home
home home

Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия туралы ереже

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы «         »

№           қаулысымен

бекітілген

 

 

Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия туралы

ереже

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы
    30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – комиссия) өкiлеттiктерін, қызметiн ұйымдастыруды белгілейді.

 

 

  1. Комиссияның функциялары

 

  1. Комиссияның функциялары мыналар болып табылады:

1) мүлікті (ақшадан басқа) жария ету үшін өтініш берген Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдардың (бұдан әрі – жария ету субъектілері) өтініштерін уақтылы және сапалы қарауды қамтамасыз ету;

2) жария ету объектісі (ақшадан басқа) туралы мәліметтерді белгілеу;

3) мүлікті (ақшадан басқа) жария ету немесе жария етуден бас тарту туралы шешім қабылдау;

4) жария ету объектісі туралы мәліметтерді белгіленген нысан бойынша жария етілген мүлік тізіліміне енгізу;

5) жария етілген мүліктің тізілімін жүргізу.

 

 

  1. Комиссия құру және оның қызмет ету тәртібі

 

  1. Комиссия аудан, қаладағы аудан, аудандық, облыстық және республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен құрылады, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің орынбасары оның төрағасы болып тағайындалады.
  2. Комиссияның құрамына:

1) төраға;

2) төрағаның орынбасары;

3) мүшелері;

4) хатшы кіреді.

  1. Комиссияның төрағасы оның қызметін басқарады, отырыстарын өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды, комиссия жүзеге асыратын қызметті жалпы бақылауды жүзеге асырады. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды.
  2. Комиссияның хатшысы комиссияның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді, комиссия отырысының хаттамасын жүргізеді және оның дауыс беру құқығы жоқ.
  3. Комиссияның хатшысы аудан, қаладағы аудан, аудандық, облыстық және республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының кеңсесі арқылы түсетін комиссияның отырыстарына арналған материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді.
  4. Өз функцияларын жүзеге асыру үшін комиссияның хатшысы жария етуді өткізу мерзіміне штаттық кестеге сәйкес жалақысы сақтала отырып, негізгі қызметтен босатылады.
  5. Комиссия қажеттілікке қарай, бірақ аптасына кемінде бір рет жиналады.
  6. Комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілік дауыс беруімен қабылданады. Шешім қабылдау кезінде комиссия мүшелері тең дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Шешім қабылдаған кезде комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 мөлшерінде кворум сақталуға тиіс.
  7. Комиссия қабылдаған шешімге комиссияның төрағасы, комиссия төрағасының орынбасары және комиссияның мүшелері қол қояды.
  8. Аудан, қаладағы аудан, аудандық, облыстық және республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің аппараты комиссияның жұмыс органы болып табылады.

 

 

  1. Комиссияның құқықтары

 

  1. Комиссия өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша:

1) мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын жария етілетін мүлік (ақшадан басқа) туралы қажетті ақпаратты сұрауға;

2) комиссияның құрамына кірмеген мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдардың өкілдерін тартуға;

3) мүлікті (ақшадан басқа) жария етуге өтініш берген адамдардан түсінік алуға;

4) мүлікті (ақшадан басқа) жария етуге жүгінген жария ету субъектісіне мүліктің тиесілігін белгілеуге құқылы.

 

  1. Комиссияның қызметін тоқтату

 

  1. Комиссия өз қызметін Заңда белгіленген мүлікті жария ету мерзімі аяқталған соң тоқтатады.

© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта