home
home home

Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияны құру қағидалары

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы «      »

№          қаулысымен

бекітілген

 

 

Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияны құру

қағидалары

 

 

  1. Осы Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияны құру қағидалары «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы
    30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және жергілікті атқарушы органдардың жанынан Қазақстан Республикасының аумағында тұрған мүлікті (ақшадан басқа) жария ету не жария етуден бас тарту туралы шешім шығаруға уәкілетті мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияны құру тәртібін айқындайды.
  2. Комиссия жергілікті атқарушы органдардың, салық органдарының, сәулет және қала құрылысы органдарының, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның, өртке қарсы қызмет органдарының, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау және бақылау, қоршаған ортаны қорғау органдарының және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдардың және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдерінен қалыптастырылады.
  3. Тиісті аудан, қаладағы аудан, аудандық, облыстық және республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің орынбасары комиссияның төрағасы болып тағайындалады.
  4. Комиссия мүшелерінің лауазымдық деңгейін жергілікті атқарушы органның басшысы айқындайды.
  5. Комиссияның қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия туралы ережемен айқындалады.
  6. Аудан, қаладағы аудан, аудандық, облыстық және республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің аппараты комиссияның жұмыс органы болып табылады.
  7. Комиссияның функциялары мыналар болып табылады:

1) мүлікті (ақшадан басқа) жария етуге өтініш берген Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарауды қамтамасыз ету;

2) жария ету объектісі (ақшадан басқа) туралы мәліметтерді белгілеу;

3) құжаттардың мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынған мәліметтерге сәйкестігін айқындау;

4) мүлікті (ақшадан басқа) жария ету немесе жария етуден бас тарту туралы шешім қабылдау;

5) жария ету объектісі туралы мәліметтерді белгіленген нысан бойынша жария етілген мүлік тізіліміне енгізу;

 

6) жария етілген мүліктің тізілімін жүргізу.


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта