home
home home

әлеуметтік әріптестік

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Т.Рысқұлов аудандық комиссияның 2018 жылға арналған

ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

 

 

Жоспарланған іс-шаралар Орындауға жауаптылар
І-тоқсан
1  

1.Кәсіпорындар мен ұйымдардағы төленбеген жалақы қарыздарының жағдайы туралы және аудандағы кәсіпорындар мен мекемелерінің ұжымдық шарттармен қамтылу жай-күйі туралы

 

Әлеуметтік әріптестік тараптары
ІІ-тоқсан
2  

Аудандағы еңбек нарығының жай-күйі, жұмыссыздарды еңбекпен

қамту, мақсатты топқа жатқызылған азаматтардың мемлекеттік

кепілдіктермен қамтамасыз етілуі туралы

Кәсіпорындар мен ұйымдардағы төленбеген жалақы қарыздарының жағдайы туралы

Аудан бойынша әлеуметтік әріптестік жүйесінің дамуы, оның ішінде жұмыстан босаған қызметкерлермен атқарылып жатқан жұмыстар, оқыту, қайта даярлау, еңбек дауларын алдын-алу, аудандық келісім міндеттерін орындау туралы

 

 

Аудандық жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

 

 

 

 

Әлеуметтік әріптестік тараптары

ІІІ-тоқсан
3      Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесі мен міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді қамтамасыз ету, жергілікті жерлерде түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы

Кәсіпорындар мен ұйымдардағы төленбеген жалақы қарыздарының жағдайы туралы

Әлеуметтік әріптестік тараптары
ІV-тоқсан
4 Еңбек құқығын қамтамасыз ету және қызметкерді жұмысқа орналастыруды тұрақтандыру және жұмыс орындарын қысқартпау мәселесі туралы әкімдік жұмыс беруші және кәсіподақ арасында меморандумдардың орындалу барысы

Кәсіпорындар мен ұйымдардағы төленбеген жалақы қарыздарының жағдайы және ұжымдық шарттармен қамтылу, олардың орындалуы туралы

Әлеуметтік әріптестік тараптары

 

 

 

Т.Рысқұлов ауданында әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссиясының 2018 жылы атқарылған жұмыстары бойынша

МӘЛІМЕТ

 

Т.Рысқұлов ауданында әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссиясы құрылған. Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссияның 2018 жылға бекітілген жоспарға сәйкес әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссияның 1 отырысы өткізілді.

2018 жылдың І-тоқсанында, яғни 2018 жылдың 15 наурызында өткен комиссия отырысында  Кәсіпорындар мен ұйымдардағы төленбеген жалақы қарыздарының жағдайы туралы және аудандағы кәсіпорындар мен мекемелерінің ұжымдық шарттармен қамтылу жай-күйі туралы мәселелері қаралды.

Облыс әкімі мен аудан әкімдері арасындағы  жасалған Келісімді орындау мақсатында Еңбек дауларын, жалақы қарыздарын алдын алуға бағытталған жұмыстар атқарылуда.

2018 жылдың 20 наурызында Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасымен бірлесіп жұмыс істейтін, бірақ зейнетақы аударымдары аударылмаған азаматтардың заңдастырылуы туралы семинар-тренинг өткізілді.

2018 жылдың 27 наурызында Ауданда еңбек дауларын, жалақы карыздарын алдын алу бойынша жұмыс берушілермен кездесу өтті. Бұл кездесуге Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры, ауылдық округ әкімдері, кәсіпорын басшылары, шаруа қожалық басшылары, кәсіпкерлер қатысты.

Бірінші кезекте еңбек қатынастарын жетілдіру жөніндегі жұмыстардың маңызды бөлігі бұл әлеуметтік-еңбек қатынастарының барлық субъектілерінің құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады. Әр жұмыс беруші Еңбек заңнамасын оқып, Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс істеу керек. Сондай ақ еңбек дауларының себептерінің бірі – ол жалақының төленбеуі болып табылады. Сол себептен  ауданда әлеуметтік-еңбек дауларын болдырмас үшін кәсіпорын, мекеме басшыларына, шаруа қожалық басшылары мен кәсіпкерлерге жұмысшыларының еңбекақылары бойынша қарыздарын болдырмауын, зейнетақы жарналарын, ай сайын мерзімінде аударып тұру міндетті екенін түсіндірілді. Бұл мәселе комиссияның тұрақты бақылауында тұр.

Қазіргі таңда көп азаматтар шаруа қожалықтарында, жеке кәсіпкерлікте заңсыз жұмыс істеп жүрген азаматтар бар. Шаруа қожалықтардың  жұмыстары заңсыз болмауы үшін жұмысшы мен екіжақты келісім-шарт жасасу керектігі ескертілді. Жұмыс беруші азаматтарды медициналық сақтандыру жүйесіне тиесілі жарнаны аударуды талап етілді. Егер жарнаңыз аударылмаған болса, 2020 жылдары медициналық мекемелерде ақысыз ем қабылдау мүмкіншілік болмайтындығы туралы ескертілді. Кездесу барысында Аудандағы жұмыскерлер мен жұмыс берушілер арасындағы құқықтары мен міндеттерін қамтитын ұжымдық шарт және келісімшарт жасасу бірінші кезекте еңбек дауларын алдын алуы болып табылатыны туралы айтылды. Қатысқан шаруа қожалық басшылары мен жеке кәсіпкерлерге Ұжымдық шарт құжатын қалай әзірлеу керек екендігін түсіндіріп, 2018-2020 жылдарға ұжымдық-шарт жасап, аймақтық еңбек жөніндегі органның бөлімшесінде  тіркеуден  өтуге тапсырма берілді.

         2018 жылдың 1 сәуір жағдайына Т.Рысқұлов ауданында жұмыс істеп тұрған 277 кәсіпорындардың ішінен еңбек ұжымдарында ұжымдық шартқа тұрып, мониторингтен өткен 138 кәсіпорын, яғни 49% құрады. Аудандағы кәсіпорындардың ішінен еңбек ұжымдарында ұжымдық шартқа тұру көрсеткішін  100% жеткізуге жұмыстар жүргізілуде.

Аудандық үшжақты комиссияның отырыстарында шағын және орта кәсіпорындардың ұжымдық шартқа тұруы туралы мәселесі қаралып, барлық салалық кәсіподақтарына және мекеме басшыларына хаттар жолданып,    2015-2017 жылдарға жасалған Ұжымдық шарттардың мерзімі өтуіне байланысты қайта жасап, Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясынан мониторингтен  өтуге тапсырма берілді.

Аудан бойынша еңбек құқығын қамтамасыз ету және қызметкерлерді жұмысқа орналастыруды тұрақтандыру мәселесі туралы әкімдік, жұмыс беруші және кәсіподақтар арасында 2016 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін 114 жұмыс беруші (1-ірі кәсіпорын, 113 шағын және орта кәсіпорындар) 953 адамға Меморандумға тұрды.

Жаңа Еңбек кодексін негізге ала отырып, ұжымдық шарттар жасалып, ол бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жаңа ұжымдық шартта жұмысшы тәртібін қатаң сақталып, есесіне потенциалы жоғары, қабілетті жұмысшыларға сыйақы беру жөнінде, кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру, зейнеткерлік жасына аз қалған жұмыскерлердің жағдайын ескеру жайлы, мүгедектерді жұмыспен қамту, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыскерлердің жұмыстан босатылуы жұмысқа тұрғызуға септік тигізу, жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасында жасалған ұжымдық шарттың орындалуын бақылау. Бүгінгі күнге төленетін жалақы бойынша қарыздар жоқ, еңбек демалысы бекітілген кестемен уақытылы берілуде. Штаттың қысқарылуы болғанымен, ішінара ауыстырулар жасалып, жұмысшылар қысқартылған жоқ.

Әр мекемеде кәсіподақтар өз жұмыстарын атқаруда. Кәсіподақтың бүгінгі күнге қоғамдағы рөлі күшейуде. Еңбек нарығындағы жұмыспен қамту саясатының белсенді түрі- мемлекеттің жұмыссыздық деңгейін төмендетуге көзделген құқық, ұйымдық және экономикалық шаралардың жиынтығы. Мұндай саясаттың мазмұнына: қоғамдық жұмыстар жүйесі бойынша жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыру, өзін-өзі жұмыспен қамтуды дамыту жолымен жұмыс орындарын құруды демеу, жұмыс орындарын сақтап қалуға, тұлғаларды оқыту, қайта дайындау және біліктілігін жоғарлатуға, қызметкерлердің жұмыстан өздігінен босатылуын болдырмауға (ескерту, алдын алу шарасы) байланысты іс-шаралар атқарылуда.

2017 жылы қысқа мерзімді оқу курсын 454 адам оқып шықты. Олар: 45 – тракторшы, 25- тігінші, 20- дәнекерлеуші, 19-шаштараз, 20-«ВС» жүргізуші, 55-газоэлектродәнекерлеуші, 62-аспазшы, 15-техник-құрылысшы, 20-«Д1 жүргізуші, 15-техник-механик (автослесарь), 5-слесарь құрылысшы, 32-компьютерлік курсы, 10-массажист, 10-кондитер, 5-пісіру шебері, 10-1С бухгалтер, 28- маникюр, 15 -косметолог, 15 -электромонтер, 5-жиһаз құрастырушы, 10- техник-сантехник, 15- визажист мамандықтарын оқыған.

Биылғы жылға кешенді жоспар бойынша 322 адамды қысқа мерзімді оқу курсына жіберу мамыр айына жоспарлануда.

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің, қызметкерлердің аудандық бірлестіктері және жұмыс берушілердің аудандық бірлестіктері арасындағы еңбек, әлеуметтік-экономикалық қатынастар мәселелері жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған Келісімге қол қойылған. Келісімнің мерзімі өтуіне байланысты 2018-2020 жылдарға арналған қайта Келісім жасау жұмыстары жүргізілуде. Келісім бойынша жұмыс берушілер де кәсіподақтар да, мемлекеттік билік органдары да өз құзіреттері аясында қолайлы еңбек жағдайын жасау лайықты жалақы төлеу, еңбеккерлер мен отбасы мүшелерінің әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік-экономикалық саясат жүргізу арқылы кедейшілік көлемін азайту, еңбек қауіпсіздігі жүйесін жетілдіруді өз міндеттеріне алған.

Алдағы уақытта атқарылып жатқан жұмыстар жалғасын табады.

 

 

 


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта