home
home home

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аудандық комиссия кеңесінің ХАТТАМАСЫ 28.02.2017 ж

t-ryskulov.zhambyl.kz/userfiles/hattama.pdf көшіріп алу сілтемесі.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аудандық комиссия кеңесінің

ХАТТАМАСЫ

Құлан ауылы                                                                            28.02.2017 ж.

әкімшілік мәжіліс залы                   №1

 

Төрағалық еткен Ж.Айтақов — аудан әкімі комиссия төрағасы

 

Қатысқандар: комиссия мүшелері, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, құқық қорғау органдарының басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ұйым-мекеме басшылары және қоғамдық кеңес төрағасы.

 

Күн тәртібі

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 2016 жылы ауданда орындалуы туралы

_____________________________________________________

Ж.Айтақов, Б.Төленбаев, Б.Шамаев, Е.Абуталипов

 

АУДАНДЫҚ КОМИССИЯ  ШЕШІМ ЕТЕДІ:

 

  1. Т.Рысқұлов аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басқарма басшысы Төленбаев Бауыржан Тұрғанбекұлының хабарламасы  назарға алынсын.
  2. Ауыл округінің әкімдері және аудандық бөлімдер мен мекеме басшыларына:

1)          қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасауын алдын алу мақсатында басшылық тарапынан бақылауды күшейту;

2)          сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту және ұжымдарда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі  жұмысты жандандыру;

3)         сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске басты назар аударып, профилактикалық жұмыстарды күшейту;

4)         білікті мамандарды тарта отырып қызметкерлер арасында қолданыстағы заңдардың талаптарына түсіндіру жұмыстарын, құқықтық оқулар ұйымдастыру;

5)         сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық деңгейін анықтау мақсатында тұрақты түрде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, нәтижесі бойынша оларды жою жөнінде шаралар қабылдау;

6)         мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында жүргізіліп жатқан жұмыстардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында және ресми интернет-ресурстарда тиісті материалдарды жариялап тұру;

7)         комиссияның хаттамалық шешімдерін мүлтіксіз орындау;

8)         атқарылған жұмыстар туралы бір ай мерзім ішінде аудан әкімі аппаратын хабардар ету тапсырылады.

  1. Аудандағы құқық қорғау органдары (келісімдері бойынша) барлық мүдделі мемлекеттік органдар;

1) сыбайлас жемқорлық көріністері ұлғаюына байланысты, оның алдын алу мақсатында тиісті іс-шаралар жоспарын нақтылап, жүзеге асырылуы ұсынылсын;

2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты қарқынды жүргізіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылдап, тексеру жұмыстарын жүргізу барысында азаматтардың конституциялық құқықтарының қатаң сақталуын қамтамасыз етсін.

  1. Аудандық ішкі істер бөлімі және жергілікті полиция қызметі (келісімі бойынша)

-қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауы мәселелерін тұрақты бақылауға алу;

— ішкі істер бөлімі мен жергілікті полиция қызметі қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында басшылық тарапынан кешенді әрі жүйелі түрде шаралар қабылдау;

— сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралардың ашықтығын, ішкі істер органдарының, жергілікті полиция қызметі қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша қабылданған шаралар жөнінде БАҚ-та жариялауды қамттамассыз ету;

аудандық қоғамдық кеңеспен бірлесіп қызметкерлер тарапынан әдеп нормаларын бұзушылықтарды облыстық қоғамдық кеңестің отырысында қарауды ұйымдастыру ұсынылады.

  1. Осы хаттамалық шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық  бөлімшесіне жүктелсін.

 

 

Аудан әкімі

комиссия төрағасы                                              Ж.Айтақов         

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аудандық комиссия кеңесінің

ХАТТАМАСЫ

Құлан ауылы                                                                            19.05.2017 ж.

әкімшілік мәжіліс залы                   №2

 

Төрағалық еткен Ж.Айтақов — аудан әкімі комиссия төрағасы

 

Қатысқандар: комиссия мүшелері, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, құқық қорғау органдарының басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ұйым-мекеме басшылары және қоғамдық кеңес төрағасы.

 

Күн тәртібі

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 2017 жылдың 1 тоқсанында ауданда орындалуы туралы

_____________________________________________________

Ж.Айтақов, А.Серікбаев, Қалаубеков, Л.Утеулиева

 

АУДАНДЫҚ КОМИССИЯ  ШЕШІМ ЕТЕДІ:

 

  1. Т.Рысқұлов аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы А.Серікбаевтың хабарламасы  назарға алынсын.
  2. Ауыл округінің әкімдері және аудандық бөлімдер мен мекеме басшыларына:

1) мемлекеттік қызметшілер арасында, сондай-ақ, білім саласындағы қызметкерлер арасында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң нормаларын түсіндіру жұмыстарын, оның ішінде білікті мамандарды (дәріскерлерді) тарта отырып аппараттық оқулар ұйымдастыру;

2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске басты назар аударып, профилактикалық жұмыстарды күшейту;

3) ресми интернет-ресурстарда мемлекеттік және орыс тілдерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша арнайы тарауларда ақпараттарды тұрақты түрде жаңартып, тиісті мәліметтермен толықтыру;

4) әр мекеме басшысы аудан әкімдігінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі №312 қаулысымен қабылданған Т.Рысқұлов ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының толық орындалуы бойынша тікелей өз бақылауына алып, атқарылған жұмыстар туралы аудан әкімі аппаратына мерзімінде ақпарат беруді қамтамасыз етсін;

5) қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасауын алдын алу мақсатында басшылық тарапынан бақылауды күшейту;

6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту және ұжымдарда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі  жұмысты жандандыру;

7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық деңгейін анықтау мақсатында тұрақты түрде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;

8) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заң нормаларының талаптарына сәйкес, мерзімінде қаралуын;

9) қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің ұлғайғанына назар бөліп, орын алған кемшіліктерге келешекте жол бермеу үшін пәрменді шаралар қабылдап, үнемді талдау нәтижелері негізінде алдын алу шараларын жүргізіп, атқарылған жұмыстары туралы аудан әкімі аппаратын хабардар етсін;

10) атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялауды;

11) комиссияның хаттамалық шешімдерін мүлтіксіз орындауды қамтамассыз етсін.

  1. Аудандағы құқық қорғау органдары (келісімдері бойынша) барлық мүдделі мемлекеттік органдар;

1) сыбайлас жемқорлық көріністері ұлғаюына байланысты, оның алдын алу мақсатында тиісті іс-шаралар жоспарын нақтылап, жүзеге асырылуы ұсынылсын;

2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты қарқынды жүргізіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылдап, тексеру жұмыстарын жүргізу барысында азаматтардың конституциялық құқықтарының қатаң сақталуын қамтамасыз етсін.

  1. Аудандағы құқық қорғау органдары (келісімдері бойынша) барлық мүдделі мемлекеттік органдар;

— сыбайлас жемқорлық көріністері ұлғаюына байланысты, оның алдын алу мақсатында тиісті іс-шаралар жоспарын нақтылап, жүзеге асырылуы ұсынылсын;

— сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты қарқынды жүргізіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылдап, тексеру жұмыстарын жүргізу барысында азаматтардың конституциялық құқықтарының қатаң сақталуын қамтамасыз етсін.

— орын алған кемшіліктерге алдағы уақытта жол бермеу жөнінде нақты пәрменді шаралар қабылдап, мемлекеттік органдар мен мекемелер басшыларының, мемлекеттік қызметкерлердің қолданыстағы заңнама нормаларын сақтауын және қызметтік міндеттерін тиісті дәрежеде орындауларына қатаң бақылау жүргізуін;

— әр жасалған сыбайлас жемқорлық фактісін назардан тыс қалдырмай, осы жұмыстарда кемшілік жіберген кінәлі тұлғаны тиісті жауапқа тартуды;

сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында нақты шаралар қабылдап, осы саладағы жаңадан қабылданған заңнамалар бойынша мемлекеттік органдарда түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылады.

  1. Осы хаттамалық шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық  бөлімшесіне жүктелсін.

 

 

Аудан әкімі

комиссия төрағасы                                              Ж.Айтақов         


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта