home
home home

Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізуді ұйымдастыру қағидалары

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы «        »

№            қаулысымен

бекітілген

 

 

Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізуді ұйымдастыру

қағидалары

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізуді ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленген.
  2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерінен тұратын, Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және тұруға ықтиярхаты бар адамдардың мүлкін (ақшадан басқа) жария ету туралы не жария ету не жария етуден бас тарту туралы шешім шығаруға уәкілетті комиссия;

2) мүлікті жария ету субъектілері (бұдан әрі – жария ету субъектілері) – мүлкін осы Заңда белгіленген тәртіппен жария ететін Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар;

3) аттестатталған сарапшы (бұдан әрі – сарапшы) – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына тиiстi аттестаты бар жеке тұлға.

 

 

  1. Жария етуді өткізу тәртібі

 

  1. Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізу үшін жария ету субъектілері комиссияға немесе салық органына мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Заңда белгіленген нысан бойынша екі данада мүлікті жария етуді өткізуге өтініш (бұдан әрі – өтініш);

2) өтініш берген кезде салыстыру үшін түпнұсқасын көрсете отырып, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) осы Қағидалардың 4, 5, 6 және 7-тармақтарында көзделген жағдайларда өзге құжаттар.

Құжаттарды қабылдау аудан, қаладағы аудан, аудандық, облыстық және республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының, салық органының кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

  1. Жария ету субъектілері осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген мынадай құжаттарды:

1) Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлiк бойынша (ақшадан басқа) жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша салық органына;

2) Қазақстан Республикасының аумағында тұрған мүлiк бойынша (ақшадан басқа) өтініш комиссияға мұндай мүліктің тұрған жері бойынша берілетін жылжымайтын мүлікті жария ету жағдайларын қоспағанда, жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша комиссияға ұсынады.

  1. Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған мүлiктi жария ететін жария ету субъектілері салық органына осы Қағидалардың 3-тармағында айқындалған құжаттар тiзбесiне қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлiк және шет мемлекетте тіркелген заңды тұлғалардағы қатысу үлесі бойынша осындай мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi;

2) эмитенттерi шет мемлекетте тіркелген бағалы қағаздар бойынша бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алудың тиiстi жүйесiндегi жеке шоттан үзiндi көшірме не резидентi бағалы қағаздардың эмитентi болып табылатын мемлекеттiң заңнамасында белгіленген, осы бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын өзге де құжат;

3) мүліктің сатып алу құнын немесе бағалау құнын растайтын құжат, бұл ретте, егер мүліктің құны шетел валютасында көрсетілсе, онда мұндай құн өтініш берілген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен қайта есептеледі;

4) алымның төленгенін растайтын құжат.

  1. Басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария ету үшін осы Қағидалардың
    3-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1) мүлікке құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (нотариат куәландырған);

2) басқа тұлғаның мүлікті жария ететін жария ету субъектісіне мүлікті өтеусiз бергенi туралы шарттың көшірмесі (нотариат куәландырған);

3) бағалы қағаздарды жария еткен жағдайда, бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алудың тиiстi жүйесiндегi жеке шоттан үзiндi көшірменi не резидентi бағалы қағаздардың эмитентi болып табылатын мемлекеттiң заңнамасында белгіленген осы бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын өзге де құжат;

4) заңды тұлғаларға қатысу үлесін жария еткен кезде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін, заңды тұлғаның мөрімен бекітілген мемлекеттік қайта тіркеу туралы заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімін не шешімінен үзінді көшірме.

Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлікті жария ететін жария ету субъектілері салық органына мынадай құжаттарды:

1) мүліктің бағалау құнын растайтын құжатты;

2) алымның төленгенін растайтын құжатты ұсынады.

  1. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған жылжымайтын мүлiктi жария ететiн жария ету субъектілері комиссияға осы Қағидалардың
    3-тармағында айқындалған құжаттар тізбесіне қосымша мынадай құжаттарды:

1) ғимараттар мен құрылыстарды объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігі тұрғысынан техникалық тексеруді жүзеге асыратын сарапшының қорытындысын;

2) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын ұсынады.

  1. Аудан, қаладағы аудан, аудандық, облыстық және республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының, салық органының кеңсесі мүлікті (ақшадан басқа) жария етуге өтініш берген жария ету субъектісінің өтінішін тіркейді.
  2. 9. Мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуге ұсынылған құжаттар мынадай:

1) Заңда белгiленген құжаттардың топтамасы толық ұсынылмаған;

2) ұсынылған құжаттарда өшiрулер мен түзетулер болған;

3) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының осындай құжаттарға қойылатын талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда, себептері көрсетіле отырып қайтарылуға жатады.

Мүлiктi жария ету үшін ұсынылған құжаттарды қайтаруға негiз болған себептердi жойған кезде өтініш беруші Заңда белгiленген мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету мерзiмі iшiнде мүлікті жария ету бойынша қайтадан өтiнiш беруге құқылы.

  1. Жария ету мерзімі ішінде берілген мүлікті (ақшадан басқа) жария ету туралы өтініш комиссияға, салық органына берілген күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қаралады.
  2. Өтініш беруші ұсынған құжаттарды алған кезде хатшы/орындаушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлікті жария ету бойынша өтініштерді есепке алу журналын (бұдан әрі – журнал) толтырады. Журнал нөмірленуі (беттері), тігілуі және тиісті жергілікті атқарушы органның, салық органының мөрімен бекітілуі тиіс.

Мүлікті жария ету үшін ұсынылған құжаттардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізімдемеде (бұдан әрі – тізімдеме) тіркеледі.

Тізімдеме 2 данада ресімделеді, бірінші дана өтініш берушіге беріледі, екінші дана өтініш беруші ұсынған құжаттарға қоса тігіледі. Бұл ретте, өтініш пен тізімдеменің реттік нөмірі сәйкес келуі тиіс.

  1. Құжаттарды қарау нәтижесі бойынша комиссия, салық органы мүлікті жария ету туралы екі шешімнің бірін (бұдан әрі – шешім) қабылдайды:

1) мүлікті (ақшадан басқа) жария ету туралы;

2) жария етуден (ақшадан басқа) бас тарту туралы (бас тартудың себептері көрсетіле отырып).

  1. Мүлікті (ақшадан басқа) жария ету туралы не мүлікті (ақшадан басқа) жария етуден бас тарту туралы комиссияның, салық органының шешімі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ресімделеді.

Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасы аумағының шегінде орналасқан объектіні – жеке тұрғын үй құрылысын (шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарды қоса алғанда) жария ету туралы комиссияның шешімі нақты жағдайы бойынша құрылыс салу жүйесінде жария етілетін объектіні орналастыру (орналасу) бөлігінде қала құрылысы регламенттеріне, өртке қарсы және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін белгілеу арқылы қабылданады.

Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасы аумағының шегінде орналасқан объектіні – өндірістік немесе басқа мақсаттағы объектіні жария ету туралы комиссияның шешімі нақты жағдайы бойынша құрылыс салу жүйесінде жария етілетін объектіні орналастыру (орналасу) бөлігінде қала құрылысы регламенттеріне, өртке қарсы, санитариялық, экологиялық, радиациялық және басқа нормативтік талаптарға сәйкестігін белгілеу арқылы қабылданады.

  1. Комиссия, салық органы мүлiктi жария етуден бас тартуды Заңның
    2 немесе 3-баптарында көзделген талаптар сақталмаған кезде шешім қабылдау арқылы жүзеге асырады.

Жария етуден бас тартқан немесе құжаттар топтамасын қайтарған кезде хатшы/орындаушы комиссияның, салық органының төрағасы қол қоятын ілеспе хат дайындайды және журналға тиісті мәліметтерді енгізеді.

Теріс шешім қабылданған жағдайда, комиссия хатшысы/орындаушы түпнұсқаларды қайтаруы қажет, бұл ретте көрсетілген түпнұсқалардың көшірмелері өтініші берушінің ісінде тігілуі тиіс.

  1. Шешім әрбір жария ету объектісі бойынша жеке қабылданады.
  2. Комиссияның, салық органының шешімі журналға/жария етілген мүліктің тізіліміне белгіленген нысан бойынша тиісті мәліметтер енгізіледі.
  3. Мүлік орналасқан тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жария етілетін жеке тұрғын үй құрылысы объектілерін және саяжай құрылыстарын техникалық тексеру үшін сарапшыны (сарапшыларды) тартуды ұйымдастырады.

Өзге құрылыстың жария етілетін объектілерін техникалық тексеруді жүргізу үшін сарапшыны тартуды өтініш беруші өз бетінше жүзеге асырады.

 

Жария ету субъектісі жария етілетін жеке тұрғын үй құрылысы объектілерін, саяжай және өзге құрылыстарын техникалық тексеруді жүргізу үшін сарапшының қорытындысын алу үшін осы Қағидаларға
4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен әкім аппаратына жүгінеді.


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта