home
home home

Т.Рысқұлов ауданы бойынша сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы

Т.Рысқұлов ауданы бойынша

сыбайлас жемқорлықа қарсы

іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға

арналған іс-шаралар жоспары туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Заңының 31 бабына және Жамбыл облысы әкімімен бекітілген Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Т.Рысқұлов ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары қабылдансын.
  2. Жауапты орындаушылар іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша нақты шаралар қабылдасын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы Өмірзақов Мұратбек Тоқсанбайұлына жүктелсін.

 

 

Аудан әкімі                                                       Ж.Айтақов

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

 

«Нұр Отан» партиясының

Т.Рысқұлов аудандық филиалы

Төрағасының орынбасары

__________________Қ.Арыстанбеков

«______» __________ 2015 ж.

 

 

Т.Рысқұлов аудандық «Халыққа қызмет»

көрсету оталығының бөлім басшысы

_______________ М.Жетпісбаев

«______» __________ 2015 ж.

 

 

 

 

 

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің

2015 жылғы «11»  қыркүйектегі

№___қаулысымен бекітілген

 

Т.Рысқұлов ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

 

№ п/п Іс-шара атауы Орындауға жауапты Орындау формасы және орындау мерзімі Орындалуы туралы ақпарат
1. Ауыл және ауылдық округ әкімдері мен тиісті бөлімдердің интернет-ресурстарында олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметі туралы арнайы тараулардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету Аудан әкімдігінің бөлімдері және ауыл округ әкімдері, Интернет-ресурстарда тараулар

 

Аудан әкімі аппаратына ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеу және оның мәтінін мемлекеттік органдардың веб-сайттарында орналастыруды қамтамасыз ету Аудан әкімдігінің бөлімдері және ауыл округ әкімдері, Тиісті  жоспарлар

 

Аудан әкімі аппаратына ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссиялардың жұмыстарын жандандыру, сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтарының алдын-алуда кешенді іс-шаралар қабылдап, әр оқиға бойынша талдау жүргізу ауыл округ әкімдері, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімшесі Тұрақты Аудан әкімі аппаратына ақпарат
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» 2009 жылғы 22 сәуірдегі N 793 Жарлығының ережелерін жүзеге асыру жөнінде қосымша шаралар қабылдау, соның ішінде:

— қарамағындағы қызметкерлері сыбайлас жемқорлық  заң  бұзушылықтарын жасаған мекеме басшыларының жауапкершілігін арттыру;

— қарамағындағы қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық қылмыстық ісіне байланысты соттың айыптау үкімі шығарылған мекеме басшысының атқарып отырған лауазымына сәйкестігі туралы  мәселені  қарастыру.

Аудан әкімдігінің бөлімдері және ауыл округ әкімдері, аудан әкімі аппаратының персоналды кадр қызметі Тоқсан сайын талдау жасау, нәтижесін БАҚ-та насихаттау, Тоқсан сайын Аудан әкімі аппаратына ақпарат
 5 Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары көп жасалатын салаларды, мақсатты топтарды  анықтап, мемлекеттік қызметшілерді қолданыстағы заңнама талаптарын оқытуды жүзеге асыру. Мемлекеттік қызметкерлердің және оларға теңестірілген тұлғалардың қолданыстағы заңнамалар бойынша құқықтық оқуына аса назар бөліп, оларға сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылық жасап, нәтижесінде қатаң жазаға тартылғандардың тағдырын көрсете отырып тиісті түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру Аудан әкімдігінің бөлімдері және ауыл округ әкімдері, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімшесі Тұрақты Аудан әкімі аппаратына ақпарат
  6 «Сенiм телефонының», жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған жәшiктерiнiң оңтайлы жұмыс iстеуін қамтамасыз ету мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық құқық бұзуышылыққа төзбеушілікті    қалыптастыру мақсатындағы орнатылған «сенім» телефонын БАҚ-та жариялау Аудандық әкімдігінң бөлімдері  және ауыл округ әкімдері Тоқсанына 1 рет Аудан әкімі аппаратына ақпарат
  7 Мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберіндегі міндеттерді мерзімінде орындамау деректері орын алған жағдайлар туралы, өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы, мемлекеттік сатып алу туралы күшіне енген келісім шарттарды заңсыз деп тану туралы, тұрақсыздық айыппұлын өндіріп алу туралы сот органдарына жүгінулер бойынша қабылданған шараларға мониторинг жүргізу Аудан әкімдігінің бөлімдері және ауыл округ әкімдері, Тоқсан сайын Аудан әкімі аппаратына ақпарат
  8 Мемлекеттік сатып алу саласында өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін, оның ішінде Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексіне сәйкестігін анықтау кезіндегі конкурстық комиссия төрағалары мен мүшелерінің жауапкершілігін арттыру жөніндегі шаралар қабылдау туралы ұсыныс жасау Аудан әкімдігінің бөлімдері және ауыл округ әкімдері, бюджеттік бағдарлама әкімшілері Тоқсан сайын Аудан әкімі аппаратына ақпарат
   9 Ауыл және ауылдық округ әкімдері мен тиісті бөлім басшыларына мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету және олар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөнінде дербес жауаптылық жүктеу Аудан әкімдігінің бөлімдері және ауыл округ әкімдері БАҚ-қа, ведомстволық интернет-ресурстарға   ақпарат орналастыру Тұрақты Аудан әкімі аппаратына ақпарат
 10 Аудандық инновациялық дамуы және кәсіпкерлік субъектілерін қолдау жөніндегі аймақтық комиссия жұмысының жариялылығын арттыру, оның жұмыс кестесін, қаралуы жоспарланған жобалар мен оның нәтижелерін БАҚ-та жариялау Аудан  әкімдігінің өнеркәсіп және кәсіпкерлік бөлімі, ауыл округ әкімдері БАҚ-на, интернет-ресурстарға   ақпарат орналастыру Тұрақты Аудан әкімі аппаратына ақпарат
 11 Өңірлердегі кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға арналған іс-шаралар әзірлеп, орындалуын қамтамасыз ету Аудан  әкімдігінің өнеркәсіп және кәсіпкерлік бөлімі, Тұрақты Аудан әкімі аппаратына ақпарат
 12 Жер учаскелерін бекіту кезінде Қазақстан Республикасы Жер кодексі талаптарын бұзудың алдын алу мен заң бұзушылықты анықтауға бағытталған шараларды жүргізуді қамтамасыз ету Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі, ауыл округ әкімдері Жылына 2 рет талдау жасау, қорытындысын БАҚ-да жариялау Аудан әкімі аппаратына ақпарат
  13 Тұрақты түрде мемлекеттік тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтардың тізімін БАҚ және интернет ресурстарында жариялап отыру Аудан әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Тоқсан сайынғы талдау, нәтижелерін БАҚ-та жариялау Аудан әкімі аппаратына ақпарат
 14 БАҚ өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік журналистік жарияланымдарға конкурстар өткізу Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі Жарты жыл сайын  конкурстар Аудан әкімі аппаратына ақпарат
 15 ҮЕҰ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуге арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар кешені Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі жыл сайын

 

Аудан әкімі аппаратына ақпарат
 16 Ауданда жекешелендірудің 2014-2016 жылдардағы «екінші толқынын» жүзеге асыру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету Аудандық комиссия және ауыл округ әкімдері Тоқсан сайынғы талдау, нәтижелерін БАҚ-та жариялау Аудан әкімі аппаратына ақпарат
 17 Төмендегі салаларда  ХҚКО ұсынатын қызметтер арқылы «Бір терезе» принципін жүзеге асыру туралы мәселені қарастыру:

— мемлекеттік қордан тұрғын үй беру және тұрғын үй кезегіне тұру кезінде;

— жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер пайдалану құқығын беру кезінде;

— мектепке дейінгі балалар мекемесіне оқуға жолдама беру кезінде;

Аудан әкімдігінің тиісті бөлімдері,

халыққа қызмет көрсету орталығы (келісім бойынша)

Тоқсан сайынғы талдау, нәтижелерін БАҚ-та жариялау Аудан әкімі аппаратына ақпарат
  18 Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде БАҚ-та жемқорлыққа қарсы тақырыптағы тұрақты айдарлардың санын арттыру Аудан әкімдігінің ішкі саясат басқармасы, тұрақты Аудан әкімі аппаратына ақпарат
19 Жоғары сынып оқушыларымен, сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбында ашық сабақтар өткізу. Аудан әкімдігінің білім бөлімі Тоқсан сайынсабақтар өткізу және оларды БАҚ-та насихаттау Аудан әкімі аппаратына ақпарат
20 Білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын белгілеу. Аудан әкімдігінің білім бөлімі   Аудан әкімі аппаратына ақпарат
21 Ведомстволық сайтта мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу мекемелеріндегі кезектің жылжуы туралы ақпаратты мерзімінде орналастыруды ұйымдастыру. Аудан  әкімдігінің білім бөлмі тұрақты Аудан әкімі аппаратына ақпарат
22 Жастар ұйымдарын тарта отырып және оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелерін енгізе отырып, білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспарын бекіту Аудан  әкімдігінің білім бөлмі жыл сайын

жұмыс жоспары, оқу бағдарлама-лары

Аудан әкімі аппаратына ақпарат
23 Саяси партиялармен және қозғалыстармен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта қоғамдық тыңдаулар, акциялар және іс-шаралар өткізу Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы (келісім бойынша) Тиісті іс-шаралар өткізу Аудан әкімі аппаратына ақпарат

 

 

 


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта