home
home home

Жұмыспен қамту орталығының стандарттары

«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға жолдамалар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер

  1. «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  3. Мемлекеттік қызметті «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 30 минут; порталға жүгінген кезде – 1 (бір) жұмыс күні;

2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;

3) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру, ол мыналарды қамтиды:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес жұмысқа орналасуға жолдама;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес жастар практикасына жолдама;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес қоғамдық жұмыстарға жолдама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

  1. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
  2. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сағат 12.30, 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 08.30, 9.00-ден 18.00, 18.30-ға дейін;

өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.

2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

  1. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

жастар практикасына жолдама алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

қоғамдық жұмыстарға жолдама алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

порталда:

көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.

Электрондық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың, тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының не Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің (бұдан әрі – әкім) атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почта мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алатын мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні), оның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының «1414, 8 800 080 7777» телефоны арқылы алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылып отыратын ақпарат (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы, оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және статусы туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
  3. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.

Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  «Адамдарға жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің белсенді
шараларына
қатысуға жолдамалар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
Нысан

Жұмысқа орналасуға жолдама № ______
Жұмыс іздеген адам, жұмыссыз, студент және демалыс кезеңінде жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары (қажетінің асты сызылсын)
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)
____________________________________________________________________
(жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)
____________________________________________________________________
(кәсіп/мамандық атауы)
мамандығы (кәсібі) бойынша қоғамдық жұмысқа орналасуға жіберіледі.
_________________________ ___________________________________________
Халықты жұмыспен қамту қолдың таратылып жазылуы
орталығының директоры
Берілген күні
М.О.
—————————————————————
(кесу сызығы)
Жұмысқа орналасуға жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Халықты жұмыспен қамту орталығына қайтарылады

 Жолдамаға хабарлама № ______

____________________________________________________________________
(жұмыс берушінің атауы)
20__ __ __________ жасалған еңбек шартына сәйкес _____________________________________________________________ ретінде
(кәсіп/мамандық атауы)
______________ бастап жұмысқа қабылданды (20___ жылғы ________ № ___ бұйрық).
Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.
Жұмыс берушінің жауапты өкілі __________________________________
(қолдың таратылып жазылуы)
М.О. (бар болса)

  «Адамдарға жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің белсенді
шараларына
қатысуға жолдамалар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
Нысан

 Жастар практикасына жолдама № ______

Жұмыссыз ________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)
__________________ бастап _________________ дейін ______ ай мерзімге
____________________________________________________________________
(жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)
____________________________________________________________________
(кәсіп/мамандық атауы)
мамандығы (кәсібі) бойынша жастар практикасына жұмысқа орналасуға жіберіледі.
_______________________ _____________________________________________
Халықты жұмыспен қамту қолдың таратылып жазылуы
орталығының директоры
Күні
М.О.
—————————————————————
(кесу сызығы)
Жұмысқа орналасуға жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Халықты жұмыспен қамту орталығына қайтарылады

Жолдамаға хабарлама № ______

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жұмыс берушінің атауы)
_____________________________________________ бағдарламасы шеңберінде
(бағдарламаның атауы)
20__ жылғы __ _____ жасалған еңбек шартына сәйкес ______________________ ретінде (кәсіп/мамандық атауы)
_______________ бастап ________________ дейін ______ ай мерзімге жастар практикасына жұмысқа орналасу мерзімімен 20__ жылғы _________ жастар практикасына қабылданды (20___ жылғы________ № ___ бұйрық).
Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.
Жұмыс берушінің жауапты өкілі __________________________________
(қолдың таратылып жазылуы)
М.О. (бар болса)

  «Адамдарға жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің белсенді
шараларына
қатысуға жолдамалар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша
Нысан

 Әлеуметтік жұмыс орнына жолдама № ______

Жұмыссыз ________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)
________________ бастап __________________ дейін ______ ай мерзімге
____________________________________________________________________
(жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)
____________________________________________________________________
(кәсіп/мамандық атауы)
мамандығы (кәсібі) бойынша әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін жіберіледі.
__________________________ _________________________
Халықты жұмыспен қамту қолдың таратылып жазылуы
орталығының директоры
Күні
М.О.
—————————————————————
(кесу сызығы)
Жұмысқа орналасуға жіберілген күннен бастап бес жұмыс күніішінде Халықты жұмыспен қамту орталығына қайтарылады

 Жолдамаға хабарлама № ______

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жұмыс берушінің атауы)
_____________________________________________ бағдарламасы шеңберінде
(бағдарламаның атауы)
20__ жылғы «___» __________ жасалған еңбек шартына сәйкес _____________________________________________________________ ретінде
(кәсіп/мамандық атауы)
20__ жылғы ___ _________ әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасты (20__ жылғы________ № ___ бұйрық).
Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасу мерзімі 20__ жылғы «___» ________ бастап
20__ жылғы «___» _______ дейін __ ай.
Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.
Жұмыс берушінің жауапты өкілі _______________________________________
(қолдың таратылып жазылуы)
М.О. (бар болса)

  «Адамдарға жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің белсенді
шараларына
қатысуға жолдамалар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
4-қосымша
Нысан

 Қоғамдық жұмыстарға жолдама № ______

Жұмыссыз, жазғы демалыс кезеңінде студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары, жұмысы тоқтап қалуына байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адам (қажетінің асты сызылсын)
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)
______________ бастап _________________ дейін ______ ай мерзімге
____________________________________________________________________
(жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)
____________________________________________________________________
(кәсіп/мамандық атауы)
мамандығы (кәсібі) бойынша қоғамдық жұмыстарға орналасуға жіберіледі.
_____________________________ ___________________________
Халықты жұмыспен қамту қолдың таратылып жазылуы
орталығының директоры
Берілген күні
М.О.
—————————————————————
(кесу сызығы)
Жұмысқа орналасу үшін жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Халықты жұмыспен қамту орталығына қайтарылады

 Жолдамаға хабарлама № ______

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жұмыс берушінің атауы)
_____________________________________________ бағдарламасы шеңберінде
(бағдарламаның атауы)
20___ жылғы «___» ____________ жасалған еңбек шартына сәйкес _______________________________________________________________ ретінде
(кәсіп/мамандық атауы)
______________ бастап ____________________ дейін ______ қоғамдық жұмыстарға жұмысқа
орналасу мерзімімен 20__ жылғы _________ қоғамдық жұмыстарға қабылданды
(20__ жылғы «___» ________ № ___ бұйрық).
Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.
Жұмыс берушінің жауапты өкілі __________________________________________
(қолдың таратылып жазылуы)
М.О. (бар болса)

  «Адамдарға жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің белсенді
шараларына
қатысуға жолдамалар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
5-қосымша
____________________________
ауданының (қаласының)
халықты жұмыспен қамту
орталығының директорына
____________________________
мекенжайы бойынша тұратын
____________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
Нысан

 Өтініш

Мені жастар практикасына жіберуіңізді сұраймын.
Қосымша ___ парақта:
1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);
3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болуын растайтын құжаттың көшірмесі.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің көзделген белсенді шараларын алу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинақтау мен өңдеуге келісім беремін.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
*ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.
_____________        _____________
Күні       қолы
—————————————————————
(кесу сызығы)
Азамат (ша) ________________________________________________ өтініші 20___
жылғы ___ __________ қабылданды, № ____ болып тіркелді.
Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және
қолы:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
_____________        _____________
Күні       қолы
*ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.

   «Адамдарға жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің белсенді
шараларына
қатысуға жолдамалар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
6-қосымша
____________________________
ауданының (қаласының)
Халықты жұмыспен қамту
орталығының директорына
____________________________
мекенжайы бойынша тұратын
____________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
Нысан

 Өтініш

Мені әлеуметтік жұмыс орнына жіберуіңізді сұраймын.
Қосымша ___ парақта:
1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);
3) білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің көзделген белсенді шараларын алу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинақтау мен өңдеуге келісім беремін.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
*ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.
_________________             ___________
Күні қолы
—————————————————————
(кесу сызығы)
Азамат (ша) ____________________________________________________ өтініші 20__ жылғы ___ ________ қабылданды, № ________ болып тіркелді.
Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_________________                          ___________
Күні                                           қолы
*ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.

  «Адамдарға жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің белсенді
шараларына
қатысуға жолдамалар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
7-қосымша
________________________ауданының (қаласының)
  Халықты жұмыспен қамту
  орталығының директорына
  ____________________________
  мекенжайы бойынша тұратын
  ____________________________
  Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
  Нысан

 Өтініш

Мені қоғамдық жұмысқа жіберуіңізді сұраймын.
Қосымша ___ парақта:
жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы, ауыл әкімінің анықтамасы) көшірмесі;
еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);
білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ бар болса, оқудан өткенін растайтын құжаттардың (куәлік, сертификат) көшірмелері;
толық емес жұмыс уақыты немесе ұзақтығы қысқартылған жұмыс уақыты режиміне ауыстыру немесе әлеуметтік демалыс ұсыну туралы немесе мәжбүрлі тоқтап тұру туралы, жалақысы сақталмайтын еңбек демалысы туралы (ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы жұмыскерлер үшін) жұмыс берушінің актісі;
демалыста болу туралы оқу орнынан анықтама (бар болса).
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын алу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинау мен өңдеуге келісім беремін.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
*ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.
_________________                    ___________
Күні                                     қолы
—————————————————————
(кесу сызығы)
Азамат (ша) _________________________________________________ өтініші 20__ жылғы ___ ________ қабылданды, № ________ болып тіркелді.
Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_________________                   ___________
Күні                                қолы
*ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2017 жылғы 4 шілдедегі
№ 190 бұйрығына
22-қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 279 бұйрығына
34-қосымша

«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер

  1. «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  3. Мемлекеттік қызметті «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын ұсынған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 1 (бір) жұмыс күні;

2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;

3) көрсетілетін қызметті берушіде көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу туралы қағаз және электрондық түрдегі хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
  3. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
  4. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сағат 12.30, 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 08.30, 9.00-ден 18.00, 18.30-ға дейін;

өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі;

2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

  1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес өтініш;

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;

порталда:

электрондық құжат нысанындағы өтініш.

Электрондық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың, тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының не Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің (бұдан әрі – әкім) атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почта мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні), оның қабылданғанын растау болып табылады.

Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасау тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефон нөмірлері арқылы алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартып отыратын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

 4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

  1. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамды тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лайықты жұмыс таңдау арқылы оған жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі, сондай-ақ әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтерді тегін көрсетеді.
  2. Жұмыс іздеп жүрген адам халықты жұмыспен қамту орталығына, ауылдық елді мекенде тұратындар – кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне үш жұмыс күні ішінде кемінде бір рет бару арқылы жұмыс іздеуге мүдделілік білдіруге тиіс.
  3. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған;
  4. Көрсетілетін қызметті алушының ЭСҚ-сы болған кезде портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу мүмкіндігі бар.
  5. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен статусы туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
  6. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефондары www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.

Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары: 1414, 8 800 080 7777.

  «Жұмыс іздеп жүрген
адамдарды тіркеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
Нысан

Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу туралы хабарлама

________________________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-тармағына сәйкес 20___ жылғы «____» ____________ бастап жұмыс іздеп жүрген адам ретінде
________________________________________________________________________________
(халықты жұмыспен қамту орталығының атауы)
тіркелуіне байланысты берілді.
Берілген күні: 20___ жылғы «___» __________.
Орталық директоры
тегі, аты,
әкесінің аты (бар
болса) _________________________________________________________
Мөр орны _______________________

  «Жұмыс іздеп жүрген
адамдарды тіркеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
Нысан

 Өтініш

Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуді сұраймын.
Өтініш беруші туралы ақпарат:
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса):______________________;
Жеке сәйкестендіру нөмірі: _______________________;
Отбасылық жағдайы: ____________________________________________;
Туған күні: ____ жылғы «___» ______________
Жеке басты куәландыратын құжаттың түрі: ____________________________
Құжат сериясы: ____ Құжат нөмірі: _________ Кім берген: _________
Берілген күні : ____ жылғы «___» _____________.
Тіркелген мекенжайы: _________________________ қаласы (ауданы) _________________
ауылы ______________ көшесі (шағын ауданы) ___үй ____ пәтер
Білімі туралы деректер:
Білім деңгейі:______________________________________________;
Оқу орнының толық атауы: ____________________________________________
____________________________________________________________________;
Мамандық атауы:____________________________________________________;
Оқу орнына түскен жылы: ________ жылғы «___» __________;
Оқу орнын бітірген жылы _________ жылғы «___» ____________;
Еңбек жолы туралы деректер:
Кәсібі, лауазымы: __________________________________________;
Ұйымның атауы:____________________________________________;
Сала: _____________________________________________________;
Жұмысқа тұрған күні: _________ жылғы «___» ____________;
Жұмыстан босатылған күні: _________ жылғы «___» ____________;
Кәсібі, лауазымы: __________________________________________;
Ұйымның атауы:____________________________________________;
Сала: _____________________________________________________;
Жұмысқа тұрған күні: _________ жылғы «___» ____________;
Жұмыстан босатылған күні: _________ жылғы «___» ____________;
Кәсібі, лауазымы: __________________________________________;
Ұйымның атауы:____________________________________________;
Сала: _____________________________________________________;
Жұмысқа тұрған күні: _________ жылғы «___» ____________;
Жұмыстан босатылған күні: _________ жылғы «___» ____________;
Қосымша мәліметтер:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________;
Тілдерді білуі:_______________________________________________________;
Кәмелеттік жасқа толмаған балаларының болуы туралы мәліметтер:
Баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): _______________________________________________________________;
Жеке сәйкестендіру нөмірі: _______________________;
Туған күні: _______ жылғы «____» ______________
Азаматтық хал актілер жазбасының атауы _________________________;
Жазбаның №:______________________________________________________;
Тіркелген күні: _________ жылғы «___» ____________;
Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуді сұраймын.
«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
_________ жылғы «___» ____________ (қолы).
Дәйексіз мәліметтер мен жасады құжаттарды ұсынған үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
Өтініш берушінің байланыс деректері:
телефон: ___________________; ұялы телефон: ________________________;
E-mail: ________________________________________________________;
20___ жылғы «___» ____________;
Өтініш берушінің қолы: ________________________
———————————————————————————————–
(қию сызығы)
№ ______өтініш, өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): ________________________, өтінішті тіркеген күні: 20____ жылғы «___» _______
(көрсетілетін қызметті алған күні: 20___ жылғы «___» ________).
«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім
беремін.
_________ жылғы «___» ____________ (қолы).
Дәйексіз мәліметтер мен жасанды құжаттарды ұсынған үшін жауапкершілік туралы ескертілді.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2017 жылғы 4 шілдедегі
№ 190 бұйрығына
23-қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 279 бұйрығына
35-қосымша

 «Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер

  1. «Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  3. Мемлекеттік қызметті «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызмет берушіге құжаттар топтамасын ұсынған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 1 (бір) жұмыс күні;

2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;

3) көрсетілетін қызметті берушіде қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес жұмыссыз ретінде тіркеу туралы қағаз және электрондық түрдегі хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

  1. Жеке тұлғаларға (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.
  2. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сағат 12.30, 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 08.30, 9.00-ден 18.00, 18.30-ға дейін;

өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;

Электрондық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың, тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті ұсынудан мынадай:

1) он алты жасқа толмаған;

2) еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн, оның ішінде жұмысты толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында ақы үшiн орындайтын немесе табыс (кіріс) әкелетін өзге де ақы төленетiн жұмысы бар;

3) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған;

4) жұмысы мен табысының (кірісінің) жоқтығы туралы көрінеу жалған мәліметтерді қамтитын құжаттар, сондай-ақ басқа да анық емес мәліметтер ұсынған негіздер бойынша бас тартады.

 3-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің
және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері
бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану

  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануда осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының, не Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің (бұдан әрі – әкім) атына шағым беріледі.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні), оның қабылданғанын растау болып табылады.

Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасау тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірлері 1414, 8 800 080 7777 арқылы алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартып отыратын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

 4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

  1. Халықты жұмыспен қамту орталығында тiркелген жұмыссыздар – он жұмыс күні iшiнде кемінде бiр рет халықты жұмыспен қамту орталығында, ал ауылдық елдi мекендерде тұратын жұмыссыздар айына кемінде бiр рет кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнде белгiленiп тұруға тиiс.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің – www.enbek.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде;
  3. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефондары www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.

Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары: 1414, 8 800 080 7777.

  «Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп
жүрген адамдарды тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
Нысан

Жұмыссыз адам ретінде тіркеу туралы анықтама

___________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-тармағына сәйкес
20___ жылғы «____» ____________ бастап жұмыссыз адам ретінде
_____________________________________________________________
(халықты жұмыспен қамту орталығының атауы)
тіркелуіне байланысты берілді.
Берілген күні: 20___ жылғы «___» __________.
Орталық директоры
тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса) _______________________________________________
Мөр орны ______________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы                                  Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрінің

2017 жылғы «25» желтоқсандағы

№ 446 бұйрығына

5-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы
28 сәуірдегі № 279 бұйрығына
18-қосымша

 

 

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).
  2. Мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) әзірленді.
  3. Мемлекеттік қызмет Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижесін беру:

1) «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме (бұдан әрі – Орталық);

2) тұрғылықты жері бойынша Орталық болмаған жағдайда – кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) Орталыққа жүгінген кезде – құжаттар пакетін тіркеген сәттен бастап              7 (жеті) жұмыс күні;

құжаттар пакетін ауылдық округ әкіміне тапсырған сәттен бастап                    22 (жиырма екі) жұмыс күні;

2) Орталықта, ауылдық округ әкімінде құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің ең ұзақ шекті уақыты – 30 минут;

3) Орталықта, ауылдық округ әкімінде қызмет көрсетудің ең ұзақ шекті уақыты – 30 минут.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

  1. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – қызмет алушы) тегін көрсетіледі.
  2. Жұмыс кестесі:

1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес Орталықта – сағат 12.30, 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 08.30,                   9.00-ден 18.00, 18.30-ғе дейін.

2) ауылдық округ әкімінде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат                 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтиже беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

  1. Қызмет алушы (немесе нотариалды түрде куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

Орталыққа, ауылдық округ әкіміне:

1) жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (паспорт), Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматының тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқынның куәлігі), ал оралмандарға – сәйкестендіру үшін оралман куәлігі;

2) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылықтың бар болуы туралы мәліметтер;

3) атаулы әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік шот нөмірі туралы мәліметтер;

4) Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылдың 13 тамызына дейін жүргізілген тіркеулер бойынша баланың (балалардың) туу (қайтыс болғаны) туралы куәлігі;

5) Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдың 1 маусымына дейін жүргізілген тіркеулер бойынша – баланың туу туралы куәлігіндегі деректерге өтініш берушінің деректері сәйкес келмеген жағдайда некенің қиылуын (бұзылуын) тіркеу туралы куәлік;

6) он сегізден жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағы адамдар орта, техникалық және кәсіби, ортаңғыдан кейінгі білім беру ұйымдарында, жоғарғы оқу мекемелерінде күндізгі оқу нысанында оқитын болса «Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнынан жылына бір рет сұратылатын анықтама.

Жұмыспен қамтудың белсенді іс-шараларына тартылатын еңбекке қабілетті отбасы мүшелері мынадай құжаттарды қоса береді:

1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11342 тіркелді) бекітілген «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартының
2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуге өтініш;

2) еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса);

3) білімі, біліктілігі, арнайы білімі немесе кәсіби дайындығы туралы құжат (бар болса).

Он алты жасқа толмаған тұлғаның атынан еңбек қызметін жүзеге асыруға ата-анасының немесе заңды өкілдерінің біреуінің келісімі туралы еркін нысандағы жазбаша өтініш беріледі;

Құжаттар өтініш берушімен салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда ұсынылады.

Әкімде немесе Орталықта ақпараттық жүйелерге қатынау болмаған немесе ақпараттық жүйелердегі мәліметтер сәйкессіз (жоқ) болған жағдайда өтініш беруші осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттармен қоса:

1) отбасының әрбір мүшесіне тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін  растайтын құжат (мекенжай анықтамасы);

2) Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша баланың (балалардың) туу (қайтыс болғаны) туралы куәлігі;

3) Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша – өтініш берушінің деректері бала туу туралы куәлігіндегі деректерге сәйкес келмеген жағдайда некені тіркеу (некені бұзу) туралы куәлігі;

4) қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген немесе бала асырап алған жағдайда – қорғаншылық (қамқоршылық) немесе бала асырап алғанын растайтын құжат;

5) мүгедектік белгіленген жағдайда – мүгедектік белгілеу туралы анықтама;

6) жеке кәсіпкер статусын растайтын құжат.

Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде Орталық, ауылдық округ әкімі ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалану үшін көрсетілетін қызмет алушының жазбаша келісімін алады.

Барлық қажетті құжаттарды ұсынған кезде қызмет алушыға:

Орталықта, ауылдық округ әкімінде – тіркеу күні мен мемлекеттік қызметті алу күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны беріледі.

  1. Қызмет көрсетуші мынадай негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушымен ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталса;

2) Қызмет алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11425 тіркелген) бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларымен орнатылған талаптарға сәйкессіздігі анықталса.

Қызмет алушы осы мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағымен қарастырылған тізбеге сәйкес толық емес құжаттар пакетін және (немесе) әрекет ету мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда Орталықтың және ауылдық округ әкімінің қызметкері осы мемлекеттік қызмет стандартына                   4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағайындауға өтініш қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

 

 

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Орталықтың және (немесе) оның қызметкерлерінің көрсетілетін шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарыныңәрекеттеріне (әрекетсіздігіне), Орталықтың және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша, шағымдануда осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не облыстық (аудандық) маңызы бар қаланың, Астана, Алматы қалаларының әкімдерінің (бұдан әрі – әкім) атына шағым беріледі.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінің (бұдан әрі – әкімдік) кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Шағымның қабылданғанын расталғаны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе, немесе әкімдіктің (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні), аты-жөнін көрсете отырып, шағымды қабылдаған адамның орны мен мерзімі, берілген шағымға жауап алу болып табылады.

Қызметкері дұрыс емес қызмет көрсеткен жағдайда Орталықтың басшысының атына шағым беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің, Мемлекеттік корпорацияның немесе ауылдық округ әкімінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

 

 

4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған;
  2. Қызмет алушының көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету статусы туралы қызмет көрсетушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы «1414», 8-800-080-7777 арқылы ақпарат алу мүмкіндігі бар.

 

 

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша

 

Нысан

 

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш

 

______________________ Халықты жұмыспен қамту орталығына                                                                  (аудан, облыс, елді-мекен)

Азамат (ша) _________________________________________________________

(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Тұрақты мекенжайы: _______________ облысы _____________ қаласы (ауданы) ___________ ауылы ____________ көшесі (шағын ауданы) _____ үй _____пәтер

 

Жеке сәйкестендіру нөмірі: ____________________________________________

Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі: ______________________________

Құжаттың сериясы: _________ құжаттың нөмірі: _________ кім берген: ______

Берілген күні: ______ жылғы «___» ____________

 

Маған (менің отбасыма) _____ адамнан тұратын атаулы келесі түрдегі әлеуметтік көмекті тағайындауды/ ұзартуды (қажетінің асты сызылсын):

 

 

 

(белгілеуге)

шартсыз ақшалай көмек

 

шартты ақшалай көмек

(біржолғы/ай сайын)

(қажетінің асты сызылсын)

 

сондай-ақ, мені және (немесе) менің отбасымдағы еңбекке қабілетті мүшелерін белсенді жұмысқа араласуына жіберуді сұраймын.

Сонымен қатар маған және менің отбасы мүшелеріме әлеуметтік бейімделу шараларын ұсыну мүмкіндігін қарастыруды сұраймын.

Менің отбасымның құрамы келесідей:

 

         Бір мекенжай бойынша тіркелген өтініш беруші мен отбасы мүшелері туралы мәліметтер
Жеке сәйкестендіру номірі Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Туған күні Туыстық қарым-қатынасы Статусы (жұмысы бар, жұмысы бар зейнеткер,

жасына байланысты зейнеткер, мүгедек, жұмыссыз, бала күтіміне байланысты демалыста, үй шаруашылығында, студент, оқушы, мектепке дейінгі жастағы бала)

Жұмысы бардың жұмыс орны мен лауазымы, қазіргі уақытта оқитындар үшін оқу орны, мектепке дейінгі жастағы балалар үшін мектепке дейінгі ұйымның орны) 15 жастан жоғары тұлғалардың білімі (диплом бойынша мамандығы)

 

             
             
Басқа мекенжайда тіркелген отбасы мүшелері туралы мәліметтер*:
             
             
             
             

 

Ескертпе:

  • бір шаруашылық жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекеннің шегінде тіркелген отбасы мүшелері көрсетіледі.

 

Отбасымның 20__ жылдың ___ тоқсанындағы кірісі мынадай:

Отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Жұмыс орны, оқу орны Құжаттарымен расталған табыстар сомасы Өзге де мәлімделген кірістер
Еңбекақымен Зейнетақы, жәрдемақы және басқа да төлемдер Шәкіртақы Алименттер кәсіпкерлік қызметтен, басқа қызмет түрлерінен Кірістің өзге түрлері
               
               

 

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға құқықты анықтау үшін отбасымның мүшелері туралы ақпаратты (мені қоса алғанда) (табыстар, білімі, тұрғылықты жері, отбасылық жағдайы) пайдалануға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде тиісті ақпаратты ретке келтіруге және жаңартуға келісім беремін.

Мен берген мәліметтердің құпия болып табылатындығы және тек қана әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру үшін пайдаланатындығы туралы хабардармын.

Мен ұсынған мәліметтер өзгерген жағдайда, олар туралы он жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндеттенемін.

Жалған ақпарат және дәйексіз (жасанды) құжаттарды ұсынған үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.

Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін жеке банк шотын ашу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осы шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуына жол берілмейтіні туралы хабардармын.

Өтініш берушінің байланыс деректері:

үй телефоны _____________ ұялы телефон ______________ Е-mail ___________

 

20___ жылғы «___» ___________                   __________________

(күні)                          (өтініш берушінің қолы)

 

Жұмыспен қамту орталығының қызметтік белгілері үшін

 

Құжаттар 20___ жылғы «___» ____________ қабылданды.

____________________________________________________________________

(құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)

 

Өтініш берушінің (отбасының) тіркеу номірі _________

 

Өтініш қоса берілген құжаттармен бірге учаскелік комиссияға берілді:

20___ жылғы «___» ___________    ______________________________________

(Құжатты тапсырған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)

 

Өтініш қоса берілген құжаттармен бірге учаскелік комиссиямен қабылданды  20___ жылғы «___» ____________    _____________________________________ (Құжаттарды қабылдаған учаскелік комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)

 

Өтініш қоса берілген құжаттармен бірге учаскелік комиссиядан алынды:                20___ жылғы «___» ____________    _____________________________________ (Құжаттарды берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)

 

Халықты жұмыспен қамту орталығының аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен өтініш берушінің құжаттарын қабылдау күні 20__ жыл «___» ____________    ______________________________________ (Құжаттарды беретін адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы)

____________________________________________________________________

(Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы)

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

(талонның қию сызығы)

 

Жалған ақпарат және дәйексіз (жасанды) құжаттарды ұсынған үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.

Азамат(ша) _______________ өтініші қоса берілген құжаттармен ____ данада, __________ отбасының тіркеу нөмірімен 20___ жылғы «___» ____________ қабылданды.

____________________________________________________________________Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы.

 

 

 

 

 

 

 

 

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік

көмекті тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша

 

Нысан

 

Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы мәліметтер

Жеке қосалқы шаруашылық объектісі Өлшем бірлігі Саны Жасы (үй малы, құс үшін)
Саяжай      
Бау-бақша      
Жер учаскесі, оның ішінде үй маңындағы      
Шартты жер үлесі      
Мүліктік пай (берілген жылы)      
Үй малы, құс:      
ірі қара мал: сиырлар, бұқалар      
биелер, айғырлар      
түйе, інген      
қойлар, ешкілер      
тауықтар, үйректер, қаздар      
шошқалар      

______________________________________________ __________

(Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)(қолы)

күні _________________

____________________________________________________________________ Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе жеке қосалқы шаруашылықтың мөлшерін растауға уәкілетті өзге де лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

____________________ (қолы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта