home
home home

Алдағы мерекелер эпиджағдайдың нашарлауына алып келмеуі тиіс-ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Алдағы мерекелер эпиджағдайдың нашарлауына алып келмеуі тиіс-ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында Сіздерді коронавирустық инфекцияның алдын-алу шараларын сақтауға шақырамын:

🔹 халық көп жиналатын орындарға бармау;

🔹 ұжымдық іс-шараларды, ертеңгіліктерді, корпоративтерді өткізбеу және қатыспау;

🔹 ағзаның салқындауына жол бермеу;

🔹 қауіп – қатер тобындағы туыстары мен жақындарына қауіп төндірмеу, қарым-қатынас жасау және құттықтау үшін заманауи қашықтықтан байланыс құралдарын пайдалану»,-деді ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов ОКҚ-да өткен онлайн-брифинг барысында.

Жаңа жыл-отбасылық мереке, сондықтан мен сіздерді туыстарыңызды, достарыңыз бен таныстарыңызды шақырмай, бірге тұратын жақын адамдар ортасында қарсы алуға шақырамын. Құрметті қазақстандықтар, пандемияның әлі де жалғасып жатқанына Сіздердің назарларыңызды тағы да аударғым келеді.

Алдағы мерекелер эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және коронавирустық инфекцияның бақылаусыз өсуіне әкелмеуі керек екенін есте ұстауымыз керек және бұл біздің мінез-құлқымызға және алдын-алу шараларына деген адалдығымызға тікелей байланысты.

©️ Марат Шоранов, ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта