home
home home

Қазақ халқының көрнекті перзенті, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов жайлы пікірлер

Қазақ халқының көрнекті перзенті, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері  Тұрар  Рысқұлов  жайлы  пікірлер

Тегі де, тегеуріні де тең еді

… Бәукең Тұрар Рысқұловты қатты жақсы көретін. Ол кісімен қалай кездескені жайлы талай рет әңгімелеп берген еді. Өндірістік банкіде бухгалтер болып жұмыс істеп жүрген жас Баукеңді басшылық Ленинградтағы финанс академиясына оқуға жібереді. Алайда, ондағылар «коммунист емессің, қабылдай алмаймыз» деп кері қайтарады. Содан не істерін білмей дал болған ол әкесінің «Қиналсаң, Рысқұлдың баласы Тұрарға бар. Ол – біздің туысқанымыз. Ағайынгершілік – атадан мұра болып келе жатқан ұлы қасиет. Тұрар да – алдына қиналып келген ешбір қазақтан көмегін аямайтын, қазақтың бәрін өзіне жақын тартатын бауырмал жан» деген сөзін есіне алады. Негізі, әкесі үйде Тұрар жайлы жиі айтып отырады екен. Баукең ұяла-ұяла телефонына хабарласып, «Жуалыдан келдім, әкем сізге жолық деп еді» дегенде, Тұрар Момышты танитындығын айтып, бірден жұмыс орнына шақыртыпты. Министрлер Кеңесі төрағасы орынбасары қызметіндегі Тұрар Рысқұловтың кабинетіне сескеніңкіреп барған Бауыржанды өзі орнынан тұрып, құшақ жая қарсы алыпты. Іші-бауырына кіріп, жағдайын сұрап, арқасынан қағыпты. Сосын Баукең әңгімесін «Мән-жайды білгеннен кейін бірден телефонмен бір жерлерге хабарласқан ол маған: «Қазір сол жаққа қайтадан барасың, сені оқуға қабылдайды, оқу орнынан стипендия аласың, оған қосымша саған Ресейдің атынан стипендия бергізіп тұрамын. Сабағыңды жақсы оқы»,- дегенде, алғысымды қалай жеткізерімді білмегем. Осылайша, Тұрар ағаның арқасында оқуға қабылданып, екі жақтап стипендия алып, қаржыдан еш қиналыс көрмеген едім. Ақ пейілді, қамқор ағамен бар болғаны бір-ақ рет кездессем де, осы жайт менің жүрегімде мәңгіге сақталып қалды» деп аяқтайтын.

Мекемтас МЫРЗАХМЕТОВ,

филология ғылымдарының докторы, профессор.

Сталин “Түркістанның Шыңғысханы” деп атаған

— РК(б)П Орталық коми­тетінің ұлт мәселелері жө­ніндегі IV кеңесіне Тұрар Рысқұлов кешігіп ке­леді. Кремльдің үл­кен за­лы­ның ауыр есігін аша бер­генде Сталин Кеңесті бас­­тап тұр екен. Рысқұлов екі-үш минут кешігіпті.

— Рұқсатпа? – деді Рысқұлов есік­тің көзінде тұ­рып. Зал толы ха­лық бастарын бұрыпкөз тік­­тіСталин үнсіз қа­лыпесік жаққа көзін сы­ғырайта қарады дақа­ра мұрты бүлк етіп:

-А, Түркістанның Шың­­­ғыс­­­ханы, төр­­лет, — деді.

— Төрге грузиннің кня­зі отырып қалған екен, ма­ған осы бір жер де же­тер, — деп Рысқұлов ал­ға озыңқырап, бір бос орынға барып жайғасты.

Зал сілтідей тынды, Ста­лин десе – деген шы­ғар. Онысы орынсыз кө­рін­се де кешірімді бо­лар. Өйткені, Сталин – Сталин ғой. Ал Рыс­құ­лов­тікі не жүрек жұт­қандық? Мү­дір­местен сарт ете қалды-ау. Айы­лын жиған жоқ. Бе­­кер айттым-ау деген қым­­сы­ну да білінбейді. Бо­­йын тік ұстап, аспай-сас­пай ба­рып отырды-ау. Залдың алдың­ғы қа­тар­ларындағыларға Ста­лин­нің шешек дақты ақсары жүзі ду ете қал­ғандай көрінді. Біразға де­йін үнсіз тұрып қалды. Қолын­дағы бір парақ қағаз еп­теп қана діріл қақты…

(«Қызыл жебе» ро­ма­ны­нан үзінді. Ал­ма­­ты, 1980 жыл).

Шерхан Мұртаза


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта