home
home home

БАҚ жаңалықтар

«Құлан-тазалыққа» жаңа техникалар тапсырылды
Бүгінде ел экономикасы өрістеп, әлеуеті артып келеді. Ауданымызда қолға алынып, іске асып жатқан түрлі иннова­циялық жобалардан   аудан бюд­жетінің де бүйірі томпақ екенін бағамдайсың. Бұл өз кезегінде   халықтың әлеуметтік жағдайының жақ­­саруына сеп­ті­гін ти­гіз­бей қоймасы анық. Ауда­нымыздағы елді мекен­дерді газдандыру, таза ауыз сумен қамтамасыз ету секілді ел игілігіне жасалып жатқан жұмыстар аз емес. Мәселен, халықты таза ауыз сумен қам­тамасыз ететін «Құлан-тазалық» кәсіпорны он бір елді мекенді қамтып отыр. Осындай халыққа қызмет көрсететін мекемелердің ма­те­­риалдық-техникалық база­сын жақсарту назардан тыс қалған емес. Жуырда ғана ауыл әкімдері мен полиция қызметкерлеріне қызметтік кө­ліктер тапсырған еді, енді міне, «Құлан-тазалық» мекемесіне де үш жаңа техника алып беріп, олардың да қол­дары ұзарып қалды. Осы бір қуаныш үстінде аталған мекеме басшысының орынбасары Еділ Қалыйұлын сөзге тартқан едік.
– Бұрын ескірген, бұзылған құбырларды жа­ңарту, ауыстыру жұмыс­тарын жүргізу біз үшін үлкен күшке түсетін. Бір ғана автокран жалдау үшін 50-80 мың көлемінде қаржы жұмсалатын.   Енді   бізде авто­кран да,   авто­кө­тер­гіш те, ша­руа­шылық    уаз автокөлігі де бар. Жұмысымыз жанданып, халыққа сапалы қызмет көр­сете алатын болдық,- дейді қуанышын жасыра алмай. Аудан әкімі Марат Раим­бекұлына шексіз риза­шылығын да жасырмады. 
Түптің түбінде «Ауыз су» бағдарламасымен барлық елді мекендер таза ауыз су­мен қамтамасыз етілетіні белгілі. Осыны ескерсек, бұл жұмыстардың бәрін үй­лестіру үшін техникалық база­ның жақсы болуы қажет-ақ.   Ал, Иманбаев басқаратын ме­кеменің техникалық база­сы жақсы қазір. 

 Әкім қолдауына олар да нақты іспен жауап берері кәміл 

Мереке СЕЙДАШЫМ.

 

 

Шалғай ауылдағы 

ҮЛКЕН ҚУАНЫШ 

Тасшолақ ауылы – шағын елді мекен. Ынтымағы жарасқан ауыл тұрғындары ел ырысын дамытуға өзіндік үлестерін қосып келеді. Кеше осы елді мекенде ауыл тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді.

– Қазақстан Республи­ка­сы­ның Конституциясы күні қарсаңында, -деді аудан әкімі М.Р.Смаилов салтанатты ми­тингте, – сіздердің ауылда­рыңызда үлкен қуаныш болып отыр. Ауылдарыңыздан дәрі­гер­­лік пункт ашылып, ол бүгін­гі күннен бастап сіздердің игілік­теріңізге берілмек.

Ауыл – біздің алтын бе­сі­гіміз. Елбасының сара да сындарлы саясатының арқасында, ауыл­ға баса көңіл бөлуінің нәти­жесінде шалғайдағы елді мекендердің бет-бейнесі жыл санап өзгеріп келеді. Облыс басшысының осы салаға ерекше назар аударуының арқасында көптеген әлеуметтік нысандар пайдалануға берілуде. Мұны біздің ауданның мысалынан да анық байқауға болады.

Мәселен, Луговой ауылынан балалар бақшасын салу жөнінде көптен бері үздіксіз ұсыныстар түсіп келген еді. Биыл бұл мәселе түбегейлі шешіліп, ауылдан 280 орындық балалар бақ­шасының құрылысы қар­қын­ды жүргізілуде. Қора­ға­ты, Қызылшаруа және Көк­­арық ауылдарына су кір­гізуге республикалық бюджет есебінен қомақты қаражат бөлі­ніп, қазір әлеуметтік нысандар қолға алынып отыр.

Бүгін сіздердің ауылдары­ңыздағы дәрігерлік пункт пайдалануға беріліп отырса, таяу күндері дәл осындай меди­циналық нысан Құмарық ауы­лынан да пайдалануға беріл­мекші. Мұнымен қатар Қайыңды және Тереңөзек ауыл­дық клубтары ағымды жөн­деуден өткізілуде. Өткен жылы 13 ауылға газ кіргізілсе, биыл тағы да 16 елді мекен көгілдір отынды пайдалануға көшіріледі.

Сонымен бірге өздеріңіздің Тасшолақ ауылынан 150 орын­дық мектептің де жоба­лық-сметалық құжаттары дайын­далды. Келер жылы Сіз­дерге ауыз су жүйесі жүр­гізілетін болады.

Өздеріңіз байқап отыр­ған­дай осының барлығы ауданда тек қана әлеуметтік салада ат­қа­рылып жатқан ауқымды жұ­мыстар. Мемлекетіміз ал­­тын бесік ауылды үлкен қам­қорлыққа алып отыр. Демек, ауыл алдағы уақытта да көркейе бе­реді.

Салтанатты митингте сөз алған ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Ш.Мо­мын­жанов, құны 38 млн теңге болатын құрылысты жүргізген «СтройМастерЛТД» ЖШС-ның басшысы П.В.Кон­доуров ауылға үлкен көңіл бөліп отырған Елбасына, облыс және аудан басшыларына алғыс сезімдерін білдірді.

Заманауи үлгіде салынған дәргерлік пунктің лентасын аудан әкімі М.Смаилов пен ауыл қариясы Ш.Момынжанов қиса, ақ жаулықты аналар ата дәстүріміз бойынша шашу шашты.

Т.ЖАМАНБАЕВ.

 

 

 

 

               Аудан спортшылары жүлделі орыннан көрінді.

 

Жуырда Талас ауданы, Қаратау қаласында 5-облыстық «Ақ бидай» ауыл спартакиадасы кезекті рет өз жалауын көтерді. Спартакиадаға облыстан барлық 10 аудан қатысып төмендегі спорт түрлерінен волейбол (ұлдар), волейбол (қыздар), кіші футбол, тоғызқұмалақ, қазақша күрес, гир көтеру, қол күрестен жүлделі орындарды сарапқа салды. Спартакиада барысында аудан спортшылары төмендегі жетістіктерге қол жеткізіп, жалпы командалық есепте 3-орынды иеленді. Волейболдан ұлдар арасында Көкдөнен ауылының командасы 1-орын, тоғызқұмалақ 3-орын, гир көтеруден 3-орын, қол күресінен 3 орын, кіші футболдан 4-ші орын, қазақша күрес 8-орын, волейбол қыздар командасы 4 орынға табан тіреді.

Қол күрес, гир көтеруден айрықша өнер көрсеткен әскери барлау бөлімінің қызметкерлері С.Оразбаев, К.Нұрманов, Жамбыл орта мектебінің 11-сынып оқушысы А.Абдиманапов, Қ.Сатпаев атындағы орта мектептің алғашқы әскери дайындық кабинетінің меңгерушісі Б.Күшікбаев, Жаңатұрмыс ауылының тұрғыны А.Жақсыбеков, М.Горький орта мектебінің мұғалімі Қ.Хасановтар өз салмақ дәрежелерінде жеңімпаз жүлдегер атанса, Көкдөнен ауылының ерлер волейбол командасы алдына жан салмай жеңіс тұғырынан көрінді. Тоғызқұмалақтан Луговой ауылы аймағы әкімінің қызметкерлері Ж.Үмбетәлі жақсы ойын көрсетті.

Спартакиадаға спортшыларды іріктеуде үлкен қолдау көрсетіп дайындаған әскери барлау бөлімінің қызметкері Ө.Итебаев, Ақтоған орта мектебінің мұғалімі М.Рысқұлов, Болтай батыр атындағы орта мектептің мұғалімі мұғалімі С.Мұсабеков, Қ.Сатпаев атындағы орта мектептің қызметкері Б.Күшікбаев, Жамбыл орта мектебінің мұғалімі Ғ.Қалиев, А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің мұғалімдері М.Нұрманов, Е.Мырзатаев, қоғамдық негіздегі жаттықтырушы Е.Сағыналиев, №20 Е.Ыбыраимов атындағы спорт мектебінің әдіскері Б.Садырқұловтардың өз ауданының нағыз патриоттары үшін ауданның спорт сүйер қауымы атынан алғысымды білдіремін.

 

А.Бестереков,

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.

Еңбектің жемісі

Т.Рысқұлов ауданының «Құлан тазалық» мекемесінің басшысы Мұрат Әшіралыұлы Иманбаев Астана қаласында өткен Ұлттық бизнес-рейтинг ұйымдастыру комитетінің төрағасы Г.Р.Хабибрахманованың шешімімен «Қазақстан даңқы ордені» медалімен марапатталды.
Медальды аудан әкімі М.Р.Смаилов тапсырды. «Құлан тазалық» мекемесінің қызметкері Сәуле Барменқызы Жылқыбаева «Еңбек қызметінің тиімділігі үшін» медалімен марапатталды.
«Құлан тазалық» мекемесі басшысының орынбасары Еділ Қалиұлы Рысмедетов «Жыл үздігі» сертификатын иеленді.
                                                                                                                                                                                                                                                                                                                   Т.Жаманбаев

© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта