home
home home

Қоғамдық кеңестің есебі

Қоғамдық кеңестің есебі

Елбасының «Бес институционалдық реформаның 100 нақты қадамы» Ұлт жоспарында айтылған міндеттер мен басымдықтарды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес облыстар мен аудандарда жергілікті мәслихат сессиясының шешімдерімен Қоғамдық кеңестер құрылып, құрамдары бекітілді. Осы Заңға сәйкес 2016 жылдың 18 ақпанында Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық бірінші сессиясында Т.Рысқұлов ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамы бекітіліп, алғашқы отырысы өтті. Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысында Қоғамдық кеңестің төрағасы, хатшысы және төралқа  мүшелері сайланды.

Қоғамдық кеңеске 23 адам құжат өткізді, жұмысшы тобы өткізген құжаттарды талқылай келе Қазақстан Республикасының                                   «Қоғамдық кеңес­тер туралы» Заңына сәйкес Т.Рысқұлов ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына  19 адам сайланды.

Қоғамдық Кеңестің алдағы қызметін ыңғайластыру мақсатында комиссияларға топтап жұмыс атқару ұсынылды. Осыған сәйкес Қоғамдық Кеңеске төрт комиссия атауы ұсынылып, қабылданды.

  1. Экономика, қаржы, бюджет және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия

Төрағасы: Қабылбеков Рысбек Алибекович

  1. Қоғамдық құқық тәртібін қамтамасыз ету, экология, табиғатты пайдалану, әкімшілік-аумақтық құрылым жөніндегі тұрақты комиссия

Төрағасы: Салимбаев Серік Тастанбекұлы

  1. Аймақты, өнеркәсіп салаларын, құрылысты, энергетиканы, көлік пен байланысты, ауылшаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тұрақты комиссия

Төрағасы: Сағынбек Қонысбай Оразханұлы

  1. Білім беру, денсаулықты сақтау, әлеуметтік-мәдени даму, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланыс жөніндегі тұрақты комиссия

Төрағасы: Букирова Жұмакүл Онгарбаевна

Аудандық Қоғамдық Кеңестің төрағасы болып Терлікбаев Қайрат Әбдікерімұлы, Қоғамдық Кеңестің хатшысы болып Заурбеков Мерей Рыскелдіұлы сайланып,  алдағы жартыжылдықта атқарылатын жұмыс жоспары бекітілген болатын.

Жоспарға сәйкес осы жылдың бірінші жартыжылдығында Қоғамдық кеңес қарауына 12 құжат ұсынылып, барлығына дерлік жауап қайтарылды. Оның ішінде атап өтсек:

  1. Аудан әкімі аппараты мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы.
  2. «Т.Рысқұлов ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы».
  3. «Т.Рысқұлов ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және ата-анасынан кәмілеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе                       ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы».
  4. «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №39-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  5.  Қ.Р Парламенті депутаттарының заң шығару бастамасы құқығымен әзірленген «Жайылым туралы» ҚР Заңының жобасын талқылау бойынша Қоғамдық кеңес отырыстары болып өтті.

 

Аудандық Қоғамдық кеңес төралқасы


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта