home
home home

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің 2016 жылдың қаңтар – мамыр айларында атқарған жұмыстары туралы ақпара

1.     Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың

«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауы бойынша атқарылған үгіт-насихат жұмыстары  туралы

Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт көшбасшысы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында жоспарлы жұмыстары жүргізіліп, атқарылуда.

Аудан бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасы Үкіметі Бағдарламаларының іске асырылуын және аудан әкімдігі кесімдерінің орындалу барысын халық арасында түсіндіру мақсатында аудан әкімінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы №440-ө өкімімен, құрамында аудан әкімі аппаратының, аудандық мәслихат аппараты мен депутаттарының, аудан әкімдігі бөлім және мекеме басшылары, барлығы 25 мүшеден тұратын 5 ақпараттық топ құрылып, ауылдық округтерде үгіт – насихат жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 21 ақпанында Жолдауды насихаттау бойынша және ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты басқармасының қолдауымен облыс деңгейінде «Жасампаз жастар форумы» атты автокеруен келіп, ауданда жастар арасында форум өткізді.

Биылғы жылдың ақпан-мамыр айларында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша облыстық ақпараттық топтар ауылдық округтерде 45 кездесу өткізіп, 4000 адамға жуық тұрғындарды қамтыды.

Ал, аудандық деңгейдегі ақпараттық топтар 45 кездесу өткізіп, барлығы 4500 жуық адамды қамтыды.

Жыл басынан бері аудандық «Құлан таңы» газеті беттерінде Жолдауға қолдау бойынша 20 материал жарық көрді.


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта