home
home home

аймақтық даму бағдарламасын орындау туралы есебі

 

                                                                                        Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің

                                                                                                                                                     2019 жылғы    15    ақпандағы

       № 30   қаулысымен бекітілген

Аудан әкімінің аудан тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы (26.08.2019)

                                                                                                                                                                                                              

 

Іс-шаралар

(айтылған ұсыныстар бойынша)

Орындалуына жауаптылар Орындалу

мерзімі

Ескертпе
 

 

1

Ақыртөбе ауылдық округіне қарасты Малдыбай ауылындағы Малдыбай орта мектебін газ жүйесіне қосу арқылы қазандығын газдандыру және екі кабинет, спорт зал, асхана құрылысын салу нысанының жобалық-сметалық құжаттарын дайындау туралы Аудан  әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылысы бөлімі, білім бөлімі 2019 ж.

маусым

«Малдыбай ауылындағы Малдыбай орта мектебін газ жүйесіне қосу арқылы қазандығын газдандыру және екі кабинет, спорт зал, асхана құрылысын салу» нысаны бойынша 2014 жылы сотқа талап арыз беріліп, осы жылғы 23 желтоқсанда №2-6498-14  соттың шешімімен талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды. 2018 жылы 13 шілдеде қайтадан экономикалық сотқа талап арыз беріліп, талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды. 2018 жылы 17 қыркүйекте №3115-18-00-2/1605  істі тоқтату туралы ұйғарым шығарылды. Жобалаушы «Казремжилпроект» ЖШС-і. Аталған жобалушы мекеме жобалаған нысандар бойынша 27.02.2019 жылы Жамбыл облыстық кірістер департаментіне тексеру жүргізу бойынша арыз-хат жолданды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге жоба жобаланбай тоқтап тұр.
 

 

2

Көгершін ауылына ауылдық клубының  құрылысын салуға жобалау сметалық құжат дайындап, сараптамадан өткізу туралы Аудан  әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылысы бөлімі, аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 2019 ж.

Қазан

Көгершін ауылына клубтың жобалау сеталық құжаттарын дайындауға бюджеттен 4 млн тенге бөлініп, «BS ARCHI GROUP» ЖШС бүгінгі күні жобалау жұмыстарын жүргізуде.
 

3

Әбжапар  ауылының  ауыз су құбырын жүргізу туралы Аудан  әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылысы бөлімі 2019 ж.

мамыр

Әбжапар ауылының ауыз су жүйесінің  құрылысы нысаны бойынша жобалық-сметалық құжаты дайындалып, жалпы сметалық құны 573 561,0 мың.теңге мемлекеттік сараптама қарауына жіберіліп және жоба сараптаманың 27.06.2018 жылғы №19-0215/18 санымен оң қорытындысы алынды.  «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарапынан Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасына құрылыс-құрастыру жұмыстарына республикалық бюджеттен қаражат қарастырып беруге бірнеше рет өтінім жолданған, 2020-2022 жылдарға республикалық бюджетті нақтылау кезінде қаражат қарастырып беруге наурыз айында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан Республикалық бюджеттен қаражат қарастыруға бюджеттік өтінім жасалынған. Қаражат бөлінгендігіне қарай, тиісті жұмыстар атқарылатын болады.
 

4

Ақыртөбе ауылының  ауыз су құбырының құрылысын салуға жобалау сметалық құжат дайындап, сараптамадан өткізу туралы Аудан  әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылысы бөлімі 2019 ж.

Қараша

Ақыртөбе ауылының ауыз су жүйесінің құрылысы нысаны бойынша 2015 жылы сотқа талап арыз беріліп, осы жылғы 9 желтоқсандағы соттың шешімімен ҚР-ның «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 11 бабы 4 тармағына сәйкес талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды. 2018 жылы 13 шілдеде қайтадан экономикалық сотқа талап арыз беріліп, талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды. 27.02.2019 жылы Жамбыл облыстық кірістер департаментіне тексеру жүргізу бойынша арыз-хат жолданып, қылмыстық іс қозғалып, жүргізілуде.
 

5

 Д.Қонаев, Байтелі, Қорағаты, Әбілхайыр ауылдарына газ құбырын жүргізу үшін  жобалық-сметалық  құжаттарын дайындау туралы Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

2019 ж.

Қараша

Д.Қонаев, Байтелі, Қорағаты, Әбілхайыр, Шолақ-Қайыңды, Шөңгер ауылдарына газ құбырын жүргізу үшін  жобалық-сметалық  құжаттарын дайындау үшін Т.Рысқұлов аудандық мәслихат сессиясының  2019 жылғы 1 сәуірдегі №39-7 шешіміне сәйкес ЖСҚ әзірлеуге бюджеттен 15000,0 мың тенге қаржы бөлініп,  03.06.2019 жылы Мемлекеттік сатып алу вебпорталына ашық конкурс тәсілімен хабарландыру жарияланды.  Қазіргі уақытта   шағымдану сатысында.

 

 

6

Қазақ ауылына ауылдық клубының  құрылысын салуға жобалау сметалық құжат дайындап, сараптамадан өткізу туралы Аудан  әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылысы бөлімі,  аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 2019 ж.

Мамыр

Жамбыл облысы бойынша елді мекендерді мәдениет нысандармен қамту және олардың халыққа қызмет көрсету деңгейін арттыру картасына 2019-2021 жылдар аралығында құрылыс салынатын нысандардың Т.Рысқұлов ауданында 2019 жылға Көгершін және Жаңатұрмыс ауылдары жоспарланған, ал Қазақ ауылына клуб соғу жоспарда жоқ.
 

7

Құлан  ауылынан жастар орталығын ашу үшін ғимарат қарастыру  туралы Аудан  әкімдігі ішкі саясат  бөлімі 2019 ж.

Желтоқсан

«Жастар ресурстық орталығы» КММ-іне арнайы ғимарат қарастыру мәселесі күнделікті бақылауда тұр. Қазіргі уақытта мекемелер арасында және облыстық басқармаларға бағынысты мекемелер меншігіндегі  бірқатар ғимараттарды теңгерімнен ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.Ағымдағы жылдың қараша айына дейін «ЖРО» КММ-і ғимарат беріледі деп күтілуде.

 

 

 

 

 

 

 

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аудан тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы 2018 ж 14.02 №94 қаулы (1.07.2018 ж)

 

Іс-шаралар Орындалуына жауаптылар Орындалу

мерзімі

Орындалуы
1 Теренөзек ауылындағы Сатқұлов  көшесінің жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 2018 ж.

шілде

Ағымды 2018 жылы Тереңөзек ауылы, Ж.Сәтқұлов ұзындығы 0,560 шақырым көше жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 5990,9 млн тенге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы ойнатылуда, женімпазы анықталғаннан кейін орташа жөндеу жұмыстары шілде айында жүргізіледі.
2 Ақыртөбе ауылының Т.Рысқұлов орталық көшесінің жарық шамдарын  жаңа жарық шамдарға ауыстыру туралы Ақыртөбе ауылдық округінің әкімі

 

2018 ж.

Қазан

Мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстар атқарылып, «Ауыл Береке 2016» жеңімпаз болып анықталып, 2018 жылдың 22 маусымында №50 келісім-шарт жасалынды.
3 Өрнек ауылдық округі әкімдігі отырған ғимаратты   жекеменшік иесінен мемлекеттік меншікке сатып алу  туралы Аудан әкімдігінің қаржы бөлімі,Өрнек ауылдық округінің  әкімі 2018 ж.

мамыр

Өрнек ауылдық округі әкімдігі отырған ғимаратты сатып алу үшін  жергілікті бюджеттен 20000,0 теңге бөлініп,  жеке меншік иесінен ауылдық округ әкімдігінін меншігіне берілді.               Орындалды.
4 Құмарық ауылының  ауыз су құбырын жүргізу туралы Аудан  әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылысы бөлімі 2018 ж.

Қараша

Құмарық ауылының ауыз су жүйесі және су шығару имаратының құрылысы нысаны бойынша 2013 жылы жобалау сметалық құжат дайындалып, 30.12.2013 жылы №08-0879/13 мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған. Бірнеше рет облыстық құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына өтінімдер жолданып, мемлекеттік сараптаманың мерзімі өтуіне байланысты бюджеттік өтінім Ұлттық Экономика Министрлігінен кері қайтарылды.  2017-2018 жылдарға облыстық бюджеттен құжатты қайта нақтылауға (корректировка) қаражат қарастырылып, құжат нақтыланып, мемлекеттік сараптама қарауына жолданды. Мердігер «Табыс Жоба» ЖШС-і. Сараптама берген кемшіліктерге сәйкес, жобаға қоғамдық тыңдау қажет болғандықтан Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды басқару басқармасына интернет-ресурста орналастыру туралы хат жолданды. Қоғамдық тыңдау Құмарық ауылында ағымдағы жылы 17 шілдеде ауылдық округ әкімі аппараты ғимаратында өтеді.

 

5 Құлан ауылына  дренаждар қазу  туралы Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі,

Құлан ауылдық округінің  әкімі

2018 ж.

Қараша

Есепті мерзімде Құлан ауылының дренаждары зерделеніп «Казавтожол» ЖШС мекемесімен келісім шарт жасалып 7 шақырым дренажды тазалау жұмыстарына 17239,00 мың теңге бөлініп 5 сәуір күні басталып жұмыстар 01 маусымда аяқталды. Орындалды.
6 Көкдөнен ауылындағы орталыққа бағдаршамды орнату туралы

 

Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 2018 ж.

шілде

Көкдөнен ауылындағы орталық көшесі бойында, яғни «А.Байтұрсынов» орта мектебіне баратын жолдың алдында бағдаршам орнатылған, сонымен қатар қайта жаңартуға тиісті құрал жабдықтарға тапсырыс беріліп,жұмыстар шілде айында жүргізіледі.
7 Жаңатұрмыс ауылына    газ құбырын жүргізу туралы Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 2018 ж.

Қараша

Газ құбыры тартылмаған елді мекендердің жалпы саны 14 елді мекен, соның ішінде Жаңатұрмыс ауылыда бар. Газдандыруға Т.Рысқұлов ауданы аумағындағы Ақыртөбе ауылының төменгі жағынан орналасқан «Интергаз» АҚ-ның Ақыртөбе «Автоматтандырылған  газ тарату стансасы» (АГРС) 1995 жылы салынған. Қуаттылығы – 6000 м³/сағ), қосымша нысандардың қосылуына, елді мекендерді газбен қамтамасыз етуге қуаттылығы жетпейтін. Сондықтан жаңа, қуаттылығы – 20000 м³/сағ газ тарату стансасы салынып ағымды жылы іске қосылуда. Ары қарай «Фирма Ақ Қар-2009» ЖШС тарапынан ауыл тұрғындарымен келісім бойынша газдандыру жұмыстарын жобалық-сметалық құжаттар дайындап, мемлекеттік сараптамадан өткізіп Жаңатұрмыс ауылына дейін  газ құбырын тарту, көшеге және әр бір үйдін ауласына дейін  жұмыстарын жүргізеді. Ары қарай газ құбырын жүргізуге жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылмағандықтан қаражат есебінен лицензиясы бар мекемелерге немесе жеке кәсіпкерлерге қайырылып газ құбыры тартылады.
8 Құлан ауылындағы Т.Рысқұлов көшесінің жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 2018 ж.

шілде

Құлан ауылы Т.Рысқұлов көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге ағымды жылы ақау (дефектный) актісі жасалып, жобалау-сметалық құжаттамасы ЖСК дайындалады, нәтижесінде ЖСК-ға сәйкес көшеге тас төгіп тегістеп асфальт төсеу жұмыстары келесі 2019 жылы жүргізіледі

 

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аудан тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы 2018 ж 14.02 №94 қаулы (01.01.2019 ж)

Іс-шаралар Орындалуына жауаптылар Орындалумерзімі Орындалуы
1 Теренөзек ауылындағы Сатқұлов  көшесінің жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 2018 ж.маусым Ағымды 2018 жылы Тереңөзек ауылы, Ж.Сәтқұлов ұзындығы 0,560 шақырым көше жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 5990,9 млн тенге бөлініп, автомобиль жолына мемлекеттік сатып алу конкурсы ойнатылды, женімпазы анықталды, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.Орындалды.
2 Ақыртөбе ауылының Т.Рысқұлов орталық көшесінің жарық шамдарын  жаңа жарық шамдарға ауыстыру туралы Ақыртөбе ауылдық округінің әкімі 2018 ж.Қазан Мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстар атқарылып, жеке кәсіпкер  «Ауыл Береке 2016» жеңімпаз болып анықталып, Т.Рысқұлов орталық көшесінің жарық шамдары ауыстырылды. Орындалды.
3 Өрнек ауылдық округі әкімдігі отырған ғимаратты   жекеменшік иесінен мемлекеттік меншікке сатып алу  туралы Аудан әкімдігінің қаржы бөлімі,Өрнек ауылдық округінің  әкімі 2018 ж.мамыр Өрнек ауылдық округі әкімдігі отырған ғимаратты сатып алу үшін  жергілікті бюджеттен 20000,0 теңге бөлініп,  жеке меншік иесінен ауылдық округ әкімдігінін меншігіне берілді. Орындалды.
4 Құмарық ауылының  ауыз су құбырын жүргізу туралы Аудан  әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылысы бөлімі 2019-2020 ж Құмарық ауылының ауыз су жүйесінің құрылысы нысаны бойынша 2018 жылы жобалау сметалық құжат дайындалып, мемлекеттік сараптама қорытындысы (№19-0315/18 09.10.2018 ж) алынды. Жалпы сметалық құны 734734,0 мың теңгені құрайды.2019-2020 жылдары республикалық   бюджеттен қаржы бөлінген жағдайда құрылыс-құрастыру  жұмыстары жүргізіледі деп кутілуде. Бугінгі күнге бағдарлама әкімшісі Жамбыл облысы әкімдігі құрылыс басқармасына өтінім жобасы тапсырылыап, экономикалық қорытынды алу жұмыстары жүргізілуде.
5 Құлан ауылына  дренаждар қазу  туралы Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі,Құлан ауылдық округінің  әкімі 2018 ж.Қараша Есепті мерзімде Құлан ауылының дренаждары зерделеніп «Казавтожол» ЖШС мекемесімен келісім шарт жасалып 7 шақырым дренажды тазалау жұмыстарына 17239,00 мың теңге бөлініп 5 сәуір күні басталып жұмыстар 01 маусымда аяқталды. Орындалды.
6 Көкдөнен ауылындағы орталыққа бағдаршамды орнату туралы Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 2018 ж.Мамыр Көкдөнен ауылындағы орталық көшесі бойында, яғни «А.Байтұрсынов» орта мектебіне өтетін автокөлік жолындағы  бағдаршамға тиісті құрал жабдықтар орнатылды. Орындалды.
7 Жаңатұрмыс ауылына    газ құбырын жүргізу туралы Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Өтпелі кезең Газ құбыры тартылмаған елді мекендердің жалпы саны 14 елді мекен, соның ішінде Жаңатұрмыс ауылыда бар. Газдандыруға Т.Рысқұлов ауданы аумағындағы Ақыртөбе ауылының төменгі жағынан орналасқан «Интергаз» АҚ-ның Ақыртөбе «Автоматтандырылған  газ тарату стансасы» (АГРС) 1995 жылы салынған. Қуаттылығы – 6000 м³/сағ), қосымша нысандардың қосылуына, елді мекендерді газбен қамтамасыз етуге қуаттылығы жетпейтін. Сондықтан жаңа, қуаттылығы – 20000 м³/сағ газ тарату стансасы салынып ағымды жылы іске қосылуда. Ары қарай «Фирма Ақ Қар-2009» ЖШС тарапынан ауыл тұрғындарымен келісім бойынша газдандыру жұмыстарын жобалық-сметалық құжаттар дайындап, мемлекеттік сараптамаға жіберілді.Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғанда Жаңатұрмыс ауылына дейін  газ құбырын тарту, көшеге және әр бір үйдін ауласына дейін  газ кіргізу жұмыстары  жүргізіледі. Ары қарай газ құбырын жүргізуге жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылмағандықтан қаражат есебінен лицензиясы бар мекемелерге немесе жеке кәсіпкерлерге қайырылып газ құбыры тартылады.
8 Құлан ауылындағы Т.Рысқұлов көшесінің жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Өтпелі кезең Құлан ауылы Т.Рысқұлов көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жұргізуге ағымды жылы ақау (дефектный) актісі жасалып, жобалау-сметалық құжаттамасы ЖСК дайындалады, нәтижесінде ЖСК-ға сәйкес көшеге тас төгіп тегістеп асфальт төсеу жұмыстары келесі 2019 жылы жүргізіледі.

 

 

 

 

 


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта