home
home home

Тұрар туралы толғау

Қуандық Шолақ,  Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты.

Тұрар туралы толғау

Боларма  жанашырлық  сірә бұлай,

Кешегі құйын заман ылаңын-ай,

Құмыққан қойнауынан тарихымның,

Сыр тартсам салады еске Тұрарым ой.

Заманы салар әр кез ұланына ой,

Әділет көтермеген шын әлі бой.

Кезде сол,  Түрікцик-тің  қақ төрінен,

Қаймықпай тұғыр тепкен Тұрарымай

Халқының қамын ойлар қыраны  ғой.

Қырандар келешектің ұраны ғой.

Қансоқта ел арманын жалау еткен,

Жатырсың қай қойнауда  Тұрарым-ай.

Халқыңның қабағынан мұң арылмай,

Жамқанын сезген есті қыраным-ай.

Қазағым деп жүргенде қапы кеткен,

Бір туар, шынары жоқ  шынарым-ай.

Кешегі кер заманның ылаңын-ай,

Ұйтқыр деп кім ойлаған  сірә, бұлай,

Шыққанда шырқау шыңға,

топшысына

Тас тиген қылыш қанат қыраным-ай.

Кетпейді көкейімнен сірә — бір ой,

Арманға қол артуда бір абырой.

Халқына  үзім нан боп жетеріңде,

Үзіліп кеткен тарлан Тұрарым-ай.

Тұқыртса  аштық,  індет, мұң арылмай,

Өмірден өтер дейсің кім арымай.

Жүрегін жөргек қылып елі елі үшін,

Ажалға қарсы тұрған қыраным-ай.

Арманның көтерерде  шынары бой,

Аяқтан шалған заман кінәлі ғой,

Төрінен Ресейдің,

жаутаңдаған,

Халқына қолын созған қыраным-ай.

Тұнғандай кемелділік өр тұлғаңа

Өміршең өзен-арман сарқыла ма.

Бостандық лебін аңсар бар қазақтың,

Жүрегі төріндесің, жарқын аға

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта