home
home home

Аудан әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі

 

«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Почталық мекен жайы: Құлан ауылы Жібек жолы №75
Электрондық почтаның мекен жайы:  kylan_kyrulus@mail.ru
Анықтамалық қызметтердің телефондары:  8 (72631) 2-23-74,  8 (72631) 2-20-25

Атқарушы органның ережесі:

«Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік  мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  аудандағы елді мекендерінің аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс салу саласында мемлекетік басқару және бақылау функцияларын орындауға уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3 Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  ұйымдық – құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық – құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индексі 080900, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек жолы  көшесі 75.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру   жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

13. «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен  «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

аудан елді мекендерінің аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

15. Міндеттері:

1) аудан аумағындағы мемлекеттік сәулет, қала құрылысы және құрылыс саясатын жүргізу;

2) аудан деңгейінде мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу;

3) қала құрылысы және сәулеттік –құрылыс тәртібінің сақталуын қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру.

4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да міндеттер.

16. Функциялары:

1) елді мекендердің бас жоспарлары, аудан аумағындағы қалақұрылысы

жиынтық сызбасын (аудандық жоспарлау жобасы) бекітілген заң тәртібімен іске асыру қызметін үйлестіру.

2)  Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына белгіленген

тәртіппен ақпараттар мен мәліметтер ұсыну.

3) елді мекеннің тұрғындарына салынатын жоспарлы құрылыстар немесе

қалақұрылысындағы өзгерістер туралы хабарлау.

4)      аудандық маңызы бар нысандарды пайдаға асыру жұмысының

жиынтығын жүргізу, аяқталмаған құрылыс нысандарын сақтау, қорғау, абаттандыру және көгалдандыру, құрылыс туралы шешім қабылдау.

5)      пайдалануға қабылданатын нысандардың (кешендердің) және

пайдалануға қабылданған нысандардың актілерінің есебін жүргізу.

6)      аудандық маңызы бар мәдениетті және тарихи ескерткіштерді,

коммуникацияны күтіп ұстауды (пайдалану, қолдану) бақылау, тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру.

7)      ауылдық елді мекендермен кенттердің, аудандық маңызы бар

қалалардың бас жоспарларының жобасын, аудан аумағының қала құрылысының даму сызбасын дайындауды ұйымдастыру және аудандық мәслихатқа бекітуге ұсыну.

8)      елді мекендерді дамыту үшін дайындалып бекітілген бас жоспарлар

(территориалдық даму сызбасы), қалақұрылысы жобаларын жүзеге асыру.

9)      жергілікті инвестициялық жобаларды қаржыландыруға бөлінген

жергілікті бюджеттен сонымен қатар республикалық бюджеттен қаржыландырылған кешендер мен құрылыс нысандарының жоба алды және жобалық (жобалау сметалық) құжаттарын қарау, талқылау және бекіту.

10)  сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті

органмен белгіленген тәртіп бойынша салынып жатқан (салынуы белгіленген) құрылыс нысандары мен кешендеріне бақылау жүргізу.

11)  ведомствалық бағынысты аумақта құрылыс салу немесе басқада

қалақұрылысын игеру үшін таңдау туралы шешім қабылдау.

12)  бар ғимараттың ішкі бөлмелерін қайта жобалау арқылы қайта

жабдықтау туралы шешім қабылдау.

13)  Белгіленген тәртіппен сәулет – жоспарлау тапсырмасын ұсыну.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында әрі жобалық құжаттарды әкімшілік аумақтық бірлікте құрылыс жүзінде бекітілген құжаттарға сай, құрылыс жобаларының іске асуын және құрылыс саласында әрі жобалық құжаттарда әкімшілік аумақтық бірлікте құрылыс жүргізгенде  бекітілген құжаттарға сай, құрылыс жобаларының іске асуын және оның нормативтік актілерге сәйкес жүргізілуін мемлекет тұғырынан үйлестіруді қамтамасыз ету;

2) нысандармен кешендерді дұрыс орналастыруда, жергілікті басқару органдарына ұсыныс енгізу;

3) қала құрылысы және сәулеттік құрылыс тәртібінің сақталуын қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

4) өз құзіреті шегінде аудан аумағындағы сәулет қала құрылысы және құрылыс саласы бойынша аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің және басқада нормативтік – құқықтық актілер жобаларын әзірлеп, аудан әкімдігінің қарауына енгізу;

5) сәулет, қала құрылыс және құрылыс мәселері бойынша орталық атқарушы органдар әзірлеген заңнамалық және өзге де нормативтік – құқықтық актілер жобалары бойынша ұсыныстар енгізу;

6) жобалау құжаттарының сапалы болуды үйлестіруді жүзеге асыру;

7) бекітілген тәртіппен шарттық негізінде өндірістің басқа салаларының ғылыми – зерттеу және жобалау – конструкторлық ұйымдар мамандарының сараптамашы ретінде;

8) белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемелерден, заңды тұлғалардан меншік иесінің түріне және бағыныстылығына қарамай ақпарат сұратуға және алуға;

9) өз құзіреті шегінде соттарда, мемлекеттік биліктің өзге де органдарда аудан әкімдігінің мүдделерін білдіру;

10) қала құрылысы тәртібін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласы бойынша қолданыстағы заңдарды бұзған, өз бетінше құрылыс соғушы, кінәлі тұлғаларды мемлекеттік органдар алдында жауапкершілікке тарту мәселесі бойынша ұсыныстар енгізу;

11) аудан аумағында орналасқан кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер, сондай-ақ жеке құрылыс салушылар орындауға міндетті болатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша шешімдерді тапсырыс беруші қызметімен бірлесе отырып қабылдау;

12) нысандарды пайдалануға қабылдауда мемлекеттік комиссия құрамына қатысу;

13) жеке адамдар мен заңды тұлғалардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс жөніндегі арыз, шағымдарын қарауға қатысу;

14) жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік мекемелермен өз құзіреті деңгейінде келісім шарт жасасу;

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  бірінші басшысын Т. Рысқұлов ауданы әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын қызметкерлері болады.

21. «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  бірінші басшысының өкілеттігі:

1) мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) барлық органдарда мекеме мүддесін қорғайды;

3) өз орынбасарларының және басқа да басшы қызметкерлерінің құзырын белгілейді;

4)      мекеме мүлкіне қожалық етеді, келісім жасайды, сенімхаттар береді;

5)      мекемедегі өндірістік финанстық мәселелерді шешеді;

6)      барлық қызметкерлерге міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;

7)      мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;

8)      белгіленген тәртіп бойынша мадақтау, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

9)      азаматтардан келіп түскен арызды ұсыныстарды, өтініштерді қарайды және олар бойынша шаралар қабылдайды.

«Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сай оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23. «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

24. «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

27. «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін  қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Өкілеттіктерін, міндеттері мен функцияларын анықтайтын заңдардың нормативтік актілердің тізбесі:

«Қазақстан-2050», «100 нақты қадам», «Рухани Жаңғыру» бағдарламалары мен Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауларын, Қазақстан Республикасының  «Қазақстан халқы Ассамблеясы», ҚР-ның «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Жер Кодексі», «Қазақсан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңдары.

Басшыларының Т.А.Ә.А.(бар болса), телефондардың нөмірлері және электрондық пошта адрестері, ведомствоға бағынысты және атқарушы органның құрылымдық бөлімшелердің тізбесі:

  Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы: Тасыбаев Мирзаян Еркебекович

8 (72631) 2-23-74   kylan_kyrulus@mail.ru

Сектор меңгерушісі: Абдирахманов Қаблет Қанатович
Бас маман: Сағындықова Элмира Құралбекқызы
Бас маман: Иманбеков Талғат Абдикурманович
Бас маман: Кишкинтаева Динара Арғынбайқызы
Хатшы: Ақынтаева Дана Құралбайқызы

 


© 2017 Аппарат акима Рыскуловского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта