home
home home

Аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

 

«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Почталық мекен жайы: Құлан ауылы Жібек жолы №75
Электрондық почтаның мекен жайы:  ekonom453@mail.ru
Анықтамалық қызметтердің телефондары:8(72631)2-25-38,8(72631)2-17-05,8(72631)2-23-61

«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің  экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕСІ

1.      Жалпы ереже

1. Қазақстан Республикасы Премьер Министірінің 2011 жылдың 5 мамырдығы №64 өкімімен бекітілген «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына және Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің  2012 жылдың 7 желтоқсандағы № 443 қаулысының негізінде қайта тіркелді.

2. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің  экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – бөлім) бюджеттік жоспарлауды, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеу және іске асыру ведомствоаралық және салааралық  үйлестіру,  оның басымдықтарын тиімді іске асыруға ықпал етуге ауданның аймақтың даму бағдарламасын әзірлеуін, іске асырылуын  үйлестіру,  бағаланатын жергілікті атқарушы органдардың қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу және мемлекеттік мүлік мәселесі бойынша өкілеттікті атқаратын жергілікті атқарушы орган болып табылады.

3. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, Жамбыл облысы әкімдігінің, әкімінің және аудан әкімдігінің, әкімінің  актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі  заңды тұлға құқығын пайдаланатын ұйым болып табылады. Ұйымдық құқықтық формасы-мемлекеттік мекеме, түрі мемлекеттік, оның оқшауланған мүлкі, дербес балансы, мемлекеттік тілде атауы бар мөрі мен штамптары, белгіленген үлгімен жасалған бланктері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің аудандағы қазынашылық бөлімінде шоттары бар. Сотта талапкер және жауапкер болады. Бөлім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен мезгілден бастап құрылды деп есептеледі.

5. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынаста бола алады.

6. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынас жағынан шығуға егер ол заңнамаға сәйкес болған жағдайларда, құқығы бар.

7. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі  өз құзырындағы мәселелер бойынша заңнамамен белгіленген тәртіппен Т.Рысқұлов ауданы аумағында міндетті күші бар бөлімінің бұйрығы түрінде актілер шығара алады.

8. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі. құрылымы мен штаттық кестесі Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілетін штаттық санның шегінде аудан әкімдігінің қаулысымен  бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталы индексі 080900, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек Жолы көшесі, 75.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылтайлық құжаттары болып табылады.

12. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру аудандық бюджет қаржысы есебінен жүзеге асырылады.

13. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілермен «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тиым салынады.

Егер «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2.      Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

1) стратегиялық басымдықтарды және Т.Рысқұлов ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын қалыптастырады;

2) әлеуметтік-экономикалық басымдықтармен және мемлекеттің ақша-несие саясатының өзара іс әрекет кезінде фискалдық және бюджеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыруға қатысады;

3) инвестициялық және инновациялық саясатты жүзеге асыруға қатысады;

4) алда тұрған қаржы жылына және 3 жылғы жергілікті бюджеттерді қалыптастырады;

5) басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізімін қалыптастырады;

6) бюджеттік инвестициялар шығысының басым бағыттарын анықтайды;

7) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне талдау жасайды;

8) Мемлекеттік тапсырысты үйлестіруді қамтамасыз етеді.

15.Міндеттері:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі аудан әкімінің іс-шаралар Жоспарын әзірлеу, оның орындалуы жөніндегі жергілікті органдардың жұмыстарына мониторинг жүргізу және үйлестіру;

2) ағымдағы бюджеттік бағдарламалар және бюджеттік даму бағдарламалар үшін жергілікті бюджеттің шығыс лимиттерін қалыптастыру, оларды бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жеткізу;

3) аудандық бюджет жобасын әзірлеу және оны маслихаттың бекітуіне ұсыну;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте тиісті қаржы жылына аудандық бюджет туралы маслихаттың шешімін жүзеге асыру жөніндегі аудан әкімдігінің  қаулысының жобасын әзірлеу, бекітуге ұсыну;

5) бюджеттік инвестицияларды және ауданда мемлекеттік тапсырыстарды үйлестіру кезінде бюджеттік қаржының тиімді қолданылуына мониторинг жүргізу және бағалау;

6) мемлекеттік қаржы есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестицияларды іске асыру барысы туралы жинақ ақпаратты жасау және жоғарғы тұрған органдарға ұсыну;

7) мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық және бюджеттік саясаттың негізгі бағыттары мен тетіктерін түсіндіру;

8) Т.Рысқұлов ауданының 5 жылға арналған даму бағдарламасын әзірлеу және бекітуге ұсыну;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағаланатын жергілікті атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін бағалау;

10) мемлекеттік мүлік мәселелері  бойынша өкілеттілікті атқару.

16. Функциялары:

1)  ауданды дамыту бағдарламасын  бес жылдық мерзімге әзірлейді;

2) аудан территориясын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін іс-шаралар жобасын әзірлеу;

3) аудан территориясын дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу;

4) ауданның ауылдық елді мекендерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жүргізу;

5)   ауданның тірек ауылдық елді мекендерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жүргізу;

6)  бюджеттік комиссияның жұмыс  органы болып табылады;

7) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындайды және оларды бағдарлама әкімшілеріне жеткізеді;

8)  ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейін стратегиялық жоспар әзірлемейтін бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік жобаларын және бюджеттік өтінімдерін қарайды;

9) бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды тиісті бюджет комиссиясының қарауына жібереді;

10) аудан бюджетінің жобасын жасайды және оны ауданның бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді;

11) аудан бюджетінің жобасын ауданның жергілікті атқарушы органының қарауына ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей ұсынады;

12) аудандық бюджет туралы маслихат шешімін іске асыру бойынша аудан әкімдігінің қаулысын әзірлейді;

13) бюджет заңнамасына сәйкес аудандық бюджетке нақтылау, секвестр және түзету жұмыстарын жүргізеді;

14) бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi әзірлеген инвестициялық ұсыныстарды қабылдайды;

15)  инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды дайындайды;

16) инвестициялық ұсыныстың техникалық-экономикалық негіздемесін қабылдайды;

17) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаларын қарайды және бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне олар бойынша экономикалық қорытынды жібереді;

18)  бюджеттiк инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастырады;

19)  бухгалтерлік есепті және есеп беруді жүргізеді;

20)  жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.

17. Құқығы және міндеттері:

1) аудан әкімдігіне (әкіміне) Т.Рысқұлов ауданын дамытудын негізгі бағыттары жөніндегі ұсынысты енгізуге;

2) жергілікті атқарушы органдармен ауданды дамытудың жоспарларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын іске асыру мониторингін жүзеге асыруға және оларды түзету жөніндегі ұсыныстарды енгізуге;

3) аудан әкімдігіне аймақтық, салалық бағдарламаларды әрі қарай жүзеге асырудың мақсатқа сәйкестігі туралы ұсынысты еңгізуге;

4) мемлекеттік органдарға, қоғамдық және басқа да мекемелерге, бұқаралық ақпараттық құралдарға ақпараттық талдау құжаттарын дайындауға және ұсынуға;

5) өз құзырының шегінде нормативтік және құқықтық актілерді әзірлеуге және шығаруға;

6) өз құзырының шегінде жергілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындардан, ұйымдардан және басқа да мекемелерден ақпараттар мен құжаттарға ресми сұрау салуға және оларды алуға.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшылықты «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Т.Рысқұлов ауданы Әкімінің өкімімен  қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші бастығының өкілеттігі:

1) бөлім  қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

2) заңнамаға сәйкес мекеме  қызметкерлерін тағайындайды және қызметтен босатады;

3) заңнамаға сәйкес мекеме қызметкерлеріне тәртіптік жаза белгілейді;

4) бөлімінің  бұйрықтарына қол қояды;

5) заңнамаға сәйкес басқа міндеттер атқарады;

6) «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші бастығы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

            24. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органдарды қайта ұйымдастыру және тарату

            27. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Өкілеттіктерін, міндеттері мен функцияларын анықтайтын заңдардың нормативтік актілердің тізбесі:

«Қазақстан-2050», «100 нақты қадам», Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауларын, «Қазақстан Республикасының Бюджет туралы» туралы Заңы, 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 «Өңірлерді дамыту 2020 жылға дейінгі бағдарламасы», «Азаматтық Кодекс», Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы Заңы».

Басшыларының Т.А.Ә.(бар болса), телефондардың нөмірлері және электрондық пошта адрестері, ведомствоға бағынысты және атқарушы органның құрылымдық бөлімшелердің тізбесі:

  Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы: Сапарбекова Ляззат Талипбековна

8 (72631) 2-25-38   ekonom453@mail.ru

Экономикалық саясат сектор меңгерушісі: Кенжебеков Ильяс Несипбекович

Бюджеттік жоспарлау секторының  сектор меңгерушісі: Киикбаева Айжарқын Мейрамбекқызы

Бас маман: Несіпбеков Мақсат Несіпбекұлы
Бас маман: Оналбеков Эльмар Сейткеримович
Бас маман: Дүйсет Айдана Анықпайқызы
Хатшы: Мейржанова Зарина Талғатқызы

 


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта