home
home home

Халыққа қызмет көрсету орталығы

Электронды үкімет» порталы

Қазақстан Республикасының «Электрондық үкіметі» барлық мемлекеттік органдарды біріктіретін және оларға Интернет, электрондық терминалдар, тіпті мобильдік телефонның көмегімен жеке және заңды тұлғаларға  қызметтер көрсетуге мүмкіндік беретін жүйе.

Елбасымыз айтқандай, «Электрондық үкімет» енгізу – бұл мемлекеттік басқарудың  тиімділігін жоғарлатуға бағытталған әкімшілік реформаның маңызды элементі. Біріншіден, ол мемлекеттік процедуралардың тұнықтығын қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлықты төмендетуге мүмкіндік туғызады. Екіншіден, мемлекеттік аппаратты ұстау бойынша мемлекеттік шығындарды қысқартады және бір уақытта мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жоғарылатады. Үшіншіден,  қызметтің кәсібилігін жақсартады. Төртіншіден, салықтарды төлеу, әртүрлі құжаттарды ресімдеу және алу сияқты процедураларға көп уақыт кетірмеуге мүмкіндік береді».

Бүгінде «Электрондық үкімет» порталында азаматтарға 240 онлайн қызметтер мен сервистер қолжетімді, оның ішінде 56-дан астамын мобильдік қосымша арқылы алуға болады. Отандастарымыз портал арқылы көбінесе мекенжай анықтамасын (62 млн.), зейнетақы аударымдары туралы анықтаманы (11,8 млн.) және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтаманы (18,6 млн.) жиі алады. Жалпы, еліміз бойынша осы уақытқа дейін азаматтарға 124 миллионнан астам әр түрлі қызмет көрсетілген.

«ХҚКО»РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының Т.Рысқұлов аудандық бөлімі

 

Тиімді сектор

Бүгінде «ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалына қарасты барлық бөлімдерде өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары жұмыс істеуде. Бұл сектордың негізгі мақсаты: халықты электрондық үкімет порталының мүмкіншіліктерімен таныстырып, электрондық цифрлық қолтаңба  арқылы ақпараттық анықтамалар мен электрондық қызметтер алуға мүмкіндік беру. Айта кету керек, биылғы  жылы ХҚКО арқылы халыққа 157 528 ЭЦҚ берілген.

Орталыққа  келушілер бұл сектордың қызметіне қызығушылықтарын танытуда. Сондықтан, «Өзіне-өзі қызмет көрсету секторының»  құрылу идеясы болашақта өзін-өзі ақтайды деп сенеміз, себебі қазіргі таңда бұл секторлар арқылы кеңес алған халық саны  408 330 –ға  жетті.

Сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың қызметтерді алуы мақсатында орталықтың барлық бөлімдерінде орналасқан қоғамдық қол жеткізу орындары арқылы  903 415 қызмет көрсетілген.

 «ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының Т.Рысқұлов аудандық бөлімі

Басты мақсат- тиімділікті арттыру

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Заң бес институционалдықреформаныжүзегеасыружөніндегі 100 нақтықадам — Ұлтжоспарыніскеасыруға, «Үкімет — азаматтарүшін» Мемлекеттіккорпорациясынқұруғажәнемемлекеттікқызметтеркөрсетусапасынжақсартуғабағытталған.

Бұл заңның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша бірыңғай провайдерді құру, халыққа қызметтерді ұсынуды реттейтін нормаларды заңды түрде бекіту және халықты әлеуметтік қорғау, жер қатынастары және жылжымайтын мүлікті ресімдеу салаларында қызмет көрсету сапасының бірыңғай стандарттарын сақтау.

Қазіргі уақытта халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 212 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Мемлекеттік корпорация біріншікезеңде 522, ал екіншікезеңде 700-ден астаммемлекеттікқызметкөрсетеді. Қызметтердііріктеуүшінведомствоаралық комиссия құрылады, оныңқұрамынақызметкөрсететінбарлықмемлекеттікоргандардыңөкілдерікіреді. Қызметтердімемлекеттіккорпорацияға беру шарттарыныңбіріолардыоңтайландыружәнеавтоматтандыруболыптабылады.

 «ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының Т.Рысқұлов аудандық бөлімі

 

Фитосанитариялық және карантиндік сертификаттарды енді Халыққа қызмет көрсету орталықтарында алуға болады

             ҚР ХҚКО-ларында пилоттық жоба іске қосылды. Оған сәйкес ҚР АШМ агроөндірістік кешеніндегі Мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекцияларының фитосанитариялық және карантиндік сертификаттарды беруі ХҚКО-лар арқылы жүзеге асырылады.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның сөзіне қарағанда, бұрын аталған қызметтерді азаматтар ҚР АШМ агроөндірістік кешеніндегі Мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекцияларында ғана ала алатын. «Енді оларды баламалы негізде мемлекеттік орган мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары да көрсетеді. Бұл ретте қызметтерді ресімдеу үшін ХҚКО-ларға дүйсенбіден бастап сенбіге дейін, түскі үзіліссіз таңғы сағат 9.00 минуттен бастап кешкі сағат 20.00 минутке дейін жүгінуге болады», — деп қосып өтті Балташева.

Карантиндік және фитосанитариялық сертификаттарды алу мерзімдері – 3 және сәйкесінше 5 жұмыс күнін құрайтындығын атап өту керек. ХҚКО-да ҚР аумағында карантинге жатқызылған өнімді ауыстыруға карантиндік сертификат алу үшін өзіңізбен бірге тек қана жеке куәлігіңіз болу керек. Ал карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификатты беру үшін, сондай-ақ импортер-елдің өсімдіктер карантині бойынша ұлттық қызметінің өсімдіктер карантині саласындағы талабын ұсыну керек. Айта кетейік, екі жағдайда да өтінімді толтыру керек.

Балташеваның айтуына қарағанда, жуық арада аталған қызметтер 32 ХҚКО-да пилоттық режимде ұсынылатын болады, олардың тізімін http://con.gov.kz/normativno-pravovie-akti/%20files/MSH_ru.pdf көруге болады. Болашақта оларды жалпы негізде барлық ХҚКО-ларда көрсету жоспарланып отыр.

Бүгінгі күні Қазақстанда 212 қызмет көрсететін 267 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. 2015 жылғы 10 айда ҚР ХҚКО-ларында 30 миллионнан астам қызмет ұсынылды, олардың 22 миллионы – электрондық нысанда көрсетілді.

«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының Т.Рысқұлов аудандық бөлімі

 

Қызметтер оңтайландырылуда!

 Сіздерге ұсынатын келесі ақпаратымыз ол азаматтық қоғамның тірегі, тұрақтылық кепілі — кәсіпкерлік жайлы болмақ. Негізінде соңғы бірнеше жылда біздің мемлекетіміз кіші және орта бизнес субъектілеріне қолдау көрсетуде. Өзіңнің жаңа идеяларыңды жүзеге асыру үшін тек қана жеке кәсіпкер ретінде тіркелу керек. Дара кәсіпкерлерді тіркеу қызметі 2 АЕҚ мөлшерінде ақылы түрде бір жұмыс күні ішінде тіркеледі.

Сонымен дара кәсіпкер ретінде тіркелу үшін салықтық өтініш, жеке басын куәландыратын құжат, мекен жай анықтамасы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжат, бюджетке төленген түбіртек қажет. Дара кәсіпкер ретінде тіркелу кезінде шаруа қожалықтары, 1, 2, 3 топтағы мүгедектер, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлікпен айналысатын оралмандар төлем төлеуден босатылады.

Порталға жүгінген кезде электрондық нысандағы ЭЦҚ – мен куәландырған салықтық өтініш, жеке басты куаландыратын құжатты, мекен жай анықтамасын,қызмет беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ЭЦҚ-мен куәландырған электрондық деректер нысанында алады.

Нәтижесінде тіркелушіге дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу куәлігі беріледі. Қосымша ақпаратты электронды үкімет веб-порталынан www.egov.kz немесе 1414 номеріне қоңырау шалу арқылы білуге болады


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта