home
home home

Т.Рысқұлов ауданның жергiлiктi атқарушы органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша 2017 жылдың 1 тоқсанында атқарылған шаралары туралы ақпарат

Ауданымызда сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрес аудан әкімдігінің негізгі басым бағыттарының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Жамбыл облысының  2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Т.Рысқұлов ауданы бойынша  тиісті жұмыстар жүргізілуде.

t-ryskulov.zhambyl.kz аудан әкімінің ресми сайтының сілтемесі арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша арнайы айдарлар ашылып, атқарылған жұмыстар туралы ақпараттар тұрақты түрде жариаланып тұрады.

2017 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес  1 кезекті отырысы өткізіліп, 2016 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы, аудан әкімдігінің білім бөлімінің және жер қатынастары бөлімі басшыларының есептері тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.

Аудандық мемлекеттік мекемелер мен ауыл округі әкімі аппараттарының қызметкерлерінің, ҚР заңдарын қатаң сақтау және оған деген құрмет сезімін тәрбиелеу, тәртіптілік пен құқық тәртібін арттыруға байланысты іс-шаралар қабылданған.

Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық тудыратын негізгі сала мемлекеттік сатып алу болып табылатындықтан мемлекеттік сатып алу процессінде құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында құқық қорғау органдарының қатысуымен Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»  Заңын түсіндіру бойынша құқық қорғау органдарының қатысуымен 1 дәріс оқылды.

Құқық қорғау органдары тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдастырылған, оның ішінде азаматтық қоғам (қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, қауымдастықтар, бұқаралық ақпарат құралдары) өкілдерінің қатысуымен 2 іс-шара «Сыбайлас жемқорлық – ғасыр дерті» «Жемқорлық жетер түбімізге» тақырыбындағы жастармен кездесуге  аудандық Еңбек және соғыс арагерлері кеңесінің мүшелері,  «Құлан жастары», «Парыз» қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

№18 Ақыртөбе колледжінде аудан прокурорының аға көмекшісі М.Жайнақовтың, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімшесінің басшысы С.Нүрпеисовтың, Жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция подполковнигі Д.Алашбаевтың, аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Қ.Бижановтың, «Жас Отан» ЖҚ белсенділері және «Парыз», «Құлан нұры»  қоғамдық бірлестіктерінің қатысуымен «Жемқорлыққа жол бермейік» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің бөлімдерінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберіндегі міндеттерді мерзімінде орындамау деректері орын алған жағдайларда, өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану, мемлекеттік сатып алу туралы күшіне енген келісім шарттарды заңсыз деп тану, тұрақсыздық айыппұлын өндіріп алу туралы сот органдарына жүгінулер бойынша қабылданған шараларға мониторинг тұрақты жүргізіліп тұрады.

Мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік қызметшілердің «Әдеп» кодексінің мәтіні және сенім телефондары көрнекі жерлерге ілінген. Аудан әкімі аппаратында  2-18-00, 2-14-91 санды сенім телефондары жұмыс жасауда және тоқсанына бір рет аудандық «Құлан Таңы» газетіне телефондардың тізбесі жарияланып тұрады.

Аудандық мекемелер мен ауыл округі әкімі аппараттарында бірінші басшыларды қабылдау кестесі көрнекі жерлерге орналастырылған.

Аудан әкімі аппаратында және құрылымдық бөлімдерде  көрнекі және қол жетімді орындарда азаматтардың лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері жөніндегі арыз-шағымдарына арналған жәшіктер орнатылған. Есепті кезең ішінде азаматтардың өтініштері мен арыз-шағымдары үшін орнатылған жәшікке шағымдар түспеген.

Қабылдау кестесіне сәйкес жыл   басынан   әр    түрлі   сұрақтар   бойынша   аудан әкімі және аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы 27 азаматты қабылдап, қолданыстағы заңнама аясында түсінік берілді. Қабылдауға келген  барлық азаматтың өтініштері бойынша нақты шаралар қолданылып, уақтылы жауаптары берілген.

Аудан әкімдігінің аппаратында азаматтардың арыз-шағымдарын, заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың нәтижелерін есепке алу мен бақылаудың біріңғай қатаң жүйелері құрылған.

Т.Рысқұлов аудан әкімінің аппаратында 2017 жылдың 3 айында 176 арыз-шағым тіркелген (оның ішінде жеке тұлғалардан 111, заңды тұлғадан 65 өтініш).

Тіркелген  176 арыз шағымның 168 өтініш, 8 арыз. Оның 3 қанағаттандырылды, 53 қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер берілсе, 119-ы бағынышты органдарға жолданды, 1-і өз өтініші негізінде қараусыз қалдырылған.

Негізінен арыздар жер телімдерін беру, жол жөндеу,  материалдық көмек көрсету, жылжымайтын мүлік мәселелері, жұмысқа орналастыру, ауыз су және әр түрлі коммуналдық  сұрақтарға байланысты. Барлық өтініштер заңмен көрсетілген мерзімде қарастырылды.

Ауылдық округтерде жеке  тұрғын үй құрылысын жүргізуге жер телімдерін беруде заң талаптары қатаң сақталуда. Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін тек аудан орталығы, Құлан ауылында бүгінгі күнге 2577 азамат  кезекте тұр. Осы кезекте тұрған азаматтардың тізімі мемлекеттік мекеменің ғимаратында ілінген.

Аудандық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға 344 азамат кезекте тұр. Кезекте тұрған азаматтардың тізімдері аудан әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінде ілінген. Сонымен қатар жергілікті басылымға жарияланған.

Жер телімдері Қазақстан Республикасының  Жер кодексінің 43, 44 баптарына сай аудандық жер қатынастарын реттеу туралы комиссия отырысында қаралып, оң қорытынды алған жеке және заңды тұлғаларға беріледі. Конкурстық, аукциондық негізінде жер телімдері берілген кезде ашық түрде алдын ала республикалық және аудандық газетерге жарияланады. Азаматтарға жер телімдеріне қатысты мәселелер бойынша консультациялар беру жұмыстары жүргізілуде.

Жер учаскелерін бекіту кезінде Қазақстан Республикасының Жер кодексі талаптарының орындалуы мен заң бұзушылықты алдын ала анықтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау мақсатында жұмыстар тұрақты жүргізілуде.

Аудан аумағындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту  бағытында кәсіпкерліктің жұмысын үйлестіру,  кеңес  беру және мемлекеттік  қолдаулар көрсету  жұмыстары жүргізілуде.

«Бизнсетің жол картасы – 2020» және «Индустриялды-инновациялық дамыту» бағдарламасы арқылы  жоспарланған жобаларды іске асыруға қолдау  көрсетілуде.

«Даму» кәсіпкерлікті  қолдау  қорының облыстық  филиялының  кестесі  арқылы  айына  бір рет  семинар   кеңестер  тұрақты өткізіліп тұрады.

Мемлекетіміздегі кәсіпкерлікті  қолдауға  арналған  «Бизнестің  жол  картасы — 2020» бағдарламаларды   халыққа  кеңінен  насихаттау  жұмыстары  аясында облыстық  БАҚ –мен аудандық  «Құлан таңы» газетінде 1 арнайы  мақала, 1 хабарландыру  жарияланса,   облыстық  «Қазақстан  -Тараз» телерадио коорпорациясы 1 тақырыптық  хабар  түсіріп, ол ақпараттық  жаңалықтар толқынында   көрсетілді.

Аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының жұмысы туралы ақпараттар аудандық «Құлан таңы» газетінде  жарияланады. Жыл басынан бері аудандық «Құлан таңы» газетіне  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыптарында 9 мақала жарияланған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас танымалдығын арттыру үшін есепті мерзімде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен ХҚКО, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала мекемелерінде жеке қабылдау өткізіліп, жергілікті«Құлан таңы» газетінде 3 мақала, әлеуметтік желілерде 3 материал жарияланды.

Аудан орталығының Жібек Жолы көшесінің бойында 3, Луговой ауылы орталығында 1, Абай ауылы Сатпаев көшесінің бойында 1, Ақбұлақ ауылында 1, «Өз таңдауыңды жаса!», «Жемқорлық түбі қорлық» және «Жемқорлық фактілерімен кездескен жағдайда               хабарласу үшін сенім телефоны жазылған 6 билборд орнатылған.

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінде мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу мекемелеріндегі кезектің жылжуы туралы ақпарат www.abbkulan.kz сайтында орналасқан.

Дегенмен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жөнінде ауданымызда атқарылған шараларға қарамастан аудан бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтары орын алуда.

Сондықтан, аудан деңгейінде сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау мақсатында анықталған заң бұзушылықтардың толық жойылуын және кінәлі тұлғаларды міндетті түрде тиісті жазаға тартылуын қамтамасыз ету мақсатында  алдағы уақытта да кешенді іс-шаралар тұрақты жүргізілетін болады.

Дегенмен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жөнінде ауданымызда атқарылған шараларға қарамастан аудан бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтары орын алуда.

2015 жылдың 1 тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 2  тұлғаға  4 қылмыс тіркелсе, 2016 жылы 2 тұлғаға қатысты  3 сыбайлас жемқорлық қылмыстары тіркелген.

4 слайд .

 2016 жылдың 1 тоқсанында Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы Б.Мауытбаеваға қатысты 2 қылмыстық іс, Т.Рысқұлов ауданы Тереңөзек ауылдық округі әкіміне  қатысты 1 қылмыстық іс қозғалған.

Атап айтқанда:

1.Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімін тексеру барысында «dana» жеке кәсіпкерге Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, қазақ ауылындагы М.Әуезов орта мектебіне мәжіліс залы жане екі пән кабинеттерінің кұрылысын салу» нысанының жобалау — сметалық құжаттамасын дайындау жане мемлекеттік сараптаманың оң корытындысын алу үшін 431 ерекшелік бойынша 12 мамыр 2014 жылы № 21 санды келісім шарт жасасып, тапсырыс алушының «казпочта» арқылы есеп шотына негіссіз (6000000 млн) қаражат аударғаны аныкталды. Қазіргі уақытта тергеу тексеру жұмыстары жүргізілуде.

2.Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі  тарапынан 2013 жылы қараша жане желтоқсан айларында бюджеттен қаралған Жеке кәсіпкер Акилова Акбота Джанабердиевнаның есеп шотына бюджет қаражатын негісіз (13 479 529,млн) аударып жіберген. Бұл бойынша тергеу тексеру жұмыстары жүргізілуде.

3.Т.Рысқұлов ауданы Тереңөзек ауылдық округі әкімінің аппаратының лауазымды тұлғалары 2015 жылы «Өңірлерді  дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында Т.Рысқұлов ауданы Теренөзек ауылының спорт алаңының құрылысына бөлінген 1 000 000 теңге бюджеттік қаражатты мердігер жеке кәсіпкер Абишевтің есеп шотына атқарылмаған жұмыстары үшін заңсыз аударып қызмет баптарын теріс пайдаланған дерегі бойынша қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары атқарылуда.

2015 жылдың 1 тоқсанында:

1.Аудан әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы С.Мырзахановқа 2011-2012 жылы аудан көлемінде қатты тұрмыстық қалдықтарды тастау полигонын салуға жобалау сметалық құжаттарын дайындау кезінде заң талаптарын бұзғаны үшін  ҚР Қылмыстық кодексінің 307 бабы 2 бөлігі қызмет өкілеттігін теріс пайдалану және 314 бабының 2 бөлігі бойынша қызметтік жалғандық жасау арқылы қылмыстық іс қозғалып қазіргі таңда жұмыстан босатылды. Осы іс бойынша 2 қылмыстық іс тіркелген.

 2.Т.Рысқұлов ауданының ведомствоаралық психологиялық -медициналық-педагогикалық консультациясының директоры                              К. Нұрғалиева мемлекеттік қызмет атқаруға теңестірілген тұлға бола отырып ресми құжаттарға көрнеу жалған мәліметтерді енгізу арқылы  2013 жылдың 01 ақпанынан 31 шілдесіне дейін Б.Бакееваны. Жұмыспен қамту бағадарламасы бойынша Балдырған балалар бақшасына «Жастар тәжірибесіне» қарастырылған қаражат шегінде жұмысқа қабылдап, 01.03.2013 жылы № 4 бұйрығы бойынша Б.Бакееваны дефектолг қызметіне уақытша қабылдап, жастар тәжірибесі бойынша келісім-шартты тоқтатпай жалған табель жасау арқылы бөтен мүлікті ұрлаған. Залал 135000 теңге  ҚР ҚК –нің 177 бабы 3 бөлігі «г» тармағы және 314 бабы 1 бөлігі айыпты деп танылып 3 жылға шартты түрде сотталды. Осы іс бойынша 2 қылмыстық іс тіркелген.

Сонымен бірге, 2015 жылдың  1 тоқсанында 2 мемлекеттік қызметшілерге қатысты сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық орын алса, 2016 жылы бұндай фактілер анықталмаған. (Өткен жылмен салыстырғанда 1 фактіге төмендеген ).

Атап айтқанда 2015 жылдың 1 тоқсаны:

1.Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімінің сектор меңгерушісі Қ.Алибаевке ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабы 1 тармағы 10) тармақшасына сәйкес бурцеллез ауруымен ауырған малдарға өтемақы төлеуде артық төлегені үшін «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы» ескерту шарасы қолданды.  

2.Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімінің бас маманы Масалимова Доктаркулге ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабы 1 тармағы 10) тармақшасына сәйкес бурцеллез ауруымен ауырған малдарға өтемақы төлеуде артық төлегені үшін «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы» ескерту шарасы қолданылған.

Әрине біздің басты мақсатымыз бұл көрсеткіштерді нөлге келтіру және осы бағытта жұмыс атқару. Бұл мәселе аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында тұр және жемқорлықпен күрес, менің бұлжымас міндетіміз деп білем.

Сондықтан , аудан деңгейінде сыбайлас жемқорлық, құқық бұзышылық пен қылмысты болдырмау мақсатында анықталған заң бұзушылықтардың толық жойылуын және кінәлі тұлғаларды міндетті түрде тиісті жазаға тартылуын қамтамасыз ету мақсатында  алдағы уақытта да кешенді іс-шаралар тұрақты жүргізілетін болады.

Қылмыстардың түрлері 2016 жыл 2017 жыл
Қылмыстық іс 1 тұлғаға қатысты 43 қылмыстық іс 0
Құқықтық бұзушылық 0 0

Мемлекеттік құқықтық жұмыс

бөлімшесінің басшысы                                  С.Нүрпеисов         

Сыбайлас- жемқорлыққа қарсы стратегиясын

іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы

іс-қимыл жөніндегі 2015-2016 жылдарға арналған

іс шаралар жоспарының  2016 жылдың 1 тоқсанында

Т.Рысқұлов ауданында орындалуы туралы аудан әкімі Ж.А.Айтақовтың есебі

Құрметті  Кәрім Нәсбекұлы!

Құрметті әріптестер!

Ауданымызда сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрес аудан әкімдігінің негізгі басым бағыттарының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Жамбыл облысының  2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында  Т.Рысқұлов ауданы бойынша  тиісті жұмыстар жүргізілуде.

t-ryskulov.zhambyl.kz аудан әкімінің ресми сайтының сілтемесі арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша арнайы айдарлар ашылып, атқарылған жұмыстар туралы ақпараттар тұрақты түрде жариаланып тұрады.

2016 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес  1 кезекті отырысы өткізіліп, 2015 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы, аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің және мәдениет, тілдерді дамыту бөлімі басшыларының есептері тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында,  аудан әкімі, әкімдігі және ауылдық округ әкімдерінің қабылдаған нормативтік құқытық актілеріне ай сайын мониторинг жүргізіліп, заңдылығы тұрақты тексерілуде. 2016 жылдың 1 тоқсанында аудан әкімдігімен 99 қаулы, 88 өкім қабылданып мониторинг нәтижесі облыстық Әділет органдарына жолданды.

Аудандық мемлекеттік мекемелер мен ауыл округі әкімі аппараттарының қызметкерлерінің, ҚР заңдарын қатаң сақтау және оған деген құрмет сезімін тәрбиелеу, тәртіптілік пен құқық тәртібін арттыруға байланысты іс-шаралар қабылданған.

Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық тудыратын негізгі сала мемлекеттік сатып алу болып табылатындықтан мемлекеттік сатып алу процессінде құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында құқық қорғау органдарының қатысуымен Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» «Медиация туралы», және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңын түсіндіру бойынша 2 семинар,  жемқорлық тақырыбында 1 дәріс оқылды.

1 слайд .

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің бөлімдерінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберіндегі міндеттерді мерзімінде орындамау деректері орын алған жағдайларда, өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану, мемлекеттік сатып алу туралы күшіне енген келісім шарттарды заңсыз деп тану, тұрақсыздық айыппұлын өндіріп алу туралы сот органдарына жүгінулер бойынша қабылданған шараларға мониторинг тұрақты жүргізіліп тұрады.

Мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік қызметшілердің «Әдеп» кодексінің мәтіні және сенім телефондары көрнекі жерлерге ілінген. Аудан әкімі аппаратында  2-18-00, 2-14-91 санды сенім телефондары жұмыс жасауда және тоқсанына бір рет аудандық «Құлан Таңы» газетіне телефондардың тізбесі жарияланып тұрады.

Аудандық мекемелер мен ауыл округі әкімі аппараттарында бірінші басшыларды қабылдау кестесі көрнекі жерлерге орналастырылған.

Аудан әкімі аппаратында және құрылымдық бөлімдерде  көрнекі және қол жетімді орындарда азаматтардың лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері жөніндегі арыз-шағымдарына арналған жәшіктер орнатылған. Есепті кезең ішінде азаматтардың өтініштері мен арыз-шағымдары үшін орнатылған жәшікке шағымдар түспеген.

Қабылдау кестесіне сәйкес жыл   басынан   әр    түрлі   сұрақтар   бойынша   аудан әкімі және аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы 13 азаматты қабылдап, қолданыстағы заңнама аясында түсінік берілді. Қабылдауға келген  барлық азаматтың өтініштері бойынша нақты шаралар қолданылып, уақтылы жауаптары берілген.

Аудан әкімдігінің аппаратында азаматтардың арыз-шағымдарын, заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың нәтижелерін есепке алу мен бақылаудың біріңғай қатаң жүйелері құрылған.

Т.Рысқұлов аудан әкімінің аппаратында 2016 жылдың 1 тоқсанында 250 арыз-шағым тіркелген (оның ішінде жеке тұлғалардан 123, заңды тұлғадан 127 өтініш).

Тіркелген  250 арыз шағымның 213 өтініш, 16 арыз және басқа мәселелер 21. Оның 4 қанағаттандырылды, 51 қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер берілсе, 194-і бағынышты органдарға жолданды, 1-і өз өтініші негізінде қараусыз қалдырылған.

Негізінен арыздар жер телімдерін беру, жол жөндеу,  материалдық көмек көрсету, жылжымайтын мүлік мәселелері, жұмысқа орналастыру, ауыз су және әр түрлі коммуналдық  сұрақтарға байланысты. Барлық өтініштер заңмен көрсетілген мерзімде қарастырылды.

Ауылдық округтерде жеке  тұрғын үй құрылысын жүргізуге жер телімдерін беруде заң талаптары қатаң сақталуда. Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін тек аудан орталығы, Құлан ауылында бүгінгі күнге 2577 азамат  кезекте тұр. Осы кезекте тұрған азаматтардың тізімі мемлекеттік мекеменің ғимаратында ілінген.

Аудандық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға 344 азамат кезекте тұр. Кезекте тұрған азаматтардың тізімдері аудан әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінде ілінген. Сонымен қатар жергілікті басылымға жарияланған.

Жер телімдері Қазақстан Республикасының  Жер кодексінің 43, 44 баптарына сай аудандық жер қатынастарын реттеу туралы комиссия отырысында қаралып, оң қорытынды алған жеке және заңды тұлғаларға беріледі. Конкурстық, аукциондық негізінде жер телімдері берілген кезде ашық түрде алдын ала республикалық және аудандық газетерге жарияланады. Азаматтарға жер телімдеріне қатысты мәселелер бойынша консультациялар беру жұмыстары жүргізілуде.

Жер учаскелерін бекіту кезінде Қазақстан Республикасының Жер кодексі талаптарының орындалуы мен заң бұзушылықты алдын ала анықтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау мақсатында жұмыстар тұрақты жүргізілуде.

Аудан аумағындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту  бағытында кәсіпкерліктің жұмысын үйлестіру,  кеңес  беру және мемлекеттік  қолдаулар көрсету  жұмыстары жүргізілуде.

«Бизнсетің жол картасы – 2020» және «Индустриялды-инновациялық дамыту» бағдарламасы арқылы  жоспарланған жобаларды іске асыруға қолдау  көрсетілуде.

«Даму» кәсіпкерлікті  қолдау  қорының облыстық  филиялының  кестесі  арқылы  айына  бір рет  семинар   кеңестер  тұрақты өткізіліп тұрады.

Мемлекетіміздегі кәсіпкерлікті  қолдауға  арналған  «Бизнестің  жол  картасы — 2020» бағдарламаларды   халыққа  кеңінен  насихаттау  жұмыстары  аясында облыстық  БАҚ –мен аудандық  «Құлан таңы» газетінде 3 арнайы  мақала, 1 хабарландыру  жарияланса,   облыстық  «Қазақстан  -Тараз» телерадио коорпорациясы 2 тақырыптық  хабар  түсіріп, ол ақпараттық  жаңалықтар толқынында   көрсетілді.

Аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының жұмысы туралы ақпараттар аудандық «Құлан таңы» газетінде  жарияланады. Жыл басынан бері аудандық «Құлан таңы» газетіне  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыптарында 9 мақала жарияланған.

Аудан орталығының Жібек Жолы көшесінің бойында 3, Луговой ауылы орталығында 1, Абай ауылы Сатпаев көшесінің бойында 1, Ақбұлақ ауылында 1, «Өз таңдауыңды жаса!», «Жемқорлық түбі қорлық» және «Жемқорлық фактілерімен кездескен жағдайда               хабарласу үшін сенім телефоны жазылған 6 билборд орнатылған.

2 слайд .

Жастардың сыбайлас-жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру мақсатында аудандық «Жастар орталығының» ұйымдастыруымен «Жастар арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау»  «Заң және жастар» атты тақырыбында аудан басшыларының, құқық қорғау органдарының қатысуымен оқушылар мен студенттер арасында сыбайлас-жемқорлыққа қарсы тәртіп пен бекітілген заңды сақтауды қадағалау, жастарды сыбайлас-жемқорлыққа қарсы әрекет рухына тәрбиелеу мақсатында 2 дөңгелек үстелдер өткізілді.

3 слайд .

«Қазақстан Республикасы 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» тақырыбында Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №1 мектеп-лицейі, Құлан шағын орталықты орта мектебі,  № 2 шағын орталықты орта мектебі, Ш.Уалиханов атындағы шағын орталықты орта мектебі, Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі және М.Горький атындағы орта мектептерінде ашық сабақтар өткізілді.

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінде мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу мекемелеріндегі кезектің жылжуы туралы ақпарат www.abbkulan.kz сайтында орналасқан.

Дегенмен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жөнінде ауданымызда атқарылған шараларға қарамастан аудан бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтары орын алуда.

2015 жылдың 1 тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 2  тұлғаға  4 қылмыс тіркелсе, 2016 жылы 2 тұлғаға қатысты  3 сыбайлас жемқорлық қылмыстары тіркелген.

4 слайд .

 2016 жылдың 1 тоқсанында Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы Б.Мауытбаеваға қатысты 2 қылмыстық іс, Т.Рысқұлов ауданы Тереңөзек ауылдық округі әкіміне  қатысты 1 қылмыстық іс қозғалған.

Атап айтқанда:

1.Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімін тексеру барысында «dana» жеке кәсіпкерге Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, қазақ ауылындагы М.Әуезов орта мектебіне мәжіліс залы жане екі пән кабинеттерінің кұрылысын салу» нысанының жобалау — сметалық құжаттамасын дайындау жане мемлекеттік сараптаманың оң корытындысын алу үшін 431 ерекшелік бойынша 12 мамыр 2014 жылы № 21 санды келісім шарт жасасып, тапсырыс алушының «казпочта» арқылы есеп шотына негіссіз (6000000 млн) қаражат аударғаны аныкталды. Қазіргі уақытта тергеу тексеру жұмыстары жүргізілуде.

2.Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі  тарапынан 2013 жылы қараша жане желтоқсан айларында бюджеттен қаралған Жеке кәсіпкер Акилова Акбота Джанабердиевнаның есеп шотына бюджет қаражатын негісіз (13 479 529,млн) аударып жіберген. Бұл бойынша тергеу тексеру жұмыстары жүргізілуде.

3.Т.Рысқұлов ауданы Тереңөзек ауылдық округі әкімінің аппаратының лауазымды тұлғалары 2015 жылы «Өңірлерді  дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында Т.Рысқұлов ауданы Теренөзек ауылының спорт алаңының құрылысына бөлінген 1 000 000 теңге бюджеттік қаражатты мердігер жеке кәсіпкер Абишевтің есеп шотына атқарылмаған жұмыстары үшін заңсыз аударып қызмет баптарын теріс пайдаланған дерегі бойынша қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары атқарылуда.

2015 жылдың 1 тоқсанында:

1.Аудан әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы С.Мырзахановқа 2011-2012 жылы аудан көлемінде қатты тұрмыстық қалдықтарды тастау полигонын салуға жобалау сметалық құжаттарын дайындау кезінде заң талаптарын бұзғаны үшін  ҚР Қылмыстық кодексінің 307 бабы 2 бөлігі қызмет өкілеттігін теріс пайдалану және 314 бабының 2 бөлігі бойынша қызметтік жалғандық жасау арқылы қылмыстық іс қозғалып қазіргі таңда жұмыстан босатылды. Осы іс бойынша 2 қылмыстық іс тіркелген.

 2.Т.Рысқұлов ауданының ведомствоаралық психологиялық -медициналық-педагогикалық консультациясының директоры                              К. Нұрғалиева мемлекеттік қызмет атқаруға теңестірілген тұлға бола отырып ресми құжаттарға көрнеу жалған мәліметтерді енгізу арқылы  2013 жылдың 01 ақпанынан 31 шілдесіне дейін Б.Бакееваны. Жұмыспен қамту бағадарламасы бойынша Балдырған балалар бақшасына «Жастар тәжірибесіне» қарастырылған қаражат шегінде жұмысқа қабылдап, 01.03.2013 жылы № 4 бұйрығы бойынша Б.Бакееваны дефектолг қызметіне уақытша қабылдап, жастар тәжірибесі бойынша келісім-шартты тоқтатпай жалған табель жасау арқылы бөтен мүлікті ұрлаған. Залал 135000 теңге  ҚР ҚК –нің 177 бабы 3 бөлігі «г» тармағы және 314 бабы 1 бөлігі айыпты деп танылып 3 жылға шартты түрде сотталды. Осы іс бойынша 2 қылмыстық іс тіркелген.

Сонымен бірге, 2015 жылдың  1 тоқсанында 2 мемлекеттік қызметшілерге қатысты сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық орын алса, 2016 жылы бұндай фактілер анықталмаған. (Өткен жылмен салыстырғанда 1 фактіге төмендеген ).

Атап айтқанда 2015 жылдың 1 тоқсаны:

1.Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімінің сектор меңгерушісі Қ.Алибаевке ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабы 1 тармағы 10) тармақшасына сәйкес бурцеллез ауруымен ауырған малдарға өтемақы төлеуде артық төлегені үшін «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы» ескерту шарасы қолданды.  

2.Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімінің бас маманы Масалимова Доктаркулге ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабы 1 тармағы 10) тармақшасына сәйкес бурцеллез ауруымен ауырған малдарға өтемақы төлеуде артық төлегені үшін «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы» ескерту шарасы қолданылған.

Әрине біздің басты мақсатымыз бұл көрсеткіштерді нөлге келтіру және осы бағытта жұмыс атқару. Бұл мәселе аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында тұр және жемқорлықпен күрес, менің бұлжымас міндетіміз деп білем.

Сондықтан , аудан деңгейінде сыбайлас жемқорлық, құқық бұзышылық пен қылмысты болдырмау мақсатында анықталған заң бұзушылықтардың толық жойылуын және кінәлі тұлғаларды міндетті түрде тиісті жазаға тартылуын қамтамасыз ету мақсатында  алдағы уақытта да кешенді іс-шаралар тұрақты жүргізілетін болады.

Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Қылмыстардың түрлері 2015 жыл 2016 жыл
Қылмыстық іс 2 тұлғаға қатысты 4 қылмыстық іс 2 тұлғаға қатысты 3 қылмыстық іс
Құқықтық бұзушылық 2 0

Мемлекеттік құқықтық жұмыс

бөлімшесінің басшысы                                  С.Нүрпеисов         

© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта