home
home home

26.05.2017 Құлан ауылының Энергетик көшесінің тұрғындарымен өткен жиынның 

№ 2 ХАТТАМАСЫ

Құлан ауылы                                                                           26 мамыр 2017 жыл

Құлан ауылдық округі әкімінің орынбасары  М. Жайлыбаев

Хатшы: Г. Мурсултанова

Көше тұрғындары 17адам

Күн тәтібінде:

Энергетик көшесінің атауын Ниязалы Срайловтың есімімен атау туралы

Жиын төрағасы М. Жайлыбаев  көше тұрғындарын күн тәртібіндегі мәселе бойынша таныстырып, Энергетик көшесінің атауын  — өмір жолын өскелең ұрпаққа үлгі боларлықтай батырымыз Ниязалы Срайловтың есімі ел жадында сақталуы тиіс деп есептейміз. Бұл кісі Жамбыл облысының тумасы, ҰОС ардагері, Елбасы Н. Назарбаевтың пәрменімен «Айбын » орденінің иегері атанған т.б. атақтармен елге танымал болғанын айтып, осындай еліне  сіңген еңбегі үшін ел есімінде мәңгілік қалу үшін көшеге есімін беруді ұсынып, Көше тұрғындарының пікірін тыңдады.

Келесі сөзді Жамбыл облысы  ішкі істер органдары ұлттық ұлан ардагерлер ұйымының төрағасы,  Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің кеңесшісі Өрнекбай Смайлов алып,  көше тұрғындарына Ниязалы Срайловтың  өмірбаяны мен ерліктерін айтып,  соғыс жылдары ішкі істер құпия  девизиясында   қызмет атқарғанын айта келе, көшеге есімін беруді ұсынды.

Көше тұрғындары  барлығы бір ауыздан қолдап, Энергетик көшесінің  көше есімі Ниязалы Срайловтың есімі берілсін деді.

 

Шешім етті:

  1. Энергетик көшесінің атауына Ниязалы Срайловтың есімі берілсін.
  2. Осы шешім аудан әкімі жанындағы онамастика мәселесі бойынша жұмысшы топ отырысында қараллып, Облыс әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссияның отырысына ұсынылсын.

 

 

Жиын төрағасы                                                         М. Жайлыбаев

Жиын хатшысы                                                         Г. Мурсултанова


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта