Мурсултанова

 

 


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта