home
home home

Хабарландырулар

1 және 2 топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға «1414» Бірыңғай Cаll-орталығының жұмысын насихаттау

Т.Рысқұлов аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы Т.Рысқұлов ауданының тұрғындарына  аянбай қызмет етуде. Шалғай аудандардағы тұрғындарға мобильді жылжымалы Халыққа қызмет көрсету орталығы қызмет көрсетіп келеді. Және де мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін де жағдай жасалып, орталыққа келтірмей, өтініштерді үйлерінен қабылдауда жүзеге асырылуда. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қалауы бойынша электронды цифрлық қолтаңба алып, электронды үкімет порталында электронды қызмет түрлерін пайдаланам деушілерге де Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері электронды үкімет порталын пайдалануды үйретеді. 1 және 2 топтағы мүгедектердің электронды цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда және де үйінде интернеті болса, электронды үкімет порталы арқылы көптеген қызмет түрлерін пайдалануға мүмкіншілігі бар. Мысалға айтар болсақ, мекен-жай анықтамасын орталыққа келмей-ақ үйінде рәсімдеуге мүмкіншілік бар, және де сол сияқты көптеген қызмет түрлерін электронды портал арқылы жүзеге асыра алады. Сізге Электроны үкімет порталында анықтама алу, кезекке тұру немесе электронды кілт арқылы жұмыс жасау түсініксіз болып жатса сіздер «1414» Бірыңғай Cаll-орталығының байланыс орталығына барлық операторларға хабарласып олардан кез-келген ақпараттарды тегін ала аласыздар. Құрметті Т.Рысқұлов аудан тұрғындары сіздерге бұл Электронды үкімет порталы өте тиімді және қолайлы болып табылады. Портал арқылы көрсетілетін қызмет түрлері ақысыз түрде жүргізіледі.  Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін және де басқа да қажетті кеңестерді мына төменде көрсетілген үнсандық арқылы мәліметтерді алуға болады.  8 (726) 31 2-18-84

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік  корпорациясы КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы-«ХҚКО» департаментінің  .Рысқұлов аудандық бөлімінің  2017 жылдың  Маусым айына арналған «Жылжымалы ХҚКО» іс-сапарға шығу  кестесі

Бөлім атауы
Елді мекеннің атауы
Тұрғындар саны
Елді мекеннің аудан орталығы-нан арақашық-тығы  (шақырым)
Шығу күні
Шығу саны
Азаматтарды қабылдау орны
Азаматтарды қабылдау уақыты
Әкімшіліктегі жауапты қызметкердің А.Т.Ә.
МХҚКО жауапты кызметкердің А.Т.Ә.
Көліктің сүлбісі және  мемлектік нөмірі
Ескерту
 
Т.Рысқұлов аудандық бөлімі
1.Абылкайыр
130
94 км
01.06.2017 07.06.2017
2
Жылжымалы ХҚКО автокөлігі
11.00
Бас маман М.Бекбосынова.
Бөлім басшысы А.Абдиваитов
Ssong Yong  kz  391 AF 08
Жауапты мамандар Сейтов Ринат Сержанович, Шапатаева Айнур Муттановна
2.Жарлы су
1143
130 км
02.06.2017 08.06.2017
2
Жылжымалы ХҚКО автокөлігі
11.00
Г.Байназарова
3.Салимбай Прманова
739
136 км
05.06.2017 12.06.2017
2
Жылжымалы ХҚКО автокөлігі
11.00
Г.Байназарова
4. Сұнқайты
76
146 км
06.06.2017 13.06.2017
2
Жылжымалы ХҚКО автокөлігі
11.00
Г.Байназарова
5.Малдыбай
529
90 км
09.06.2017 15.06.2017
2
Жылжымалы ХҚКО автокөлігі
11.00
Бас маман
К.Тлеулиев
 
Жалпы:
5 елді мекен
2617
1192
 
10
 
 
 
 
 
 
 
Жалпы 3 айдың қосындысы:
15 елді мекен
17699
3796
 
30
 
 
 
 
 
 

Азаматтарға арналған үкіметте онлайн сурдоаударма қызметі жұмыс жасауда

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияда сөйлеу және есту қабілеті бұзылған азаматтарға мемлекеттік қызметтердің сервисі жұмыс жасауда. Бұл адамдарға ымдау тілінің кәсіби маманы арнайы қосалқы монитордан шынайы уақыт режимінде сурдоаударма қызметін ұсынады. Бұл жоба Азаматтарға арналған үкіметтің бастамасымен «Ауған соғысының қазақстандық республикалық мүгедектер бірлестігі» қоғамдық бірлестігімен біріге отырып жүзеге асырылды.

Бүгінде Жамбыл  облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарында сурдоаударма тілін меңгерген 34 маман жұмыс істеуде. ХҚКО-ның жеңілдік терезесіне жүгінген сөйлеу және есту қабілеттері бұзылған тұлғалар ым-ишарат тілінде қажетті құжатты қалай алу керектігін шынайы уақыт режимінде айтып беретін, онлайн сурдоаударма арқылы қызметін ала алады.

Қазіргі таңда барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында пандус, шақырту қоңырауы, жеңілдік терезелері, ал  1 және 2 топтық мүгедектігі бар тұлғалар Бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы ХҚКО-ны үйіне шақыруына болады.

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»

коммерциялық емес акционерлік қоғамы Жамбыл облысы бойынша

филиалы-«ХҚКО»департаментінің Т.Рысқұлов аудандық

бөлімінің Бас маманы Л.Д.Кариева

 

Қазақстанның перзентханаларында баланың туылуы бойынша  миллион композиттік қызметтердің төрттен бір бөлігінен астамы көрсетілді

Пилоттық жоба іске қосылған сәттен бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстанның перзентханалары мен перинаталдық орталықтарында баланың туылуы бойынша 260 мыңнан аса мемлекеттік қызметтерді көрсеткен. Олардың ішінде шамамен 122 мың қызмет — бала тууды тіркеу бойынша, шамамен 50 мыңы — бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау, 21 мыңнан астамы — әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына, атап айтқанда баланың бір жасқа дейінгі күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау, сондай-ақ 67 мыңнан астам жаңа туылған нәрестелер балабақшаға кезекке қойылды.

            «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ғалым Нұрғазиевтің айтуынша, қазіргі уақытта пилоттық жобаға 206 перзентхана мен перинаталды орталықтар қамтылған, ол жерлерде қызметтерді мемлекеттік корпорацияның 309 жұмыскері көрсетеді. «Пилоттық жоба дегеніміз перзентханада ХҚКО инспекторларының бірден 4 қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдауын білдіреді – ол бала тууды тіркеу, бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау, бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау және балабақшаға кезекке қою. Бұл жас аналар үшін өте ыңғайлы, себебі барлық қажетті құжаттарды ресімдеуге ХҚКО-ға бару үшін жаңа туылған нәрестені кіммен қалдыруды ойланудың қажеті жоқ» — деді ол.

Нұрғазиев ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп жұмыс істеудің нәтижесінде ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап бала тууға байланысты жәрдемақыны бір облыс шегінде, тіркелген жеріне қарамастан ресімдеуге болатынын да атап өтті. Мысалы, әйелдің тұрғылықты тіркелімі Семейде, ал баланы Риддерде босанса, онда ол барлық қажетті құжаттарды Риддердегі перинаталдық орталықта ресімдей алады.

Осы 4 қызметті ресімдеу үшін қазақстандықтар ата-аналарының жеке басын куәландыратын құжатты, неке қию туралы куәлік пен оның көшірмесін (ҚР аумағында 2008 жылдан кейін некені тіркеген тұлғалар куәліктің көшірмесін ұсынбайды), баланың туылуы туралы медициналық куәлікті (перзентханада беріледі), туу туралы куәлікті немесе барлық балаларға туу туралы акт жазбаларынан көшірме үзіндіні, банк шотының нөмірі туралы құжатты ұсынуы тиіс.

                                                                                       «Азаматтарға арналған үкімет»

                                                                                       мемлекеттік корпорациясы»

                                                                                      коммерциялық емес акционерлік қоғам

                                                                                      Жамбыл облысы бойынша филиалы

                                                                                     «ХҚКО»  департаментінің

                                                                                     Т.Рысқұлов аудандық бөлімі


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта