home
home home

Жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру мен жүргiзудiң ерекше тәртiбi

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы «        »

№           қаулысымен

бекітілді

 

 

Жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру мен жүргiзудiң ерекше тәртiбi

 

 

  1. Осы жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру мен жүргізудің ерекше тәртібі «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және құрылысы бұрын аяқталған, бірақ белгіленген тәртіппен пайдалануға қабылданбаған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы  ке (бұдан әрі – жария етілген объект) құқықтарды ресімдей отырып, мемлекеттік тіркеуден өтпеген ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға қабылдаудың ерекше тәртібін белгілейді.
  2. Мыналар:

1) мүлікті жария етуді өткізу жөнiндегi комиссияның шешімі;

 

2) ғимараттар мен құрылыстарға объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ жария ету субъектілерінің меншік құқығына жататын жер учаскелерінің нысаналы мақсатына сәйкестігі тұрғысынан техникалық тексеруді жүзеге асыратын сарапшының оң қорытындысы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жария етілген жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалануға қабылдау үшін негіздеме болып табылады.


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта