home
home home

Ауыл әкімдерінің есептері

Ауыл әкімдері есеп береді

Құлан ауылдық округінің әкімі А.Мамырбаевтың есебі

Ауыл тұрғындары ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен, мемлекеттік мекемелерде, кәсіпкерлікпен т.б. қызметтермен айналысуда. Жұмыссыздық тізім бойынша 92 тұрғын бар, ресми тіркелгендер 3 адам. Жалпы жұмысссыздыққа тіркелгендер саны 542 адам оның ішінде жұмысқа орналасқандар 408  адам, 15 студент жастар тәжірибесімен, 90 адам  ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды  41 адам кәсіби даярлыққа оқуға жіберілді.

Құлан ауыл аймағындағы салық  бойынша,  1212,4 теңге, оның ішінде мүлік салығы 508,900 теңге жинау керек болса, бүгінгі күнге яғни 559,400 теңге жиналып  жылдық жоспар  109,9 пайыздан аса орындалды, жер салықтың жылдық жоспары 703,500 тг. болса жиналғаны 707,600 теңге,жылдық жоспар 100,6 пайыздан артылып орындалды.

Ауылдық округіміздің негізгі өндірістік саласының бірі – ауыл шаруашылығы болып табылады. Құлан ауылдық округінде жалпы жер көлемі  53536  гектарды құраса, оның ішінде  ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі  42955 гектар жер. Егістікті жер көлемі 9430 гектар, оның ішінде суармалы 589 гектар жер, жайылым 33565 гектар жер. 2014 жылы 8481  гектар жерге дәнді – дақылдар себіліп, яғни 89 пайыз игерілді. 2014 жылдың жылдық қорытындысы бойынша, себілген дақылдарды жинау, мал азығын дайындау науқаны ұйымшылдықпен басталып, орақты табысты аяқтап, күздік бидайдан әр гектардан 10,2центнерден өнім алынды. Арпадан әр гектардан 8,7 центнерден өнім алынды. Одан басқа сафлор, жоңышқа, көкеніс және мал азықтары да ойдағыдай өнім берді.  2015 жылдың өніміне 2728,5 га жерге күздік бидай себілді.

Құлан ауылдық округі бойынша 89 көше бар. Оның 56 көшесінде электр жарығы орнатылған. Барлығы 959 шам. 2014 жылы 21 көшеге электр жарығын жүргізуге сметалық құжаттамалар дайындалды.

Құлан ауылындағы 47 көше асфальттанған, қалғанына шағыл тас төселінген. Құлан ауылдық округінде Сұлутөр, Сейфуллин, Ұлтарақов, Т.Смайлов және Құланның кіре берісіндегі бейітке барар жол асфальттанды.  2014 жылы, Ж.Үмбетұлы, Бектенбай көшелері асфальттанды және Бауыржан Момышұлына шағыл тас төселінді. Орталық Құлан базарының алдындағы жолға асфалть төселініп қалпына келтірілді.

Ауыз су мәселесі бойынша «Құлан – Тазалық» мекемесі Құлан Қарақат және Шөнгер ауыл тұрғындарына үздіксіз ауыз суды беруде. Бүгінгі күнге орталықтандырылған су жүйесімен ауыз су тұтынатын барлығы  2065 тұрғын үй пайдалануда. Басқа тұрғын үйлер 8 ав­тономды су мұнараларынан қамтамасыз етілген. Қ.Сатпаев, С.Жамбылов және Джерзинский көшесіндегі су мұнараларын қо­сымша «Құлан – Тазалық» мекемесінің балансына алынып, күр­делі жұмыстар жүргізіліп іске қосылды. «Ақбұлақ бағдарламасы» бойынша Құлан ауылындағы Сатпаев көшесінің ауыз су жүйесінің құрылысын жүргізу нысанына аудандық сәулет, қала құрлысы және құрылыс бөлімінің жобалау-сметалық  құжаты дайын. «Қол жетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасының іске асырылу барысында Құлан ауылындағы «Арай» тұрғын үй алқабына мердігер «АлуанХХІ» ЖШС-і су құбыры желілері жүргізіп, нысанды 2014 жылдың 31 қазанында мемлекеттік қабылдау комиссиясына өткізіп, «Құлан-тазалық» теңгеріміне өтті.

Қарақат және Шөңгер ауылдарынан балалар ойнайтын алаңдар орнатылып халық игілігіне пайдалануға берілді. Ұлы Отан Соғысы, ауған соғыс ардагерлеріне және ауданның құрметті азаматтарының тұрғын үйлеріне тақта белгісі қойылды. Құлан ауылындағы орталық базар алдына абаттандыру мақсатында, темір шиттер орнатылды. Оқушы балалардың оқу кезеңінде мектептеріне келіп кетулеріне қолайлы жағдай жасалып, Шөңгер-Құлан, Құлан-Шөңгер бағыты бойынша оқушылар тасымалданды. Құлан ауылының Панфилов көшесіндегі 4 көп пәтерлі үйлердің шатырлары ауыстырылып, жылу жүйелері жаңаланды. 240 метрлік кәріз жүйелері ауыстырылды. Жаңа резервтік отқазандық сатып алынып, орнатылды. Құлан ауылы кәріз коллекторын қайта жаңғарту және тазалау ғимараттарының құрылысын салу жұмыстарын «ТаразДос» ЖШС-і жүргізіп толықтай пайдалануға тапсырды. Ю.Гагарин атындағы шағын орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 

Құмарық  ауылдық  округінің  әкімі М.Жайлыбаевтың  есебі

 

Құмарық ауылдық округінің әкімі  әкімдік аума­ғында 614 отбасында 3670 адам тұрады. Округ бой­ын­ша 2 орта мектеп,1 балабақша, 1 ересектер, 3 ба­­ла­­лар кітапханасы, мәдениет үйі, пошта және дәрі­герлік емхана халыққа қызмет етеді. 2014 жылдың қыркүйегінен бастап Өнер  мек­тебі ашылып, өз жұ­мыстарын  жүгізуде. Құмарық, Қаракемер, Алғабас ауыл­дарында құрамында 11 адамнан тұратын ақса­қалдар алқасы жұмыс істейді.

18 жасқа дейінгі көп балалы аз қамтылған отба­сыларға жәрдемақы тағайындау комиссиясының қо­ры­­­тын­дысы негізінде құжаттар аудандық жұмыспен қамту бөліміне өткізіліп, қосымша зерделеніп, 1 тоқсанда 52 отбасының 172 баласына – 1 млн 150 мың теңге, 2 тоқсанда 49 отбасының 218 баласына -1 млн 150 мың теңге, 3 тоқсанда 54 отбасының 225 баласына –1 млн 150 теңге берілді. Аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек: – 1 тоқсанда 3 отбасына 130 мың теңге, 2 тоқ­санда 4 отбасына 110 мың теңге, 3 тоқсанда 4 отба­сына 110 мың тенге, 4 тоқсанда 4 отбасына 110 мың теңге берілді.

«Өрлеу»  бағдарламасы  аясында  ауылдан  19 адам жұмысқа тартылды.

Денсаулығына байланысты мүгедектік алған қам­қорлық қажет ететін қарттарға округ бойынша бір әлеуметтік қызметкер қызмет жасайды. Бүгінгі таңда ауылымызда 1-2 топтағы 44 адам, 3-топтағы 32 адам бар.

2014 жылдың жер салығы 101,9 пайызға  және мүлік салығы 106,2 пайызға орындалды.

Бүгінгі күні ауылымызда 83 шаруа қожалығы бар.

Аймақ бойынша 12723 га егістік алқап, оның ішінде 405 гектары суғармалы жерлер.2014 жылы 19 шаруа қожалық 5291 га алқапқа күздік бидай, 22 шаруа қожалық 3899 гектар жаздық арпа, 100 га майлы дақыл мақсары, 129 га жаңа жоңыршқа, 6,6 га сәбіз дақылдары егілді.Егілген күздік бидайдан 9,2 ц  га арпадан 9,8 га мақсары 5,0 га өнім жиналды.

Округ бойынша ірі қара 2510 бас, қой 29699 бас, ешкі 4722 бас, жылқы 1453 бас, құстар 4671 дана бар.

Биылғы жылы ауылшаруашылық  малдарын бір­дей­лендіру бойынша 10000 бас қойға, 500 бас ірі қараға, 600 бас жылқыға сырға салынды .

2014 жылы жергілікті бюджет есебінен бекітілген жоспарға сәйкес 12 млн 027 мың тенге,  балалар тасы­малына – 1млн 618 мың , көше жарықтандыруға 1 млн. 201 мың, көшелерді тазарту және күл-қоқыс­тарын шығаруға – 315 мың тенге,  елді мекендерді кө­гал­дандыруға – 360 мың тенге, “Өңірлерді дамыту” бағдарламасы аясында  3 млн 692 мың тенге бөлініп отыр.

Болтай батыр атындағы орта мектепте 655 оқушы білім алуда. Мектеп ішінде елу балаға арналған шағын орталық және бокс залы жұмыс істейді. Сонымен бірге, дзюдо үйірмесін жүргізуге екі бөлме жөндеуден өткізіліп, қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілуде.

Алғабас ауылындағы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектепте оқушылар саны – 134. Мектепке дейінгі балалар тәрбиесі бойынша «Балдәурен» балабақшасында 25 бала тәрбиеленуде.

Ауылда 25 адамға арналған дәрігерлік емхана жұмыс істейді.

Алғабас ауылында фельдшерлік  пункт ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуде.

Ауылда 420 орындық мәдениет үйі жұмыс істейді және округ бойынша  — 4 кітапхана бар.

 

Өрнек ауылдық округінің әкімі Б.Ақүрпековтың есебі

 

2014 жылы мүлік салығы бойынша берілген  жос­пар 40,6 мың тенге, жиналғаны 65,4 мың теңге. Жоспар 161,5 пайызға орындалды. Жер салығы бойын­ша берілген жоспар 703 мың теңге, жиналғаны 709 мың теңге. Жоспар 101 пайызға орындалды.

Айлықтар кезінде аймақ бойынша 2400 түп қара тал отырғызылып, 4200 түп тал әктелді. Көше бойындағы 500 дана электр бағандары сырланып әктелді. 420 шаршы метр гүлзар күтіліп бапталды.

Жарлысу және Әбжапар ауылдарындағы артезиан құдығын жөндеуден өткізу үшін 780 мың теңге қарастырылып, ағымдағы жөндеу жұмыстары толық атқарылды.

Өрнек ауылындағы ҰОС-ның құрбандарына ар­налған ескерткіш аумағы қоршалып, темірлері сыр­ланып, ауласы ретке келтірілді. Аймақтағы екі ес­керт­кіш мектеп оқушыларының күтіміне алынған.

Аймақта 128 шаруа қожалығы егін және мал шаруашылығы бойынша тұрақты жұмыс істеуде.

2014 жылы аймақ бойынша  58 Ш/Қ 2687,6 га жерге күздік бидай, 5270,4 га жаздық арпа, 2902 га жерге мақсары, 79,7 га жерге көпжылдық шөп, 8,0 га жерге көкөніс дақылдары егілді.  2015 жылдың өніміне 1951 га жерге күздік бидай егілді.  Аймақ бойынша 2 жы­лы­жай жұмыс істеп тұр.

Өрнек ауылдық округі бойынша 1 мал дәрігерлік пункт ашылып, заманауи керекті құрал-жабдықтар­мен  және автокөлікпен қамтамасыз етілген. 14 кәсіби мал дәрігерлер   ветеринарлық іс-шаралар жүргізіп отыр.

Мемлекет тарапынан 34 шаруа қожалық 11 млн 721 мың теңге субсидия алды.

2014 жылы Өрнек ауылындағы Темірбекұлы көше­сіне 1,2 шақырымға және Жарлысу ауылы, Тастанбек көшесіне 1,8 шақырымға облыстық бюджет есебінен, Өрнек ауылындағы Амангелді көшесі мен Абай көшесінің арасындағы 2 шақырым жолға демеушілер есебінен тас төсеп, тегістеу жұмыстары атқарылды.

Мектептердегі асханаларда 418 бала бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылды.

Екі мектептегі толық күнді шағын орталықтарда 75 бала тәрбиленіп отыр. «Алғабас» шағын орталықты орта мектебінен 1 топ ашылды.

120 отбасыдағы 425 балаға 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысына арналған 7 млн. 625 мың теңге жәр­демақысы төленді. Тұрмыс деңгейі кедей­шілік дең­гейінен төмен  9  отбасыға  764 мың теңге жәр­демақы тағайындалып төленді. 4 отбасыға 12 адам­ға 61 мың теңге демеушілер тарапынан қайырым­дылық көмек көрсетілді.

«Өрлеу» пилоттық жобасы бойынша 18 отбасына 5,4 млн теңге қаражат берілді. Қайта даярлау курстарынан 6 азамат өтті.

“Жұмыспен қамту-2020” бағдарламасы ІІ бағыты бойынша 2014 жылы 14 азамат 30,8 млн. теңге мал шаруашылығы бойынша несие алды.

 

Ақыртөбе ауылдық округінің әкімі М.Тасыбаевтың ЕСЕБІ

Ақыртөбе ауылдық округіне  қарасты  2 орта мектеп, 2 кітапхана, колледж, пошта, медпункт, дәрігерлік амбулатория,  орманшарушылығы мекемесі, Малдыбай ауылында орналасқан астық сақтау қоймасы,  жерасты газ сақтау қоймасы, теміржол ПЧ,СЧ,ЕЧ бөлімшелері, Теміржолсу-Шу мекемелері халыққа қызмет көрсетіп келеді. Осы мекемелерде ауыл тұрғындарының басым көпшілігі жұмыс істейді.

Ақыртөбе орта мектебіне Республикалық бюджеттен 118831,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 13203,0 мың теңге бөлініп қазіргі заманға сай күрделі жөндеуден өтті. Ақыртөбе дәрігерлік амбулаториясына көгілдір отын кіргізілді.

Қазіргі кезде  «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Малдыбай ауылы, Жеңіс көшесіне 1417,18 мың теңгеге балалар ойын алаңын салу үшін, 895,41 мың теңгеге Ақыртөбе ауылы, Ақыртөбе көшесінің қалған бөлігіне көше жарығын орнату үшін, 896,41 мың теңгеге Көктал көшесін жарықтандыру үшін жобалық сметалық құжаттары дайындалып, бюджеттен қаржыландыру үшін ұсынылып отыр.

2014 жылы округ бойынша жеке тұлғалардың жер салығы – 102,5 % — ға,  мүлік салықтардың жиналуы 103,9 % орындалды.

Аймақ бойынша тіркелген 3251 адамның 102 отбасына  18 жасқа дейінгі жәрдемақы, 4 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша 4 адам несие алып, жеке шаруаларын дамытуда.

«Ақыртөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2014 жылғы бюджеті 18116,0 мың теңгені құрады. Бөлінген қаражаттар өз мақсатында толық игерілді.

Ақыртөбе орта мектебінде 583 оқушы білім алуда. Ыстық тамақпен 77 оқушы қамтамасыз етілген. Ауылдағы «Болашақ» балабақшасында  65 бала тәрбиеленуде. 11 адам жұмыс істейді. Балабақша кезегінде 69 бала тіркелген.

2014 жылы көктемдік және күзгі екі айлықта  855 түп тал отырығызылды, 1200 түп тал әктелінді.      Учаскелік полиция инспекторлары өз деңгейінде жұмыс істеп, халық алдында есеп берді. Әкімшілік қызметкерлерімен учаскелік полиция қызметкерлері бірігіп қылмыстың алдын алу мақсатында түнгі рейдтер жүргізіп, жұмыстар атқарылуда.

Ақыртөбе ауылдық округі бойынша 21 шаруа қожалық тіркелген. Шаруа қожалықтар егін, мал және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысады.        Егін шарушылығы бойынша 637,5 га бидай егіліп, алынған өнім 5802 ц, 912 га арпа егіліп, алынған өнім  8236 ц, 386 га сафлор егіліп, 500 центнерден өнім алынды. 774 га күздік бидай себілді.

 

Новосель ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы М.Бекбосынованың есебі

 

Новосель ауылдық округінде 2 елді мекен Юбилейное және Әбілхайыр ауылдары орналасқан. Ауыл тұрғындары негізінен мемлекеттік мекемелерде және ауылшаруашылық саласында қызмет етеді.

Ауыл аймақта “Подгорный” АҚ-ы, “Ұлы Сұлтан” жауапкершілігі шектеулі  серіктестігі, “Юбилейное-Подгорненский” жауапкершілігі шектеулі  серіктестігі және 3 ұсақ шаруа қожалығы жұмыс істеуде. Барлығы 21463 га егістік алқап бар. 2014 жылы аймақ бойынша 4640 га күздік бидай егілді. Ал парға 5900 га жер дайындалып, жыртылды. Қыстық мал азығын дайындау бойынша биылғы жылға 3490 тн. шөп, жоңышқа, сабан дайындалды. Сондай-ақ, “Ұлы Сұлтан” ЖШС лизингімен 2 шетелдік дала егіс жұмыстарына арналған техникалар алды.

Қазіргі күнде ауылымызда 611 бас ірі қара, 6456 бас қой-ешкі, 228 бас жылқы, 167 бас шошқа, 2600 бас құстар бар. Малдардың төлдерін бірдейлендіру жұмысы бойынша 2014 жылы 3000 сырға алынып, барлығы салынды.

Ветеринарлық  іс-шаралар жұмыстарын лицензиялық мал маманы атқарып жүр. Ауыл аймағы бойынша 1 сібір жарасының ошағы тіркелген. Оның орны қоршалып, бетондалды.

Ауылдық округте 1 мектеп, 1 шағын орталық жұмыс істейді. 142 оқушы бір мезгілде тегін ыстық тамақ ішуде. Әбілхайыр ауылынан 25 оқушы бюджет есебінен тасымалдануда.

Ауыл орталығынан 300 орындық мектептің құрылысы басталды.

Дәрігерлік амбулаторияда 9 қызметкер қызмет көрсетеді. Бала  мен ана өлімі жоқ. Юбилейное ауылы бйынша 10 көше бар, оның 5 көшесінде электр жарығы орнатылған. Барлығы 40 шам. Абылхайыр ауылы бойынша 4 көше бар, 2 көшесінде электр жарығы орнатылған, барлығы 8 шам.

Юбилейное ауылында Үкімет бағдарламасымен жаңа су жүйесі жүргізіліп, іске қосылды. Мүлік салығына белгіленген жоспар 20750 теңге, жер салығы бойынша 36065 теңге. Барлық мүлік және жер салығы 100 пайызға орындалды.

Кедейшілікпен, жұмыссыздықпен күрес бойынша аймаққа бөлінген қаржының бәрі түгелімен игеріліп отыр.

Ауыл округі бойынша 2014 жылы 12 адам ақылы қоғамдық жұмыстарда істеді, ал 22 адам тұрақты жұмысқа қабылданды, оның бәрі нысаналы топтардан болды.

 

 

Луговой ауылдық округінің әкімі

Е. Абуталиповтың есебі

 

Т.Рысқұлов ауданындағы өндірісті әрі өзіндік ерекшелігі бар Луговой ауылының жер көлемі 1768 га. Ауылда 22 мекеме орна­ласқан, оның 12-сі теміржол мекемелері. Ауылымызда бүгінгі күні 2338 отбасы 10 379 аса адам тұрады.

Ауыл тұрғындарының жеке меншігіндегі мал санын зерделе­сек, ірі қара1394 бас, қой мен ешкі 6498 бас, жылқы 163, шошқа 115, құстар саны 2305болып тіркелген. 2013 жылмен салыстырғанда ірі қара 50 басқа, қой мен ешкі 1012 басқа артқан.

2014 жылы ауылдық округі бойынша 161 адам тұрақты жұмысқа орналасты. 24 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. 86 адам маусымдық жұмыстар атқарды.

Тұрмысы өте төмен 12 отбасында 57 адам тұрады. Яғни, ке­дей­шілік деңгейі 1,0  пайызды құрайды.

Жыл басынан аз қамтылған отбасыларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 24 отбасына   2154000 теңге, 18 жасқа дейінгі ба­­ла­ларға арналған жәрдемақы 320 отбасына 16478000 теңге тө­ленді.“Өрлеу”бағдарламасы бойынша 39 отбасына 10125936 теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Луговой ауылдық округі әкімінің аппараты коммуналдық мем­лекеттік мекемесіне 2014 жылға бекітілген бюджет –32693,0 мың теңге құрады.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде өңірлердің экономикалық дамуына жәрдемдесу бойынша шараларды іске асы­руға Республикалық бюджеттен 9652,0 млн. т. қаржы бөлініп, 23 жоба іске асырылды.  2014 жылғы бюджет  100 %-ға орындалды.      Т.Рысқұлов аудандық салық басқармасының есептеп берген жылдық міндетті 2014 жылдың жоспарына сәйкес ауылдық округі бойынша 689,2 мың теңге жиналу тиісті. Бүгінгі күнге 772,8 мың теңге жиналған, оның ішінде – мүлік салығы 119,4 пайызға,  яғни 390,1 мың теңге, жер салығы 105,5 пайызға яғни 382,7 мың теңге, берешек 100,0 пайызға яғни 1,8мың теңге орындалып отыр.

Луговой ауылдық дәрігерлік емханасында қазіргі кезде 8 дәрігер, 3 жас маман және 21 мейірбике жұмыс істейді. Емхана қажетті кабинеттер мен құрал жабдықтармен толық  қамтамасыз етілген.

Т.Рысқұлов атындағы орта мектепте 1033 оқушы,  М.Горький атындағы орта мектепте 723 оқушы, Т.Әубәкіров атындағы негізгі мектепте 234 оқушы білім алуда.

М.Горький атындағы орта мектепте орналасқан «Балбөбек» балалар бақшасында қазіргі уақытта 171 бала тәрбиеленуде. Сонымен қатар ауылда1- ші қыркүйекте 280 орындық «Алтын – сақа»  балабақшасы қолданысқа беріліп, жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта 280 бала тәрбиеленуде. Жалпы саны 73 қызметкермен қамтамасыз етіліп, соның ішінде 32 педагог жұмыс атқарады. Үш мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

Ауылдағы жолдардың жалпы ұзындығы  72 шақырым. Ауыл ішіндегі жолдардың жалпы ұзын­дығы 52 км, оның  ішінде 5 көшеге шағал тас төселіп, ағымдағы жөндеуден өтті.  Аудан әкімінің қолдауымен, аудандық бюджеттің қар­жы­ландыруымен М.Мәметова көшесі асфальттанды.

Сонымен қатар, осы жылы әскери қалашықта фельдшерлік амбулаториялық емхана, жеке меншік моншасы қолданысқа берілді. Орталық монша күрделі жөндеуден өтіп, қолданысқа берілмек. Осы жылы Луговой ауылындағы мәдениет үйіне ағымдағы жөндеу жұмысына ЖСҚ дайындалып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Өңірлерді газдандыру бағдарламасы аясында облыс әкімінің қолдауымен ауылымызға 2012 жылдың қараша айынан табиғи газ құбырын жүргізу жұмыстары басталып, 2013 жылы шілде айында Луговой ауылында мердігер «Акбарс Строй» ЖШС жұмыстарын аяқтап, ауылға газ берілді. Бүгінгі күнге Луговой ауылына 511 үйге от қазандығына газдандыру жұмысы жүргізілді.

Еліміздегі «Ауыз-су бағдарламасы» бойынша 2012 жылы Луговой – елді мекеніндегі жер асты су қорын анықтау мақсатында 2 артезиан скважинасы қазылып, су шығарылды. Алдағы жылдары жаңа екі су беру станциясының және құбыр тарту жұмыстарының  құрылысы жоспарда тұр.

 

Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі Н.Жамалбековтың есебі

 

Жаңатұрмыс ауыл аймағында екі елді мекен бар. Ауыл аймағында тұратын халықтың жалпы саны – 2615 адам. Түтін саны- 407, шаруа қожалық саны-122.

Округ бойынша 1 мешіт бар. Жаңатұрмыс ауыл аймағы негізінде егін  және мал шаруашылығымен айналысады. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша көшелер бойына және  5 көше бұрылыстарына жарық шамдары орнатылды.

2014 жылдың 12 айына  мүлік салығы — 42828 тг. және жер салығы 253553 теңгеге орындалды.

Ауыл аймақта 1 орта мектеп, 1 шағын орталық жұмыс істейді. 2014 оқу  жылында  Қ.Сәтбаев атындағы орта мектепте 438 оқушы білім алып , 68 мұғалім дәріс береді. Жас мамандарды жұмыспен қамту мақсатындағы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында мектебімізге жас мамандар қабылданды.

Ауылдағы дәрігерлік амбуллаторияда, 1 білікті дәрігер, 6 медбике жұмыс атқарады. Амбулаторияда  1 медициналық көмек көрсететін автокөлік бар.

2014 жылы “Жұмыспен қамту –  2020 бағдарламасы” бойынша  3 жұмыссыз жеке тұлға мемлекеттен 5100 мың теңге несие алып,  мал шаруашылығымен айна­лысуда.

Мал шаруашылығы бойынша ірі қара 930 бас оның ішінде аналығы 404 бас, қой барлығы 8166, оның ішінде 3309 бас аналық,ешкі – 1092 бас,  жылқы – 735 бас, құс – 1546. Былтырғымен салыстырғанда мал басы – 102 пайызға өсті.

Көріктендіру, көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалық  жұмыстары бойынша  жоспары бекітіліп, әктеу, бұтау, көшелерді тазарту, сырлау жұмыстары толығымен жүргізілді.

Байланыспен қамтылған 1  пошта  бөлімшесі халыққа қызмет көрсетеді.

Ауылдық округтің  елді екендеріне  ауыз  су жүйесі­нің жоба-сметалық құжаттары дайындалып, мем­ле­кеттік сараптамада шешімін табуда. Елді мекендерінде газ құрлысын жүргізу үшін жерге орналастыру жобасын дайындауға 2013 жылы 1 млн 600 мың теңгеге қаражат аударылып толығымен игерілді.

Республикалық бюджеттен «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 2353 мың теңге бөлініп, орталықта орналасқан саяжайды қоршап абаттандыру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз.

 

Тереңөзек ауылдық округінің әкімі М.Мұсаевтың есебі

 

Тереңөзек ауылы, Исаев көшесінің жолын жөндеу үшін 18149,07млн. тенге бөлініп,  1,4 шақырым жол күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Көкарық ауылындағы бастауыш сынып мектебінің шатыры ауыстырылып, асханасы жөндеуден өтті.

Тереңөзек ауылдық округінде 110 шаруа қожалық тіркелген. Биылғы жылғы ауа райының қолайсыздығына қарамастан Тереңөзек ауылының шаруа қожалықтары ылғалды сақтау технологиясын қолдауға байланысты ауыл бойынша мол өнім алуға қолжеткізді. Барлық жер көлемі 38314 г, оның ішінде жайылым жер көлемі -24500 га, егістік жер көлемі – 13814 га, 2014 жылдың өніміне күздік бидай – 1581 га жерге күздік бидай себіліп, әр гектардан 9,0 центнерден өнім алынды. Жаздық арпа – 3878 гектар жерге себіліп  әр гектардан 9,4  центнерден өнім алынды, мақсары – 680 гектар жерге себіліп, әр гектардан 7,0 центнерден өнім алынды.

Мал шаруашылығында ірі қара – 1161 бас, қой- 30300 бас, ешкі-757 бас, жылқы -600 бас, құс-10343 бас, өндірілген өнімдер: жүн -450 центнер, шаруа қожалығы бойынша өндірілген өнім жұмыртқа – 7640 дана, ет-1300 центнер, сүт-1500 центнер, жеке тұлғалардан жұмыртқа — 95000 дана, ет-5200 ц, сүт-8000 ц.

«Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының ІІ бағыты бойынша 6 адам 1050000 теңге несие алды.

Тереңөзек  ауылдық округі бойынша   бірдей­ленді­руге қой  – 9250 бас, жылқы – 220 басқа сырғаланды.

Көкарық ауылынан 64 баланы, Шолаққайыңды ауылынан 32 баланы тасымалдауға  1108000 теңге ақша қаражаты бөлінді.

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету бағдарламасы  бойынша 278000 теңге бөлінді. Қатты қалдықтардың орындары тазаланып, қайтадан жаңа тұрмыстық қатты қалдықтар төгетін орын қайта ашылды.

Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру бойынша жалпы 157000 теңге бөлінді. Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша Республикалық бюджеттен 2914000 теңге бөлініп, Көкарық ауылдарына спорттық ойын алаңы дайындалып орнатылды.

2014 жұмыссыздар саны – 42 адам тіркеліп, 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдем ақы 149 от­басы алып,  516 балаға 8583600 теңге берілді,  атау­лы  жәрдемақыны 6 отбасы алып 23 адамға 367 600 теңге берілді. «Өрлеу» пилоттық бағдарламасына 37 адам қатысты.

Жер салығы – 334 531 теңге, мүлік салығы – 41166 теңге жоспарланған, толық төленді.

Жамбыл орта мектебінде 435 бала, Көкарық бастауыш мектебінде 84 оқушы, Шолаққайыңды бастауыш мектебінде 46 оқушы білім алуда.

Тереңөзек ауылдық округінде 3 клуб, 3 кітапхана жұмыс істеп тұр. Кітапхана қоры – 7467 дана. 

 

Қайыңды ауылдық округінің  әкімі А.Әбішевтың есебі

 

Қайыңды ауылдық округіне қарасты 3 елді мекен  бар(Қайыңды, Сөгеті, Мамай). Жалпы түтін саны -351, оның ішінде Қайыңды  ауылында – 235 түтін, Сөгеті ауылында – 65 түтін, Мамай ауылында 51 түтін орналасқан. Халық саны:  Қайыңды ауылында – 1260 адам, Сөгеті ауылында – 340 адам, Мамай ауылында – 259 адам.

Ауылдық округте: 1 орта мектеп, 2 бастауыш мектеп, 3 кітапхана, 2 клуб, пошта және дәрігерлік амбулатория халыққа қызмет көрсетуде.

2014 жылғы межелеген мүлік салығы 31 мың теңге болса, 31200 теңгеге орындалды,  ал жер салығы бойынша 95 мың тенге болса, 95.7 мың теңгеге жоспардан артық орындалды.

Ауылдық округте барлығы  121 ауылшаруашылық құрылымдары тіркелген. Оның 2 – уі  ЖШС және 119 шаруа қожалық.

7300 га егістік алқап, оның ішінде 857 га күздік бидай, 1256 га арпа егіліп, орылып алынды. Арпа  758,6 т., бидай   498т.,   42 га суармалы жерге бақша дақылдары (қарбыз, қауын, картоп т.б.) егіліп, диқандар мол табысқа ие болды. 2569 га жерге күздік бидай егіліп, 1500 га жер парға дайындалды. Қысқы мал азығына шаруалардың дайындағаны  6451 тонна табиғи шөп, 898,5 тонна сабан, 2640 тонна жем.

2015 жылдың 1 қаңтарына 981 ірі-қара, 20842  ұсақ мал, 595-жылқы   және  2506 үй құстары тіркелген .

Ауылдық округте шаруа қожалықтарының бас­шы­ларымен шаруашылықтарды  ірілендіру мақсатында бір­неше мәрте жиындар өткізіліп, нәтижесінде жеке ша­руа қо­жа­лықтары және ұжымдар өздерінің жер үлестерімен «Луговой жылқы заводы» ЖШС-нің құ­рамына өтуде. Қазіргі уақытта пай үлестеріне қарай жем,ұн алуда. 2015 жылға 100, 600 орындық ірі қара бордақылау алаңының құрылысын жүргізу жоспарлануда.

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша  2014 жылы 4 отбасы өз кәсіптерін ашу мақсатында мемлекеттен жеңілдетілген несиелерін алып кәсіпте­рін жүргізуде.

Ауылымыздағы дәрігерлік амбулаторияда 10 адам жұмыс істейді. Сонымен қатар, Алғабас ауылындағы Сөгеті ұжымының демеушілігімен дәрігерлік пункт ғима­раты облыстық денсаулық сақтау департаментінің ба­лансына тегін пайдалануға берілді.

Р.Смаилов  атындағы орта мектепте 278  бала білім алуда. Бүгінгі күнге 196 бала ыстық тамақпен қамтылған.  Мектеп жанынан құрылған «Айгөлек» балабақшасында 45 бала тәрбиеленуде. Алғабас бастауыш мектебінде  оқушылар саны – 26. Мамай бастауыш мектебінде оқушылар саны – 20.

Екі айлық санитарлық тазалық айларында ауыл тұрғындары, мекемелер қызметкерлерінің қаты­суымен ауыл аймақ күл қоқыстан тазартылды. Тал тарақтар, бағаналар түптері сырланып, әктелді.  Ауылдық округте орналасқан қатты тұрмыс қал­дықтарын төгетін арнайы орындар тегіс тазаланып, ретке келтірілді.Ауылдық округ бойынша  көше жарықтары бар көше­лерде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Дәулет көшесіне  “Өңірлерді дамыту” бағдарламасы бойынша көше жарығы орнатылып,пайдалануға бе­рілді.

18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын 67отбасы, атаулы әлеуметтік көмекті 2отбасы, «Өрлеу» бағдар­ламасы бойынша 7 адам мемлекеттік әлеу­меттік жәрдемақылар алды.

Жыл бойы ақылы қоғамдық жұмысқа – 13 жұ­мыссыз азаматтар тартылған.

Ауылдық округ тұрғындарына  2 мәрте арзан­да­тылған бағамен ұн, қант, күнбағыс майы таратылып берілді.Оның ішінде демеушілердің көмегімен 1 қап ұннан 42 аз қамтылған, көп балалы отбасыларға және 60 алтын алқа иелеріне  жалпы сомасы 178500 теңгені құрайтын тегін ұн үлестіріліп берілді.

Үш елді мекенде бір скважинадан жұмыс істейді , көшелерге тартылмаған. Скважиналардың санитарлық тазалығын сақтау мақсатында биыл қоршау жұмыстары жүргізіліп,төңірегі тазаланды.Ауылдық округ әкімі аппартының бастамасымен Р.Смайлов атындағы орта мектебіне, «Айгөлек» балабақшасы ғимараттарына ауыз су тартылып, пайдалануда.

 

Қорағаты ауылдық округінің әкімі Б.Аблазимовтың ЕСЕБІ

 

Қорағаты ауыл аймағында 5 елді мекен орналасқан. Онда тұратын халық саны 1584 адам. Жұмысқа жарамды адам саны 841.

Барлық егістік алқап 12245 гектарды құрайды. 42 пайызы игерілді.

Ауыл аймақтағы малдар бойынша ірі қара 1515 бас, қой 10162 бас, жылқы 484 бас, құстар саны 1650 құрайды. Ауылшаруашылығы малдарын бірдейлендіру жұмысы 100 пайызға орындалып базаға енгізілді.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 1 адам несие алды және «Құлан-Дән» несие серіктестігінен 2 адам мал шаруашылығымен айналасуға несие алды.

Ауыл аймақ бойынша  барлығы 30 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, оның ішінде белсенді жұмыс атқаратыны 10 кәсіпкерлік субъекті. Аталған субъектілер бойынша жалпы жұмысшылар саны 65 адамды құрайды.

Қорағаты ауылындағы  мектеп ғимаратының ішінен шағын орталық  жұмыс істеп келеді. Мектеп жанынан алыс елді мекендерде тұратын оқушыларға арналған интернат жұмыс істеп отыр. Ол жерде 31 бала тәрбиеленіп, 13 адам жұмыс істейді. Биылғы жылы аудан әкімінің тікелей демеушілігімен  Қорағаты стансасынан оқушылар  мектепке тасымалдауға  “ПАЗ-33054” автобусы алынып берілді. Оқушылар осы автобуспен қатынап оқиды.

Қорағаты ауылында 1 фельдшерлік-акушерлік пункт қалған елді мекендерде 4 фельдшерлік пункт халыққа қызмет көрсетуде. Қорағаты ауылында ФАП ғимараты бар, ал қалған елді мекендерде ФАП-тің ғимараттары жоқ, яғни олар өз үйлерінде медициналық қызмет көрсетеді.

2014 жылы тұрмысы  төмен 3-жанұяға (19-адам ) 287,608 теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді.18-жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы 39-отбасына (123-бала)барлығы 1.706082    теңге төленді. 26-отбасына 67,6 мың теңге көлемінде қайрымдылық көмек берілді.Қорағаты ауылындағы Мәдениет үйі ғимаратына қаражат бөлініп, биылғы жылы күрделі жөндеуден өткізілді. Осы мәдениет үйіне жөндеу жұмыстарына «Өрлеу» пилоттық жобасы бойынша тұрмысы төмен отбасынан 11-адам тар­тылды. Қорағаты ауылында ауыз-су жүйесі жүргізіліп, жұмыс істеп тұр.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Қорағаты ауылына 1441,0 мың теңге бөлініп Аққайнар ауылындағы ауыз суқұбыры жүйесі мұнарасына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді, үнемделген соммаға Қорағаты ауылындағы Құрманғазы көшесіне шағал тас төселді. Аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖКБ бөлінген қаржысына Қорағаты ауылының Абай көшесіне шағалтас төселінді.

Қорағаты ауылдық округі бойынша мүлік салығының болжам сомасы 30,0 мың теңге, орындалғаны 30,0 мың теңгені құрап 100 пайызға орындалды. Жер салығы бойынша болжам сома 63,2   мың теңгені құрап, осы сома толығымен жиналды, яғни 100 пайызға орындалды.

Көріктендіру, көгалдандыру жұмыстары бойынша 2014 жылға аудандық бюджеттен қаражат бөлініп, көктемгі көріктендіру, көгалдандыру жұмыстары атқарылды. 2014 жылғы көктемгі-күзгі екі айлықтар бойынша жұмыстар жүргізілді. Ауылдағы талдар әктелініп, Төле би көшесінің бойындағы бордюрлер реттеліп, әктелді.

 

Көкдөнен ауылдық округінің әкімі Қ.Абдықалықовтың ЕСЕБІ

 

Көкдөнен ауылдық округі әкімі аппаратының 2014 жылғы жалпы бюджеті 18326,00 мың теңгені құра­ды. Оның ішінде: мемлекеттік сатып алуға 7789,0 мың теңге, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойын­ша 3448,0 мың  бөлінген. Бөлінген қаражаттар өз мақса­тын­да және ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы аясында іске асырылды.

2014 жылғы мүлік салығының жоспары 18,3 мың тең­ге болса, орындалғаны 25,0 мың теңге немесе 136,6% құрайды. Жер салығының жоспары 333,5 мың тең­ге болса, 353,8 мың теңгеге орындалып 106,1 % құ­рап отыр.

Ауданның  негізгі   өндірістік  саласы  ауылшаруа­шылы­ғы  болғандықтан  аймақтағы  94 агроқұрылым  ауыл­ша­руашылығы өнімдерін  өндірумен  айналы­сады.    Аймақтағы  ұжымдар мен  шаруа қожалық­та­ры­на  2014 жылы егілген  масақты  дақылдар үшін   субсидиялық  көмек  берілді.   2014 жылы  6000  бас уақ мал, 500 бас МІҚ сырғаланды және 500 бас  жылқыға  чип салынып, барлығы толығымен базаға енгізілді.1438 бас мүйізді ірі қара ,21198 уақ мал жұқпалы індет ауруына қарсы вакцинацияланды.  «Сарып» ауруына қарсы жоспарға сәйкес 100 пайыз малдан қан алынып, нәтижесінде 8 бас уақ малы, 1 бас ірі қара малы шалдығып, заң шеңберінде арнайы құрылған комиссиялармен бірлесе отырып, мал өлексесін тастайтын орнынға жеткізіліп жойылды. Қора-жайлары залалсыздандырылып, мал иелеріне өтем ақылары төленді.

Көкдөнен ауылдық округіне қарасты елді мекендердегі өлген малдардың өлекселерін тастайтын арнайы орын жаңадан таңдалып, құжаттары заңдасты­рылуда.

Көкдөнен ауылдық округінен 2014 жылы жоспар бойынша 372 бас мүйізді ірі қара қолдан ұрықтану ке­рек болса орындалғаны 226 бас. Яғни, 61 % құ­рай­ды.

Ауылымызда 3 асыл тұқымды  шаруашылық бар. Олар «Мөрнұр» ШҚ,  «Султанби» ШҚ қой ша­руа­шылығы бойынша асылдандырумен айналыс­са, «Дін­муханбет» ШҚ – сиыр малы бойынша айналы­суда.

2014 жылы  тұрмыстық  жағдайы төмен отбасы­лар­ға бері­летін жәрдемақыға барлығы  10682 мың тең­ге тағайын­далған.

Оның  ішінде  берілгені: атаулы  әлеуметтік көмек­ке 8 отбасына 43 адамға 507,0 мың теңге, 18 жасқа дейін­гі көп­ба­лалы   170 отбасындағы  560 балаға 10175,0 мың тең­ге төленіп   берілді.

Аудандық  жұмыссыздық   бөліміне тіркелгені90 адам, оның  ішінде жұмысқа орналасқаны 66 адам. Жас­тар  тәжіри­бесінде  1 адам, ақылы қоғамдық жұ­мыс­­қа тартылғаны 14 адам, оның ішінде ауыл  әкім­шілігінде көше тазалығында7 адам, кәсіби  даяр­лықта 4 адам, 2020 бағдарламасында 65 адам қамтыл­ған.

“Өрлеу” жобасына қамтылғаны 18 адам,  төленіп беріл­­гені 1,153мың  теңге.

А.Байтұрсынов атындағы орта мектепте 55 мұға­лім дәріс берсе, 363 оқушы білім алуда. Қазіргі уақыт­та барлық мұғалім электронды оқу жүйесі бойынша жұ­мыс атқаруда. Қаңтар айынан бері мектеп толықтай элек­тронды оқыту жүйесіне көшірілген.

Қ.Сұлтанбеков атындағы орта мектепте 332 оқу­шы білім алып, 52 мұғалім жұмыс атқарады. Педагог­тардың кәсіби жетістігі, сабақтардың жаңа­шылдығы, білім сапасын көтерудегі табыстары, өз пәні және әдістемелік ізденістері, бүгінгі күнде жаңа техноло­гиялар мен халықаралық бағдарламалар, жобалар көбе­йіп, озық мұғалімдер туралы критерийлер жаңа­ру­да.

Көкдөнен ауылдық мәдениет үйінде  әр атаулы  мерекелерге арналған  әр түрлі іс- шаралар  өт­кізі­ліп  тұрады. Республикалық, облыстық, аудан­дық байқауларда жүлделі орындар  иеленген өнерпаз­дарымыз баршылық. Мәдениет үйінде екі  үйірме(би және вокал ) жұмыс  жасайды.

Мектеп спорт залында волейболдан және стол тенисі­нен үйірмелер жұмыс жасайды. Үйірмеге мек­теп оқушылары және ауыл жастары қатысады. Көк­дөнен ауылы командасының Республикалық,  облыс­тық, аудандық жарыстарда жеткен жетістіктері көп.

«Алматы-Ташкент-Термез» автомобиль жолы­ның жиектеріндегі өскен шөптер мен қураған ағаш­тар ауылдық округтердегі мекемелер мен көше комитет­терінің және ауыл тұрғындарының көмегімен бұталып әкте­лінді.

Көкдөнен  ауылдық  мәдениет үйін  күрделі  жөн­деу­ден  өткізуге    бюджеттен    жобалау  сметаның  құжат­тары  әзірленіп, биылғы  жылы Республикалық бюджет­тен бөлінген 49,9  млн.  теңгеге  күрделі  жөндеу­ден  өткізілді. Қазіргі уақытта мәдениет үйі толық іске қосылып, жұмыс жасауда.

2014 жылы « Өңірлерді  дамыту »бағдарламасы  ая­сында бөлінген 3348,0 мың теңгеге Көкдөнен ауы­лында Т.Рысқұлов, М.Әкешеұлы,  А.Битанов көше­леріне, Жақсылық  ауылында   Жақсылық және Қарақойшы көшелеріне көше жарығы жүргізілді.

Ағымдағы жылы   Көкдөнен  ауылында  М.Өзбеков  көшесіне асфальт, К.Сейдахметов көшесіне тас  төселінді. Жақ­сылық ауылында Байтик көшесіне асьфалт салынып, Жақсы­лық көшесіне тас төселінді.

“Бизнестін жол картасы-2020” бағдарламасы ая­сын­да Инфрақұрылым есебінен 5 ШҚ 10 км көлемінде 34,0 млн. теңгеге электр желісі тартылды.

 

Көгершін ауылдық округінің әкімі В.Биғазиеваның ЕСЕБІ

 

Округ бойынша түтін саны -687, халық саны – 3520.

2014 жылы  жер салығы бойынша  126 пайыз, мүлік салығы бойын­ша -129 пайызға орындалды.

2014 жылы әкімшілік бюджетіне қарастырылған қаражат 100% пайыз­ға игерілді.

Көгершін ауылдық округі бойынша/жекеменшікте/ жылдың аяғына, ірі-қара басы – 1360, қой – ешкі-9688, жылқы – 882,  құстар саны-5220.

Елді мекендерде телекоммуникация саласын дамыту мақса­тын­да байланыс қызметі жақсарып келеді. Ауылда 1 — АТС жұмыс істейді. Қазіргі уақытта 460 телефон нүктесі жұмыс істеп тұр және Қосапан ауылында 6 нүкте қосылған.

Учаскелік комиссия атына 9 — өтініш түсіп, талқыланып, аз қам­тылған отбасы ретінде 5 тіркеуге алынды. Бұл отбасыларға 320 000 теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді және 18 жасқа дейін­гі балаларға 6 300 000 теңге көлемінде жәрдемақы төленді. “Өр­леу” бағдарламасы бойынша 2 адам оқып мамандық алды.

«Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасы бойын­ша 3 азамат жоба­ларын дайындап, мемлекеттен не­сие алып, жұмыс орындарын ашып, жұмыспен қам­тыл­ды. Ауылда 2 мектеп және 1- интернат бар, күр­делі жөндеуден өткізілген, онда 107 мұғалім бар, 732– оқу­шы­ға білім алуда, интернатта – 49 бала тәрбиеленіп, олар­ға әлеуметтік жағдай­лар жасалынған.

Ауылда «Ақбота» балабақшасы жұмыс істейді. Онда 35 адам қамтыл­ған, Балабақшада бүгінгі күнде 85 бала тәрбие алып жатыр. Ауылда 1 дәрігерлік амбула­тория халыққа қызмет көрсетіп отыр, онда 16 – адам жұмыс істейді.

Ауылдың санитарлық тазалық жұмыстары, гүлденуі, көгал­дан­­дыру жұмыстары ауыл әкімшілігінің басты назарын­да.Осыған орай, 451 мың теңгеге тазалық жұмыс­тары атқарылып, қоқыстар шыға­рыл­ды. 8 км жол бойындағы тал-дарақтар тазаланып, ақталды. 350 түп тал тігіліп,4 км арық тазаланды.Көрсетілген жұмыстар ауыл әкімші­лігінің тұрақты бақылауында тұрады.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламаға бөлінген қаржы толығымен игерілді. Орталық көше бойы және 6 көше биыл толығымен жарықтандырылған.

Бүгінгі күнге кітапханамызға 296 оқырман тіркелген, кітап қоры 9282 – дананы құрайды, жыл басынан 96 жаңа кітап келіп түсті.

ҚР “Құқық бұзушылық профилактикасы туралы” Заңы аясында алдын алу мақсатында Көгершін ауыл­дық округі әкімі аппараты қызметкерлері мен орта мек­тептің тәрбие жөніндегі орынбасарлары және ауыл­дық учаскелік полициялардың қатысуымен бір­ле­се түнгі рейдтер жүргізіп тұрады.

2014 жылы көктемгі және күзгі әскер қатарына ша­қыру науқаны бойынша 40 бала шақырылып, мед­комис­сиядан өтіп, 14 бала өз әскери міндетін атқарып жа­тыр.

325 жеке азаматтардан өтініштер қабылданып, қара­лып жауаптары берілді. 28 шешім, 76 өкім шыға­рылды. 2400 әр-түрлі анықтама берілді. 5 – адамға сұраныс беріліп,жұмысқа орналасты.

 

Абай ауылдық округінің әкімі С.Иманбаевтың ЕСЕБІ

 

Абай ауылдық округіне қарасты екі (Еңбекші және Көкарық) елді мекендері бар.

Әкімдіктің жер иелігіндегі 1 орта  мектеп, кітапхана, клуб, пошта және  дәрігерлік  амбулатория  халыққа қызмет етеді.

Ауылдық округте осы күнге дейін 18 шешім және 56 өкім қабылданды. Қабылданған шешімдердің басым көпшілігі тұрғын үй салу үшін жер телімін бөліп беру туралы. Ауыл азаматтарынан өзіндік қосалқы шарушылығы мен басқа да мәселелер бойынша 28 өтініштер келіп түсіп, басым көпшілігі қанағаттандырылды.

Ауыл аймақта барлығы 4238 га  егістік  алқап, оның ішінде  суармалы 363 га  жер  бар. Аймақта барлығы 59 ауылшаруашылық құрылымдар тіркелген. Оның 2-уі жауапкершілігі шектеулі серіктестік және 57-і шаруа қожалықтар. Тұрақты жұмыс істейтін ұжымдар саны 43.

Округ бойынша 2014 жылы 315 га жерге күздік бидай, 584 га жерге жаздық арпа және 263 га жерге сафлор дақылдары себіліп, орылып алынды.

2015 жылдың 1 қаңтарына 1307  бас ірі қара, 409 бас жылқы, 17799  уақ мал  және 3257 үй құстары  тіркелді.

Сонымен  қатар, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша: Жанұялық мал бордақылау кешенін автотрасса бойынан соғуға «Достық-А» ШҚ аудан бойынша алғашқы болып, құжаттарын өткізді. «Там құрылыс» ЖШС 3 бөлмелі шопан үйі мен 70,0 басқа арналған мал бордақылау кешенін соғып береді деп күтілуде.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде облыстық бюджеттен 1822,0  мың теңге қаражат бөлініп, 983,0  мың теңгеге тұрмыстық қалдықтар тастайтын орынды 1 га жерді қоршап және 681,3 мың теңгеге мал өлекселерін тастайтын орын қоршалды, үнемделген 157,7 мың теңгеге әкімшілік ғимаратының алдына 24 түп әсемдік талдары егілді.

2014 жылғы  межеленген мүлік салығы 81,5  теңге болса,  93,5 мың теңге жиналды  немесе 114,7 % -ға,  жер  салығы 194,6 мың теңге болса, жиналғаны  201,3 теңге немесе 103,4 %-ға орындалды.  Берешек қарыздар да 100 пайызға орындалып отыр.

2014 жылы  42 бала дүниеге келді. Анаменбалаөлімітіркелгенжоқ.

Қатерлі ісікпен – 7 адам,  туберкулез ауруымен – 6 адам, қант диабетімен 16 адам, жүйке ауруымен -31 және жүрек қан тамыры ауруымен 78 адам есепте тұр.  Сонымен қатар 50% жеңілдікпен дәрі-дәрмектер, қан қысымымен, жүрек, демікпе және созылмалы бронхит ауыруымен  ауыратындарға қажетінше беріліп тұрады. Айына 4 рет ауданнан  гинеколог дәрігер, 1 рет балалар дәрігері келіп қабылдау жасап  тұрады. Сондай-ақ аптасына 5 рет жалпы қан мен зәр анализдері тексеріледі.

Абай  атындағы  орта  мектепте  320  бала білім  алуда.  Оларға 51  мұғалім  дәріс беруде. Шағын орталықта 21 бала, мектеп алды даярлыққа 44 бала, ал 1 сыныпта 42 оқушы қабылданды. Жылу қазандығы толық жөндеуден өткен, қысқы маусымда қалыпты жұмыс істеуде.

Мемлекеттік қамқорлыққа мұқтаж 1-5 сыныпта 16 оқушы, 6-11 сыныпта 60 оқушы бар. Барлығы 229 оқушы асханада 1 мезгіл ыстық тамақпен қамтылған.

Мәдениет үйінің жоқ болғандығына қарамастан барлық мәдени іс-шаралар жоғары деңгейде өткізілуде. Мектепте бірнеше спорт үйірмелері жұмыс істейді.Спортшыларымыз аудандық жарыстарда жүлделі орындардан көрініп жүр.Абай ауылы бойынша 2 спорт түрінен (күрес, дзюдо) секция үйірмесі жұмыс істейді.

Абай ауылдық округінде қарасты елді мекендерде толық санитарлық талапқа сәйкес таза ауыз сумен қамтылған.

2014 жылы  ауыл тұрғындарының тау  суын ауылға  жеткізу  туралы сұраныстары  бойынша 8 шақырым жерге арық тартылып, қажетті  жерге үш көпір  салынды. Дегенмен, бөлінген тау суының көлемі аз болғандықтан елді мекендерге жеткізу қиындық туғызуда.

 

Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі С.Баймұратовтың ЕСЕБІ

 

Ақбұлақ ауылдық округіне қарасты елді мекендерде жалпы саны 681 отбасы тұрады.

2014 жылы мүлік салығы 105,8 пайызға, ал, жер салығы 103,0 пайызға орындалды.

Аймақта 2 орта мектеп, 1 бастауыш мектеп, “Бәйшешек” балабақшасы жұмыс істейді. 2014-2015 жылдары мектептерде 577 оқушы оқиды және 94 мұғалім  дәріс  береді.

Ақбұлақ орта мектебінің тарих және география кабинеттері  жаңадан құрал-саймандармен жаб­дық­­­тал­ды,  спорт залының терезелері ауыстыры­лып, пластик тере­зе­лер орнатылды.

Бәйтелі бастауыш мектебінде жаңадан асхана ашы­лып, оқушыларды тамақпен қамтамасыз ету­­де. Балалар ойнайтын алан ашылды. Бәй­телі ауылынан Р.Сабденов ауылының мек­те­біне 21 оқушы арнайы автокөлікпен тегін тасы­мал­да­на­ды.

Денсаулық сақтау саласы бойынша Ақбұлақ ДА-сы, Қызылшаруа ДА-сы, Бәйтелі ауылында ФАП жұмыс істеп жатыр. Есепте тұрған ауру адамдарға және қарт кісілерге апта сайын медбикелер үйіне барып қызмет көрсетеді. Тегін дәрі-дәрмектер беру 5-жасқа дейінгі балаларға және жүкті әйелдерге беріледі.

Жұмыссыздық пен кедейшілікті кеміту бағдарламасы   аясында  жұмыстар  жалғасты­ры­луда. Аймақ бойынша аймақтык комиссия құры­лып, жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес жұмыс­тар атқарылып келеді. 2015 жылдың 1 қаңтарына жұмыс­сыздар саны 17 адам тіркелген. 2014 жылы 37 адам жұмыска тартылды.

Аймақта Мәдениет үйі, 1 клуб және 3-кітапхана жұ­мыс істейді.

Мәдениет үйі мен клубта әр мереке сайын жоспар бойынша іс-шара белгіленген бағдар­ла­малар­ға сәйкес өткізіледі.

Аймақтабүгінгікүнге 69 агроқұрылымбар. 2014 жылға 11 кәсіпкертіркеуденөткен, оныңішін­де 4 дүкен, 1 жанар-жағармайстансасыхалық­қақызметкөрсетеді. Дер кезінде құжаттарын рәсім­деп, тиістісалықтарынтөлептұрады.

Қарақыстақ ауылдық округінің әкімі О.Танкеевтің ЕСЕБІ

 

Қарақыстақ ауыл аймағында 4 елді мекен бар. Олар Каменка, Тасшолақ, Жалпақсаз, Қазақ ауылдары. Ауыл аймағында тұратын халықтың жалпы саны – 4688 адам.  Түтін саны- 835:

Қарақыстақ ауыл аймағы негізінде егін және мал шаруашылығымен айналысады.

Округте бүгінгі күнде 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 180 шаруа қожалығы тіркелген.

Қазіргі кезде 136 шаруа қожалықтары жұмыс істеуде. Оның ішінде 21 шаруа қожалығы мал шаруашылығымен, 115 шаруа қожалығы егін шаруашылығымен айналысады, 39 ұсақ шаруа қожалықтары бірікті.

Ауыл аймағында егін шаруашылығы қарқынды дамыды деуге болады. Барлық ауыл шаруашылық жері  29 509 га  жерді құрайды.

2014 жылы арпа 2641,7 га жерге себіліп орта есеппен әр гектарына 8 ц/н астық алынды.

Күздік бидай-551 га, жерге себіліп орта есеппен әр гектарына 9,2 ц/н алынды.  Сафлор- 303,6 га, жерге себіліп әр гектардан 4 ц/н жиналды.

Қарақыстақ ауыл әкімдігінде есепті кезеңге дейін 18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған 147 отбасыға осы уақытқа дейін 9 млн 370 мың теңге тағайындалған. Атаулы әлеуметтік көмек  алатын 5 отбасыға,  640 мың  теңге жәрдем ақысы берілді.

Жыл басынан бері ауыл әкімдігінде тіркеудегі жұмыссыздар есебінен 9 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылып, 1 млн 400 мың теңге төленді.

Ауыл аймақта 2 орта мектеп, 2 бастауыш мектеп жұмыс істейді. Оларда 813 оқушы білім алуда, 132 мұғалім сабақ беруде.

Ауыл аймақта 1 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт және 2 медициналық пункт жұмыс істейді.  1 білікті дәрігер, 12 медбике халыққа қызмет көрсетеді. Амбулаторияда 1 медициналық көмек көрсететін автокөлік бар. Каменка ауылындағы жергілікті ауруханада 2 орындық күндізгі стационар жұмыс істейді, бұл емделу бөлмесі айына 15-20 адам қабылдап, қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіліп отырады.

Тасшолақ ауылындағы дәрігерлік фельдшерлік пункті, халыққа қызмет көрсетуде, күніне 5-10 адам қабылдайды. Қазақ ауылындағы дәрігерлік фельдшерлік пункті, 2014 жылдың қазан айында ашылып халыққа қызмет көрсетуде, қазіргі уақытта 6-адам жұмыс істейді күніне 5-10 адам қабылдайды.

Ауылдың мәдениет пен өнер саласында да көптеген істер атқарылып мемлекеттік мерекелер өз деңгейінде аталып өткізілді. Ауылдық мәдениет  үйінде 4 үйірме жұмыс істейді, үйірме шәкірттері түрлі байқаулардың жеңімпаздары  атануда.  Мерекелер мен даталы күндерге орай мәдени, әдеби іс-шаралар өткізіліп тұрады. Ауылдағы ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткіштің айналасы тазартылып толықтай  өз деңгейінде сырланып әктелінді. Сонымен қатар мәдениет үйінің ауласын қоршауға 5 млн 7 мың теңге қаражат бөлініп, жұмыстар толығымен орындалды.

Ауылдық округі әкімі аппаратына  2014 жылдың  басынан  осы мерзімге дейін 43 арыз- өтініштер түсті.   Ауыл әкімдігіне келіп түскен арыз-шағымдар тіркеуге алынып, 1-ОЛ базасына енгізіліп, заң талабына сай уақытылы оларға жауап қайтарылды.

Республикалық бюджеттен  «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 2014 жылға 4010 мың теңге қаражат қарастырылып, оның 3300 мың теңгесін Жалпақсаз ауылының ауыз су жүйесін және су мұнарасының үйшігін жөндеуге 752 мың теңгесі

Қазақ ауылының ауыз су жүйесінің құрылысына жұмсалды.


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта