home
home home

Аудан әкімінің халық алдындағы 2016 жылдың қорытынды есептерінің тезистері

Аудан әкімі Жарылқасын Әбдіғапарұлы Айтақовтың “Ауданның 2016 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындылары және 2017 жылға арналған міндеттері туралы” есебінің ТЕЗИСТЕРІ.

Аудан тұрақты даму үстінде

 Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдері

2016 жылдың 12 айына мемлекеттік бюджет бойынша бекітілген болжам сомасы 1866254,0 мың теңге, 30.12.2016 ж. жағдайына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің нақты түсімі 2535264,5 мың теңгені құрады, орындалуы 135,8%, 2015 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 2393258,6 мың теңгеге кем, өсу қарқыны 51,4 %, оның ішінде:

— республикалық бюджеттің болжам сомасы 374970,0 мың тенге, 30.12.2016 ж. жағдайына нақты түсімі 493135,7 мың тенгені құрады, орындалуы 131,5%, 2015 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 4298,3 мың теңгеге артық, өсу қарқыны 100,9 %

— жергілікті бюджеттің бекітілген болжам сомасы 1491284,0 мың теңге, 30.12.2016 ж. жағдайына нақты түсімі 2042128,8 мың. теңгені құрады, орындалуы 136,9%, 2015 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 2397556,9 мың теңгеге кем, өсу қарқыны 46,0% оның ішінде :

-облыстық бюджеттің болжам сомасы 553674,0 мың тенге, 30.12.2016 ж. жағдайына нақты түсімі 570199,0 мың тенге болып, орындалуы 103,0%, 2015 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 391490,8 мың теңгеге артық, өсу қарқыны 145,6 %

-аудандық бюджеттің болжам сомасы 937610,0 мың тенге, 30.12.2016ж. жағдайына нақты түсімі 1471929,8 мың тенге, орындалуы 157,0 %, 2015 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 2576265,1 мың теңгеге кем, өсу қарқыны 36,4% .

Ауылшаруашылығы саласы

Күзгі дала жұмыстары мен егін ору науқанына және мал азығын дайындау жұмыстарына 2755 тн жанар майға сұраныс беріліп, бөлінген 1857 тн дизель отыны толық алынды.

Тыңайтқыш пайдалану

2016 жылы аудандағы шаруа қожалықтарының егістік жерлерінің құнарлығын арттыру үшін шаруа қожалықтар тарапынан жалпы көлемі 1680 тонна тыңайтқыш алу (оның ішінде аммофос – 750 тонна, 930 аммиак селитрасына) жоспарланып, 2095,7 тоннаға сұраныстар беріліп, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жолданды. (1703,8 тн аммофос, 371,4 аммиак селитрасы және супер фосфат 20 тн).

Егін орағы науқанының қорытындысы туралы.

Биыл ауданда 78300 га орылатын алқапқа 186 дана егін орағы комбаины қатысты.

78300 га масақты алқап толық оры­лып, орташа өнім әр гектардан 24 центнер­ден келіп, қамбаға 187,9 мың тонна астық құйылды.

Астық ору науқанына 393 шаруашылық қатысты.

Ауданда механикаландырылған 34 ток және 18 асфальтталынған астық қырманы жұмыс істейді. 54 жүк таразысы егін науқанында сапалы жұмыс атқару үшін дайындалып, сапалы жұмыс атқарды.

Ауданда сыйымдылығы 30 000 тонналық Малдыбай ауылындағы «Луговой жылқы зауыты» ЖШС иелігіндегі механикаландырылған астық қабылдау пункті, одан басқа сыйымдылығы әр түрлі көлемдегі 43 астық қоймалары сырланып, әктеліп биылғы жылдың өнімін қабылдады.

2016 жылдың өніміне себілген 10300 га мақсары дақылы толықтай орылып, әр гек­тардан орташа 6 центнерден келіп, қамбаға 6180 тн дән құйылды.

Бүгінгі күнге аудан дихандары күзгі дала жұмыстарын ауа райының қолайлылығын пайдаланып, оңтайлы аяқтады.

Жоспардағы 45000 га пар толық көтеріліп, 64990 га сүдігердің 63780 гектары жыртылды. О.і: қант қызылшасына – 200 га, (100.0%), 2017 жылдың өніміне себілетін жоспардағы 32000 га күздік бидайдың ор­нына 37107,4 гектар себіліп, 116,0 пайызды құрап отыр.

2017 жылдың өніміне себілетін жоспардағы 32000 га күздік бидайға 5760 тн тұқым қажеттілігі анықталып, аудандық зертханаға 9711 тн тұқым түсіп, тексеруден өтті (168,6%).

Оның ішінде 3277 тн І класс, 5798 тн ІІ класс, 636 тн ІІІ класс.

Қант қызылшасы дақылын қазу жұмыстары.

Аудан көлемінде отырғызылған 120 га қант қызылшасы толық қазылды.

Орташа өнімділік 201 ц/га келіп қант зауытына 1365,9 тн тәтті түбір өткізілді. Кондицияға жетпеген тәтті түбірлер ауыл тұрғындарына мал бордақылау орындарына сатылды. Қант қызылшасы алқаптарында барлығы 112 адам жұмыс жасады.

2017 жылдың өнімі үшін себілетін 200 га қант қызылшасына жоспарланған сүдігер толық жыртылды.

2017 жылғы көктемдегі дала жұмыстарын жүргізу барысында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бекіткен меморандумға сәйкес 2017 жылдың өніміне 42000 га жаздық арпа, 2000 га жаздық бидай, 16000 га мақсары, 100 га жүгері, 30 га сұлы, 500 га картоп, 400 га көкөніс, 100 га бақша өнімдері, 9400 га жоңышқа (оның ішінде: 6400 га бұрынғы жылдардағы, 3000 га жаңа) себіліп, 37300 га пар айдалынатын бола­ды. Барлық 141785 га егістік алқап толық игеріледі деп күтілуде.

Көктемгі дала жұмыстарына 7900 тн жаздық арпа тұқымы, 528 тн жаздық бидай тұқымы ауданда бар. Тұқым толық жеткілікті.

Егін шаруашылығын мемлекеттік қолдау туралы

«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, мақсары, көп жылдық шөп және қант қызылшасы мен картоп дақылдарына субсидияға өтінім берген 52 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің 9020,9 га егістік алқабына, 22,3 млн. теңге субсидиялануға ұсынылса, 64375,6 гектар күздік бидай мен жаздық арпа дақылдарына субсидиялауға 87 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің 64,4 млн теңге, қант қызылшасынан алынған 1056,1 тн өнімге 8 шаруашылықтың 2,9 млн теңгеге құжаттары қабылданып, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан төленіп берілді.

Мал азығы, шөп дайындау барысы туралы

Ауданда 2016-2017 жылғы мал қыстату науқанына 136800 тн. шөп, 25000 тн. сабан, 60000 тн. жем дайындау жоспарланып, бүгінгі күнге аудан бойынша 215414 тн. (157,5 пайыз) шөп, 42600 тн сабан (170,4 пайыз) және 121623 жем (202,7 пайыз) дайындалды.

Ауыл шаруашылығы техникаларын алу барысы

Соңғы жылдары аудан шаруашылықтары өнімділік деңгейін арттыру бағытында техника паркін жаңалауға бет бұрып, бүгінгі күнге аудандағы комбайндар паркінің 33,5 пайызы, тракторлардың 24,2 пайызы жаңаланды.

Жаңбырлатып суару әдісін енгізу

«ЛЖЗ» ЖШС-нде 300 га алқап жаңбырлатып суғарылуда.

Сонымен қатар осы жылы ҚР ауыл шаруашылығы ғылыми Академиясының жайылымдарды суландыру арқылы мал азығын дайындау мақсатындағы жобасы аудан аумағында 3 шаруа қожалық есебінен 80 га алқапқа жаңбырлатып суғару әдісі енгізілу күтілуде.

Аудан бойынша 141784 га егістік жерлер болса, оның 4247 га суармалы алқап ретінде тіркелген. Тау суын үнемдеу мен тиімді пайдаланудың бір жолы суды жеткізу каналдарын қалпына келтіру, жөндеу жылда «Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жөнделіп келеді.

Мал шаруашылығы саласы

Ауданда жайылым мен мал қыстатуды, жем-шөпті қорды жеткілікті көлемде дайындау жұмыстарының дұрыс жолға қойылуы, мал басының қарқынды өсуіне септігін тигізуде.

Салыстырмалы түрде қарастыратын болсақ, 2016 жылдың қаңтар айының бірінші жұлдызына мал басы, ірі қара 27900 бас, қой-ешкі 338261 бас, жылқы 12905 бас, 22465 бас шошқа, түйе 39 бас, құстар 102819 болса, 2017 жылдың қаңтар айының бірінші жұлдызына мал басы, ірі қара 28248 бас немесе 101,2пайыз, қой-ешкі 346501 бас, немесе 102,4 пайыз, жылқы 12920 бас немесе 100,1 пайыз, шошқа 23064 бас немесе 102,6 пайыз, түйе 62 бас немесе 158,0 пайыз, құстар 102972 немесе 100,1 пайыз болып отыр.

Мал өнімдері 2015 жылы 13028 тон­на ет, сүт 23280 тонна, жұмыртқа 3799,9 мың дана болса, 2016 жылы 13839,4 тонна ет немесе 106,2 пайыз, сүт 23284,5 тонна немесе 100,0 пайыз, жұмыртқа 3799,9 мың дана немесе 100,0 пайыз.

2016 жылы «Сыбаға» бағдарламасы аясында тапсырмадағы 230 сиыр малын сатып алу туралы аудандағы шаруашылықтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында бүгінгі күнге 288 бас мүйізді ірі қара малы алынып, жоспар 125,2 пайызға орындалды.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 4500 бас қой малын сатып алу межеленіп, 7054 бас қой малы алынып, жоспарымыз 156,8 пайызға орындалып отыр.

«Құлан» бағдарламасы 119 бас жылқы малы сатып алынып, жоспар 108,2 пайызға орындалды.

«Ырыс» бағдарламасы аясында «Шалхар» шаруа қожалығы 150 бастық сауын сиыр фермасының құрылысын жүргізуде. Өз қаражаты есебінен «Созақбай» шаруа қожалығы 50 бастық, «Жеті баба» шаруа қожалығы 50 бастық СТФ ашуды қолға алуда. СТФ соғатын жер мәселесінің шешілуін күтуде. «Ақ қайнар» шаруа қожалығы 50 бастық, «Береке» шаруа қожалығы 100 бастық СТФ құруға құжаттары мен кепілдіктерін түгендеп, асыл тұқымды шаруашылықтардан МІҚ малын алуға келісім-шарттар жасасуда.

«Жайылымдарды суландыру» бағдарламасы аясында жоспардағы 14 құдықтың орнына 24 құдық қазылып, жоспар 171,4 пайызға орындалды.

Мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау туралы

2016 жылы аудандағы шаруашылықтарға 110 бас асыл тұқымды МІҚ малын сатып алғаны үшін 16,9 млн. теңге, 6174 бас асыл тұқымды қой малын сатып алғаны үшін 49,3 млн. теңге. Өндірілген мал өнімдері: 3035 тонна шошқа етіне – 383,7 млн. теңге, 72,4 тонна қой етіне – 14,4 млн. теңге, 364,9 тонна жылқы етіне 33,5 млн. теңге, 275 тонна сүтке – 2,7 млн. теңге, асыл тұқымды 136 бас бұқашықтарды мал бордақылау алаңдарына өткізгені үшін 3,2 млн. теңге, 4979 бас МІҚ малдарына селекциялық асылдандыру жұмыстарын жүргізгені үшін – 91,0 млн. теңге, 106997 бас қой малын асылдандырғаны үшін – 160,4 млн теңге, асыл тұқымды қойдың 14,5 тн биязы жүнін өткізгені үшін – 1,8 млн. теңгеге субсидиялық төлемдер алу үшін облыстық басқармаға жолданды. Мал шаруашылығы бойынша барлығы: 655,7 млн. теңге.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында облысы әкімінің орынбасары Абдалы Тоқбергенұлы Нұралиевтің қатысуымен «Шәушен» шаруа қожалығының мал сою, етті тоңазытып сақтау кешені және «Астана» шаруа қожалығының сүт өнімдерін өңдеп, өнім шығаратын шағын зауыты салтанатты түрде ашылды.

Сонымен қатар, аудандық жұмыспен қамту орталығымен бірлесе «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шеңберінде 2 сүт қабылдау пунктін, 9 шағын сүт тауарлы фермаларын және 14 шағын мал бордақылау алаңдарын ашу мақсатында несиелер беріліп, малдарын алды.

Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу.

Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуші 27 шағын кәсіпорындар, цехтар орналасқан. Оның ішінде: 11 диірмен, 10 наубайхана, 2 шұжық өндіру цехы, 2 май шығару цехы, 1 сүт өңдеу цехы тіркелген. 2013 жылы бөлім тарапынан жүргізілген жұмыстардың есебінен бүгінгі күнге 11 диірменнің 7 диірмені жұмыс қалпында, тіркелген 10 наубайхананың 7-еуі жұмыс істеуде. «Ақтоған» ШҚ-ың макарон шығару цехында 32 түрлі макарон өнімдерін шығарып, облыс көлемінде сауда саттық жұмыстарын жүргізуде.

«Досқайнар» ШҚ-ның шұжық өндіру цехы 25 түрлі, «Ұлы Сұлтан» ШҚ-ы шұжық цехтары сұраныс арқылы 10-нан астам түрін халыққа тұтынуға ұсынып отыр.

«Дипломмен ауылға» жобасы бойынша жыл басынан бері тұрғын үй алуға 18 маманға 57,3 млн. теңге несие, 38 маманға 5,6 млн. теңге көтерме жәрдемақы бөлініп, толығымен игерілді.

Ветеринариялық іс-шаралардың орындалуы туралы.

  1. Республикалық бюджеттен 2016 жылға ветеринарлық-профилактикалық іс-шаралар, 009 бюджеттік бағдарламасы бойынша 137165 000 теңге бөлінді. Осы іс-шараларды жүргізуге «Құлан-Малдәрігер» коммуналдық мекемесі арқылы 102 ветеринариялық мамандар жұмыс істеуде. Сонымен қатар,

Жергілікті бюджеттен:

  1. Бруцеллезге шалдыққан малдардың иелеріне өтемақы төлеуге 8316000 мың теңге.
  2. Қаңғыбас иттерді аулап жоюға – 2 273 000 мың теңге.
  3. Аудан аумағындағы энзоотиялық аурулар бойынша ветерианариялық іс-шаралар жүргізуге-10252000 теңге.
  4. Ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге арналған компьютерлерді жаңартып қызмет көрсету үшін облыстық АҚ Агромаркетингке – 2 200 000 теңге бөлінді.
  5. Бруцеллез малдарды сою және тасымалдауға – 5422000 теңге. Қаржы толығымен игерілді.

Ветеринариялық профилактикалақ– егу жұмыстары

Аудан бойынша 2016 жылы эпизоотияға қарсы вакцина егу жұмыстары жоспар бойынша жүргізілуде. 12 айлық жоспар толық орындалды.

2016-2017 жылдарға елді-мекенді көгалдандыру арқылы жасыл белдеулер жа­сау үшін, аудан орталығынан 30 га жер бөлінді. Сонымен қатар, 115 га ауылдық округтерінен жасыл белдеулерге жер бөлу туралы ауыл әкімдеріне тапсырмалар беріліп, ұсыныстары негізінде жер телімдері нақтылануда.

Аудандағы босалқы жерлерді түгендеу жұмыстарын жүргізуді «ҚОСНАР» ЖШС-гі жеңіп алған. Осыған орай, аудан әкімінің 2016 жылғы 28 наурыздағы №10-ө өкімімен ауылшаруашылық мақсатындағы босалқы жерлерді түгендеу жұмыстарын жүргізу үшін жұмысшы тобы құрылды.

Кәсіпкерлік сала бойынша өнім өндіру, бюджет түсімі туралы

Т.Рысқұлов ауданы бойынша тіркелген барлық шағын және орта бизнес субектілерінің саны (шағын кәсіпорындар, орта кәсіпорындар, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары) 2015 жылдың 12 айында 3433 болған. 2016 жылдың 12 айында 3614 құрады. 181 көбейген.

2015 жылдың 12 айында ауданның шағын және орта бизнес субъектілерінде барлығы -9971 адам жұмыспен қамтылcа, 2016 жылдың 12айында 10011 адам жұмыспен қамтылып, 104 адамға артып отыр.

2015 жылдың 12 айында аудан аумағындағы шағын және орта кәсіпкерлік саласы 5 млрд 587 млн.теңгенің өнімін өндірсе, 2016 жылдың 12 айында 5 млрд 810 млн.теңгенің өнімін өндірді. Бұл 104,0 %.

Ауданның шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінен аудандық бюджетке 2015 жылдың 12 айында 429,5 млн.теңге түссе, 2016 жылдың 12 айында 473,5 млн.теңге болды. Көрсеткіш 110,2 % артқан.

Өнеркәсіп саласы туралы

Қазіргі күні аудан аумағына тіркелген өнеркәсіп кәсіпорындары арасынан ірі көрсеткішпен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар қатарына «Азия Газ Құбыры» ЖШС-гі Луговой компрессор станциясы, «GOLDEN COMPASS CAPITAL» АҚ-ы, «Луговой жылқы зауыты» ЖШС-гі, «Луго­вой рельс дәнекерлеу кәсіпорны» ЖШС-гі енеді. Өнеркәсіп орындарында барлығы 870 адам жұмыспен қамтылған. Аудан аумағындағы өнеркәсіп орындары 2015 жылдың 12 айында 5 млрд 587 млн.теңгенің өнімін өндірсе, 2016 жылдың 12 айында 5 млрд 810 млн.теңгенің өнімін өндірді. Бұл өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 104,0 % құрайды.

Инвестиция тарту туралы

Аудан аумағындағы негізгі капиталдардың инвестициялық көрсеткіштері 2015 жылдың 12 айында 34 млрд 659 млн.теңгені болса, 2016 жылдың 12 айында 29 млрд 247 млн.теңге болды, (Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 90,0 % құрады. Облыс бойынша аудандар арасындағы жоғарғы к-рсеткіш).

«Интергаз» АҚ – на қарайтын «УМГ -Тараз» магистральды газ құбыры басқармасының Ақыртөбе газ сығындау станциясы бойынша жобалық 20 млрд.теңге қаржының 13 млрд.теңге қаржысы игерілді. Қосымша 3 млрд.теңге қаржының жұмыс актілері бар.

Индустриялды-инновациялық дамыту бағдарламасының іске асырылуы туралы.

Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде 2016 жылдың І жарты жылдығында жобалық құны 735,6 млн.теңгені құрайтын екі жобаны іске асыру үшін жұмыс жүргізілуде.

Іске асырылған жоба

Осы жылдың І тоқсанында «Луговой Жылқы Зауыты» ЖШС-ің «Мал шаруашылығына қажетті қоспажем шығаратын зауыты» жобасы іске асырылды. Жобалық құны 435,6 млн.теңге. Жобалық қуаты сағатына 15000 тонна құрама жем өндіру. Жаңадан 2 орны ашылды. 2016 жылдың 12 айында 10529 тонна өнім өндірілді.

2016 жылдың ІІ жартыжылдығында «Индустриялды карталарға» «Шаушен» шаруа қожалығының жобалық құны 300,0 млн теңгені құрайтын «Қымызбен емдеу кешені жобасын» енгізу үшін бүгінгі тиісті жұмыстар атқарылуда.

Ішкі туризм саласын дамытуға байланысты жұмыстар.

  1. «Батыс–Еуропа Батыс -Қытай» автодәлізінің аудан аумағындағы бөлігінің 414 шақырымында жол бойы қызмет көрсету кешені құрылысын конкурс жеңімпазы «Каз Туризм» ЖШС-гі жүргізуде. Жобаның жалпы құны – 600,0 млн тг. болжанған. Жоба іске қосылғанда 50 жұмыс орны ашылып, тәулігіне 1000 автокөлікпен жолаушыларға қызмет көрсетілетін болады. Жанармай құю бекеті орны дайындалды. ЖСҚ 70 % дайындалды.
  2. ЮНЕСКО-ның тарихи ескерткіштер орындарын қорғаутізіліміне аудан аумағында орналасқан 2 нысани – Құлан және Өрнек (Төркүл) қалашықтарының орны енгізілген. Аудан аумағының ішкі туризмін бірнеше бағыттармен (тарихи ескерткіштер, киелі мекендер, табиғаты көркем тау шатқалдары, тау туризмі, аңшылық, балық аулау т.б.) дамыту үшін аудан әкімдігімен мақсатты жұмыстар атқарылуда.

Бүгінгі күні туризм саласын дамыту әрі инвестициялық жобалар тарту мақсатында әлуетті кәсіпкерлерге «Интернет», БАҚ және басқада әдіс-тәсілдермен ұсыныстар берілуде.

Ұн, нан бағасын тұрақтандыру шаралары.

Бүгінгі күні аудан аумағындағы сауда нысандарында «Ақтоған» шаруа қожалығының бір келісі 74 теңге болса, 50 келісі 3700 теңгеден сатылуда.

Әлеуметтік азық-түліктерге халықтың аз қамтылған санатының қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін аудан орталығындағы екі базарда Луговой ауылында 1 «Әлеуметтік дүкен», орталық базарда ұн, ет, сүт, көкөніс сататын 5 әлеуметтік дүкендері қатар ашылды. Ағымдағы жылы «Тараз сауда-саттық компаниясы» ЖШС-нен 120 тонна ұн, 40 тонна қант, 2000 литр сұйық май және көкөністер алынып, төмен бағамен сатылды.

2016 жыл бойында 9 рет ауылшаруалығы тауарларының жәрменкесі өткізіліп, 4,5 млн тг. 10 тн. ұн өнімдері, 5,5 тн. ет, 3 тн. ма­карондар, 5 тн. көкөністер тағы басқа азық-түліктер сатылды.

Тұрғын үй-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары.

Аудан аумағында аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 161,5 шқ құрайды. Ал елді мекендердегі көшелердің жалпы ұзындығы 393 шақырым.

Ағымды 2016 жылы 2 аудандық маңызы бар «Орнек ауылына кіре беріс» 3 шақырым және «Қайынды-Согеты» 6 шақырым барлығы ұзындығы 9,0 шақырым автомобиль жолдырына 101,5 млн.тенгеге орташа жөндеу жұмыстары жұргізілді.

Аудан көлемінде 14 елді мекеннің 16 көше жолдарына ұзындығы 16,3 шақырым 140,6 млн.теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жұргізілді.

Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының бірінші бағыты аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резервінен бөлінген қаржы есебінен ағымды жылы аудан көлемінде 14 елді мекеннің 16 көше жолдарына ұзындығы 16,3 шақырым 140,6 млн.теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жұргізілді

Жол қозғалысының қауіпсіздігі бағдарламасы бойынша.

Аудандық бюджеттен бөлінген 6 дана бағдаршамды күтіп-ұстауға, жолаушылар өткелі мен жол сызықтарын сызуға, жол белгілері орнатуға 5,2 млн. теңге бөлінді.

Күзгі абаттандыру және санитарлық тазарту туралы.

Күзгі абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстарын 2016 жылдың 1 қыркүйегі мен 1 қарашасы аралығында өткізу мақсатында Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 тамыздағы №278 қаулысы шығып, газет бетіне жарияланды. Комиссия құрамы бекітіліп, іс шаралар жоспары жасалынды. Ауылдардағы тазалықты қадағалау үшін ауыл аймақтарға аудан активтері бекітіліп, аптаның жұма, сенбі күндері санитарлық тазалық күні болып белгіленді.

Жоспар бойынша 35 шақырым каналдар және арықтар, жалпы саны 213 көше, алаң, аула тазарту, абаттандыру жұмыстары бойынша: 2700 м 2 ескерткіштер аумақтарын, 1800 м 2 саябақтар аумақтарын ретке келтіру, оның ішінде: 12 дана тарихи және ҰОС ескерткіштеріне, 250 дана көше жарығы шамдарын қалпына келтіру, 2400 дана көшет отырғызу жоспарланған болатын, аталған жұмыстар толығымен орындалды.

Аудандық бюджеттен 2016 жылы елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға 26076,0 мың теңге, санитарлық тазалыққа 1842,0 мың теңге бөлінген болатын.

Құрылыс саласы

«Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Қарақыстақ ауылында 140 орындық бала бақша құрылысын салу» нысанының сметалық құны – 337 919,0 мың.тенге. Құрылыс жұмыстары 2015 жылы басталып, 2016 жылдың 25 шілдеде пайдалануға қабылданып, аудандық білім бөлімінің теңгеріміне берілді. Мердігер «Керуен-Сервис» ЖШС-і.

«Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Әбжапар ауылында 150 оқушыға арналған «Қызылту» орта мектебі құрылысын салу» нысанының сметалық құны – 396618.0 мың. тенге. Құрылыс жұмыстары 2015 жылы басталып, 2016 жылдың 25 шілдеде пайдалануға қабылданып, аудандық білім бөлімінің теңгеріміне берілді. Мердігер «Керуен-Сервис» ЖШС-і.

«Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құмарық ауылындағы Болтай Батыр орта мектебінің қазандығын газбен қамтамасыз ету» нысанның сметалық құны – 15 814,0 мың теңге. Қазандық 2016 жылдың 5 қыркүйекте пайдалануға берілді. Аудан әкімінің қаулысы бойынша білім бөлімінің теңгеріміне барлық құжаттары тапсырылды. Мердігері «ТаразВодСтрои» ЖШС-і.

Елді мекендерді сумен жабдықтау бағдарламасы бойынша

«Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Қ.Сәтбаев көшесінің бойындағы су құбыры желілерінің құрылысын салу» нысанның сметалық құны – 11 800,0 мың теңге. Құрылыс жұмыстарын 2016 жылдың 26 қыркүйекте пайдалануға қабылданды. Аудан әкімінің қаулысы бойынша Құлан ауылдық әкімшілігіне құжаттары тапсырылды. Мердігері «BBR Group» ЖШС-і.

«Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Қайынды ауылындағы су шығару имараттарымен су құбыры желілерінің құрылысы» нысанының сметалық құны -323 867,0 мың теңге. 2016 жылдың 14 желтоқсанда мердігермен «Аль-Аркаржан и К» ЖШС-гі мен келісім шартқа қол қойылды. Нысан 2017 жылға өтпелі.

«Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Луговой ауылындағы су шығару имараттарымен су құбыры желілерінің құрылысы» нысанының сметалық құны – 1190886,0 мың теңге. 2016 жылдың 14 желтоқсанда мердігермен «Асыл Тау» ЖШС-гі мен келісім шартқа қол қойылды. Нысан 2017 жылға өтпелі.

Білім саласы.

Аудан әкімдігінің білім бөлімінің құрылымдық желісінде 57 білім беру мекемелері бар: оның ішінде 28 орта мектеп (18 мектеп жанында шағын орталық), 3 негізгі мектеп, 9 бастауыш мектеп, 13 балабақша, 1 М.Төлебаев атындағы музыка мектебі, 1 Балалар мен жасөспірімдер орталығы, 1 «Өнер» мектебі және 1 Балаларды сауықтыру лагері.

Аудан әкімдігінің білім бөліміне 2016 жылы бюджеттен 5059010,0 мың теңге қаржы қарастырылды.

Ауданда 32 мектепте асхана бар, оның 18-і типтік, 14-і ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Ауданымыздың 32 мектебінде аудандағы барлық 2531 аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан оқушылар 100 % ыстық тамақпен қамтылуда. 2016 жылы оқушыларды бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін 62426,0 мың теңге қарастырылды.

2016 жылы аудандағы 40 жалпы орта білім беретін мектепке бейне бақылау орна­ту үшін 11720,0 мың теңге қарастырылып, қондырғылар орнатылды.

Аудандағы мектебі жоқ 11 елді мекендерден 633 оқушыны жақын орналасқан мектептерге тасымалдау жұмысы ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта автобустар (автобус иелерінің өз қаражатымен) техникалық бақылаудан өткізілді.

2016 жылы оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізу» бағдарламасы бойынша 86286,0 мың теңге қарастырылды. Оқулықтарды білім мекемелеріне жеткізу жұмыстары жүргізілді.

Аудан әкімдігінің білім бөліміне қарасты 56 мекеменің 14-і шағын қазандықтармен, 38-і автономды, 4-і орталықтандырылған жылыту жүйесімен жылытылады.

Аудан бойынша 27 жалпы орта білім беретін мектеп бітірушілердің жалпы саны -630, оның ішінде орыс тілінде оқытылатын оқушылар саны – 45, қазақ тілінде оқытылатын оқушы саны – 585 аяқтады.

ҰБТ-ге қатысуға ниет білдірген-479 оқушы, оның 460 қазақ тілінде, 19 орыс тілінде тапсырды. Бұл жалпы 11 сынып оқушыларының 76,0 %құрады.

ҰБТ тапсырған оқушылардың аудан бойынша орташа балы 77,9 құрады. Аудан бойынша 100 және 125 балл арасында 75 оқушы иеленді. Аудан бойынша ең жоғары балл алғандар Б.Момышұлы атындағы шағын орталықты орта мектептің оқушысы Башанов Ержан Сержанбекұлы 122 балл, №1 мектеп лицейінің оқушысы Жексенова Айжан Қуанышқызы 122 балл, Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің оқушысы Бекет Диана Арманқызы 121 балл, Қ.Сәтбаев атындағы шағын орталықты орта мектептің оқушысы Зауытбек Әйгерім Талғатқызы 120 иеленді.

Денсаулық саласы

Т.Рысқұлов ауданының тұрғындар саны тіркелуіне (РПН) қарай – 63076, оның ішінде 0-15 жас аралығындағы балалар саны -22051, жасөспірімдері -3095, ересектері – 37960. Ауданның емдеу мекемелері структурасы:

-Аудандық орталық аурухана құрамына 1 аудандық емхана, 1 Луговая ауылдық ем­ханасы, 13 дәрігерлік амбулатория біріктірілген. Дәрігерлік амбулатория құрамдарында 6 фельдшерлік–акушерлік пункт, 19 медпункт бар. Аудандық орталық аурухана 122 төсектік, ал емхана 300 келушіге арналған. Аурухана төсектерін тиімді пайдалану мақсатында 2016 жылдың 15 ақпанынан бастап емдеу және жүйке аурулар бөлімдері, перзентхана мен жүкті әйелдер бөлімдері төсектеріне өзгеріс енгізу арқылы 6 төсек қысқартылды, оның 2 төсегі Юбилейное ДА–на берілді, барлығы бастапқы емдеу мекемелерінде барлығы 77 күндізгі емдеу төсектері бар.

Аудан емдеу мекемелерінде 88 дәрігер және 449 орта буынды медицина қызметкері жұмыс істейді. Жұмыс істейтін дәрігерлердің 35 пайызы санаттылар.

2016 жылға жалпы аурухана бюджеті – 1 млрд 261 мың 231 теңге, оның ішінде медициналық көмектің тегін кепілдендірілген көлемін көрсету үшін 1 млрд 184 мың 584 тг қаржы белгіленген. Емдеу мекемелерін медициналық мақсаттағы құрал жабдықтармен жарақтандыру үшін 85 млн 868 мың тг қаржы қарастырылып, толық игерілді, бүгінгі күнге 1 санитарлық УАЗ машинасы, ЭКГ аппараттар-2 дана, перзентханаға – нәрестелер реанимациялық столы, лабораторияға анализаторлар (тропонин санын анықтайтын, гематологиялық, қан құрамында электролиттерді анықтайтын, биохимиялық), холтер аппараты алынды. Жедел жәрдем бөліміне реаномобиль алуға 18 млн теңге бөлініп, жеңімпаз анықталды, реано­мобиль қараша айында алынды.

Нәтижесінде аудандық денсаулық сақтау желісінің жарақтандыру көрсеткіші биылғы жылы 74,8 % жетіп, 2015 жылмен(61,9 %) салыстырғанда өсім 12,9 % құрады.

Әлеуметтік саласы.

«Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі әлеуметтік салаға қатысты жарлықтары мен қаулыларын, Қазақстан Республикасы Президентінің кедейшілікпен жұмыссыздыққа қарсы күресті күшейту туралы тапсырмасына сай бағытында жұмыстар атқаруда. Аудан әкімінің, маслихаттың қабылдаған қаулы шараларын орындау барысында жұмыстар атқарылуда. Бұқаралық ақпарат құралдарында әлеуметтік салаға қатысты 3 мақала жарияланды.

«Әлеуметтік көмек көрсету» секторы

  1. Аудандағы тұрғындардың саны – 70021 адам
  2. Жан басына щаққандағы бір айдағы табыстары кедейлік деңгейіне жетпейтіндер – 107 адам
  3. Кедейліктің деңгейі – 0,2 пайыз

«Жұмыспен қамту» секторы

Жыл басынан жұмыспен қамту секторына 2113 азамат жұмыссыз ретінде тіркелді. Оның ішінде 1736–і жұмысқа орналасты. Ақылы қоғамдық жұмыстарға жыл басынан 311 азамат жұмысқа тартылды.

Облыстық және республикалық бюджет есебінен әлеуметтік жұмыс орындарына 122 азамат жұмысқа жіберілді.

Жергілікті және республикалық бюджет есебінен жастар тәжрибесіне 227 азамат жұмысқа жіберілді.

Аудан бойынша 409 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Бүгінгі күнге жалпы жұмыссыздар 348 адам, ресми жұмыссыздар 30 адам, жұмыссыздық деңгейі 1,0 пайыз. Тіркелуге қайырылған азаматтардың жұмысқа орналасу пайызы 82,2.

Жыл басынан мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ішінен 91 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысты, оның ішінде тұрақты жұмысқа 40 азамат, уақытша жұмыс орындарына 42 азамат жіберілді және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының II бағыты бойынша 9 азамат микрокредит алды.

Елбасының халыққа Жолдауын насихаттау.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы мен 5 институционалдық реформа «100 қадам» стратегиялық бағдарламасын халық арасында түсіндіру мақсатында Т.Рысқұлов ауданында 25 адамнан тұратын 5 ақпараттық топ құрылып, бекітілген кестеге сай ауыл аймақ тұрғындарымен кездесулер өткізуде.

Ақпараттық топ мүшелері қажетті ақпараттық-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілді. Ағымдағы жылы АТ-тың елді-мекендерде 8 рет шығуы ұйымдастырылып, 160 кездесу, 27 жиын, 29 дөңгелек үстел отырыстары өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шараларға 20 мыңға жуық адам қамтылды.

Жастар саясаты саласындағы жұмыс

Жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында «Жастар орталығының» аппаратында директор, директордың орынбасары, 1 аға кеңесші, 1 заңгер, 1 психолог, ауылдық округтерде жастармен жұмыс ұйымдастырушы 14 кеңесші жұмыс істейді. «Жастар орталығы» КММ-нің жанынан жастардың түрлі сұрақтары бойынша кеңес ала алатын сенім телефоны жұмыс істейді.

Жастар саясатына 2016 жылы 21 млн 630 мың теңге («Жасыл Ел» бағдарламасына облыстық трансферттен 941 мың теңге қаржы) бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Материалдық-техникалық базаны нығайту бойынша 2017 жылдың бюджетіне өтінім берілді.

Мәдениет саласы.

Аудан халқының мәдени, рухани талап-тілегін қанағаттандыру жолында аудан бойынша 1 аудандық мәдениет үйі, 1 кинотеатр, 1 жылжымалы автоклуб, 5 халықтық атағы бар өнер ұжымдары, 7 ауылдық мәдениет үйі, 12 ауылдық клуб халыққа мәдени қызмет көрсетеді.

Мәдени-көпшілік жұмыстарын ұйымдастыруда ауданымызда 4 мәдени орталық, 50 үйірме, 10 әуесқой клуб, 1 «Тамаша» ойын-сауық отауы, 2 фольклорлық ансамбль жұмыс атқарып отыр.

Мәдениет ошақтарында тұрғындардың сұранысы бойынша ақылы қызметтің деңгейін көтеру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда. 2016 жылдың 12 айында 733 мәдени іс-шара өткізіліп, көрермен саны 76104 құрап 1482,0 мың теңгенің ақылы қызметі көрсетілді. Көпшілік мәдени іс-шара өткізуге 4 млн теңге мақсатты жұмсалынды.

Өткізілген мәдени көпшілік іс-шараларға келер Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Ақыртөбе, Тереңөзек, Өрнек, ауылдық кітапханаларында «Тәуелсіздік – шұғылары таңдарым» атты поэзия сағаттары, аудандық орталықтандырылған кітапханасында «Ұлт жоспары. 100 нақты қадам» атты ақпараттық сағаттар, Құмарық ауылдық мәдениет үйі мен кітапханасының ұйымдастыруымен «Егемен елдің жемісті – 25 жылы» атты әдеби сазды кеш, Қарақыстақ ауылдық мәдениет үйімен кітапханасының ұйымдастыруымен Ә.Бөкейхановтың 150 жылдығына орай «Алаш қозғалысы мен ұлт зиялылары» атты дөңгелек үстел, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Жыр алыбы – Жамбыл» атты көркем сөз оқу шеберлерінің байқауы және тағы да басқа көптеген іс-шаралар өткізілді.

Кітапханалардың кітап қорын отандық және әлемдік классиканың туындыларымен қазіргі заманғы жазушылардың кітаптарымен мерзімді басылымдармен толықтыру бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша жалпы кітап қоры 199210 дана, оның ішінде мемлекеттік тілдегісі 120871 дананы құрайды

Спорт саласы.

Ауданда спортты дамытуда 52 дене шынықтыру ұжымы жұмыс жасап, оның ішінде 30 орта білім беру мектебі, 1 спорт клубы, 1 кәсіптік білім беру мекемесі, 15 ауылдық аймақтар, 1 арнайы орта білім беру мекемесі, 4 әскер бөлімі, 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс атқарады.

Ауданда дене шынықтыру және спорт жұмыстарын жүргізу үшін стандартқа сай 1500 адамға арналған К.Бекебаев атындағы орталық стадион, 131 спорт алаңдар, 34 спорт залдар халыққа қызмет атқарады. Оның ішінде 26 спорт зал орта білім беру мекемесі есебінде. Ауданда Е.Ыбрайымов атындағы және И.Байрамуков атындағы екі спорт мектебінде спорт ойындарының 12 түрінен/футбол, волейбол, еркін күрес, грек рим күресі, дзюдо,шахмат, бокс, тоғызқұмалақ, қазақша күрес, стол үстіндегі теннис, гир көтеру, шахмат/ 1200 жасөспірімдер мен жастар спорт үйірмелеріне қатысады.

Аудандық терроризмге қарсы комиссиясының 2016 жылдың 12 айында атқарған жұмыстары туралы

Қазіргі кезде аудан аумағында жалпы адамдар көп жиналатын 44 осал нысан толығымен паспортталды. Террористік тұрғыдан осал нысандарға ҰҚК қызметкерлерімен өзара іс-қимыл жасау мақсатында, Т.Рысқұлов аудан аумағында үнемі командалық-штабтық, жедел тактикалық жаттығулар жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес, Т.Рысқұлов ауданында 31 мұсылман діни бірлестіктері ҚМДБ филиалы, 1 христиан діни бірлестігі – («Евангельские христиано-баптисты») жұмыс істейді.

Бүгінде мешіттерде 26 имам жұмыс атқарады. Әтібек, Мұрат баба, Күнту, Жақып, Қалқабай ата мешіттерінде имам жоқ. Имамдардың 1-уі жоғары білімді, 4-і ме­дресе бітірген. Барлығы 26 имам білімін жетілдіру курстарынан өткен.

Мемлекеттің дін саясаты мен қолданыстағы заңдылықтарды түсіндіру мақсатында аудандық деңгейде 1, елді мекендерде 15 ақпараттық-түсіндіру тобы құрылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

2016 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 4 кезекті отырысы өткізіліп, 2015 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы, аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің және мәдениет, тілдерді дамыту бөлімі, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы аудан әкімдігінің ауылшаруашылық бөлімі, «Нұр Отан» партиясы Т.Рысқұлов аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық Кеңестің төрағасы, Әділет басқармасы басшыларының есептері тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды басшыларының есептері тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында, аудан әкімі, әкімдігі және ауылдық округ әкімдерінің қабылдаған нормативтік құқытық актілеріне ай сайын мониторинг жүргізіліп, заңдылығы тұрақты тексеріліп, мониторинг нәтижесі облыстық Әділет органдарына жолданды.

Аудандық мемлекеттік мекемелер мен ауыл округі әкімі аппараттарының қызметкерлерінің, ҚР заңдарын қатаң сақтау және оған деген құрмет сезімін тәрбиелеу, тәртіптілік пен құқық тәртібін арттыруға байланысты іс-шаралар қабылданған.

Аудандық ішкі істер бөлімінің Жергілікті полиция қызметінің жеке құрамымен ағымдағы жылдың 12 айында аудан аумағында құқық бұзушылықтардың алдын-алу, ескерту, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді нығайту, аудан аумағында қылмыстың жалпы жағдайы мен жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында кешенді іс-шаралар ұйымдастырылып өткізіліп отырды.

Осы аталған мерзім ішінде аудан аумағында «Құқықтық тәртіп», «Қауіпсіз жол», «Жасөспірім», «Есеп», «Автобус», «Учаске», «Борышкер» және т.б. жедел алдан-алу іс-шаралары өткізіліп, қылмыс пен басқа да құқық бұзушылықтардың алдын-алуға ықпал етіп, өз нәтижелерін беріп отырды.

Орын алған қылмыстар мен жол-көлік оқиғаларына талдау жасалып, мұндай аймақтарда барлық жеке құрамды тарта отырып, локалдық жедел алдын-алу іс-шаралары жүргізілді. Іс-шаралар барысында жеке құрамның қызметі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстың алдын-алу, орын алған қылмыстарды ашуға бағытталды.

 

Жүргізілген алдын-алу жұмыстарының нәтижесінде аудан аумағында жалпы-447 (2015 ж. 498) қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркеліп, жалпы қылмыс-10,2 пайызға төмендеді. Қылмыстардың жалпы ашылу пайызы 54,9 % құрады ( 2015 ж. 54, 7 %).


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта