home
home home

Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімі

«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Почталық мекен жайы: Құлан ауылы Жібек жолы №75
Электрондық почтаның мекен жайы:  cx_tryskylov@mail.ru
Анықтамалық қызметтердің телефондары:  8 (72631) 2-15-36,  8 (72631) 2-23-37
Атқарушы органның ережесі:

        «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің  ауыл  шаруашылығы бөлімі»   

                      коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1.      Жалпы ережелер

1.      «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің  ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылығы  саласында (ларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2.      «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің  ауыл шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  ведомстволары жоқ.

3.«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің  ауыл шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Т.Рысқұлов   ауданы   әкімдігінің  ауыл  шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік   мекеме  ұйымдық –  құқықтық  нысандағы   заңды  тұлға болып табылады,   мемлекеттік   тілде   өз   атауы    бар   мөрі   мен     мөртаңбалары, белгіленген   үлгідегі   бланкілері,    сондай – ақ  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5.«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға  өз атынан түседі.

6.«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің  ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған                                                                                                           уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7.«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің  ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің  ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Т.Рысқұлов    ауданы    әкімдігінің    ауыл   шаруашылығы  бөлімі» коммуналдық   мемлекеттік   мекемесінің  құрымы мен штаттық санының лимиті қолданыстағы     заңнамаға    сәйкес  бекітеді.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индексі 080900, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек-жолы көшесі №75үй.

10. Мемлекеттік органның толық атауы –« Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің  ауыл шаруашылығы бөлімі »коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі.

Орыс тілінде: коммунальное государственное учереждение   «Отдел  сельского хозяйства акимата района   Т.Рыскулова »

11. Осы  Ереже – « Т.Рысқұлов  ауданы  әкімдігінің   ауыл  шаруашылығы бөлімі»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің    құрылтай  құжаты  болып табылады.

12. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің  ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру  жергілікті бюджеттерінен (сметасынан) жүзегі асырылады.

13.«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі»коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен .«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің  ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық  қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің  ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзегі асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтін алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2.      Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің  ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі миссиясы:

   Аудан аумағындағы  ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады

15. Міндеттері:

Ауыл шаруашылығы саласында:

·        аудандық шаруа қожалықтарының, ауылшаруашылық серіктестіктері және кооперативтерінің, ет, сүт өнеркәсіптерінің өркендеуін, олардың материалдық  базасының  нығаюын, өндіріске  ғылымның  жетістіктері  мен озық, жаңа, энергия  мен байлықтарды үнемдейтін технологияларды  жедел енгізе отырып, еңбек өнімділігін, өндіріс тиімділігін арттыру қызметтерін үйлестіру.

·                     агрохимиялық, егін қорғау және карантин қызметтеріне  басшылық ете отырып, егінді зиянкестерден, аурулардан қорғау жөніндегі шараларды  ұйымдастырып, минералды және органикалық  тыңайтқыштардың, борлайтын әктердің  басқа да мелиоранттардың  тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді.

·                     мал шаруашылығында селекциялық  мал асылдандыру, мал ұрықтандыру  жұмыстарының ұйымдасуына  жағдай жасап, тұқымды малдарды тиімді пайдаланып, ветеринарлық қызметтің  өрістеуіне ықпал жасайды.

·                     басшы кадрларды, мамандарды дайындау және қайта дайындау, сондай-ақ  жалпы кәсіптік кәсіби мамандықтарды дайындау, олардың білімін жетілдіру жұмысын ұйымдастырады.

·                     өндірісте өмірге қауіпсіз жағдай жасау, еңбекті қорғау және еңбек заңы  жөнінен басшы кадрлар мен жұмысшы кадрларын оқыту, нұсқау беру, білімін көтеру, «Еңбек қорғау жөніндегі» Заңның өмірде  жүзеге асуын, ауылшаруашылық объектілерін  өрттен қорғау  жөніндегі шаралардың орындалуын ұйымдастырады.

·                     заңды ұйымдар мен жеке адамдардың қарамағындағы  тракторлардың, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық жол-құрылыс машиналар мен трактор тіркемелерінің техникалық жайына, сондай-ақ тракторлардың, комбайндардың және басқа да ауылшаруашылық машиналарының техникалық пайдалану ережесінің, мұнай өнімдерін агроөнеркәсіптік кешенінің шаруашылықтарында, кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында тасымалдау, сақтау мен пайдалану ережесінің сақталуын  қадағалауды  жүзеге асырады;

·        шаруашылықтардың егістік жұмыстарында ауыспалы егістік сақтау технологиясының дұрыс жүргізілуін қадағалайды;

·        тұқым инспекциясы, өсімдік қорғау мекемесі, су шаруашылығы мекемелерімен тығыз байланыста жұмыс істейді;

·        жем-шөп қорының нығайтылуын, малдың тұқымдық сапасының жетілуін, төрт түлік малдың өсуін ұйымдастырады, қадағалайды.;

·        шаруашылық құрылымдарының малдарын асылдандыру жұмысын ұйымдастырды;

·        ауылшаруашылық дақылдарын өсіруге жаңа технологияның енгізілуіне, оларды пайдалануда техникалық ережелердің сақталуын қадағалап,  жаңа техникаларды жарнамалайды;

·                     бөлімге қарасты ауылшаруашылық құрылымдарында  экономикалық жұмыспен, бухгалтерлік есеп және финанас қызметінің өз дәрежесінде ұйымдастырылуына, іс қағаздарының дұрыс жүргізілуіне, берекесіздікке,  орынсыз шығынға жол бермеу жолында бақылау жүргізеді.

16 Функциялары:

1.    агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн осы Заңға және осы саладаєы басќа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк ќолдауды жүзеге асыру;

2.    агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;

3.    агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзу және оны облыстық жергiлiктi атқарушы органына (әкімдiгiне) беру;

4.    ауылдыќ елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларын қолдану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

5. 5-1) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын арзандату;

5-2) Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардық) және биопрепараттардың құнын арзандату;

6. Жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді;

7. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру

8. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша жүргізетін адамдарды тiркеу

9. Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру

10. Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу;

11. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу

12. Тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат беру

17. Құқықтары мен міндеттері:

1.өз құзыреті шегінде аудан аумағындағы  ауыл шаруашылығы саласы бойынша аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің және басқа да нормативтік актілер жобаларын әзірлеп аудан әкімдігінің қарауына енгізу;

2.ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша орталық   атқарушы органдар әзірлеген заңнамалық және өзге де нормативтік актілер   жобалары бойынша ұсыныстар енгізу;

3. ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытында жергілікті атқарушы оргнадарға ұсыныс дайындау және өткізу;

4.белгіленген тәртіппен шарттық негізде өндірістің басқа салаларының ғылыми-зерттеу және несиелеу ұйымдарының мамандарын сараптамашы ретінде тарту;

5.жүктеген міндеттерді орындау мақсатында өз құзыреті шегінде заңды тұлғалармен келісім – шарттар жасауға;

6.белгіленген тәртіппен азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін, ұсыныстарын, арыз шағымдарын қаруға қатысу;

7.белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемелерден заңды тұлғалардан меншік иесінің түріне және бағыныстылығына қарамай ақпарат сұратуға және алуға;

8.өз құзыреті шегінде соттарда мемлекеттік биліктің өзге де органдарына аудан әкімдігінің мүдделеріне білдіруге;

9.қолданыстағы ауыл шаруашылығы заңнамалары шеңберінде азаматтардан және заңды тұлғалардан келіп түскен  хаттар мен өтініштер қарауға;

10  Мекемеге коммуналдық мемлекеттік орган ретінде өзіне қойылған міндеттер мен қызметті атқару үшін  заң мен актілеріне, Қазақстан Республикасы Президенті актілеріне сәйкес құқықтар анықталады.                                                     11.Мекеме осы Ережеде бекітілген қызмет мақсатына және мәнені сәйкес келмейтін қызметтерімен өкілетті органының рұхсатымен ған айналыса алады.

12.Мекеменің функциясына сәйкес келмейтін келісімдер уәкілетті органның талап етуі бойынша, заңнамада анықталмаған тәртіпке сай заңсыз деп танылуы мүмкін.

3.      Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің  ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылықты «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Т.Рысқұлов ауданы әкімідігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Т.Рысқұлов ауданы әкімі  қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

Мекеме  атынан сенім хатсыз әрекет етеді;

Барлық органдарда мекеме мүддесін қорғайды;

·        Мекеме мүлкіне қожалық етеді, келісім жасайды, сенімхаттар береді;

·        Банкіде есепшоттар ашады, іс бойынша келісім жасайды;

·        Барлық жұмыскерлерге міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;

·        Мекеме жұмыскерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;

·        Жұмыскерді марапаттау және шара қолдануды анықтайды;

·        Мекеменің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;

«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің  ауыл шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезенде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21.«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі аппаратын Қазақстан                                                                                                Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім бастығы басқарады.                    

4.      Мемлекеттік органның мүлкі

22. «Т.Рысқұлов   ауданы   әкімдігінің    ауыл  шаруашылығы   бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару   құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің  ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай –ақ  «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің  ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің    және Қазақстан Республикасының                                                                                                                                                                                                                                                      заңнамасында тыиым салынған өзге де көздер есебінен калыптастырылады.

23. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің  ауыл шаруашылығы бөлімі»коммуналдық мемлекеттік мекемесіне  бекітілген мүлік коммуналдық  меншікке жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің  ауыл шаруашылығы бөлімі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5.      Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

25.«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қайта  ұйымдастыру және тарату Қазақстан  Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Өкілеттіктерін, міндеттері мен функцияларын анықтайтын заңдардың нормативтік актілердің тізбесі: «Қазақстан-2050», «100 нақты қадам», Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің Жарлықтары, Өкімдері, «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау», «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы», «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы», «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы», «Субсидияланатын гербицидтердің түрлері және гербицид жеткiзушiлерден сатып алынған гербицидтердiң 1 литрiне (килограмына) арналған субсидиялар нормаларын белгілеу туралы», «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы», «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау», «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру», «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру», «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу», «Нөмірлік тіркеу белгілерін бере отырып, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды тіркеу, қайта тіркеу» туралы Заңдар, ережелер мен бұйрықтар.
Басшыларының Т.А.Ә.А.(бар болса), телефондардың нөмірлері және электрондық пошта адрестері, ведомствоға бағынысты және атқарушы органның құрылымдық бөлімшелердің тізбесі:
  Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы: Еспенов Ерғазы Жұмабекұлы

8 (72631) 2-15-36   cx_tryskylov@mail.ru

Сектор меңгерушісі: Туғанбаев Әлдибек Бекенбайұлы
Сектор меңгерушісі: Керімбаев Алғабек Срайылұлы
Бас маман: Ауталипов Қайырберген Депутатұлы
Бас маман: Ахылбеков Болатбек Оңалбекұлы
Бас маман: Құрамысов Мақсат Мұханғалиұлы
Хатшы: Тоқтабаева Әсия Мақсатқызы

 


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта