home
home home

Аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

 

«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Почталық мекен жайы: Құлан ауылы Жібек жолы №94
Электрондық почтаның мекен жайы:  rustem.kyrykbaev@mail.ru
Анықтамалық қызметтердің телефондары:  8 (72631) 2-27-51,  8 (72631) 2-26-21
Атқарушы органның ережесі:

«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы  Е Р Е Ж Е

1.     Жалпы ережелер

1. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) өз құзыреті шегінде мәдениет саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.

3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және  заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ереженің негізінде жүзеге асырады.

4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері,   сондай-ақ   Қазақстан   Республикасының   заңнамасына   сәйкес  қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индексі 080900, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек Жолы көшесі, 94.

10. Мемлекеттік органның толық атауы: «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

11. Осы ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру аудандық бюджеттің есебінен жүзеге асырылады.

13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14.Бөлімнің миссиясы:

«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мақсаты Қазақстан Республикасының заңдар жыйынтығымен белгіленген мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы қызметтерді, мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.

15. Міндеттері:

1) Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде мәдениет және өнерге қолдау көрсетілуін қамтамасыз ететін саяси, әлеуметтік- экономикалық,оның ішінде құқықтық және ұйымдастыру шараларымен нақты кешенді бағдарламалар жасап, жүзеге асырады және тілді дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік тіл саясатын қалыптастыру мен іске асыруға қатысу;

2) Ауданда өнер мен мәдениетті дамытудың негізгі бағыттарын анықтайды, комплекстік, перспективалық, мақсатты бағдарламаларды жасап жүзеге асырады;

3) Аудандағы мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуды жүзеге асырады;

4) Өзіне қарасты ұйымдар мен құрылымдық бөлімшелердің қызметтерін үйлестіріп, меншік нысанына қарамастан басқа да ұйымдардың «Тіл туралы» заң талаптарының орындалуына байланысты тоқсандық, жылдық есептерді, сондай-ақ өз функцияларына жататын мәселелер бойынша ақпараттар, мәліметтер, басқа да құжаттар сұратуға және алуға бақылау жасап отырады;

5) Тілдерді қолдану мен дамыту жөніндегі Мемлекеттік бағарламаның талаптарына орай мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда, кәсіпорындарда, жергілікті атқарушы билік органдарында, бұқаралық ақпарат құралдарында;

6) Әкелетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығы болуы туралы қорытынды беру;

7) «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты бөлімдердің әдістемелік, тәжірибелік және ғылыми – зерттеу жұмыстарын үйлестіру;

8) Жоспарлы кезеңге мәдениет саласының бюджетін әзірлеу және іске асыру.

16.Функциялары:

1) театр, музыка және кино өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызмет саласында ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, сондай-ақ олардың қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асырады;

2) мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

3) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;

4) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;

5) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;

6) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;

7) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;

8) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейдегi iс-шараларды жүргiзедi;

9) облыстардың атқарушы органдарына ауылдардың, кенттердiң, ауылдық округтердiң атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;

10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

17. Мекеменің құқықтары:

1) Т.Рысқұлов әкімдігіне (әкіміне) мәдениет саласын дамытудың негізгі бағыттары жөнінде ұсынысты енгізуге;

2) Өз құзыры шегінде нормативті құқықтық актілерді әзірлеуге;

3) Бөлімнің құзырына қарасты жұмыстарды жетілдіру және жақсарту бағытындағы сұрақтар бойынша аудандық әкімдіктің алқа мәжілісінде қаралуына ұсыныстар беруге.

4) Өз құзіретіне қарасты сұрақтар бойынша мекемеде белгіленген тәртіппен мәжіліс өткізуге.

5) Бөлім осы Ережеде бекітілген қызмет мақсатында және мәніне сәйкес келмейтін жұмыстармен өкілетті органның рұқсатымен ғана айналысады;

6) Бөлімнің функциясына сәйкес келмейтін келісімдер меншік иесінің немесе өкілетті органның талап етуі бойынша заңнамада анықталған тәртіпке сай заңсыз деп танылуы мүмкін.

7) Егер бөлім заң актілерінде кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы бірлесе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жолданады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. Бөлімге жүктелген міндеттерің орындалуына және оның фукцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. Бөлімнің бірінші басшысын Аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. Бөлімнің бірінші басшысының орынбасары жоқ.

21. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттілігі:

1) мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) барлық органдарда мекеме мүддесін қорғайды;

3) мекеме мүлкіне қожалық етеді, келісім жасайды, сенімхаттар береді;

4) банкіде есеп шоттар ашады, іс бойынша келісім жасайды;

5) барлық қызметкерлерге міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;

6) мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;

7) қызметкерлерді марапаттайды және шара қолданады;

8) мекеменің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

9) заңда белгіленген тәртіппен бағынысындағы мекемелердің (кәсіпорындардың) директорларын және меңгерушілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

10) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауап береді;

11) мекеменің тиісті бюджеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастырады және жүзеге асырады;

12) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша мекеме өзі мемлекеттік басқару органы болып табылатын өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекеме, заңды тұлға не бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мемлекеттік басқару органы болып табылатын заңды тұлғамен аффилигирленген тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады;

13) заңдылықпен және осы Ережемен жүктелген басқа да міндеттерді атқарады.

22. Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезіңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4.Мемлекеттік органның мүлкі

            23. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда  жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.

24. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен қалыптастырылады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

27. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Өкілеттіктерін, міндеттері мен функцияларын анықтайтын заңдардың нормативтік актілердің тізбесі:

«Қазақстан-2050», «100 нақты қадам», «Рухани Жаңғыру» бағдарламалары мен Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауларын, Қазақстан Республикасының  «Мәдениет туралы», «Тіл туралы», Заңдары.

Басшыларының Т.А.Ә.А.(бар болса), телефондардың нөмірлері және электрондық пошта адрестері, ведомствоға бағынысты және атқарушы органның құрылымдық бөлімшелердің тізбесі:
  Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы: Жамалбеков Нұрдаулет Сүйерханұлы

8 (72631) 2-12-54  nurd85@mail.ru

Бас маман: Қырықбаев Рустем Қуанышбекұлы
Бас маман: Сартаев Ренат Қанатұлы
«Call center» маман: Молдабекова Қалбүбі  Ермекбайқызы
Хатшы: Маманова Айдана Талғатқызы

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры: Топатаева Нұрсұлу Жайлаубайқызы  8(72631) 2-13-90 kulan02@mail.ru

«Тұрар Рысқұлов аудандық «Мэлс Өзбеков» атындағы мәдениет үйі» коммуналдық қазынашылық кәсіпорны

«Мэлс Өзбеков» атындағы мәдениет үйінің директоры: Базарқұлов Нұрдос Жексенұлы

8(72631) 2-24-34  jadok.90.90@mail.ru

 


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта