home
home home

Ішкі саясат бөлімінің 2014 жылдың 11 айында атқарған жұмыстары туралы

Ішкі саясат бөлімінің 2014 жылдың 11 айында

атқарған жұмыстары туралы

Елбасының халыққа Жолдауын насихаттау.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын халық арасында түсіндіру жөнінде Т.Рысқұлов ауданында 25 адамнан тұратын 5 ақпараттық топ  құрылып,  бекітілген кестеге сай ауыл аймақ тұрғындарымен кездесулер өткізуде.

Аудандық ақпараттық топ мүшелері қажетті ақпараттық-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілетін болады. Қараша айында АНТ-ның 1 рет елді-мекендерге шығуы ұйымдастырылды. Стратегиялық құжаттың негізгі басымдықтарын түсіндіруге арналған 30 кездесу, 2 жиын, 5 дөңгелек үстел отырыстары өткізіліп, оларға 2 мыңға жуық адам қамтылды.  Елбасы Жолдауын ақпараттық қамтамасыз етуге арналған медиа жоспар әзірленіп, БАҚ-та 25 мақала берілді.

Үкіметтік емес ұйымдармен өзара қарым-қатынас

Аудан әкімі жанында үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі Кеңес жұмыс істейді. Ауданда ағымдағы жылы үкіметтік емес ұйымдардың 5 маңызды әлеуметтік жобаларына 2 млн 500 мың теңге қаржы бөлініп, конкурс өткізілді. Бүгінгі күні бұл жұмыстар жүргізілуде.

Ауданда 9 үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Олар: «Ардагерлер ұйымы», «Ауған соғысы ардагерлерінің одағы», «Әйелдер кеңесі», «Жеңіс қаһарманы», «Құлан жастары», «Құлан нұры», «Заман тынысы», «Парыз» қоғамдық бірлестіктері мен «Мерей» қоғамдық қоры.

4 этномәдени орталық: Қазақ, Қарашай-Чечен, Орыс, Өзбек мәдени орталықтары жұмыс істейді.

Ауданда 3 саяси партияның филиалы: «Нұр Отан» партиясы 4812 мүшесі бар, «Ауыл» партиясы 813 мүшесі бар, «Қазақстан Коммунистік» партиясы              117 мүшесі бар.

Мемлекеттік ақпараттық саясат саласындағы жұмыс

Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жұмыстарын аудандық «Құлан таңы» газетінің редакциясы ЖШС  орындайды. «Құлан таңы» газеті                 4000 данамен тарайды. Арнайы айдарлар ашылып, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына ақпараттық қолдау көрсетілген.

2014 жылы мемлекеттік ақпараттық тапсырысты жүзеге асыру мақсатында аудандық бюджеттен 20 млн 080 мың теңге қаржы бөлінді. Баспа станогын алуға 3 млн теңге бөлініп, станок алынып берілді.

Ағымдағы жылы аудандық газетпен бірлесе отырып тақырыптық медиа-жоспар әзірленді. 2014 жылдың І жарты жылдығында 25 тақырып жарияланса, ІІ жарты жылдықта 35 тақырып медиа-жоспарға сай жариялануда. Құлан таңы газеті ЖШС-нің мемлекетке тиесілі 49 пайызы сатылып, жеңімпазы анықталды.

Діни бірлестіктермен жұмыс

Аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі Кеңес жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес ауданда 30 мұсылман, 1 христиан діни бірлестіктері тіркелген. Юбилейное ауылы «Әбілхайыр» намазханасы тіркелу үстінде.

Имамдардың 2-уі жоғары білімді. Барлығы 26 имам білімін жетілдіру курсынан өтті. Имамдардың қызметін өтеу үшін кәсіпкерлермен тиісті жұмыстар жүргізіліп, бүгінгі күнге барлық ауылдың имамына жалақы төленуде.

Көрнекі ақпарат құралдары туралы

Ауданда көрнекі ақпарат құралдарын орналастыру бойынша 42 билборд (25 екі жақты), 57 тақта, 6 керме орнатылған.

Көрнекі ақпарат құралдары уақытылы жаңартылуда. Бұл бағытта аудандық бюджеттен 1 млн 200 мың теңге қаржы бөлінген. Көрнекіліктер тұрақты ауыстырылып тұрады. 

Жастар саясаты саласындағы жұмыс

         Жастармен жұмысты үйлестіру үшін аудан әкімінің төрағалығымен жастармен жұмыс жөніндегі Кеңес жұмыс істейді. Жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында «Жастар орталығының» аппаратында 1 аға кеңесші, ауылдық округте жастармен жұмыс ұйымдастырушы 15 инструкторы мен 4 аула клубының жетекшісі жұмыс істейді. Жастар саясатына 2014 жылы 16 млн. 273 мың теңге қаржы бөлінді.

«Жастар орталығы» КММ-нің жанынан  жастардың түрлі сұрақтары бойынша кеңес ала алатын сенім телефоны жұмыс істейді.

Мерекелерге дайындық жұмыстары.

          Т.Рысқұлов ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 23 жылдығын мерекелеуді ұйымдастыру және өткізу бойынша іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді.  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 23 жылдығын мерекелеуге байланысты 15 желтоқсанда салтанатты жиналыс өтеді. 16 желтоқсанда орталық алаңда концерттік бағдарлама, көпшілік серуен өткізіледі.

Тұрар Рысқұловтың 120 жылдығын өткізудің іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. 2014 жылы 19 желтоқсанда Тұрар Рысқұловтың 120 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өткізілетін болады.

 Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі

 ішкі саясат бөлімінің басшысы                                 Н.Жамалбеков


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта