home
home home

Аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі

 

«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Почталық мекен жайы: Құлан ауылы Жібек жолы №75
Электрондық почтаның мекен жайы:  nalkereev-84@mail.ru
Анықтамалық қызметтердің телефондары:       8 (72631)2-16-71, 8 (72631) 2-19-49

«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің  кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕСІ

1.                  Жалпы ережелер

1.      «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі саласында (ларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2.      «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3.«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы                                                                                                                                         заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5.  «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға  өз атынан түседі.

6. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен  «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрымы мен штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9.  Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индексі 080900, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек-жолы көшесі №75үй.

10.  Мемлекеттік органның толық атауы –« Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі » коммуналдық  мемлекеттік   мекемесі.

Орыс тілінде: коммунальное государственное учереждение   «Отдел предпринимательства и промышленности акимата района  Т.Рыскулова»

11. Осы Ереже –« Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің                                                                                                             құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттерінен (сметасынан) жүзегі асырылады.

13. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық  қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзегі асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтін алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2.      Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі миссиясы:

   Аудан аумағындағы кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады

15.  Міндеттері:

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласында:

·        «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын орындау  бойынша жұмыстар жүргізу;

·        Жамбыл облысы бойынша кәсіпкерлікті қолдаудың аймақтық  бағдарламасы шараларының жоспары.

·        Кәсіпкерлікті қорғау, қолдау және дамыту проблемалары бойынша заңдар мен нормативті актілер жобаларына ұсыныстар жасау. Нарықтық инфрақұрылым жүйелерінің қалыптасуы мен орнауына қолдау жасау және көмек беру.

·        Кәсіпкерлер арасында ақпараттық түсінік жұмыстарын жүргізу, белгіленген тәртіп бойынша олардың хаттарын, шағымдарын және ұсыныстарын қарап шығу. Облыс пен аудан әкімдерінің шешімдері мен жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, бөлімнің құзырына қатысты басқа да заңдылық актілерін жүзеге асыру тәртібі туралы жазбаша және ауызша түсініктер беруге жағдай жасау.

·        Аудан әкімдігі жанынан кәсіпкерлік мәселері бойынша комиссияның және кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту жөніндегі сараптау кеңесінің жұмысын ұйымдастыру.

Ауданда тұрмысы төмен тұрғындарды кәсіпкерлікке тарту арқылы жұмыссыздықты және кедейшілікті жою проблемасын шешуге қатысу.

·        (ҮИИД) үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының жұмысын жандандыру.

·        кәсіпкерлік саласындағы  инвестициялық және иновациялық бағыттарды жүзеге асыруға қатысып оның орындалуын қамтамасыз етеді;

·        стратегиялық басымдықтарды және Т.Рысқұлов ауданының кәсіпкерлік саласының дамуының негізгі бағыттарын қалаптастырады;

·        шағын кәсіпкерлік қолдау бағдарламасын әзірлеп, аудан көлеміндегі кәсіпкерлерге жан-жақты көмек, қолдау көрсетеді;

·        аудан кәсіпкерлері мен әр түрлі структурадағы мемлекеттік қызметкерлер арасындағы бизнес кездесулер ұйымдастырады;

·        аудан кәсіпкерлері мен шетел инвесторларының арасындағы қарым қатынасты нығайтуға ықпал етеді;

·        аудан кәсіпкерлері арасында диспуттар, дөнгелек үстелдер және жиналыстар өткізуді ұйымдастырады;

·        шағын кәсіпкерлік субьектілерін қолдау мақсатында екінші дәрежедегі банктермен және қорлармен тығыз байланысты жұмыс істеп, кәсіпкерлік саласының дамуына өз үлесін қосады.

16 Функциялары:

1. Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін сақталуына мемлекеттiк бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;

2.  Жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асырады;

3.  Жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау;

4.  Мемлекеттік  саладағы  бағдарламаларды жүзеге асыру және орындау үшін жауапты болады;

5. Шағын және орта кәсіпорындар мен инновацияларды қолдау, аймақтағы инфрақұрылымды құру мен дамытуды жеңілдетеді;

6.  Жеке кәсіпкерлер, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және нарықтық инфрақұрылым объектілерін бірлестіктерімен, жергілікті атқарушы органдардың қарым-қатынастарды дамыту үшін ;

7. Жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз ету;

8. Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай жүзеге асырылады;

9.  Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалған өз құзыреті шегінде бәсекелестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;

10. Отандық өндірістің азық-түлік сауда жүргізуді қоса алғанда, экономикалық ынталандыру сауда қызметінің субъектілеріне қолдану;

11.  Көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асыру;

12.  Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен азаматтардың өтініштерін қарау.

17.  Құқықтары мен міндеттері

1. Өз құзыреті шегінде аудан аумағындағы кәсіпкерлік өнеркәсіп саласы бойынша аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің және басқа да нормативтік актілер жобаларын әзірлеп аудан әкімдігінің қарауына енгізу;

2. Кәсіпкерлік  және өнеркәсіп мәселелері бойынша орталық      атқарушы органдар әзірлеген заңнамалық және өзге де нормативтік актілер      жобалары бойынша ұсыныстар енгізу;

3. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласын дамыту бағытында жергілікті атқарушы органдарға ұсыныс дайындау және өткізу;

4. Белгіленген тәртіппен шарттық негізде өндірістің басқа салаларының ғылыми-зерттеу және несиелеу ұйымдарының мамандарын сараптамашы ретінде тарту;

5. Жүктеген міндеттерді орындау мақсатында өз құзыреті шегінде заңды тұлғалармен келісім – шарттар жасауға;

6. Белгіленген тәртіппен азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін, ұсыныстарын, арыз шағымдарын қаруға қатысу;

7. Белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемелерден заңды тұлғалардан меншік иесінің түріне және бағыныстылығына қарамай ақпарат сұратуға және алуға;

8. Өз құзыреті шегінде соттарда мемлекеттік биліктің өзге де органдарына аудан әкімдігінің мүдделеріне білдіруге;

9. Қолданыстағы кәсіпкерлік және өнеркәсіп заңнамалары шеңберінде азаматтардан және заңды тұлғалардан келіп түскен  хаттар мен өтініштер қарауға;

10.Мекемеге коммуналдық мемлекеттік орган ретінде өзіне қойылған міндеттер мен қызметті атқару үшін  заң мен актілеріне, Қазақстан Республикасы Президенті актілеріне сәйкес құқықтар анықталады.

11. Мекеме осы Ережеде бекітілген қызмет мақсатына және мәнені сәйкес келмейтін қызметтерімен өкілетті органының рұхсатымен ған айналыса алады.

12. Мекеменің функциясына сәйкес келмейтін келісімдер уәкілетті органның талап етуі бойынша, заңнамада анықталмаған тәртіпке сай заңсыз деп танылуы мүмкін.

3.      Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Т.Рысқұлов ауданы әкімідігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Т.Рысқұлов ауданы әкімі  қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

Мекеме  атынан сенім хатсыз әрекет етеді;

Барлық органдарда мекеме мүддесін қорғайды;

·        Мекеме мүлкіне қожалық етеді, келісім жасайды, сенімхаттар береді;

·        Банкіде есепшоттар ашады, іс бойынша келісім жасайды;

·        Барлық жұмыскерлерге міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;

·        Мекеме жұмыскерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;

·        Жұмыскерді марапаттау және шара қолдануды анықтайды;

«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезенде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аппаратын Қазақстан                                                                                                Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.

4.      Мемлекеттік органның мүлкі

22. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару                                                                                                         құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай –ақ  «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыиым салынған өзге де көздер есебінен калыптастырылады.

23. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық  меншікке жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Т.Рысұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5.      Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

25. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қайта  ұйымдастыру және тарату Қазақстан  Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және оның ведомстволарының карамағындағы ұйымдардың тізбесі.

«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және оның ведомстволарының

қарамағындағы аумақтық  органдардың тізбесі. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі және оның ведомстволарының  қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі.

Ескертпе:* Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сайлау комиссияларының бірыңғай жүйесіне басшылық ететін мемлекеттік орган, Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті органның қызметін ақпараттық- талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және өзгелей де қамтамасыз тетін мемлекеттік орган, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының жанындағы  соттардың қызметін ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік орган, мемлекеттік атқарушгы органдардың қызметін үйлестіруді, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік орган.

Өкілеттіктерін, міндеттері мен функцияларын анықтайтын заңдардың нормативтік актілердің тізбесі:

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы», «Еңбек кодексі», «Азаматтық кодексі»,«Кәсіпкерлік Кодексі», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Еңбек қауіпсіздігін қорғау туралы», «Туризм туралы», «Туристік қызмет туралы»,«Азаматтық қорғаныс туралы»

Басшыларының Т.А.Ә.(бар болса), телефондардың нөмірлері және электрондық пошта адрестері, ведомствоға бағынысты және атқарушы органның құрылымдық бөлімшелердің тізбесі:

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы: Алкереев Нуржан Сайлаубекович

8 (72631) 2-19-49   nalkereev-84@mail.ru

Бас маман: Алимкулов Руслан Асипбекович
Бас маман: Асылбаева Дарига Амангельдыкызы
Хатшы: Қалабаева Лаура Ибрашовна

 


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта