home
home home

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аудан тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі аудан әкімдігінің 15.02.2016 жылғы №22 қаулымен бекітілген іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы

Т.Рысқұлов ауданы  әкімінің аудан  тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуі барысында айтылған

ұсыныстарды іске асыру жөніндегі аудан  әкімдігінің 15.02.2016 жылғы №22 қаулымен бекітілген
іс-шаралар жоспарының  орындалу барысы туралы

(01.07.2016 жылға)

Айтылған ескертулер/

ұсыныстар

Орындалу мерзімі

Орындалуы

1 Юбилейное  ауылының Абай көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы 2016 ж.

Тамыз

Аудан аумағындағы 2016 жылы орташа жөндеуден өткізуге облыстық бюджет субвенсия есебінен 14 елді мекеннің 16 көше жолдарына 140,6 млн.теңге теңгеге өтінімдер өткізіліп мемлекеттік сатып алу конкурстары ойнатылды, женімпаздар анықталды. Соның ішінде Юбилейное  ауылының Абай 0,575 шақырым көшесіне орташа жөндеу жұмыстары есепті мерзімге жүргізіліп жөнделді.
2 Қайыңды-Сөгеті автомобиль жолдарына  орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы 2016 ж.

Қазан

Ағымды 2016 жылы аудандық маңызы бар «Қайынды-Согеты» барлығы 68666,5 мың тенге, ұзындығы 6,0 шақырым автомобиль жолына мемлекеттік сатып алу конкурсы қайта ойнатылуда, себебі Жамбыл облысы қаржы бақылау комитетітінің ұйғарымына байланысты сәуір айында ойнатылған конкурс қысқартылған, женімпазы анықталғаннан кейін жұмыстары жүргізіледі.
3 Болтай батыр мектебінің от қазандығын газға ауыстыру туралы 2016 ж.

Қазан

«Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Құмарық ауылындағы Болтай Батыр орта мектебінің қазандығын газбен қамтамасыз ету» нысанның сметалық құны – 15 814,0 мың теңге. Құрылыс жұмыстарын жүргізіу үшін облыстық бюджеттен қаражат бөлінген. Қазіргі таңда мердігерін анықтау үшін  Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізіуде.
4 Көгершін ауылдық округі әкімдігіне берілуге тиісті бұрынғы бала бақша ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы 2016 ж.

Қараша

Көгершін ауылындағы бұрынғы бала бақша ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 299 мың теңгеге жобалық-сметалық құжаты дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілуде. Жобалау-сметалық құжатты мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін аудан әкімдігі экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне 325011 теңгеге өтінім жасалды.
5 Көкдөнен  ауылының Сүлейменов  көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы 2016 ж.

Тамыз

Аудан аумағындағы 2016 жылы орташа жөндеуден өткізуге облыстық бюджет субвенсия есебінен 14 елді мекеннің 16 көше жолдарына 140,6 млн.теңге теңгеге өтінімдер өткізіліп мемлекеттік сатып алу конкурстары ойнатылды, женімпаздар анықталды. Соның ішінде Көкдөнен  ауылының Сүлейменов 1,680 шақырым көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
6 Өрнек   ауылына кіре-берістегі автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы 2016 ж.

Қыркүйек

Ағымды 2016 жылы аудандық маңызы бар «Орнек ауылына кіре беріс» 32832,8 мың тенге, ұзындығы 3,0 шақырым автомобиль жолына мемлекеттік сатып алу конкурсы қайта ойнатылуда, себебі Жамбыл облысы қаржы бақылау комитетітінің ұйғарымына байланысты сәуір айында ойнатылған конкурс қысқартылған, женімпазы анықталғаннан кейін жұмыстары жүргізіледі.
7 Жалпақсаз бастауыш мектебінің жаңа құрылысын жүргізу туралы 2016-2017 ж Жалпақсаз ауылындағы 48 орындық  мектептің  жобалық-сметалық құжаттамасы 3695,2 мың теңгеге дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін келісім шарт жасалынып, қазынашылық клиентте тіркелуде. қазіргі таңда мемлекеттік сараптамаға жіберіліп, жоба мемлекеттік сараптамада қаралуда.

 


Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының басшысы                                     М.Өмірзақов

 

Орын.Р.Алимкулов

Тел.2-21-32

 

 


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта