home
home home

Аудан әкімінің «Ауданның 2015 жылғы әлеуметтік — экономикалық дамуының қорытындылары және 2016 жылға арналған міндеттері туралы» есебінің тезистері.

Аудан әкімінің «Ауданның  2015 жылғы

әлеуметтік  — экономикалық  дамуының

қорытындылары    және     2016  жылға

арналған  міндеттері  туралы» есебінің

тезистері.

 

2015 жылы аудан бюджетінің кірістері 8656473,9 мың теңгеге орындалып, 125,9 пайызды құрады. Оның ішінде өзіндік кірістер 4047168,2 мың теңгеге (178,7 пайыз), трансферттердің түсімдері бойынша 4521959,0 теңгеге (100 пайыз) орындалды.

Төлемдер бойынша жоспар 6 873 933,0  мың теңгені құрап, кассалық атқарылуы  6 873 020,0  мың теңге болды немесе 100 пайызға атқарылды.

2015 жылдың 12 айында  бюджетке  4928523,1 мың теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер жиналды немесе болжамға 157,5  %, оның ішінде республикалық бюджет 103,4 , ал жергілікті бюджет 167,1 %.

 

Аудан бойынша ішкі жалпы өнім көлемі 2014 жылы 61412,1 мың теңге болса, 2015 жылдың болжамы 83122,0 мың теңге, нақты көлем индексі 135,3 пайызды құрайды.

Т.Рысқұлов ауданын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес индустрияландыру картасының жобаларын іске асыру, ауданның өнеркәсіптік әлеуетін өсіру және прогрессивтік технологиялар енгізу арқылы  бәсекеге қабылетті аграрлық өнеркәсіп кешенін құру негізінде 2015 жылдың деңгейіне қарағанда 2020 жылы ауданда ішкі жалпы өнімнің өсімі 111,3 пайызға жоспарлануда.

 

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі     11 млрд 808 млн 900 мың теңгені, нақты көлем индексі 104,5 %-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі  5 млрд 512 млн 100 мың теңге (НКИ – 101,9 %), мал шаруашылығы  6 млрд 284 млн теңге (НКИ – 106,7 %).

Ауданда егістік жерлерді игеру облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бекіткен меморандумға сәйкес орындалып келеді.

Барлық 139588 га егістік жерлердің 138387 гектары немесе 99,1 пайызы игерілді (2014 жылы 140537 га 98,3 %  игерілген).

2015 жылы көктемгі дала жұмыстарының нәтижесінде 43695 га арпа (109,2 пайыз), 25 га сұлы (100%), 100 га жүгері (100%), 400 га көкөніс (100%), 100 га бақша дақылдары (100%), 500 га картоп (100%), 182 га қант қызылшасы (60,6%) себілген болатын. 35500 га пар айдалынды.

Өсімдік  қорғау саласында 2015 жылы зиянды бақашыққа  4000 га, тапсептериозға 1000 га, италиян шегірткесіне 6000 га, марокко шегірткесіне  810 га, саяқ шегірткеге  55 га, У кекіреге 13530 га, арам сояуға 105 га, калифорниялық қалқанша сымырына  (сад) 15 га химиялық  өңдеу жұмыстары жүргізілді.

Егін орағы барысында 76136 га масақты дақылдар орылып, орташа өнімі 14,6 ц/га айналды. Оның ішінде: бидай 33985 га (15,5 ц/га), арпа 42135 (13,7 ц/га). Қамбаға 48760 тн бидай, 57906 тн арпа, барлығы 107309 тн астық құйылды.

Биылғы егін орағы науқанына «Луговой жылқы зауыты» ЖШС-нің жалпы сомасы 496,0 млн. теңгеге жаңадан алынған (әр қайсысы 38,2 млн. теңге) 13 «Джон-Дир» комбайны қатысты. Жалпы егін ору науқаны жоспарға сай өтті.

Сонымен қатар 13375 га мақсары, 400 га көкөніс, 100 га бақша, 471,4 га картоп өнімдері жиналып алынды.

Қант қызылшасын отырғызған шаруашылықтар өскін берген 32 гектарды жинап, Меркі қант зауытымен келісім шартқа тұрып, 35 тн қант қызылшасы өнімін өткізді, кондицияға жетпеген 80 тонна өнімді мал бордақылаумен айналысатын шаруашылықтарға сатты.

Күзгі дала жұмыстарының барысында жоспардағы 35500 га пар айдалып, 31000 га күздік бидай толық себілді (100 пайыз).

Аудан шаруашылықтары «Құлан өзара сақтандыру» және «КАЗИНСТРАХ» сақтандыру қоғамдары арқылы 31000 гектардың 22226  гектарын сақтандырды (72,0 пайыз).

Күздік бидай егу науқанына 68 дана тракторлар мен 142 дана себу агрегаттары, 41 дана жүк көліктері қатысты.

2015 жылғы көктемгі және күзгі дала жұмыстарына жанар- жағар майдың  қажеттілігі егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының көлеміне қарай есептеліп, барлығы 1825,0 тн  алынды.

Соңғы жылдары  аудан шаруашылықтары өнімділік деңгейін арттыру бағытында техника паркін жаңалауға баса бет бұрып, бүгінгі күнге  аудандағы комбайндар паркінің 30,2 пайызы, тракторлардың 20,5 пайызы жаңаланды.

2015 жылы ауданымызға 586,7 млн. теңгеге  40 дана ауыл шаруашылығы техникалары алынды ( оның ішінде 36 ауыл шаруашылығы техникаларын 569,6 млн теңгеге лизингіге, 3 ауыл шаруашылығы техникасы 13,1 млн. теңгеге нақты ақысына, 1 техника сыйлыққа).

Аудан көлемінде 2014 жылы 35,26 га алқапқа тамшылатып суару әдісі енгізілген болатын (Бұл «Асан қайғы» ШҚ-ы 5 га, «ЛЖЗ» ЖШС-і 7,5 га, «Сенім»   ШҚ-ы 2 га, «Нұрсауле» ШҚ-ы 5 га, «Жандос» ШҚ-да 8 га. «Нұртас әулеті» ШҚ-да 7,76 га).

2015 жылы 20 га жерге жеміс ағаштары отырғызылып, толығымен тамшылатып суғару қондырғылары орнатылды («Қанағат» ШҚ, ИП «Трудовое»). Бүгінгі күнге 55,26 га алқап тамшылатып суғарылады. Сонымен қатар «ЛЖЗ» ЖШС-нде 2014 жылдан бері 300 га алқап жаңбырлатып суғарылуда.

2015-2016 жылы бұл серіктестікте 600 га егістік алқапты тамшылатып суғару әдісін қолдану мақсатында 27 дана артезиян құдықтары қазылып, барлық егістік алқаптарына электр желілері тартылды.

Ауданда 1331 шаруашылық қожалықтары тіркелген (жұмыс істейтіні 967 немесе 71,7 пайызы). Олардың 739-ы 100 гектарға дейін жері бар шаруашылықтар  (54,8 пайыз).

2015 жылға 50 шаруа қожалықтар мен 51 пай үлескерлер 7 шаруа қожалыққа қосылып іріленді .

Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыру мақсатында  2014 жылы  202 ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің 83 354 га егістік алқаптарына 175,2 млн. теңге субсидия төленсе, 2015 жылы  170 шаруашылықтың 75699 гектарына  202 813 114 теңге төленді.

Мал шаруашылығында 2015 жылы  13028,0 тонна ет (106,0 пайыз),  23280,0 тонна сүт (103,9 пайыз), 3799,9 мың дана жұмыртқа (101,0 пайыз) өндірілді.

МІҚ саны 1,0 %-ға өсіп 27900 басты құрады, қой 1,6 %-ға (338261), жылқы – 3,3 %-ға (13169),  шошқа – 26,9 %-ға (22468) , құс саны 1,0 %-ға (102819 бас)  артты.

2015 жылы аудандағы 38500 га шабындықтар мен 6400 га жоңышқалық алқаптардан барлығы 125 000 тонна шөп, 27060 тн сабан, 48 000 тн жем дайындау жоспарланып, 68678 тн жоңышқа, 105560 тн пішен шөп, барлығы — 174238  тонна шөп (139,4 пайыз), 31500 тн сабан (116,6 пайыз), 48000 тн жем  дайындалды.

2015-2016 жылғы мал қыстату науқанына 34160 бас мүйізді ірі қара, 413455 бас қой-ешкі, 14436 бас жылқы, 39 бас түйе, 22903 бас шошқа, 105667 құстар түсіп, 34160 бас МІҚ 13 пайызы (4441 бас) тау бөктеріндегі қыстауларда, 44,0 пайызы (15030 бас) құмда,  43 пайызы  (14689 бас) елді мекендерде,  413455 бас қой-ешкілерден  9,8 пайызы (40519 бас) тауда, 54,0 пайызы (223266 бас) құмда, 36,2 пайызы (149671 бас) елді мекендерде орналасты.

Мал қыстату науқаны еш ысырапсыз өтуде. Бұл жұмыс тұрақты бақылауға алынған.

Сүт тауарлы ферма мен мал бордақылау алаңдарын ашу бағытында ауданда  «Батыс Европа-Батыс Қытай» автотрасса бойынан 2 сүт  тауарлы  фермалар жұмыс атқаруда. (Айдар,Құлбарақ). Сүт қабылдау үшін 2 пункт ашылды (Құлбарақ, Ақ қайнар).

2016 жылы «Шалхар» ШҚ «Ырыс» бағдарламасы аясында 100 басқа арналған сауын сиыр фермасын іске қосуды жоспарлап отыр.

2015 жылы жоспарға сәйкес  350 басқа арналған мал бордақылау алаңдарының құрылысы аяқталды («Айдар», «Еркін таң», «Сүйін», « Мартай», «Аслан» ШҚ).

Бүгінгі таңда ауданда барлығы 37000 басқа арналған 22 мал бордақылау алаңдары бар, оның ішінде : 2650 бас МІҚ-ға 12 , 780 бас жылқыға  5 , 3600 бас қойға  4 ,30000 бас шошқа  1 мал бордақылау алаңдары.

Ауданда қәзіргі таңда 8 асыл тұқымды қой, 6 асыл тұқымды МІҚ, 1 асыл тұқымды жылқы малы, 1 асыл тұқымды шошқа статусы бар ауылшаруашылық тауар өндірушілер жұмыс істейді.

2015 жылы аудандағы асыл тұқымды шаруашылықтарды қолдау мақсатында  барлығы 564,3 млн. теңге мемлекеттік субсидиялар төленді (2014 жылы 528,9 млн теңге).

Мал шаруашылығы өнімінің өндіріс көлемін ұлғайту асыл тұқымды базаны дамыту және генетикалық әлеуетті арттыру, бордақылау алаңдарының құрылысы негізінде қамтамасыз етіледі , ал ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу саласында атқарылатын жұмыстар өндірісті техникалық және технологиялық қайта жаңарту, халықаралық сапа стандарттарына көшуге бағытталатын болады.

Осы мақсатта «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» және «Ырыс» бағдарламалары бойынша жұмыс жалғасын табады.

Аудан шаруашылықтары 2015 жылы «Сыбаға» бағдарламасы аясында 216 мүйізді ірі қара , «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 3488 бас қой ,  «Құлан» бағдарламасы шеңберінде 78 бас жылқы малын алып, жоспар толық орындалды.

Ауданның 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының шеңберінде аграрлық өнеркәсіп кешенін дамытудың басты индикаторы:

-ауыл шаруашылығы жалпы өнімін шығарудың нақты көлем индексі 2020 жылы 2015 жылдың деңгейіне 19,7 % ұлғаяды (16115,7 млн. теңгеден 20000,0 млн теңгеге), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы жалпы өнімін шығарудың нақты көлем индексі 32,1 %-ға (6226,5 млн теңгеден 8065,0 млн теңгеге); мал шаруашылығы жалпы өнімін шығарудың нақты көлем индексі 20,1 %-ға (9995,0 млн теңгеден 11935,0 млн теңгеге);

-2020 жылы ұйымдастырылған шаруашылықтардағы ірі мүйізді мал басының үлесі 22,8 пайызға  немесе 9200 (33,2 %) бастан 11300 басқа дейін (36,9 % ) ал,   ұсақ мүйізді мал басының үлесі 24,4 пайызға дейін немесе 151200 (45,4 %) бастан 188200 (52,1 %) басқа өседі;

-тұқымды өзгерістерге қатысатын ірі қара мүйізді мал үлесі 2020 жылы 39,1 пайызды (2014 жыл – 21,2 %) және ұсақ мүйізді мал үлесі 21,1 пайызды құрайтын болады (2014 жыл – 12,1 %);

Аталған нысаналы индикаторларға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың  2013 — 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы орта мерзімді кезеңде ауыл шаруашылығы кешенін дамытудың негізі болады.

 

2015 жылы тіркелген барлық шағын және орта бизнес субьектілер саны 4967 бірлікті құрап (шағын және орта кәсіпорындар, жеке  кәсіпкерлер,  шаруа  қожалықтары), былтырғы жылмен салыстырғанда 144,6 %-ға өсті . Жалпы бұл салада 10100 адам жұмыспен қамтылған. (2014 жылы 9970 адам болған)

Бюджетке 2014 жылдың 12 айында 223,4 млн.теңге түссе, 2015 жылдың 12 айында 229,0 млн.теңге болды. Көрсеткіш  103 % артқан. Бұл жоспарланған аудандық бюджет түсімдерінің 10,1 пайызы.

Ауданда өнеркәсіп орындары 2014 жылдың  12  айында  3 млрд 418 млн.тенгенің өнімін өндірсе, 2015 жылдың 12 айында 4 млрд 868 млн. теңгенің өнімін өндірді. Бұл өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда  142 %. құрады.

Қазіргі күні аудан  аумағында   5 өнеркәсіп   субъектісі  тұрақты жұмыс  істеп  тұр. Ірі көрсеткішпен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар  қатарына «Луговой Жылқы Зауыты»ЖШС, «Луговой Рельс Дәнекерлеу Кәсіпорны» ЖШС, «Құлан жолдары»ЖШС-гі, «GOLDEN COMPASS CAPITAL» АҚ, «Қарақыстақ Су Электр Станциясы» кіреді. Өнеркәсіп  орындарында  859 адам  жұмыспен  қамтылған.

Т.Рысқұлов ауданында «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасының аясында  2011-2015 жылдары 4 млрд 154 млн 400  мың.теңгенің  34 жобасы іске асырылды.

Оның ішінде 2015 жылы осы бағдарламаның өндірістік инфрақұрылымды дамыту бойынша 120 млн. теңгеге 4 жоба дайындалып, біреуі орындалды. Ол «Шаушен» шаруа қожалығына 7 шақырымға электр желісін жүргізу жобасы. Қалған жобалар 2016 жылы іске асатын болады.

Сонымен қатар, осы бағдарламаның кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және ішінара кепілдік беру тетігі арқылы 274 млн.теңгеге 5 жоба аяқталды.

2010-2014 жылдары индустриялды-инновациялық  дамыту бағдарламасынына 3 жоба енгізіліп, бүгінгі күні толық өндірістік қуатында жұмыс істеуде. Олар:

1.«Луговой Жылқы Зауыты» ЖШС-ң 30000 бас шошқа    бордақылау кешені (2014 жылы 3000 тонна , 2015 жылдың 12 айында 3098 тонна ет өндірілді).

2.«ЭнергоСтройПроект» ЖШС-ң  Қарақыстақ өзендегі    электр энергиясын өндіру жобасы (2015 жылдың 12 айында 7 млн. 500 мың КВТ сағ. электр энергиясы өндірілді).

3.2015 жылы жобалық  құны 8,0 млрд теңгені құрайтын «GOLDEN COMPASS CAPITAL» АҚ-ның  Қорағаты ауылдық округінің «Көккия» шатқалындағы  «Алтын өндіру» жобасы іске асты. Жобалық қуаты 1 тонна рудадан  1,5 гр таза алтын өндіру болып табылады. Жылына 300 кг таза алтын өндіріледі. Бүгінгі күні  150 адам жұмыспен қамтылған.

2015 жылы жалпы құны 2 млрд. 900 млн. теңгеге  бағаланған 300  кг. алтын өндіріп, өңдеді. «GOLDEN COMPASS CAPITAL» АҚ – мен «GOLDEN COMPASS JAMBUL» ЖШС-гі ағымдағы жыл қорытындысында жергілікті салыққа 220,0 млн.теңгеге жуық қаржы аударды. Жылды 100% дан аса көрсеткішпен аяқтады.

Ауданның өнеркәсіп саласының өңдеу өнеркәсібі өнімін шығарудың нақты көлем индексі  2020 жылы 2015 жылдың деңгейіне қарағанда 39,4 пайызға өседі.

Аталған нысаналы индикаторларға қол жеткізу үшін индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ауданда 2016-2020 жылдары 712 жұмыс орны ашылатын 27 млрд. 500 млн теңгеге 6 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Оның ішінде:

«Аймақтарды  дамыту»  бағдарламасына  енгізілген 24 МВТ күн сәулесі қуатын өндіретін франциялық «Aguila Solar» ЖШС-нің жобасы. Жобалық құны 9,2 млрд. теңгеге болжанған. Бұл мақсатқа  74 га жер телімі бөлініп . Бүгінгі қүні жобалау құжаттарын дайындау жұмыстары жүргізілуде. Құрлысы кезінде 100 адам жұмыспен қамтылады. Жобаның іске асырылу мерзімі 2016 жыл.

«Луговой жылқы зауыты» ЖШС-де тәулігіне 260 тонна комбикорм шығаратын кәсіпорын құрылыстары аяқталып, тиісті қондырғылар алынып, орнату, құрастыру жұмыстары аяқталуда. 2016 жылдың І-ші тоқсанында іске қосылуы күтілуде.

Сүт өнімдерін өндіру цехын іске қосуға арналған «Астана» Ш/Қ жобасы, жобалық құны 50,0 млн.теңге. Жер телімі бөлінді, жұмыс жобасы, ЖСҚ әзірленуде. Жоба бүгінгі күні 70%  дайындалды. Толық іске қосылғанда  10 адам жұмыспен қамтылады. Жобаның іске асырылу мерзімі 2016 жыл.

50 МВТ күн сәулесі қуатын өндіретін«Компания А&Т энерго» ЖШС-гі жобасы. Жобалық құны 10,0 млрд.тг. Бүгінгі күні келісімге келу,жер бөлу, жұмыстары атқарылуда. Жоба құрлысы кезінде 130 адам жұмыспен қамтылады. Жобаның іске асырылу мерзімі 2017 жыл.

Жаңатұрмыс ауылдық округі аумағында жеке кәсіпкер Д.Еркебалановпен неміс инвестициясы арқылы «Бройлер етін өндіру кешенінің» жобасын іске қосу үшін жұмыстар жүргізілуде. Жобалық қуаты 100,0 млн.тг, жылына 10 000 тонна ет өндіру жоспарланған. Бүгінгі күні келісімге келу, жер бөлу, жұмыстары атқарылуда. Жоба іске қосылғанда 37 адам жұмыспен қамтылады. Жобаның іске асырылу мерзімі 2018 жыл.

Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуші 7 диірмен, 6 наубайхана, 32 түрлі макарон өнімдерін шығарын «Ақтоған» ШҚ-ың,  25 түрлі шұжық өнімдерін өндіруге арналған «Досқайнар» ШҚ-ының , сонымен қатар сұранысқа байланысты 10 түрлі шұжық шығаратын «Ұлы Сұлтан» ШҚ-ың цехтары жұмыс істейді. 2015 жылы «Шаушен» шаруа қожалығында тәулігіне 400 литр қымыз өндіретін цех іске қосылды.

2014 жылы ауданға тартылған инвестиция көлемі 28 млрд. 534 млн. теңгені құраса, 2015 жылдың 12 айының өзінде аудан аумағында атқарылып жатқан жұмыстар нәтижесінде 33 млрд. 860 млн. теңге инвестиция тартылды, бұл 118,7 % құрайды . Бұл жерде көлемді инвестицияны мемлекет аралық «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» газ құбырын жүргізіп жатқан мердігерлер қамтамасыз етіп отыр.

2014 жылы ауданға тартылған инвестиция көлемі 28 млрд. 534 млн. теңгені құраса, 2015 жылды аудан аумағында атқарылып жатқан жұмыстар нәтижесінде 33 млрд. 860 млн. теңге инвестиция тартылды, бұл 118,7 % құрайды . Бұл жерде көлемді инвестицияны мемлекет аралық «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» газ құбырын жүргізіп жатқан мердігерлер қамтамасыз етіп отыр.

 

Құрылыс саласында Юбилейное ауылындағы сметалық құны  675 664,0 мың теңгенің 300 орындық оқушыға арналған орта мектеп құрылысы  2014 жылдың тамыз айында басталып, мемлекеттік қабылдау комиссиясымен 2015 жылы 20 тамызда қабылданды.

Каменка ауылында сметалық құны 337 919,0 мың.тенгенің 140 орындық бала бақша, Әбжапар ауылында сметалық құны  396618.0 мың.тенгенің 150 оқушыға арналған «Қызылту» орта мектебі құрылыстары басталып, 2016 жылы аяқталады ( облыстық бюджеттен 237 817,0 мың және 294 251,0 мың теңге бөлінді).

Сонымен қатар  Қазақ ауылы «Ертөстік» балабақшасына кір жуатын ғимарат, әжетхана, қойма, сумен қамтамасыз ету, су бұру, жылумен қамтамасыз ету құрылысы аяқталды (нысанының сметалық құны  33506,0 мың теңге) Мердігер «ПКФ Дайана» ЖШС-і.

Қәзіргі таңда ауданындағы 42 елді -мекеннің:

-15-де орталықтандырылған жаңа су құбыры жүргізілді (35,7 пайыз). Бұл ауылдарда тұтынушылар саны 39768 адам, 7774 аула бар, суға қосылған аулалар  100 пайыз су есептегіш құралдарымен жабдықталған.

-17-де (40,4 пайыз) ескі су құбырлары пайдаланылуда.

-Құдықтан су тасып ішетін ауылдардың саны 10 (23,8 пайыз).

«Ауыз су» бағдарламасы бойынша 2006-2010 жылдар аралығында аудандағы 7 елді мекенге (Құлан , Көгершін , Тереңөзек , Өрнек , Көкдөнен , Шолаққайыңдыда  және Жақсылық)  , қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан «Ақ бұлақ» бағдарламасына сәйкес 2012-2014 жылдар аралығында 9 ауылға (Еңбекші, Көкарық, Каменка, Қарақат, Қорағаты, Көкарық, Юбилейное, Қызылшаруа) орталықтандырылған су жүйелері қосылып, барлығы  15 жоба іске асырылды.

Сонымен қатар, Қайынды, Әбжаппар,  Луговой, Құмарық, Тасшолақ Байтелі және Алғабас ауылдарының ауыз су жүйесінің құрылысы нысандарына жобалау сметалық құжат дайындалды. Жаңатұрмыс және Ақыртөбе ауылдарының ауыз су жүйесінің құрылысы нысандарына жобалау сметалық құжат дайындалуда.

Т.Рысқұлов ауданы бойынша газдандырылған елді мекендер саны 20, немесе 47,6 пайыз. Бұл елді мекендерде аудан халқының 77,3 %-ы шоғырланған. Атап айтқанда:

Бұрыннан газ құбыры тартылған төрт елді мекен (Құлан, Ақыртөбе, Көгершін, Көкдөнен). 2012 жылға дейін газ кіргізілген Жақсылық және Абай ауылдық округінің Еңбекші, Көкарық ауылдары.  2012 жылдан бері газ құбыры 13 елді мекенге тартылған болатын (Малдыбай, Құмарық, Қарақат, Тереңөзек, Көкарық, Өрнек, Луговой, Жарлысу, Р.Сабденов, Абжапар, Сәлімбай, Қаракемер). 2015 жылы Алғабас ауылының газ құбыры құрылысы аяқталып пайдалануға берілді.

Алдағы жылдары газ құбыры тартылатын 16 елді мекен кезекте тұр (Сөгеті, Мамай қайынды, Жаңатұрмыс, Каменка, Қазақ, Жалпақсаз, Тасшолақ, Қорағаты, Байтелі, Шолақ қайынды, Новосел, Әбілхайыр, Қызылшаруа, Шөңгер, Разъезд Қорағаты, Қайынды).

Аз қоныстанған елді мекендер саны 6 (Аққайнар, Тойқұдық, Мамыртөбе, Қосапан , Сұмқайты , Құмарық разъезі ).

Т.Рысқұлов ауданында Ақыртөбе  ауылының төменгі жағынан орналасқан «Интергаз» АҚ-ның «Ақыртөбе газ тарату стансасы» (АГРС) 1995 жылы салынған. АГРС-тің қәзіргі кездегі табиғи газ беру мүмкіндігі сағатына 1600 мың кубты құрайды, яғни елді мекендерді газбен қамтамасыз етуге құаттылығы жетпейді.

Сол себебті, құаттылығы сағатына 10000 куб табиғи газ беру мүмкіндігі бар жаңа АГРС-тің  құрылысын салу қажеттілігі туындап отыр. Бүгінгі күнге, аталған жобаға сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы 25,0 млн теңгеге жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу үшін мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізіп, құжаттар дайындалуда (мердігер «Жамбылагрогазпроект ЖШС-гі».

Аудан аумағынан өтетін республиқалық 96 шқ, облыстық 123,2 шқ және аудандық 147,3 шқ барлығы, 366,5 шқ автомобиль жолдарын құрайды.

Бүгінгі таңда  аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жағдайы төмендегідей: 95,1 шақырымы жақсы және қанағаттанарлық жағдайында , бұл 64,5% пайызды құрап отыр. 52,2 шақырымы немесе 35,5%  жөндеу жұргізуді қажет ететіндер.

Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде 2016-2020 ж.ж. аралығында атомобиль жолдарын  орташа жөндеуден өткізіп, қанағаттанарлық көрсеткішті 93,0 %-ға жеткізу жоспарланып отыр.

Осы мақсатта 2015 жылы аудандық бюджет есебінен 15 көше жолдарын орташа жөндеуден өткізу үшін 206,7 млн.теңге бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталса, 2016 жылы 235 млн теңгеге жол жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр.Оның ішінде ұзындығы 6 шақырым Қайынды-Сөгеті және ұзындығы 3,3 шақырым Өрнек ауылына кіре беріс автомобиль жолдары орташа жөндеуден өткізіледі.

Сонымен қатар, 2013-2015 жылдар аралығында облыстық маңызы бар «Луговая стансасы – Қорағаты — Тәтті» автожолының 43 шақырымдарына орташа жөндеу жұмыстары жүгізілді (1.0-21 шақырымдары,  мердігер «Аяда груп» ЖШС-гі. Келісім-шарт соммасы  298 391,738 мың теңге,оның ішінде: 2014 жылы –  159 262,000 мың теңге; 2015 жылы – 139 129,738 мың.теңге.  2. 21-43 шақырымдары.Келісім-шарт соммасы – 423 984,447 мың теңге. Оның ішінде:2013 жылы – 111 057,0 мың теңге; 2014 жылы –  214 544,78 мың теңге; 2015 жылы – 98 382,667 мың.теңге).

Әлеуметтік қорғау. 2015 жылы 10984 адамға 165996,0 мың теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді, оның ішінде 132843,0 мың теңгеге 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы,  8000,0 мың теңгеге атаулы әлеуметтік көмек, 2836,0 мың теңгеге тұрғын үй жәрдемақы, 22317,0 мың теңгеге әлеуметтк сала мамандарының отын сатып алуына материалдық көмектер төленді. Сонымен қатар 589 адамға 4269,7 мың теңгеге  қайырымдылық көмек көрсетілді.

Аудан бойынша кедейшілік деңгейі 0,4 % құрады.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын қаржыландыруға 2015 жылға  республикалық бюджеттен 181,3 млн. теңге қаралып, толық 100% игерілді.

2015 жылдың 12 айында 339 адам Бағдарламаға қатысты. Олардың ішінде өз бетінше жұмыспен айналысушылар 241 адам (71%), жұмыссыздар – 98 (28,9%). Осы Бағдарламаға қатысушылардың жалпы санынан 44 адам табысы аз адамдар, 9-ы мүгедектер. Бағдарламаға қатысушылардың ішінен жастардың үлесі 31,2 % (106 адам), әйелдердің үлесі – 37,1% (126 адам).

Бағдарлама аясында 635 адам жұмысқа орналасса,  олардың 95,7%-ы немесе 608-і тұрақты жұмысқа орналасты. Барлық жұмысқа орналасқандардың 71,9%-ның (457 адам) зейнетақы жарналары аударылған.

Бағдарламаның бірінші бағыты (инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету) аясында барлығы 12 жобаға 55,1 млн.теңге қаралып, 100 %-ға игерілді.  Осы бағытта барлығы 34 азамат жұмысқа орналасса, оның 55,8%-ы (19 адам) жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасымен жұмысқа жіберілді. Жұмысқа орналасқандардың 94,7%-ның міндетті зейнетақы жарналары аударылған.

Бағдарламаның екінші бағыты аясында 41 адамға микрокредит беруге 88,2 млн.теңге қаралып, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның облыстық филиалы тарапынан 29 адамға 59,9 млн.теңгенің шағын несиесі берілді. Негізгі қаражаттан бөлек, мерзімінен бұрын өтелген микрокредит қаражаттары есебінен 12 адамға 28,2 млн.теңгенің шағын несиесі берілді (барлығын қосқанда 41 адам несие алды).

2015 жылы несие алған 41 адамда қосымша 43 жұмыс орындары ашылып отыр. Несие алушылардың ішінде 41 адам өз істерін ашып, олардың 41-і немесе 100 пайызы салық органдарында тіркелді

Бағдарламаның 3-ші бағыты аясында кәсіптік оқытуды аяқтаған 51 адамның 46-і немесе 90,1%-ы жұмысқа орналасты . Жұмысқа орналасқандардың 100% (46 адам) міндетті зейнетақы жарналары аударылды. Оқуды аяқтағандардың ішінен 5 адам белгілі себептермен (декреттік демалыста, әскер қатарында)  жұмысқа орналастырылмай отыр.

2015 жылы 54 әлеуметтік жұмыс орындары құрылып (жоспар — 52) , есепті мерзімге қаралған қаржының 100%-ы игерілді.

Сонымен қатар, «Жастар практикасына» барлығы 29 түлек жолданып (жоспар — 23) , қаралған қаржы 100%-ға игерілді. Сонымен қатар, жастар практикасын аяқтаған 29 адамның 22-і немесе 75,8 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылған.

Осы жұмыстардың нәтижесінде 2015 жылы жұмыссыздық деңгейі 1,0 пайыздан асқан жоқ (2014 жылы  -1,0%). Ал, 15-24 жас арасындағы  жастар жұмыссыздық деңгейі 0,2 пайыздан 0,1 пайызға төмендеді.

Жалпы жұмыспен қамтылғандардың санындағы өз бетімен жұмыспен айналысушылардың үлесі 1.9 пайыздан 1.8 пайызға дейін төмендеді.

2016 жылғы аудан бойынша Жұмыспен қату 2020 жол картасына барлығы 354 млн. 407 мың. теңгеге қосымша қажеттілік анықталып, осы қаражатқа 340 адам жұмыспен қамту шараларына тартылады деп жоспарланып отыр. Осы адамдарның ішінде 180-і немесе 53,0 пайызы тұрақты жұмыс орындарымен қамтылады.Оның ішінде:

-53 адамға микрокредит беруге  159,0 млн.теңге, осы несие алушы азаматтардың өздерінен бөлек қосымша тұрақты 53 жұмыс орындары ашылады.

ақылы қоғамдық жұмыстармен 196 адамды қамтуға 52 млн.теңге,

әлеуметтік жұмыс орындарына 103 адамды жолдауға 21,5 млн.теңге,

жастар практикасына 194 түлекті жолдауға 44,4 млн.теңге қарастырылып отыр.

2016 жылы республикалық бюджет есебінен Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағыттарына барлығы (микрокредиттен басқа) 120 адамды қамтуға  38,6 млн.теңге қаржы қаралды. Оның ішінде облыстық бюджеттен 55,2 млн. теңге,  аудандық бюджет есебінен 49,0 млн теңге қаралып, 417 адам жұмыспен қамтылады.

Нәтижесінде аудан бойынша 2016 жылы барлығы 2,0 мыңға жуық адам жұмыспен қамтудың  белсенді шараларымен қамтылатын болады.

 

2015 жылы денсаулық сақтау саласына 1 млрд. 236 мың теңге бөлініп, игерілді, оның ішінде 144 млн теңге  тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге бағытталған (дәрі алуға).

Амбулаториялық деңгейде жекелеген санаттағы адамдарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 93 млн 211 мың теңге бөлініп, бұл қаражатқа 14511 адам емделді.

2015 жылы 73 млн теңгеге 16 дана медициналық құрал-жабдықтар және 1 жедел көмек  автокөлік алынды.

Жыл қорытындысы бйынша аудандық денсаулық сақтау желісінің жарақтандыру көрсеткіші 68,3% жетті (2014 жылы 67,5%) . Оның ішінде аудандық емхана  65,74%,  дәрігерлік амбулаториялар  68,06%, ФАП  68,22% және медициналық пункттер 78,19 % құрады.

2015 жылы 10 мың тұр­ғынды дәрігерлермен қамтама­сыз ету көрсеткіші 16,3 құрап отыр. Былтырғы жылы бұл көрсетекіш 15,9 болған. Орта буын қызметкерлер 71,3 болды (71,3 — 2014 жылы ) .

2015 жыл ауданға 6 жас маман келді. Жас мамандардың барлығы жергілікті бюджет есебінен көтермеақы және республикалық бюджет есебінен тиісті жәрдемақыларын алған.

Дегенмен бұл мәселе әлі де өзектілігін жойған жоқ, себебі түрлі мамандықтағы дәрігерлер тапшылығы 6 адамды құрайды.

Қәзіргі таңда ауданның денсаулық сақтау саласында барлығы 106 дәрігер (оның ішінде мемлекеттік ұйымдарында –96) (2014 жылы- 103), 498 орта буын қызметкерлері (оның ішінде мемлекттік ұйымдарында – 489) (2014 жылы – 466) жұмыс атқарады .

 Жүргізілген жұмыстың нәтиже­сінде тұрғындар денсаулығының негізгі көрсеткіштері төмендегідей болып отыр:

-Халықтың күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығы 2014 жыл қорытындысы бойынша 69,9 болса, 2015 жылдың аяғына  69,96 жас болды.

-Аналар өлім-жітімінің төмендеуі: 2014 – 2015 жылдары аудан бойынша ана өлімі болған жоқ;

-2014 ж 12 айында аудан бойынша 1000 туылған нәрестеге шаққанда  14 нәресте өлімі тіркеліп көрсеткіші 8,0 болса, 2015 жылы есепті мерзімде 13 нәресте өлімі тіркелді, 1000 туылған нәрестеге өлім көрсеткіші – 8,3 болды немесе көрсеткіш  0,3-ке көбейді.

Туушылық 2014 жылы 1758 нәресте өмірге келсе, 2015 жылы 1558 бала туылды. Жалпы өлім-жітім: 2014 жылы 416 адам болса, 2015 жылы 405 адам болып, 9 адамға кеміді, көрсеткіш -4,9.

-2015 жылы туберкулез ауруымен 35 ауру анықталды, аурушаңдық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 53,6 болды, 2014 жылы 36 ауру тіркеліп, көрсеткіші 55,1 болған. Аурушаңдық көрсеткіші 1,5-ке кеміді.Туберкулез ауруының асқынған түрі 2010 жылдан бері тіркелген жоқ.Туберкулез ауруынан 2014 жылы да, 2015 жылы да 1 ауру қайтыс болды.

 

Аудан әкімдігінің білім бөлімінің құрылымдық желісінде 57 білім беру мекемелері жұмыс атқарады (оның ішінде 28 орта мектеп (18 мектеп жанында шағын орталық), 3 негізгі мектеп, 9 бастауыш мектеп,  13 балабақша,1 М.Төлебаев атындағы музыка мектебі,  1 Балалар мен жасөспірімдер орталығы, 1 «Өнер» мектебі және 1 балаларды сауықтыру лагері).

Жалпы орта білім беретін мектептерді  12972  оқушы  оқытылуда.

Қазіргі уақытта  аудандағы мектебі жоқ 11 елді мекендерден 504  оқушыны жақын орналасқан мектептерге тасымалдау жұмысы ұйымдастырылды. Барлық тасымалданатын автобустар техникалық бақылаудан өткен.

Аудандағы 3 мектеп жанындағы интернатта  аз қамтылған отбасынан шыққан  99 бала оқытылып,  тәрбиеленуде.

40 мектеп кең жолақты Интернет желісіне қосылып, үздіксіз жұмыс атқаруда.  Жалпы компьютерлер саны 1842,  1 компьютерге шаққанда бала саны 7-ден айналып отыр.

Лингофондық-мультимедиялық кабинеттер саны — 32 кабинет, 29 мектепте. Онлайн режимінде дәріс алуға арналған арнайы Интерактивті тақталары бар кабинеттер —  30 дана, электронды оқыту жүйесіне қосылған 5 мектеп бар. Жаңа үлгідегі физика пәні кабинеті – 9, химия пәні кабинеті – 17, биология пәні кабинеті – 15. Жаңа модификациялы 28 математика, тарих, география, информатика,қазақ тілі кабинеттері бар. 2015 жылы мамыр айында ауданның білім беру мекемелеріне 10000,0 мың теңгеге 79 компьютер алынып, пайдалануға берілді.

2015 жылы 100 орындық 1 жеке меншік балабақша іске қосылды. Бұдан басқа, жұмыс істеп тұрған шағын орталықтарда 25 орын ашылды. Жыл басынан мектепке дейінгі мекемелерде орындардың саны 125-ке өсті.

2016 жылдың 1 қантарына аудандағы 31 мектепке дейінгі ұйымдарда (13 балабақша, 18 шағын орталықтар) 2275 бала немесе 40,2 % (1-6 жас) тәрбиеленуде, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 4,7 пайзға артты.

ҰБТ нәтижесі бойынша 2015 жылы аудандағы мектеп бітірушілердің орташа баллы 65,8 құрады, ол орташа облыстық көрсеткіштен 12,8 баллға төмен (78,6 балл).

2015 жылы 1-10 сыныпта оқитын 11765 мың оқушысының 10010 – ны (85%) демалыспен  және сауықтыру іс-шараларымен, оның ішінде 1755 бала (15%)  еңбекпен қамтылды.

 

Мәдениет саласында 2015 жылдың 12 айында 718 мәдени іс-шара өткізіліп, көрермен саны 75951 құрап, 1 млн 20 мың теңгенің ақылы қызметі көрсетілді. Көпшілік мәдени іс-шара өткізуге 4 млн теңге мақсатты жұмсалынды.

Ұйымдастырылған іс-шаралар биылғы жылдың негізгі атаулы мерекелері — Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 жылдығына арнап өткізілді.

 

Ауданда қылмыспен күресу және оның алдын-алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2015 жылдың 12 айында  498 ( 2014 ж. 12 айында- 568) қылмыс тіркеліп, жалпы қылмыс -12,3 пайызға төмендеді. Қылмыстардың жалпы ашылуы пайызы 57,7 % құрады ( 2014 ж.- 21,7 % ).

Сонымен қатар 61 жол көлік оқиғасы тіркеліп, онда 28 адам қаза болған, 111 адам әр түрлі деңгейдегі жарақат алған. 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жол көлік оқиғалары 12,9 пайызға онда жарақат алғандар (136)  18,4 пайызға төмендесе, қаза болғандар (24) 16,7 пайызға өскен.


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта