home
home home

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аудан тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша орындалуы туралы мәлімет

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің 2015 жылғы  аудан тұрғындары алдындағы есеп беру  кездесуі барысында айтылған

ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары  бойынша орындалуы туралы мәлімет

                                                                                                                                                                             

             Тапсырма атауы Орындалу

мерзімі

Ақпарат Орындалуы

туралы белгі

1. Ақбұлақ ауылдық округіне қарасты Р.Сәбденов ауылындағы саябаққа көріктендіру, абаттандыру жұмыстарын жүргізу. 2015 ж.

Қазан

Р.Сәбденов ауылындағы саябақты көріктендіру, абатандыру жұмыстарына жобалық сметалық құжаттары дайын, саябақты қалпына келтіру үшін 4270 мың теңге қажет ететіндігі туралы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне хат жолданған. Алайда экономикалық дағдарысқа байланысты бұл мақсатқа қаржы бөлінбей тұр. анықталуда
2. Тереңөзек ауылының  С.Сейфуллин көшесіне көше жарығын  орнату 2015 ж.

Қазан

Сейфуллин көшесіндегі көше жарықтарын орнатуға аудандық бюджеттен  3200,0 мың теңге қаражат бөлу туралы өтінім берілген. Сметалық құжаттары дайын. Алайда экономикалық дағдарысқа байланысты бұл мақсатқа қаржы бөлінбей тұр. анықталуда
3. Автомагистральдан Юбилейный ауылына баратын жол бойындағы бұрылысқа аялдама салу 2015 ж.

Қараша

«Батыс Европа – Батыс Қытай» республикалық маңызы бар автомобиль жолынан бұрылып Новосел ауылына баратын облысық маңызы бар автомобиль жолының бұрылысының күн шығыс жағынан аялдама соғуға рұқсат беру туралы  Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына хат жолданған, нәтижесінде аталған аялдама облыстық маңызы бар автомобиль жолында орнатылатындықтан облыс бюджет есебінен қарастырылатындығы туралы жауап қайтарылған. анықталуда
4. Жаңатұрмыс  ауылындағы ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткішке жөндеу жұмыстарын жүргізу 2015 ж. Сәуір Жаңатұрмыс ауылындағы ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткіштің ағымдағы жөндеу жұмыстарына жоспар бойынша республикалық және жергілікті бюджет есебінен 2643,0 мың.теңге бөлінген.  Мердігермен келісім-шарт соммасы 2626,1 мың.теңге. Жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, қаржысы игерілді. Орындалды.
5. Құлан ауылының  Құдайберген Датқа,  М.Мамедова, Ш.Қалқабаев және Қ.Сәтпаев  көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу 2015 ж. Қараша  Құлан ауылының Қ.Датқа көшесінің 2,5 шақырымдағы жолына 25738,0 мың теңге бөлініп, жұмыстар аяқталды. Мердігер «Құлан жолдары» ЖШС, М.Мамедова көшесіне 9775,0 мың теңге және Ш.Қалқабаев көшесіне 9451,0 мың теңге, Мердігер «Тараз КВА» ЖШС ,  Қ.Сатпаев көшесіне 14451,0 мын теңге бөлініп, Мердігер «Меркі жолдары» ЖШС көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп толығымен аяқталды. Орындалды.
6. Жақсылық ауылының Жақсылық көшесінің жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу 2015 ж.

Қыркүйек

Жақсылық ауылының Жақсылық көшесінің 0,480 шақырымдағы жолына 3995,0 мың теңге бөлініп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталды. Мердігер «Тараз КВА» ЖШС. Орындалды.
7. Еңбекші ауылының Жамбыл көшесінің жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу 2015 ж.

Қазан

Көщені жөндеуге аудандық бюджеттен 15810,0 мың теңге бөлінді. Еңбекші ауылының Жамбыл көшесінің 1,5 шақырымдағы жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталды. Мердігер «Тараз КВА» ЖШС. Орындалды.

 

                                              


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта