home
home home

Жария етілген мүліктің тізілімін жүргізу қағидалары

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы «         »

№           қаулысымен

бекітілген

 

 

Жария етілген мүліктің тізілімін жүргізу

қағидалары

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Жария етілген мүліктің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы
    30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және жария етілген мүліктің тізілімін жүргізу тәртібі мен нысанын айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жергілікті атқарушы органдардың жанынан құрылатын және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерінен тұратын, Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және тұруға ықтияры бар адамдардың мүлкін (ақшадан басқа) жария ету не жария етуден бас тарту туралы шешім шығаруға уәкілетті комиссия;

2) тiзiлiм – мүлiкті жария ету барысында жиналған қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды қамтитын ақпараттық ресурс;

3) өтініш беруші – мүлкін осы Заңда белгіленген тәртіппен жария ететін Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар.

 

 

  1. Жария етілген мүліктің тізілімін жүргізу тәртібі

 

  1. Тізілімге мәліметтерді комиссияның хатшысы, салық органы мүлікті жария ету туралы шешім шығарылған күннен бастап үш күн мерзімде, бірақ өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей енгізеді.
  2. Тізілімді мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияның хатшысы, салық органы мемлекеттік және орыс тілдерінде, электрондық түрде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді.
  3. Тізілім мынадай мәліметтерді қамтиды:

1) мүліктің атауы;

2)     мүліктің тұрған жері;

3)     мүліктің бағалық құны;

4)     комиссияның, салық органының мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізу бойынша шешімінің нөмірі;

5)     комиссияның, салық органының мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізу бойынша шешім қабылдаған күні;

6)     өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде);

7)     өтініш берушінің қолы;

8)     хатшының/жауапты орындаушының қолы.

  1. 6. Тізілімде қамтылған мәліметтер құпия болып табылады және  Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жариялауға жатпайды.

 

  1. 7. Жергілікті атқарушы органдарда, салық органдарында жария етілген мүліктің тізілімін сақтау мерзімі – кемінде бес жыл.

© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта