home
home home

Т.Рысқұлов ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру 05.05.2017 жыл

Жарияланған хабарландыру мазмұнына 

персоналды басқару қызметі  жауапты

 

Т.Рысқұлов ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға

ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

Барлық конкурсқа  қатысушыларға  қойылатын  жалпы  біліктілік  талаптар:

            Е-G-3 санаты үшін: білімі — жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

 

Санаты Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде
 тенгеден бастап тенгеге деін
1 Е-G-3 69 957 94 109

 

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік қызметшілер арасында бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды

080900, Жамбыл облысы. Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек Жолы  көшесі  №75 үй, каб.№ 220, анықтама  үшін телефондар, код: 8(726-31) 21542, 21498, 21381, факс 22699,

электрондық почта: ryskulov_akimat@mail.ru

  1. Луговой ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (уақытша, негізгі қызметшінің 2018 жылдың 1 мамырына дейінгі бала күтімі демалысы мерзіміне) (санаты Е-G-3, 1 бірлік, №05-02-6)

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңдарын, Президент және Үкімет актілерін, облыс, аудан әкімінің өкімдерімен шешімдерін, өздеріне бекітілген аумақтық атқаратын қызметтеріне сәйкес тапсырылған ауылдық әкімінің жұмыстарын орындау. Көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу. Бекітілген учаскелерінде  сайлаушылардың  тізімін жасау, сондай-ақ сайлаушылар туралы  деректердің дұрыстығы үшін жауап беру. Мемлекеттік қызметтік стандартына сәйкес жұмыстар жүргізеді, ауыл жиындары мен көше жиындарының хаттамаларының дайындалуын ұйымдастырады. Мемлекеттік сатып алу жұмыстарын заң аясында жүргізілуін ұйымдастырады. Ауыл әкімінің өкімдерін, шешімдерін заң аясында орындалуын үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы,немесе білім саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы.

Мамандығы — ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы  (жалпы) немесе экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану немесе техника ғылымдары және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе білім саласындағы (жалпы) немесе мәдениеттану.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

  1. Көкдөнен ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (санаты Е-G-3, 1  бірлік,  № 05-08-05)

Функционалдық міндеттері: Қазақстан    Республикасының    Заңдарын, Президент   және Үкімет актілерін, облыс, аудан әкімдерінің қаулылары мен өкімдерінің және шешімдерінің өздеріне бекітілген аумақтық атқаратын  қызметтеріне сәйкес тапсырылған ауылдық округ әкімінің жұмыстарын орындау. Мемлекеттік қызметтік стандартына сәйкес жұмыстар жүргізеді. Ауыл тұрғындарынан бала бақша кезегіне жазылған өтініштерін қабылдайды, ауызша және жазбаша келіп түскен арыз-шағымдарды тіркеу және орындалу мерзімін қадағалайды, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңның орындалуын және арыз шағымдардың уақытылы бақылаудан алынуын жүргізеді. №1-ОЛ есебін жүргізеді. «Айқын» бағдарламасына мәліметтерді енгізу жұмыстарын орындайды. Әр аптаның сейсенбісінде бірегей нөмері бар талондар туралы мәліметтерді аудан әкімі аппаратының кеңсе бөліміне тапсыру. Ауыл әкімі аппаратының іс-қағаздарын жүргізуді қадағалайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – құқық саласындағы.

Мамандығы — құқықтану.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

  1. Көкдөнен ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (уақытша, негізгі қызметшінің 2018 жылдың 24 сәуіріне дейінгі бала күтімі демалысы мерзіміне) (санаты Е-G-3, 1  бірлік,  № 05-08-04)

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент   және Үкімет актілерін, облыс, аудан әкімдерінің қаулылары мен өкімдерінің және шешімдерінің өздеріне бекітілген аумақтық атқаратын  қызметтеріне сәйкес тапсырылған ауылдық округ әкімінің жұмыстарын орындау. Мемлекеттік қызметтік стандартына сәйкес жұмыстар жүргізеді. Көпшілік жиындарын ұйымдастырып, хаттамаларын дайындайды. Көріктендіру–көкалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарының жүргізілуіне жауапты. Ауылшаруашылығы жануарларының тіркелуін, карантинде ұсталуын қадағалау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – ветеринария саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе білім саласындағы.

Мамандығы — ветеринарлық медицина немесе ветеринарлық санитария немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе  экономика немесе маркетинг немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе менеджмент немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе білім саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері  министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы  жарияланған күнінен  бастап 3 жұмыс күннің ішінде, жоғарыда көрсетілген  мекен жай бойынша орналасқан Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың  өздері  қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге  жіберілген  кандидаттар, әңгімелесуге жіберілген туралы хабар алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек жолы №75 мекен жайда орналасқан Т.Рысқұлов ауданы әкімі  аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

 

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта