home
home home

03.02.2017 жылғы Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппараты бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

  Жарияланған хабарландыру мазмұнына 

персоналды басқару қызметі  жауапты

 

Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппараты бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Барлық конкурсқа  қатысушыларға  қойылатын  жалпы  біліктілік  талаптар:

Е-R-4 санаты үшін: білімі — жоғары немесе ортадан кейінгі немесе кәсіптік және техникалық білім.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

 

Мемлекеттік  әкімшілік  қызметшілердің  лауазымдық  жалақылары

 

Санаты Лауазымдық  жалақысы  қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде
 тенгеден бастап тенгеге деін
1 Е-R-4 73 288 99 106

 

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты бос тұрған әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды

(080900, Жамбыл облысы. Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек Жолы  көшесі  №75 үй, каб.№ 220, анықтама  үшін телефондар, код: 8(726-31) 21542, 21498, 21381, факс 22699, электрондық почта: ryskulov_akimat@mail.ru

  1. Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бюджеттік жоспарлау секторының бас маманы; санаты E-R-4, 1 бірлік (№04-6-5)

            Функционалдық міндеттері: Жергілікті  бюджеттен қаржыландырылатын  мекемелердің, кәсіпорындардың тапсырыстарын қабылдап, қаржыландыруға ұсынады, бюджеттік өтінімдеріне және бюджеттің орындалуына талдаулар жасайды. Жергілікті бюджет жобасын дайындауға және оны маслихатқа ұсынуға, ауданның даму бюджетінің бюджеттік бағдарламалардың инвестициялық жобалары және бағдарламалары бойынша жұмыстарды үйлестіруге қатысады. Бюджеттік мекемелердің, кәсіпорындардың штаттық сан лимиттері бойынша статистикалық есептерін жинақтап, талдаулар жасау жұмыстарын жүргізеді. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын  мекемелердің, кәсіпорындардың  ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың және даму бюджетінің шығындарының белгіленген  лимиттерінің, орындалуына бақылау жүргізіп, ұсыныстар береді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы.

Мамандығы — экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)   Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)   3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3)   бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4)   еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5)   Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6)   Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7)   құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8)   конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Үшінші бағдарлама Е-R-4 санаттарына арналған тестілеу келесіні қамтиды: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестер. Үшінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (90 сұрақ) кем дегенде 45 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды. Үшінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 80 минутті құрайды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың  өздері  қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге  жіберілген  кандидаттар, әңгімелесуге жіберілген туралы хабар алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек жолы №75 мекен жайда орналасқан Т.Рысқұлов ауданы әкімі  аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта