home
home home

Өзге елдердің намысын қорғап жүрген қазақ спортшылары

Бейресми деректер бойынша, өзге елдерде тұрып жатқан қазақтардың саны бүгінде 5 миллионға жуықтайды. Әлемнің төрт бұрышына тарыдай шашылған қазақтар әсіресе, Еуропа мен Азияда көп. Сонымен қатар, АҚШ-та да қазір үлкен қазақ диаспорасы бар. Осы қандастарымыздың арасынан шыққан жас спортшылары бүгінде сол өзі тұрып жатқан мемлекеттің намысын әлемдік ареналарда сәтті қорғап жүр. Zakon.kz порталы олар жайында шағын мәліметтері бойынша   материалдың қазақша нұсқасын ұсынамыз.  http://www.qazaq-alemi.kz/kazakh_in_world?id=1591

Димаш НИЯЗОВ, 26 жаста. АҚШ — кәсіпқой бокс.

Қазақстан бокс мектебінің тәрбиеленушісі. 13 жасында ата-анасымен бірге АҚШ-қа көшіп кеткен. Осы елде ол кәсіпқой боксқа ауысып, бүгінде әлемдік тұғырларды бағындырып жүр. Шаршы алаңда Димаш 10 жекпе-жек өткізіп, оның жетеуінде жеңіске жеткен (4 нокаут), қалған үшеуінде тең түсіпті. Оның соңғы кездесуі 28 наурыз күні орын алды. Ол кезде қандасымыз Мика Бранчты тізе бүктірген болатын.

Данияр ЖҮНІСОВ, 27 жаста. Германия — хоккей.

Даниярдың әкесі ертеректе Германияға көшіп кеткен. Сол жақта ол отбасын құрып, ұлды болады. Жүнісовтер отбасы тоқсаныншы жылдардың басында елге оралмақ болған, алайда, КСРО құлап, бұл жоспарлары орындалмай қалған.
Данияр болса 8 жасынан бері хоккеймен айналысады. «Эйсбарен Берлин», «Гамбург Фризерс» және «Вольсфбург Гризли Адамс» сынды командалардың намысын қорғаған. Бүгінгі таңда Даниярдың арманы астаналық «Барыс» пен Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсету.

Жұмабек ТҰРСЫН, 27 жаста. Қытай — ережесіз жекпе-жек.

Қытайда туып-өскен қазақ баласы. Осы спорт түрінен аспанасты елінің ең танымал тұлғасы, лақап аты — «Леопард». Ол ережесіз жекпе-жекке (MMA нұсқасы бойынша) 2009 жылы келіп, бес жылдан кейін UFC нұсқасына шақырту алды. MMA нұсқасында қандасымыз 14 кездесудің барлығын ұтқан. Ал, UFC-те қатарынан үшінші рет жеңіліп отыр. Рингке Жұмабек үнемі қазақтың шапанымен, қазақтың әнімен шығады. Оның алдағы жоспарларының негізгісі — отанға оралып, ел намысын әлемде қорғау.

Мұрат Оңал, 27 жаста. Голландия — футбол.

Түркияда туылып, Голландияда өскен. Футболды Финляндия ойнап, кейін Қазақстанда жалғастырды. Атақты «Аякс» футбол мектебінің шәкірті, «Брюгге», «Волендам» клубтарында өнер көрсеткен. 2011 жылы қарағандылық «Шахтер» сапында ойнауы тиіс болатын. Алайда, келіссөздер соңына жетпеді. 2014 жылдан бастап Қазақстанның бірінші лигасында шымкенттік «Қыранның» намысын қорғап жүр. Бір маусымда 14 гол соғып, чемпионаттың сұрмергені атанды. Ол Премьер-лина командаларынан шақырту келіп жатқанын айтады. Сондай-ақ, алдағы уақытта Қазақстан азаматтығын алып, ел намысын қорғауды жоспарлауда.

© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта