home
home home

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ақпараты

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

 

Аудан бойынша 1-Аудандық мәдениет үйі, 1-кинотеатр, 1-жылжымалы автоклуб, 5-халықтық атағы бар өнер ұжымдары, 7 ауылдық мәдениет үйі, 12 ауылдық клуб, 1 – аудандық, 4 – ауылдық балалар, 31 – ауылдық кітапханалар халыққа мәдени қызмет көрсетеді.

Мәдени- көпшілік жұмыстарын ұйымдастыруда ауданымызда 4- мәдени орталық,  50- үйірме, 10 әуесқой  клуб, 1 — «Тамаша» ойын-сауық   отауы, 2– фольклорлық ансамбль жұмыс  атқарып отыр.

2014 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында «Мэлс Өзбеков» атындағы мәдениет үйіне қарасты Қорағаты ауылдық мәдениет үйін «ТаразЭлитСтрой» ЖШС 36 334,639 теңгеге, Құмарық ауылдық мәдениет үйін «ҚожаДар» ЖШС 61 126,076 теңгеге, Көкдөнен ауылдық мәдениет үйін «ЖазБахыт» ЖШС 49 901,406 теңгеге келісім шарт жасалынып күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

2014 жылдың I жартыжылдығында «Мэлс Өзбеков» атындағы аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары облыстық байқауларға қатысып үш І орын екі ІІ орын, бір ІІІ орынды иеленді. Атап айтар болсақ облыстық би ұжымдарының байқауына «Әдемі-ау» бишілер тобы  жүлделі бірінші орын,  1-сәуір «Күлеміз бе?» атты күлкі күніне тамаша ойын-сауық отауының байқауында аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері бірінші орынды, Облыстық «Қаратау сарыны» атты фольклорлық ансамбльдер байқауына «Сұлутөр» халықтық ансамблі қатысып, арнайы дипломмен және 50000 тенге ақшалай сыйлықпен марапатталды.


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта