home
home home

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына 2-қосымша

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға арналған бюджеттік
субсидиялар беруге үміткер ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге, жеке және заңды тұлғаларға қойылатын өлшемшарттар мен талаптар

 

Р/с № Субсидиялау бағыты Өлшемшарттар мен талаптар
1 2 3
1. Ірі қара малдың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу 1. Барлық жануарларда бірдейлендіру нөмірлерінің болуы және олардың АЖБ мен АТЖ-да тіркелуі және ондағы деректерге сәйкес келуі.

2. Тауарлы аналық басы бар табын үшін қосымша:

1) өсімді молайтуда зоотехникалық нормативтерге (шағылыстыру контингентінің отыз басына кемінде бір тұқымдық бұқа, бұрын өсімді молайтуда пайдаланылмаған тұқымдық бұқаны қатарынан екі шағылыстыру маусымынан артық пайдаланбау) сәйкес етті және етті-сүтті бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды (өзінің бұқаларын немесе жалдау шарттарымен) пайдалану;

2) тұқымдық түрлендіруге қатысатын асыл тұқымды тұқымдық бұқаның жасы ағымдағы жылдың 1 маусымына 12 айдан кем болмауы тиіс.

3) осы табынның бір жастан асқан барлық тұқымсыз бұқаларын өсімді молайту үшін пайдаланылуына жол бермеу мақсатында піштіру.

3. Субсидиялар алу үшін етті, сүтті, сүтті-етті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара мал басын өсірумен айналысатын тауар өндірушілер үшін қосымша – аналық баста Республикалық палата тиісті тұқым бойынша берген асыл тұқымды жануар мәртебесінің болуы.

1.1 Ауыл шаруашылығы кооперативінің ірі қара малдың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуі 1. Мынадай талаптардың бірін орындау:

1.1. Мал ауыл шаруашылығы кооперативінде тіркелген жағдайда – барлық жануарларда бірдейлендіру нөмірлерінің болуы және олардың АЖБ мен АТЖ-да тіркелуі және ондағы деректерге сәйкес келуі;

1.2. Ірі қара малдың аналық басын ауыл шаруашылығы кооперативінде тіркеместен, оның мүшелері үшін ауыл шаруашылығы кооперативімен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді ұйымдастыру – кооператив мүшелерінің барлық жануарларында бірдейлендіру нөмірлерінің болуы және олардың АЖБ мен АТЖ-да тіркелуі және ондағы деректердің кооператив мүшелеріне сәйкес келуі.

2. Тұқымдық түрлендіруге қатысатын асыл тұқымды тұқымдық бұқаның жасы ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін 12 айдан кем болмауы тиіс.

3. Өсімді молайтуда зоотехникалық нормативтерге (шағылыстыру контингентінің отыз басына кемінде бір тұқымдық бұқа, бұрын өсімді молайтуда пайдаланылмаған тұқымдық бұқаны қатарынан екі шағылыстыру маусымынан артық пайдаланбау) сәйкес етті және етті-сүтті бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды (өзінің бұқаларын немесе жалдау шарттарымен) пайдалану және/немесе етті, сүтті және сүтті-етті бағыттағы ұрықпен қолдан ұрықтандыруды жүзеге асыру.

4. Осы табынның бір жастан асқан барлық бұқаларын өсімді молайту үшін пайдаланылуына жол бермеу мақсатында піштіру.

5. Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізгені үшін субсидиялар алғаннан кейін бір жыл өткен соң осы субсидияларды одан әрі алу үшін мал шаруашылығы өнімін дайындауды (тиісті инфрақұрылым бола отырып) жүзеге асыру қажет

2. Қойдың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу 1. Барлық жануарларда бірдейлендіру нөмірлерінің болуы және олардың АЖБ мен АТЖ-да тіркелуі және ондағы деректерге сәйкес келуі.

2. Тауарлы аналық басы бар отарлар үшін қосымша:

1) аналық басты қолдан ұрықтандыруды пайдалану және (немесе) өсімді молайтуда зоотехникалық нормативтерге (еркін шағылыстыру кезінде шағылыстыру контингентінің отыз басына кемінде бір тұқымдық қошқар және/немесе қолдан ұрықтандыру кезінде шағылыстыру контингентінің үш жүз басына кемінде бір тұқымдық қошқар, тұқымдық қошқарды қатарынан екі шағылыстыру маусымынан артық пайдаланбау) сәйкес бұрын тұқымдық түрлендіруде пайдаланылмаған асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды пайдалану және соларға ауыстыру;

2) биязы жүн немесе жартылай биязы жүн бағытындағы асыл тұқымды тұқымдық қошқарлардың жасы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 12 айдан; етті-майлы бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық қошқарлардың жасы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 6 айдан кем болмауы тиіс;

3) отардағы үш айдан асқан барлық тұқымсыз қошқарларды өсімді молайту үшін пайдаланылуын болдырмау мақсатында піштіру;

4) қолдан ұрықтандыруды жүргізу үшін технологиялық жабдықтың болуы немесе асыл тұқымдық және дистрибьютерлік орталықтармен бірлесе отырып, қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды жүргізу (қолдан ұрықтандыруды пайдалану кезінде).

3. Асыл тұқымды аналық басы бар отарлар үшін қосымша:

1) аналық баста Республикалық палата берген асыл тұқымды жануар мәртебесінің болуы;

2) аналық басты өз өнімділігі бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық қошқарлардың ұрығымен қолдан ұрықтандыруды пайдалану және/немесе өсімді молайтуда зоотехникалық нормативтерге (еркін шағылыстыру кезінде шағылыстыру контингентінің отыз басына кемінде бір тұқымдық қошқар немесе қолдан ұрықтандыру кезінде шағылыстыру контингентінің үш жүз басына кемінде бір тұқымдық қошқар) сәйкес өз өнімділігі бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды пайдалану;

3) қолдан ұрықтандыруды жүргізу үшін технологиялық жабдықтың болуы немесе асыл тұқымдық және дистрибьютерлік орталықтармен бірлесе отырып, қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды жүргізу (қолдан ұрықтандыруды пайдалану кезінде).

3. Маралдардың (бұғылардың) аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу 1. АТЖ-да және Республикалық палатада тіркелген болуы.

2. Асыл тұқымды маралдардың жасы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 36 айдан кем болмауы тиіс.

3. Шағылыстыру маусымы бойы өсімді молайтуда және ротациялауда зоотехникалық нормативтерге (шағылыстыру контингентінің отыз басына кемінде бір аталық, тұқымдық аталықты қатарынан екі шағылыстыру маусымынан артық пайдаланбау) сәйкес асыл тұқымды тұқымдық аталықтарды пайдалану.

 

4. Балара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

 

1. Субсидияға өтінім берген сәтте кемінде 10 балара ұясының болуы.

2. Республикалық палатада тіркелуі.

5. Тауар өндірушілердің асыл тұқымды ірі қара мал сатып алуы 1. Сатып алынған мал бастарында бірдейлендіру нөмірлерінің болуы және олардың АЖБ мен АТЖ-да тіркелуі және ондағы деректерге сәйкес келуі.

2. Сатып алынған мал бастарының Республикалық палатада тіркелген болуы.

3. Сатып алынған отандық ірі қара малдың жасы асыл тұқымдық куәлікте көрсетілген сату күніне, импорттық малдың жасы — оларды сатушыда (экспорттаушыда) карантинге қойған сәтте:

етті мал шаруашылығында: қашарлар           18 айдан (қоса алғанда), құнажындар мен бұқашықтар 26 айдан (қоса алғанда) аспайды;

сүтті мал шаруашылығында: қашарлар
18 айдан (қоса алғанда), құнажындар мен бұқашықтар 26 айдан (қоса алғанда) аспайды.

4. Сатып алынған асыл тұқымды аналық басты шаруашылықта табиғи кемудің зоотехникалық нормасы шегінде кемінде екі жыл пайдалану.

Мыналарды:

— өзінің аналық бас үшін сатып алынған асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды кемінде екі шағылыстыру маусымында пайдалану;

— тұқымдық түрлендіру мақсатында одан әрі қоғамдық және тауарлы табындарға жалға беру үшін сатып алынған асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды бір шағылыстыру маусымынан артық пайдаланбау.

5. Табынның өсімін молайту үшін сатып алынған (оның ішінде импорттаушы лизингке берген немесе кредитке сатқан) импорттық ірі қара малды үш жыл ішінде тек Қазақстан Республикасы аумағында ғана пайдалану.

6. Тауар өндірушілердің асыл тұқымды қойларды, жылқыларды, түйелерді, ешкілерді,  шошқаларды және маралдарды сатып алуы 1. Сатып алынған бастарда бірдейлендіру нөмірлерінің болуы және олардың АЖБ (маралдардан басқа) мен АТЖ-да тіркелуі және ондағы деректерге сәйкес келуі.

2. Сатып алынған бастардың Республикалық палатада тіркелген болуы.

3. Сатып алынған отандық ірі қара малдың жасы асыл тұқымдық куәлікте көрсетілген сату күніне, импорттық малдың жасы — оларды сатушыда (экспорттаушы) карантинге қойған сәтте:

қойлар: тұсақтар 18 айдан (қоса есептегенде);

тоқты қошқарлар мен тұқымдық қошқарлар 18 айдан (қоса есептегенде);

жылқылар: еркек жылқылар – 5 жылдан (қоса есептегенде);

байталдар – 3 жылдан (қоса есептегенде);

түйелер: аталықтары – 5 жылдан (қоса есептегенде);

ұрғашылары – 3 жылдан (қоса есептегенде);

ешкілер: аталықтары – 18 айдан (қоса есептегенде);

ұрғашылары – 18 айдан (қоса есептегенде);

шошқалар: мегежіндер – 12 айдан (қоса есептегенде);

еркек шошқалар – 14 айдан (қоса есептегенде);

маралдар: аналықтары – 18 айдан (қоса есептегенде);

аталықтары – 24 айдан (қоса есептегенде) аспайды.

4. Сатып алынған асыл тұқымды аналық басты табиғи кемудің зоотехникалық нормасы шегінде өсімді молайту мақсатында кемінде екі жыл, асыл тұқымды тұқымдық аталықтарды кемінде екі шағылыстыру маусымында пайдалану.

7. Етті және жұмыртқа бағыттарындағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу (суда жүзетін құсты қоса есептегенде) 1. Отандық және шетелдік шаруашылықтардан етті және жұмыртқа бағыттарындағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу.

2. Торда немесе еденде күтіп-бағуға арналған технологиялық жабдықтың болуы.

8. Өсімді молайту үшін пайдаланылатын етті, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтіп-бағу Қоғамдық табындар үшін етті, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын жалға беру кезінде:

1. Елді мекен тұрғындарының жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан қалыптастырылған қоғамдық табында асыл тұқымды тұқымдық бұқалар деректерін бекітіп беру және пайдалану жөніндегі жиынын өткізу;

2. Асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың АТЖ мен АЖБ жүйесінде тіркелген болуы;

3. Асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды табынның өсімін молайтуда зоотехникалық нормативтерге (шағылыстыру контингентінің отыз басына кемінде бір тұқымдық бұқа) сәйкес қатарынан екі шағылыстыру маусымынан артық пайдаланбау;

4. Ауылдық округке бекітіліп берілген ветеринар дәрігер берген анықтамамен расталатын, осы табынның 1 жастан асқан барлық бұқашықтарын өсімді молайту үшін пайдаланылуына жол бермеу мақсатында піштіру.

Бордақылау алаңдарының тауарлы табындарда өсімді молайту үшін етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын жалға беруі кезінде:

1. Бордақылау алаңының есепке алу нөмірінің болуы;

2. Бордақылау алаңдарының тұқымдық бұқаларының АТЖ мен АЖБ жүйесінде тіркелген болуы;

3. Тауарлы шаруашылықтармен табында етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын бекітіп беру және пайдалану жөніндегі шарттың болуы;

4. Асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды табынның өсімін молайтуда зоотехникалық нормативтерге (шағылыстыру контингентінің отыз басына кемінде бір тұқымдық бұқа) сәйкес бір шағылыстыру маусымынан артық пайдаланбау.

 

 

 

 

 


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта