home
home home

Аудан, ауылдық округтер әкімдері аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі

ЖОБА

Аудан, ауылдық округтер әкімдері

аппараттары мен жергілікті бюджеттен

қаржыландырылатын аудандық атқарушы

органдардың «Б» корпусы мемлекеттік

әкімшілік қызметшілерінің қызметін

бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару  және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                               23 қаңтардағы Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңына сәйкес Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған аудан, ауылдық округтер әкімдері аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.

  1. Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

3) осы қаулының Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

3. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 наурыздағы №57 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3016 болып тіркелген, аудандық «Құлан таңы» газетінің 2016 жылдың 12 сәуірдегі №30-31 (7182-7183), нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Мұратбек Тоқсанбайұлы Өмірзақовқа жүктелсін.

  1. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Аудан әкімі                                                                     Ж. Айтақов   


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта