home
home home

ҚАДІРЛІ ОҚЫРМАНДАР! Алты айда ауқымды істер атқарылды

Алты айда ауқымды істер атқарылды

   ҚАДІРЛІ  ОҚЫРМАНДАР!

Сіздердің назарларыңызға Республика Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы НАЗАРБАЕВТЫҢ Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларынантуындайтын міндеттер мен тапсырмаларды жүзеге асыру барысында 2016 жылдың алғашқы 6 айында ауданның әлеуметтікэкономикалық дамуы туралы атқарылғанжұмыс­тар жөнінде аудан әкімі Жарылқасын Айтақовтың аудандық мәслихат депутаттары алдында жасайтын есепті баяндамасының газеттік нұсқасын жариялапотырмыз

2016 жылдың 6 айы ішінде  ауданнның әлеуметтік – эконо­микалық жағдайын жақсарту бағытында айтарлықтай жұ­мыс­тар атқарылды: Атап айтсақ:

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ

Ауылшаруашылығында  5,2 млрд теңгенің өнімдері өн­­діріліп, 104%-ды құрады (об­лыс­тық көрсеткіш- 102,2%), оның ішінде:

Өсімдік  шаруашылығы бо­­йын­ша 214,5 млн теңгенің өні­мі өндіріліді. Көктемгі дала жұ­­мыстары талапқа сай орын­далып, 2016 жылдың өніміне бар­лық егістік жердің 99,7% немесе 141350 га игеріліп, жос­­пардағы дақылдар толық кө­­лемде себілді.

Қазіргі кезде масақты да­қылдарды орып-жинау және мал азығын дайындау жұ­мыс­тары  жүріп жатыр. Егін орағына 186 комбайн (6-ауы сырттан) қатысуда. 23 шілде жағдайына 45006га алқап орылып, әр гектардан орташа 19,7цн өнім алынуда. 124350тн (90,8%) шөп, 6800тн (27,2%) сабан дайындалды.

Барлық сақтандырылатын алқап көлемі 64040 га болса,  оның сақтандырылғаны 40820 га (о.і. 22220 га. күздік бидай, 23000 га. көктемдегі себілген дақылдар) 70,6 % құрайды.

Дала жұмыстарына 5400 тн жанармайға сұраныс бе­ріліп,   шілде айына егін орағы науқанына 2755 тн жанар май бөлінген, бүгінгі күнге  24 агроқұрылым 532,4 тн ке­піл­дендірілген жанармай алды.

5 ш/қ 34 га жерінде каран­тиндік зиянкестер анықталып, толық дәріленді. 6400га егіс­тік алқаптар ұшақпен және  жермен химиялық   өңделді.

74,8 га көп жылдық жеміс ағаштары, 600га алқап там­шы­латып суарылуда және «Лу­говой  жылқы зауты» ЖШС-нің 300га  қатаң тәлімді ал­қабы  «Веллой» тех­нологиясы бо­йынша жаң­бырлатып суа­ры­лу­да.

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

 Малдың түйе мен шошқадан  басқа  барлық түрлері бойынша саны және мал өнімдерінің кө­лемі  2015 жылмен салыс­тыр­ғанда  көбейген: қой-ешкі 4475-ке (451998 бас 101,0%),  жыл­қы 195-ке (15154 бас, 101,3%),  ірі қара 522-ге (35813 бас 101,5%), құс саны 96-ға (103915 100,1% бас)  артқан. Ал,  шошқа 2035-ке (25142 бас 91,9 %), түйе 13-ке кеміген (39).

5937,4 тн ет (6,3тн артық), 10553,3 тн сүт 2159,9 221,9 тн артық), 21456,9 мың дана жұмыртқа (53,6 артық) өн­ді­ріл­ді.

Электронды қолтаңба алу­да каталог бойынша 1314 шаруа қожалық болса, оның жұмыс істеп тұрған 575-інің 262-сі электронды кілт алған (45,5%).

«Сыбаға» бағдарламасы бойын­ша тапсырма  400 бас асыл тұқымды сиыр алу жос­парланса,  70 басқа оң қоры­тын­ды алынып, 299 бас ірі қара малға ұсынылған  өтінімдер комиссияда қаралуда (92%);

«Алтын асық» бағдар­ла­­масы бойынша 1275  бас асыл тұқымды  қой сатып алу ор­нына  7 шаруашылық 83,3млн. теңгеге 3453 бас алы­п, жос­пар 2,7 есе артық орын­далды.

«Құлан» бағдарламасы бо­йынша  жоспардағы 250 бас жыл­қының 10 млн. теңгеге 40 басы  (16%) сатып алынуда. 30 бас жылқының құжаттарына оң қорытынды берілді.

«Ырыс» бағдарламасы ая­сын­да 2 шаруа қожалығы 150 бас­тық СТФ құжаттарын да­йын­дап, МІҚ сатып алуға ке­лісім шарттар жасалуда.

«Жайылымдарды сулан­дыру» бағдарламасы бойынша 5 құдық қазу тиіс болса, 9 құ­дық қазылып, тапсырма 104% орындалды.

500 бастық мал бордақылау ала­ңын құру тапсырылса, 385 басқа арналған үш мал бор­дақылау кешенінің құ­ры­лысы аяқталы («Света» ШҚ-300 бас қойға, «Игдал» ШҚ-35 бас МІҚ, «Әтібек»ШҚ 50 бас МІҚ арналған).

2016 жылы  20 дана жаңа техника алу тапсырылса, 27,6 млн. теңгеге 7 доңғалақты трак­тор (оның 4-еуі лизингке), 17,3 млн. теңгеге 5 дана әр түрлі ауыл шаруашылық құралдары (оның 3-лизингке) барлығы 12 техника алынды.

Ауылшаруашылығы коо­пе­ра­­тивтерін құру бойынша 30 ұсақ шаруа қожалықтары жер үлестерімен «Құлан Сервис»,  сүт кластері бойынша 5  ұсақ шаруашылық «Ақ қайнар» өн­дірістік кооперативтеріне бі­рік­ті.

Ауыл шаруашылығы да­қылда­рын егуге, жер айдап, өңдеп себуге, оруға техника­лық кө­мек көрсетуге және сер­­вис­тік қызмет көрсетуге «Тө­кеев и К», өндірістік ко­опе­ративі құрылды.

Ветеринарлық іс-шаралар  жоспар бойынша жүргізілу­де. Бруцеллезге қарсы 11519 бас ірі қараға 142924 ұсақ малға, 58717 бас шошқаға және 173 бас жылқыға  диагностикалық тексерулер жүргізілді. Нәти­же­сінде бруцеллезге  12 ауыл­дық округте 161 бас ұсақ (12-ға артқан) және 3 ауылдық округте 14 ірі қара мал (1-ге артқан) шалдыққандығы анық­­         талды.  Оның ішінде 2015 жы­лы тіркелмеген – Жана­тұрмыс округінде 4 ірі қара, 7 ұсақ мал, Өрнек округінде 6 ірі қара, Құмарық округінде 3 ұсақ мал, Қайыңды округінде 24 ұсақ мал орын алған.  Абай округінде ұсақ малдың ауруы 45-ке, Қорағаты округінде 16-ға, Құланда-5-ке, Өрнекте-3-ке, Тереңөзекте-2-ге артқан.

13500 ірі қара, 125000 ұсақ  малдары және 32000 шошқа бірдейлендірілді.

11 округте 454 қаңғыбас ит­тер ауланып, жойылса, Абай, Өрнек, Ақыртөбе және Қайың­­ды округтерінде бір де бір қаңғыбас иттер аулан­ған жоқ.

ӨНЕРКӘСІП бойынша  3089,3   млн теңгенің өнімдері  өн­ді­ріліп, 2015 жылмен са­лыс­тырғанда нақты көлем ин­дексі  98% құрады. Оның ішін­де, кен өндіру және карь­ерлерді қазу көлемі 10,9 есеге, электрмен жабдықтау 152,9%-ға орындалса, су­мен жабдықтау 56,4%-ды құ­рағандықтан жалпы өнім ин­дексі төмендеген. Бұл жер­де есеп толық көлемде бер­лімегендіктен  болып отыр.

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС. 369 кәсіпкерлік  субъектілері (2015ж-359) тір­келіп, 236-сы (2016ж-233) жұ­мыс атқаруда. Оның ішінде белсендісі-189.

САЛЫҚ. Бюджетке 917,3 млн теңге  салық және бас­қа міндетті төлемдер  тү­сіп, болжам 129,5%-ға орын­дал­ды, немесе 208,7 млн.теңге  артық түсті. Оның ішінде республикалық бюджет — 100,6%, облыстық бюджет 123,6%, аудандық бюджет 150,1% орындалды.

Аудандық бюджетке 3636,2 млн. теңге түсіп, жоспар 104,3%-ға орындалды. Оның ішінде, өзіндік кірістер 150,4 млн  теңгеге артық  түсіп, 147,4 %-ға орындалды. Жоғарғы бюджеттен трансферттер жос­пардағы 3168,6 млн теңгеге  түс­ті. 4202,6  млн теңге иге­ріліп, бюджеттің игерілуі 99,2%-ды құрады.

31966,4 мың теңге иге­рілмеді. Оның ішінде, құры­лыс бөлі­мі бойынша 6668  мың теңге (Құлан  а. Сәтпаев кө­шесіне су жүйелерін жүр­гізуден – 4371 мың теңге, Қа­рақыстақ балабақшасы­нан-1558 мың теңге, Қызылту орта мектебінің құрылысы­нан 734,7мың теңге), ТҮКШЖК (ЖКХ) бөлімінен 1520 мың теңге (мүгедектердің құқық­тарын және өмір сүру сапасын жақ­сартуға бөлінген 2467 мың теңгеден 547 мың теңге игеріл­ген),  ауылдық округтер әкімдері аппа­раттарынан 21392,3 мың теңге («Өңірлерді дамыту бағ­дарламасы» шеңберінде бөлінген қаржыдан 18292,2 мың теңге, елді мекендердегі көшелерді жарықтандырудан 1216,3 мың теңге, аппараттарын ұстау шығындарынан 1846 мың теңге).

«Өңірлерді дамыту бағ­дар­ламасы» шеңберінде жер­гілікті өзін-өзі басқаруға қар­жы­лай көмек басымдығы бо­йын­ша 29 жобаға 61,8 млн тең­ге бөлініп, (2 жоба көше жа­рықтандыру, 8 жоба 6 елді ме­кенді абаттандыру, 17 жоба 11 елді мекеннің көшелерін жөн­деу, 1 жоба Байтелі ауы­лындағы көпірді жөндеу, 1 жоба Жарлысу ауылындағы су мұнарасын жөндеу көз­делген. 6 айда 35,2 млн. теңгенің 19 жобасы бойынша конкурстардың қорытындысы шығарылып, 16.1 млн. теңгеге жеңімпаз анықталып, 19,2 млн. теңге үнемделді. 1 шіл­де жағдайына осы 16,2 млн. тең­генің 7,9 млн. теңгесі иге­ріліп, 13 жоба бойынша жұмыс­тар толық атқарылды.

Аудан аумағында аудан­дық маңызы бар автомобиль жол­дарының ұзындығы 161,5 шақырым құрайды. Ал елді мекендердегі көшелердің жалпы ұзындығы 393 шақырым.

Ағымды 2016 жылы 2 аудандық маңызы бар Өрнек ауылына кіре беріс және Қайыңды-Сөгеті барлығы 101,5 тенге, ұзындығы 9,0 шақырым автомобиль жол­да­рына мемлекеттік сатып алу конкурсы ойнатылып же­ңімпаздары анықталды, есепті мер­зімге орташа жөндеу жұ­мыс­тары жүргізілуде. Және 14 елді мекеннің 16 көше жолдарына 140,6 млн.теңге барлығы 25,3 шақырым 242,1 млн. теңге қаражат мөлшерінде орташа жөндеуден өткізу мақсатында бюджеттік тап­сырыс бері­ліп, мемлекеттік сатып  алу  конкурсы  ойнатылды. Жеңім­паздар анықталып, есепті мер­зімге 14 елді мекеннің 16 көше жолдарына, атап айт­қанда:

Жарлысу ауылының С.Мұ­қа­нов, Ақбұлақ ауылы­ның Әль-фараби, Луговой ауы­лының Семафорная, Ком­му­нистическая, Пушкин, Абу­­­­­­талипов, Юбилейное ауы­­лы­ның Абай, Құмарық ауы­­лының Р.Ажибаев,  Құ­ма­рық ауылының Канаев, Жа­ңа­тұрмыс ауылының Сәтпаев, Жақсылық ауылының Қара­қойшы, Көкдөнен ауылының Сүлейменов,  Шолақ-Қайыңды ауылының   Байдосов,   Қа­йың­ды ауылының Сәтпаев, Қо­рағаты ауылының Абай,  Көгер­шін ауы­лының Құдайберген көше­лерінің  орташа жөндеу жұ­мыс­тары толығымен аяқ­тал­ды.

6 айда аудандық бюд­жет­­тің жылдық кіріс жос­пары­ның 61%-ы түсіп, жыл­дық шығындарына қарал­ған со­ма­ның 54,1%-ы игеріл­ге­ні­мен, кейбір шығындар бойынша орын­далу аудандық көр­сет­­кіштен төмен болуда: мы­­­салы жоғарыда аталып өт­­­кен ауылдық округ әкім­де­­­рінің Өңірлерді дамыту бағ­­дарламасы» шеңберінде жер­гілікті өзін-өзі басқаруға қаржылай көмек басымдығы бойынша берілген соманың орындалуы  12,8 %-ды,  ел­ді мекендердің көше жа­рық­тандыру шығындары 31,2%, ТҮКШЖК (ЖКХ) бөлімінің жол кәуіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламасының орын­да­луы 16,9%, жолдарды, көше­лерді жөндеуге арналған бағ­дарламалардың орындалуы 29,4%, құраған.

ҚҰРЫЛЫС көлемі 5169 мың тең­гені құрады.

Облыстық бюджеттен Қа­рақыстақ ауылында балалар бақшасын салуға 237,8 млн.теңге, Әбжаппар ауылында Қы­зыл ту орта мектебінің құрылысына 294,2 млн. теңге қарастырылған болатын. Осы екі нысанға бөлінген 532.0 млн. теңгенің бүгінгі күнге дейін 492,7 млн. теңгесі игерілді. Аталмыш нысандар оқу жылы басталғанға дейін толық бітіп, оқушылар мен бүлдіршіндер иелігіне айналатын болады.

Аудандық бюджеттен жоба­лау сметалық құжаттамалар дайындауға бөлінген 51,6 млн. теңгенің 43,3 млн. теңгесі игерілді.

Алаңы  4520 мІ 28 тұрғын үй пайдалануға берілді (2015ж -24 үй- 2567 мІ)

Инвестиция көлемі  9292,2 млн. теңгені құрады, 86,6% (об­лыс -103,4%).

Бөлшек сауда көлемі 1281,2 млн. теңге, 99,4% (облыс бо­йын­ша — 99,6%)

ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ПЕН КЕ­ДЕЙ­ШІЛІК. 6497 балаға 75496,0  мың теңгенің балалар жәрдем­ақы­сы, 212 адамға 2724 мың теңгенің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі та­ғайындалды. 123 отбасына  3225,3 мың теңге тұрғын үй жәр­демақысы төленді. «Өрлеу» жо­басы бойынша 20905,0 мың тең­ге  шартты ақшалай көмек көр­сетілді.

Орташа айлық табысы ке­дейлік деңгейінен төмен  аза­мат­тар саны 157-ні құрап,  ке­дейшілік деңгейі 0,2% (2015 жы­лы-0,5 %) құрады.

854 азамат жұмыссыз ре­тінде тіркелді, оның 616-сы жұ­­мысқа орналасты. Ақылы қо­ғамдық жұмыстарға 131 аза­мат жұмысқа тартылды. Әлеу­меттік жұмыс орындарына 112, жастар тәжирібесіне 116,   тұ­рақты жұмысқа 341-і орна­лас­ты. 215 жаңа жұмыс орын­дары ашылды.

Жалпы жұмыссыздар-345, оның ресми тіркелгендері–134. Жұ­мыссыздық  деңгейі–1,0 % (2015ж — 1,0). Тіркелген аза­мат­­тардың жұмысқа орналасу -72,1%

Мүмкіндігі шектеулі 38 аза­мат (11-і тұрақты, 25-уа­қыт­ша) жұ­мысқа орна­лас­тырылды, 2 аза­матқа микро­кредит беріл­ді.

Жұмыспен қамту орта­лы­ғын­да «Жұмыспен қамту-2020» бағ­дарламасының І бағыты  бо­йынша аудан аумағында құ­ры­лыс және жөндеу жұмыстары жүр­гізіліп жатқан бес нысанға 61 азамат жұмысқа жіберілді.

ІІ бағыты аясында  77 адам­ға 278,0 млн. теңге қаражат бө­­лінді. Оның ішінде рес­пуб­ли­калық  бюджеттен 37 адам­ға 109,0 млн. теңге (3,0млн. теңге­ге де­йінгі сомада), 17 адам­ға 101,5 млн. теңге (6 млн. теңгеге дейінгі сомада), облыстық бюджеттен 23 адамға 68,0 млн. теңге не­сие бөлінді. Микрокредиттік ұйымға ұсынылған 90 үміт­кер­дің 17-сіне 45.5 млн. теңге не­сие берілді. ІІІ бағыты қай­та даярлау курсына 50 аза­мат, біліктілігін арттыруға 10 азамат оқуға жіберілді. Олар­дың 45-і тұрақты жұмысқа ор­на­­ластырылды.

БІЛІМ БЕРУ. 12977 оқу­шы оқуды  аяқтады. 11 елді  мекеннен 504 оқушы тасы­мал­дан­ды, 3 мек­теп жанындағы интер­натта 99 бала оқытылды.

13 балабақшада 1415 ба­ла (2015 ж 1445 бала) тәрбие­ле­ну­де.

Ауданда 40 мектеп кең жо­лақты интернет желісіне қо­сылып, үздіксіз жұмыс ат­қа­­руда. Мектептер 1725 ком­­пьютермен қамтылған. 1 ком­пью­терге 7 бала айналады.

Ауданның мектептерінде 32 муль­тимедиялық лингофондық ка­бинеттер, 29 мектепте 30 ин­терактивті тақталар,  жаңа модификациялы 28 кабинеттер және физика , химия биология кабинеттері жұмыс істеуде.

32 мектепте аз камтылған отбасының 2531 баласы ыстық тамақпен қамтылды.

631 бітірушілердің  479 ҰБТ тапсырды.  ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл — 77,6 (2015ж-65,8, облыс бойынша -78,6)

33 бітіруші, немесе 6,8 %-ы шекті 50 балл ала алмады (2015ж-188, 21,4%), 28 бітіруші жекелеген пәндерден «2» алған (2015ж-75), 75 окушы (15,6 %) 100 аса балл (2015ж-27), 4 бітіруші 120 баллдан жоғары балл алып, «Алтын белгі» төс белгісіне 9 үміткердің 5-еуі білімдерін дәлелдеп, 5 бітіруші үздік аттестатқа ие болды.

10466  оқушы ( 85%) де­малыспен және сауықтыру  іс-шаралармен қамтылуда. Одан басқа Ә.Молдағұлова атындағы сауықтыру лагерінде 3 кезеңде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы отбасынан шыққан және аз қамтылған отбасылардың 200 баласын қамту көзделіп, қазіргі кезде 2 кезеңде 65 бала демалуда.

Қазіргі таңда барлық мек­теп­­терде ағымды жөндеу жұ­мыстары қарқынды жүргі­зі­лу­де. Бірқатар мектептердің от қазандықтары алмастырылуда. Білім ошақтарының оқу жы­лына сақадай-сай дайын еті­луі аудан әкімдігінің басты на­за­рында.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ.  Ауруханаға 2460 адам емделіп, өткен жылмен салыстырғанда 17  ауруға артқан.

Қабылдауда 164196 ау­ру болып, өткен жылмен салыс­тырғанда 54815-ке көбейген. Өлімшілік көрсеткіші өткен жылдың деңгейінен 2-ге артқан, немесе 142 адам қайтыс болды.

740 сәби өмірге келген (2015 ж — 699), немесе 41-ге азайып отыр. Бір жасқа дейінгі 10 бала өлімі орын алса, оның 1-еу ауруханада (2015 жылы  7 бала). Оның  7-еуі (70%) өмір сүруге қабілетсіз қатерлі топтағы балалар.

Мүгедектігімен 451 ауру тіркелсе, оның 113-і алғашқы анықталғандар. Квотамен Рес­публикалық медицина орта­лы­ғына 23 науқас жіберілді, оның ішінде 7 бала, облыстық Бөбек ор­талығына 12 бала, 12 ана жі­бе­рілді.

Аудан көлемінде меди­ци­на­лық көмектің қол жетімділігін арт­тыру мақсатында 5 елді ме­­кенде  облыстық   ауру­ха­на­ның жылжымалы меди­ци­на­лық ке­ше­ні жұмыс істеп, 3191 адам тек­серілді.

Туберкулез ауруына 16953 адам тексеріліп, 81 флюро­па­то­логия анықталса, оның 8-інен туберкулез  анықталған. Ту­беркулез аурумен 22 ауру жаңа (2015ж-21) тіркеліп, 1 топта  есепте тұрғандар саны 76-ні құрады, жалпы тіркелген аурулар саны өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 11-ге кеміген. Осы аурумен 1 адам қайтыс болды.

72 сарып ауруы тіркелген (2015 ж- 36).

МӘДЕНИЕТ. 443 мәдени іс-шара өткізілді. 2587 жаңа кітаптар алынып, кітап қоры 197309 дананы, оның ішінде мемлекеттік тілде 118294 құрады. РАБИС бағ­дарламасына енгізілген әде­биет­тер саны — 27777 дана, оның ішінде қазақ тіліндегісі -22436 дана.

СПОРТ. 128 спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған  39991 спортшы қатысты, (2015ж 98 іс-шараға 34870 спорт­шы қатысқан). Спорт үйір­мелерінде спорттың 12 түрі­мен  1200 жасөспірімдер мен жастар дәріс алуда. 17207 адам дене шынықтырумен шұғылданды, бұл халықтың 26,4% (2015ж-23,9%) құрай­ды.

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ  1 шілде жағдайына тіркелген 253 құқық бұзушылықтың (2015ж–300) 116-ы (2015ж –103-і) ашылған. Ашылу 45,8­%.

Қоғамдық орындарда 16 қылмыс (2015ж — 10), нашақорлық пен есірткіге байланысты 4 қылмыс (2015 жылы-5) тіркелді. 137 жалпы  ұрлық  тіркеліп 49-ға, оның ішінде мал ұрлығы 41-ден 29-ға, немесе 12-ге кеміді, ал, 25 пәтер ұрлығы орын алып, 11-ге көбейген. Тонау мен қарақшылықтың 1 фактісі (2015ж-3) орын алған. 83 басқа қылмыстар тіркеліп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда  39-ға кеміген.

Құлан ауылдық округінде барлығы 85 құқық бұзушылық тіркеліп, 7-ге кемігенімен қоғам­дық орындарда болған қыл­мыс 9-ға (2015ж-3),  жасы кәмелетке толмағандар жасаған қылмыс 4-ке (2015ж-1), пәтер ұрлығы 7-ге (2015ж-7) көбейіп отыр.

Луговой ауылдық округін­де барлығы 44 құқық бұзушы­лық тіркеліп, 18-ге кеміген. Тек пәтер ұрлығы 3-ке көбей­ген (2015ж-2) және 3 факт ашылған жоқ.

Қарақыстақ ауылдық ок­ру­гінде барлығы 15 құқық бұзушылық тіркеліп, 1-ге ке­мі­генмен 1 нашақорлық пен есерткіге байланысты қыл­мыс тіркелді.

Жаңатұрмыс ауылдық окру­гінде барлығы 5 құқық бұзу­шылық тіркеліп, 1-ге артқан.  2015 жылы  орын алмаған 1 нашақорлық пен есерткіге байланысты қылмыс тіркелген. Жалпы ұрлық (2) және  басқа қыл­мыстар (2) деңгейінде қал­ған.

Абай ауылдық округінде 10 құқық бұзушылық тіркеліп, 2-ге артқан: 3 басқа  қылмыстар  (2015ж-2), 7 жалпы ұрлық (2015ж-6) орын алған.

Аудан әкімдігі бүгінгі таңда тұрғындардың алаңсыз болуы үшін құқықтық тәртіпті нығайту, жергілікті полиция жұмысын жандандыру мақ­са­тында нақтылы шаралар бел­гілеп, жүзеге асыруда.

 

БОРДАҚЫ БИЗНЕСІМЕН БІРНЕШЕ ОТБАСЫН

АСЫРАУҒА БОЛАДЫ

Бүгінде кәсіп­кер­лік­пен айналысамын де­ген адамды Үкімет қам­қорлығына алып, қол­дап келеді. Әсіресе, та­бысы аз, жұмыссыз аза­маттарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартуда ел Үкіметі аянып қалған емес. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында несие алып, өз кәсібін бастауды немесе кеңейтуді көз­­деген кез-келген тұл­ғаны кәсіп­керлерді қол­дау орталығы алды­мен «Бизнес Кеңесші» жо­­басы аясында қысқа мер­зімде оқытып,   арнайы сертификат бе­реді. Осы кәсіпкерлік негіз­дері бойынша білім алған аза­мат­ттар халықты жұмыспен қам­ту орталықтарынан шағын не­сие алып, бизнесін бастай ала­ды. Аудандық халықты жұ­мыспен қамту орталығына ке­ліп, былтыр 41 адам несие ал­са, биыл 24 аудан тұрғыны ша­ғын несиеге қол жеткізіп отыр. Дегенмен, жоспар бо­йын­ша жыл аяғына дейін 77 кә­сіпкерлік бастамашылығы бар тұрғынға несие берілуі  ке­рек  екен. Аудандық ха­лық­ты жұмыспен қамту ор­та­лы­ғының басшысы Сапар Құл­манов межелі уақытқа де­йін жоспардың толық орын­да­ла­ты­нын жеткізді.

Несие алып кәсібін дөң­ге­летіп жүргендердің бірі – Абай Мұз­ды­­­баев. Луговой ауылында тұ­­ра­тын Абай Шәйзадаұлы өт­­кен жылдың күзінде кәсіп­кер­­лік негіздерін оқып сер­тификат алса, ерте көктемде алған 3 млн. несиесіне әр­қай­сысын жүз жетпіс мыңнан 16 бас мүйізді ірі қара алып, бұқа бизнесін бастайды. Нақты айт­қан­да, үш-төрт ай байлаған ма­лын өзі сойып, өзі сатады. Ол үшін аудан орталығындағы базардан сиыр етін сататын дүкен ашып, әйелін жұмыспен қамтыса, тағы бір азаматты бор­дақы малдың күтімін жасау үшін жұмысқа алады. Қазіргі таңда бордақылаудың екінші кезеңін бастаған Абайдың қо­ра­сында 30 бас бұқа бай­лау­лы тұр. Келешекте бұқа биз­не­­сін өркендетіп, Қазақстан ау­­мағын етпен қамтуды көз­­дей­тін кәсіпкер «Бордақы биз­не­сі­мен бірнеше отбасын асы­рау­ға бо­ла­ды» дейді ағынан жа­ры­лып.

Бұл бизнеске келгенге дейін түрлі  бизнестің  құлағын  ұстаған азамат қазаққа ата кәсіп мал ша­руашылығымен айналысу қол екенін айтады. – Ауылда өскен қазаққа малдан артық ештеңе жоқ екен. Болашақта жер алып, мал бордақылау кешенін соқсам деп отырмын. Үлкен балам Нұржан жуырда әскерден келді, қазір қасымда маған көмектесіп жүр. Тір­ші­лігіміз алға басып жатса, ата­дан балаға мирас болып қа­ла­тын отбасылық кәсібімізге айналдырсақ деген ойымыз бар. Ал, қазіргі жағдайымыз осы, жаңадан бастап жатыр­мыз. Базар нарқымен әр ке­лі­сін 1200 теңгеден са­тып келеміз, – деп бүгінін бо­ла­­шақпен ұштастырып, ал­дына үлкен мақсат қойған Шәйзаданың Абайы абыз Абайдың «Егер ісім өнсін десең, ретін тап» деген өсиетін өзінің өмірлік ұстанымына айналдырып, кәсіптің көзін, оны іске асырудың ретін тапты. «Кәсіптің көзін тапқан, нәсіптің өзін табады» деген осы болса керек-ті.

 

Мереке ЕРЖАНҰЛЫ.

 

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Алтыншы  шақырылған  Т.Рысқұлов  аудандық  мәслихатының  кезекті   жетінші   сессиясы  2016  жылдың  10 тамы­­зында   аудандық әкімдіктің  мәжіліс за­­лында  сағат 11.00-де мынандай күн тәр­ті­бімен өтеді:

1.Т.Рысқұлов ауданы  әкімінің өзіне жүк­телген  функциялар мен міндеттерін орын­дауы жөніндегі  есебі.

  1. Әртүрлі мәселелер.
  2. Кезекті  сегізінші  сессияның төраға­сын сайлау туралы.

Аудандық мәслихаттың  тұрақты  комис­сияларының  мәжілістері  2016 жыл­дың  10 тамызында  сағат 9.00-де аудан­дық мәслихаттың мәжіліс залында өте­ді.

 

Аудандық мәслихат аппараты.


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта