home
home home

ТҰРАРЛЫҚТАР Туын биік ұстайды

ТҰРАРЛЫҚТАР Туын биік ұстайды

Жарылқасын АЙТАҚОВ – аудан әкімі

Ел рухының асқақтығын өмірден өткен ірі тұлғалардың таныта­тын­дығы белгілі. Төрткүл дүниеге мәшһүр аяулы ұлдары мен айбын­ды перзенттері көп елдің еңсесі әрдайым биік, рухы асқақ.

Осын­дай елім деп туған ерлердің бірі, әрі бірегейі, барша түркі жұр­тының басын біріктіруге ұмтылған ұлы тұлға, халқының бола­ша­ғы жолындағы үлкен күрескер, отаршылдыққа қасқайып қарсы тұра білген үлкен мемлекет және қоғам қайраткері – Тұрар Рысқұлов. Ұзақ жылдар бойы тұмшаланып, тұншық­тырылып келген ащы шын­дықтың қалың шымылдығы бертінде ғана ашылды. Кейін Ұлы қайраткердің өмірі мен қызметін егжей-тег­жей­лі зерттеген арнау­лы беделді комиссия Тұрар Рысқұловтың атына жағыл­ған қара күйені біржола жуып, ардақты есім түбегейлі ақталды.

Содан бергі жерде ұлтымыздың аяулы ұлы жайлы көпте­ген кітаптар, деректі шығармалар жазылды. Есімі елді ме­кен­­­­дер­ге берілді, тұғыры биік ескерткіштер бой көтерді.

1999 жылы 11 наурыз күні ауданымызға халқымыздың аяулы пер­зенті Тұрар Рысқұловтың есімі берілді. Көп болып қолға алып, орта­лық алаңға ұлы тұлғаның тұғыры биік ескерткішін орнату да осы үлкен қуаныштың шынайы нышаны болса керек. Өйткені, ежел­гі Құлан топырағында тау тұлғаның табанының табы жатыр.

1927 жылдың күзінде Луговой темір жол станциясына жаңа еңбек дү­бірі келіп жетті. Болат жол тартылысымен марғау жатқан паң дала сіл­кініп, ауыл адамдары әртүрлі кәсіптің жалынан ұстай бастады. Осы жылғы қараша айының 21 жұлдызында Түркісібтің Оңтүстік учас­кесінде алғашқы рельстің төселуіне байланысты салтанатты митинг болып өтті. Оған теміржолшылармен қатар жақын маңдағы ауыл тұрғындары да қатысты. Осы салтанатта Тұрар Рысқұлов паровоз үстінде тұрып, өзінің жалынды тарихи сөзін сөйледі.

Қолдан жасалынған ашаршылық жылдары Қазақстан хал­қы миллиондап қырғынға ұшырады. Үлкен нәубет біз­дің же­рімізді де айналып өткен жоқ. Құлан өңірінде ашар­шы­лық­­пен қарсы күресте Тұрармен бірге оның сенімді сері­гі, жерлесіміз Жүсіп Сатыбалдиев те белсене еңбек етті.

Ағалар дәстүрін ұрпақтар жалғастығына айналдырған төс­ке­йі төрт түлік малға, етегі егінге толы тұрарлықтар бүгін­гі таңда аудан экономикасы мен мәдениетін күн са­нап өркендетіп, Туын әрдайым биік ұстап келеді.

 

 


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта